5.3 Өзі орнатылатын көздеу сызығы бар нивелирлер
Өзі орнатылатын көздеу сызығы бар нивелирлерде көздеу сызығын горизонталь күйге автоматты түрде орнатуға мүмкіндік беретін сол немесе басқа конструкция жабдығы болады. Осындай жабдықтар компенсаторлар атауын алды.
НС2 нивелирінің компенсаторы аспап осінің + 1,5 шектерде айналу көлбеуі кезінде жұмыс істейді. НС3 және НС4 нивелирлерінің компенсаторлары + 10 және + 15 шектерде сәйкес жұмыс істейді.
Өзі орнатылатын көздеу сызығы бар нивелирлерде (32-сурет) аспапты жұмыс күйіне орнату көтергіш бұрамалардың көмегімен дөңгелек деңгейлеуіш бойынша жүргізіледі, бұдан кейін компенсатор әрекет ете бастайды, ол көздеу сызығын горизонталь күйге орнатады.
Нысаналау сызығы өздігінен орнатылатын нивелир
Жұмыс алдында нивелир тексеріледі. Басқа нивелирдегідей тексеру жасалады.
Негізгі геометриялық жағдайды тексерер алдында оптикалық конденсатор жұмысының сенімдігіне көз жеткізеді. Бұл үшін рейкада өлшемді белгілейді және қолмен штативті жайлап қысады. Егер тербелістен кейін жіптер торының центрі бұрынғы өлшемге орнатылатын болса, компенсатор жұмыс істейді.
Өзі орнатылатын көздеу сызығы бар нивелирлерді қолайсыз жағдайларда (шалшықтанған, қатты қиылысқан жерлер және т.б.) жұмыс істеу үшін қолданған ыңғайлы. Осындай нивелирлерді пайдалану әдеттегі нивелирлермен салыстырғанда станцияда жұмыс істеуге қажетті уақытты шамамен 20-30 % қысқартуға мүмкіндік береді.
5.4 Нивелирлік рейкалар
Нивелирлік рейкалар нивелирленетін нүктенің үстінен горизонталь көздеу сәулесінің биіктігін анықтау үшін қызмет етеді.
Инженерлік-техникалық нивелирлеу үшін сантиметрлік шашка бөліктері салынған ажыратқыш және жиналмалы рейкаларды қолданады. Рейкадағы әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктерді оқуды жеңілдету үшін 5 см-ден топқа біріктіреді. Рейкадағы бөліктер есебі рейканың төменгі шетінен (табанынан) жоғары қарай жүреді.
Дециметрлік бөліктер бүйірінен рейкада, цифрдың басы берілген дециметрлік бөлік қайдан басталатынын көрсететіндей етіп жазылады (33-сурет).
34 -сурет Шашкалы нивелирлік рейка бойынша есеп
Рейкалар бір жақты және екі жақты болады. Соңғы жағдайда бір жағында - қара бөліктер, екіншісінде қызыл бөліктер болады. Осыған сәйкес рейканың қабырғаларын қара және қызыл деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |