•
демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен
сəйкескелуі;
•
балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек
екенін естен шығармау;
•
оқытудың алтын ережесі «көрініп тұрғанды көрсету, еститінді естірту,
иіскететінді иіскеті, дəмін тататынды таттыру;
•
сабақты нақтылап ашатын ұғымдар мен абстрактілік ережелерді,
мысалдар мен фактілерді келтіру;
•
көрнекілікті мəселелік жағдаяттар туындату үшін пайдалану;
•
көрнекі құралдардың оқылатын зат жəне құбылыс туралы анық жəне
дұрыс түсінік алуға көмектесуі;
•
оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын
анықтау;
•
көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі
емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;
•
бір көрнекілікті қолданып, баланы жалықтырып алмай, алуан түрлерін
қолдану;
•
балалармен бірге көрнекілікті жасау, оқушылардың өздері жасаған
көрнекіліктердің əсері мол;
•
қазіргі көрнекіліктерді , атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбалар,
кодослайдтарды, жартылай экранды проекцияларды жəне т.б қолданып,
техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
•
көрнекілік арқылы өмірмен байланыс;Осы шарттарға қарап
ұйымдастырылған сабақ қана, нағыз көрнекі түрде өтілген, əрі нəтижеге
толы сабақ болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: