2.3 Маңқа және аусыл ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау
Маңқа дара тұяқтылардың (жылқы, есек, қашыр), сонымен қатар жұп тұяқтылардың (түйе, бұғы) ауруы. Көбіне созылмалы өтеді, өкпе мен басқа паренхиматозды мүшелердің кілегей қабықтарында ойық жаралар мен түйіншіктер құралумен сипатталады.
Қоздырушысы – Pseudomonas mallei маңқа таяқшасы. Теріс грамды, қозғалатын, шеттері дөңгелектенген. Ет-пептонды агарда өспейді, 5% глицирин қосылған картопта 37С балдың тамшысына ұқсас сары қызғылт ұсақ колониялар түзейді. 80С-та қыздырғанда бактериялар 5 мин кейін, 100С-та тез арада өледі. Қоздырушы дезинфекциялық заттарға төзімсіз.
Сойысқа әкелінген жылқылар клиникалық және бір рет офтальмомаллеинизация әдісімен, ет комбинатына жіберуге дейін шаруашылықта жүргізгендігіне байланыссыз, маңқаға тексереді. Маллеинге оң немесе күмәнді реакция берген жануарды белгіленген тәртіппен жояды. Процестің білінуі мен жинақталған жеріне байланысты өкпелік, мұрындық және терілік маңқа формаларын ажыратады. Аурудың бастапқы кезеңінде патологоанатомиялық өзгерістерді өкпеде кейін мұрын мен терінің кілегей қабықтарында байқауға болады.
Ветеринарлық-санитариялық бағасы мен сақтық шаралары. Маңқа анықталғанда барлық ұшалар ішкі мүшелерімен және терісімен жойылады. Ішкі мүшелерін утильдейді. Егер дара тұяқты жануарлардың сойыс өнімдерінің ветеринарлық куәлігінде теріс нәтижемен екі рет маллеинизация жасалғандығы (біріншісі шаруашылықта союға жәіберуге дейін 3 күн бұрын, ал екіншісі – ет өңдеу кәсіпорындарда) көрсетілмесе ондай сойыс өнімдерін утильдейді. Сойыс алаңдары мен барлық жабдықтарды 3% хлоры бар әктің тұндырылған ерітіндісімен, күйдіргіш натрдың 4% ерітіндісімен дезинфекция жасайды. Көң, төсеніш пен жемшөп қалдықтарын өртейді. Медициналық қызметтің нұсқауы бойынша қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді.
Аусыл - қызумен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, желіннің терісінде және тұяқтарындағы қуыста афтоздық зақымданудың дамуымен сипатталатын айыр тұяқты малдардың жіті өтетін аса контагиозды жұқпалы ауруы.
Аусылға адам да бейімді, әсіресе балалар. Ауру малдардың залалсыздандырылмаған сүтін ішкенде және ауру малдармен контактіде болғанда жұқтырады.
Қоздырушысы – риновирус тобына жататын вирус. Заттардың бетінде вирус 150, құрғақ көңде – 168, қоймалжың көңде – 40, ағын суларда – 103 тәулікке дейін сақталады. Қышқыл орта вирус үшін өте қауіпті. Ет піскенде сол себептен (рН 5,9-6,2) вирус 43 сағатта өледі. Бірақ бұндай лимфа түйіндерінде, жұлында, реакция ортасы төмендеп, вирус 8 ай сақталады, сондықтан піскен ұшада аусыл қоздырушысы жоқ деп саналмайды.
Ветеринарлық-санитарлық бағасы. Сақтық пен күресу шаралары. Ауру мен аусылға күмәнді және олармен бір партияда болған сойыс жануарларынан алынған ұшалар мен басқа да өнімдерді санитарлық қасапханада сойыстан кейін піскен немесе пісіріліп ысталған шұжық, пісірілген кулинарлық тағамдарға немесе қалбырлар дайындауға өңдеу үшін жібереді. Егер етті көрсетілген өнімдерге өңдеуге мүмкіндік болмаса, онда оларды алдын ала қайнату әдісімен шартты жарамды ретінде зарарсыздандырады. Ет пен басқа да өнімдерді шикі түрінде жіберуге тиым салынады.
Көптеген бұлшық еттерде, сонымен қатар аяқтардың, желін мен басқа өнімдердің гангренозды немесе іріңді қабынуымен сипатталатын аусылдың ауыр формасында ұшалар мен мүшелерді утильдеуге жібереді.
Егер бұлшық еттегі некрозды ошақтар шектеулі болса, онда бұлшық еттің зақымданған бөліктерін утильдеп, ал мүшелер мен қалған етті пайдалану реті туралы сұрақ микробиологиялық зерттеу нәтижелерінен кейін шешіледі.
Шошқалардың асқазаны мен ірі қара ұлтабарының кілегейлі қабықтарын сол кәсіпорында пепсин алу үшін қолдануға рұқсат етіледі.
Егер ет комбинатында 65С төмен емес температурада альбумин шығуын қамтамасыз ететін кептіргіш шкафпен жабдықталған болса қанды құрғақ альбумин өндіруге қолданады. Егер ондай жабдықтар болмаса, қанды қайнату әдісімен зарарсыздандырады.
Аусылмен ауыратын және ауырып айыққан, сонымен қатар вакцинамен егілген жануарларды 21 күн өткенше эндокринді шикізатын (гипофиз, бүйрек үсті, қарынасты, қалқанша безі), жұлынды және жануарлардың өтін жинауға ттыйым салынады. Бұл кәсіпорында аусылмен зарарланғанына күдікті жануарлардың эндокринді шикізатымен емдік эндокринді препараттар (инсулин, камполон, холестерин, адреналин, адренокортикотропты гормон) дайындауға қолданады.
Жануар азығына арналған барлық сойыс қалдықтарын (сонымен қатар қан, фибрин т.б.) температураны 80С жеткізіп 2 сағат ішінде қайнатып зарарсыздандырғаннан кейін жібереді.
Ауру, ауруға күдікті және зарарлануға күдікті жануарлардың сойысынан алынған терілерді дезинфекциялайды. Аусыл анықталғанға дейін алынған терілерді, сонымен қатар сау малдардың терілерін еткомбинатынан арнайы вагондарда немесе автокөліктерде дезинфекцияланбаса тасымалдау базарларынан өтіп былғары заводтарына түсіруге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |