Курстық ЖҰмыс пико docx


Ушинский, Л.Н.Толстой, В.П. Вахтеров жəнет.б



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата07.06.2023
өлшемі1,38 Mb.
#99498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ушинский, Л.Н.Толстой, В.П. Вахтеров жəнет.б


II Тарау. Көрнекілік- нəтижелі оқытудың негізі
2.1 Əдебиет сабағындағы көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен
шарттары
Қазақ əдебиеті пəнінің мұғалімі – сабақтақандай мақсат көздейтінін, оған
жету жолдарын, қолданатын техникалық құралдарын, əдіс-тəсілдерін алдын-ала
жоспарлап алуы керек. Соның ішінде көрнекі түрде оқытудың алатын орны
үлкен. Оқушыларға əдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан
бері бірге жалғасып келе жатқандығын, мəңгілік жаңарып, жасарып отыратын
үрдіс екендігін айтып қана қоймай, оны тиімді жолдармен, яғни əртүрлі
көрнекілік түрлері арқылы олардың саналарына жеткізе білу керек деп
санаймын. Көрнекі түрде оқыту барысында, материалдар əлдеқайда түсінікті
жəне мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеуге өз септігін тигізеді. Əдебиет
сабағындағы көрнекіліктермен оқытудың басты мақсаты – оқушыны
байқағыштыққа, оймен топшалауға, мазмұнды ұғымдарды қалыптастыруға,
логикалық ойлау жəне сөйлеу қаблетін дамытуға жаттықтыру. Əдебиет
сабағында кездесетін күрделі шығармаларды оқығанда, көрнекі құралдарды көп
пайдаланып отыру өте тиімді болып
келеді.Көркемəдебиетшындықтыжандысуреттерде, бейнелердежаңғыртады, ал
мəнібойыншаөзішындықтыңкөрнекікөрінісіболыптабылады.
Алайдакөркеммəтіндімеңгеругебейнелеуөнері, музыка, кино, теледидар, т.б.
көмектесетінжағдайларбар.Əдебиетсабағындасабақтасөнертүрлері.
Əртүрліграфикалықматериалдарменқатаркөрнекіоқытуқұралдарыдепаталады.
Əдебиет пəні сабағында мынадай көрнекіліктерді пайдалануға болады:
▪ 
Сөздік көрнекілік;
▪ 
Заттық көрнекілік;
▪ 
Сызбалық көрнекілік;
▪ 
Суретті-түсіндірмелі көрнекілік;
▪ 
Көрнекіліктерді қолдан жасау;
▪ 
Техникалық оқу құралдары;
▪ 
Образдық, грфикалық бірлескен көрнекіліктер;
▪ 
Оқушылар қолынан жасаған көрнекіліктер;
1) 
Басқа пəндерге қарағанда осы əдебиет пəні сабағында жиі қолданылатын
көрнекілік түрі – сөздік. Сөз арқылы көптеген жазушы кейіпкерлердің
бейнесін, қарым-қатынастарының көріністерін, табиғаттың əсемдігін
суреттеулер арқылы кестелеп, көркемдеп, оқырмандарға түсінікті етіп
жеткізуге болады. Сөздік көрнекілікті шартты түрде бастамалы,
сипаттамалы, дəлелдемелі, жинақтамалы деп төртке бөліп, жіктеп саралай
қарастыруды жөн деп есептейміз.
• 
Бастамалы сөздік көрнекілік– жазушының өмір жолы мен
шығармышылығын өтер алдында шығармадағы кейіпкерлерді талдау
үшін сол жазушының өз шығармаларынан немесе басқа
жазушылартуындыларынан алынған , өтілгелі отырылған сабақ
тақырыбының мəн-мазмұнын ашуға септігін тигізетін, оқушы ойына
қозғау салатын немесе оның тақырыпқа деген ынта-ықыласын,
қызығушылығын арттыруға бастама бола білетін, материалды,
тақырыпты бастауға негіз етіп алынатын үзінділерді айтамыз.
• 
Сипаттамалы сөздік көрнекілік – мұғалім көркем шығарманы талдап


түсіндіруде шығарма кейіпкерлерінің суретіне, бейнесіне үлкен мəн
бере отырып, сол тəсілдер арқылы жазушының белгілі бір мақсат
көздейтінін, тыңдаушысы мен оқырманын нақты бағытқа бағдарлай
отырып, оқушының көркемдік танымын дамытуға, сезімталдығын
жетілдіруге үлкен мəн беретіндігін ұғындыруға кірісетіні айқын. Сол
жолда көркем шығарма мəтінін кең пайдалану, мысалдар келтіру
арқылы кейіпкер ерекшелігін білдіретін сипаттаулардан үзінділер
келтіретін болады. Сөздік көрнекіліктің мұндай түрін деп атағанымыз
жөн. Мысалы, - Қозы Көрпеш жырындағы Баян бейнесін, оның
сипатын мұғалім өз сөзімен жырдағыдай келістіре суреттеп бере
алмасы белгілі. Жырдың сол үзіндісін мұғалім өз мəнінде мəнеріне
келтіре отырып, оқушыға жеткізе білсе, оның əсері, ықпалы ерекше
болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет