Курстық жұмыс Пәні


Жоспарға теодолиттік жүріс нүктелерін салу



бет20/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

4.9 Жоспарға теодолиттік жүріс нүктелерін салу

Координата торын сызғаннан кейін квадраттың оңтүстік-батыс бұрышының X және Y координаталарын, полигон шамамен негізгі квадрат шектерінде симметриялы орналасатындай және сол кезде координата торының сызықтары жоспар масштабына еселі цифрланатындай есеппен анықтайды. Теодолиттік жүрістің әрбір нүктесін координаталар бойынша берілген масштабпен жоспарға өлшеуіш циркульдің және масштабты сызғыштың көмегімен салады. Алдын ала квадратты анықтайды, оған ол өзінің координаталарына сәйкес түседі, сосын өлшеуішпен квадраттың екі жағы бойынша абсциссалар мәнін түйрейді, түйремелерді жіңішке түзу сызықпен қосады және осы сызыққа Y ординатасының мәнін қояды. Түйреме жасайды және алынған нүктені дөңгелекпен қоршайды. Полигон төбелерін салу дұрыстығын жоспар масштабында екі іргелес нүктелер арасындағы горизонталь салынулар бойынша тексереді. Алшақтау жоспарда 0,2 мм, яғни масштабтың графикалық дәлдігінен аспауы керек.




4.10 Ситуацияны жоспарға салу

Ситуацияны жоспарға абристерді пайдалана отырып, толықтығын түсіру деректері бойынша салады. Пикеттік нүктелерді жоспарға теодолиттік жүріс қабырғалары мен төбелерінен бастап жеке заттарды және жергілікті жер контурларына тән түсіру тәсіліне сәйкес салады. Алдымен жоспарға - тұстама тәсілімен, сосын перпендикулярлар, полюстік координаталар, бұрыштық және сызықтық кертіктер тәсілдерімен түсірілген контурлар салады. Горизонталь бұрыштарды транспортирдің көмегімен, ал қашықтықты масштабты сызғыш көмегімен салады.


Қарындашпен сызылған жоспарды түзетіп, оқытушыға тексеруге береді, сосын тушьпен «1 : 5000, 1 : 2000, 1 : 1000 және 1 : 500 масштабты топографиялық жоспарлар үшін шартты белгілер» бойынша тушьпен сызады, басылым 1967 ж.
Сызу тәртібі мынадай:
1. Геодезиялық негізі (триангуляция, полигонометрия пункттері, теодолиттік жүріс нүктелері, анағұрлым тән биіктік нүктелер).
2. Бағдарлар мен жергілікті заттар, көпірлер және өзендер бойынша құрылыстар және оларға жататын жазбалар.
3. Су айдыны беттерін ақшыл-көгілдір түспен (өзендер, көлдер, тоғандар) бояу.
4. Гидрографиялық желі, кемерлер, координаталық сызықтардың шығуы – жасыл түспен.
5. Елді мекендер және оларға жазылғандар.
6. Жол торабы.
7. Рельеф.
8. Топырақты-өсімдік жабыны.
9. Жиек және жиек сыртын рәсімдеу (26-сурет).
Жоспарды сызу кезінде жазулар сапасына көңіл аударған жөн. Олар белгілі бір өлшемдегі сәйкес шрифтімен орындалуы тиіс.

ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРУ ЖОСПАРЫ


6 - 8 - Г
түсірген: Иванов И.П. №6 кәсіпорын 2004 ж.

Масштабы 1:2000 1см=20м
26-сурет – Теодолиттік түсіру жоспары
5 зертханалық жұмыс – Нивелирді зерттеу. Биікайырымды геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтау

Жұмыс мақсаты: Нивелир құрылысын зерделеу, оған тексеру жүргізу және биікайырымды геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтауға үйрену.


Керек-жарақтар: Нивелир, штатив, нивелирлік рейкалар, геометриялық нивелирлеу журналы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет