Курстық жұмыс Пәні


Геометриялық нивелирлеу әдісімен биікайырымдарды анықтау



бет24/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

5.5 Геометриялық нивелирлеу әдісімен биікайырымдарды анықтау

Жер бетінің бір нүктесі екіншісінен қаншалықты жоғары (немесе төмен) екенін көрсететін шама биікайырым деп аталады.


Геометриялық нивелирлеу әдісімен биікайырымды анықтау екі тәсілмен орындалуы мүмкін:
а) алға нивелирлеу;
б) ортадан нивелирлеу.
Алға нивелирлеу кезінде (34-сурет) нивелирді А нүктесінің үстінен окулярымен орнатады, ал В нүктесінде рейканың нолін нүктеге вертикаль қояды. Нивелирді жұмыс күйіне келтіреді, i аспап биіктігін А нүктесінен бастап окуляр центріне дейін өлшейді.
Түтікті рейкаға келтіреді және b өлшемін алады.
34-суреттен, В нүктесінен А нүктесінің биікайырымы мынаған тең
h = i - b

35-сурет Алға нивелирлеу сұлбасы

Осыған орай, алға нивелирлеу кезінде h биікайырымы i аспап биіктігі минус b рейка бойынша өлшемге тең.


Ортадан нивелирлеу кезінде нивелирді А және В нүктелерінің арасына бірдей қашықтықта орнатады (тұстамада болу міндетті емес) және оны жұмыс күйіне келтіреді. Нивелирден бастап нүктелерге дейінгі қашықтық талап етілген нивелирлеу дәлдігіне және жергілікті жер жағдайына байланысты, бірақ шамамен тең болулары және 100-150 м аспауы керек.
А және В нүктелерінде Р1 және Р2 рейкаларын аспалы күйде нолін нүктеге қаратып орнатады (35-сурет). Нивелирдің дүрбісін біртіндеп рейкаларға келтіреді және солар бойынша а және b өлшемдерін жүргізеді.
35-суреттен бір нүктенің екіншіден h биікайырымы рейкалар бойынша а және b өлшемдерінің айырмасымен анықталуы мүмкін
h = а – b.
Осыған орай ортадан нивелирлеу кезінде биікайырым артқы және алдыңғы рейкалар бойынша өлшемдер айырмасына тең. Биікайырым а > b болғанда - оң және а < b болғанда теріс болады.
Екі жақты рейкалармен жұмыс істеген кезде бақылау үшін рейканың екінші жағы бойынша өлшемдер алады және h биікайырымын екінші рет анықтайды.
Бір жақты рейкалармен жұмыс істеген кезде аспап биіктігін кемінде 100 мм-ге өзгертеді және қайтадан а және b өлшемдерін алады да, h екінші рет есептейді.
Биікайырымдардағы алшақтық +5 мм артық болмауы керек. Қарсы жағдайда берілген станцияда жүргізілген барлық бақылаулар қайта жасалады.



Ортадан нивелирлеу сұлбасы

Нивелирлік рейка бойынша әрбір өлшем алдында цилиндр деңгейлеуіш үлбіреуігінің орнын тексеру керектігін еске сақтаған жөн. Өлшеу моментінде рейкалар бойынша деңгейлеуіш үлбіреуігінің шеттерін дәл біріктіруге элевациялық бұраманы айналдыру арқылы қол жеткізеді.


Рейка бойынша өлшемдерді миллиметрмен жіптер торының орташа горизонталь штрихы бойынша алады. Алдымен - дециметр мен сантиметрді, сосын көзбен миллиметрді өлшейді.
Дүрбі заттардың кері кескінін беретіндіктен, рейка бойынша өлшемдер жоғарыдан төмен жүргізіледі.
Егер нивелирлеу А нүктесінен бастап В нүктесіне қарай жүргізілетін болса, онда Р

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет