Курстық жұмыс Пәні: Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ІІ тақырыбы



бет2/20
Дата06.01.2022
өлшемі58,2 Kb.
#12514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
1 Әдебиетке шолу

1.1 Жұқпалы аурулар туралы

Ауру малдардың өнімдері адам өміріне де қауіп тудырады. Ауру туындатады, тағамдық улы инфекциялар мен токсикоздардың себебі болады. «Сойыс малдарын ветеринариялық санитариялық тексеруден өткізу және ет және ет өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ережелерін өткізу» Ережесіне сәйкес төмендегі індетті ауруларда және оларға күмәнданғанда малды союға болмайды: топалаң, қарасан, мүйізді ірі қараның обасы, түйе обасы, құтыру, сіреспе, қатерлі ісік, брадзот, қой энтеротоксемиясы, ірі қараның және қойдың қатерлі катарлы қызбасы, шошқаның африкалық обасы, туляремия, ботулизм, маңқа, эпизоотиялық лимфангит, жалған маңқа (мелиоидоз), қояндардың миксоматозы геморрагиялық ауруы және құстың тұмауы. Ветеринаиялық санитариялық сарапшы алдына екі негізгі міндет қояды. Біріншісі – диагноз қою, екіншісі – сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық тұрғыдан бағалау және кешенді ветеринариялық санитариялық шаралар ұйымдастыру. Бірінші міндетті орындау үшін малдарды сояр алдында ветеринариялық санитариялық тексеруден өткізеді, сойыс өнімдерін зерттеп сойғаннан кейінгі диагноз қойылады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптаудың ерекшелігі сонда, тексеру кезінде аурудың алғашқы сатысындағы патологиялық өзгерістерді анықтайды. Өнімдерді ветеринариялық санитариялық бағалауға ауру қоздырғыштардың адам өміріне қауіптілігі, физикалық және химиялық факторларға төзімділігі, мүшелер мен ағзалардың зақымдану деңгейі мен микрофлорамен қайталап зақымдану мүмкіндігі әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет