Сойғаннан кейінгі диагностика.
Ірі қарада – ұша өте нашар қансызданған, қатпаған, бос, қан ұйымайды. Тері астында әр түрлі мөлшерлі қанды ісік байқалады. әсіресе қарын, жауырын, кеуде, желін аймағында, сонымен қоса шажырқайда, ішекте, ауыз қуысының кілегей қабығында, лимфа түйіндері маңында астыңғы жақ арасында жиі кездеседі.мойын және кеуде бұлшық еттері қанталайды. Лимфа түйіндері үлкейіп, ісінеді, кесіп жарғанда, қызыл – кірпіш тәріздес не қою қызыл түске боялған.
Қанның құйылуы мүшелерде көп нүкте және жолақ түрінде кездеседі.
Көкбауыр өте ұлғайған. өте жұмсақ сыртқы қабығын қырғанда қоймалжын сұйық пайда болады.
Бауыр былжыраған, қан толып кеткен, бүйрекке қан құйылғаны байқалады.
Топалаңның ішекті жарақаттағанда көбінесе он екі елі ішек және ток ішек зақымданады. Серозды қабығында қанталаған ошақтарды аңғаруға болады. Өкпе ісініп, тығыздалған. Барлық ішкі мүшелері қанға толып кеткен.
Бұндай өзгерістер, малдың тірі кезінде ауру белгілері айқын болып, температурасы көтеріңкі болған жағдайды, өлерге 16 – 24 қалғанда болуы мүмкін. Бұндай малдарды союға болмайды. Сондықтан да мүшелерді мал дәрігерлік санитарлық сараптау кезінде топалаңның септицемиялық формасын өте сирек кездестіреді.
Шошқада көбінесе, жоғарыда айтылғандай тамақ ауруы түрінде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |