Сояр алдындағы диагностика.
Жасырын кезеңнің ұзақтығы 2-3 апта. Температураның жоғары болуы, күйзелуі, тәбеттің қашуы, жүректің әлсізденуі, домбығу, гиперемия және кілегей қабықтың көгеруі, геморрагиялық гастроэнтерит болуы топаланның негізгі белгілері.
Жоғарғы температура көтерілуімен қатар жылқыда шынышқақ, түйме, ірі қарада – іш кебуі, ұсақ малда тырысып – бүрсуі, шошқада көмекейі мен жұтқыншағы аймағының жіті қабынуы, итте геморрагиялық гастроэнтерит білінеді.
Ауру көбінесе 2 түрде өтеді:
1.көршиқан шығатын түрі
2. септицемия түрі
Патологиялық процесстің орналасуына байланысты: топалаң теріде, ішекте, өкпеде, жыныс органдарында болуы мүмкін.
Аурудың жіті түрін қой мен ешкіде жиі кездестіреміз. Олардың ауру белгілерін анықтау қиын, үйіткені тез өліп кетеді.
Аурудың жіті түрінен басқа созылмалы түрі де болады. Онда малдар өте арықтайды, топалаңға күмәндәну тек сойғанан кейін ғана анық көз жеткізуге болады.
Топаланның белгілі бір жерде орналасуы да кездеседі. Мысалы шошқаның топаланға шалдыққанда жақ асты бездері және оны қоршаған мүшелер қабынады. (ангина, фарингит). Демалу қиындап, мал жұтына алмай, аузынан көп сілекей ағып тұрады. Шошқа тамақ іше алмайды, кілегей қабықтары көкшіл тартып кетеді. Көмекей мен жұтқыншақтың ісініп – қабынуына байланысты мал тұншығып барып өледі.
Егер де малды ет комбинатына әкеле жатқанда, не ет комбинатына қабылдау кезінде топалаң байқалатын бола, түгел малды байқап-қарап, дене қызуын өлшейді.
Егер де дене қызуы қалыпты болса, ауру белгілері жоқ болса, ірі қара, қой мен ешкіні, түйені, жылқыны карантинге жатқызып топалаңға қарсы сарысу егіледі. Малдарды мұқият қадағалайды. Күнде дене қызуын өлшейді.
Ал егер клиникалық белгілері айқын болса, онда оқшаулағышқа қамап, емдейді.
3 күн өткен соң, температурасы қалыпты жағдайда болса, санитарлық қасапханаға жіберіліп, сойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |