Курстық ЖҰмыс пико docx



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата07.06.2023
өлшемі1,38 Mb.
#99498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Тал шыбықтай бұралған қзі керім,
Мінеки , оны айтатын келді жерім.
Қыпша бел алма мойын, сұлу Баян
Сипаты жаннан асқан ол бір ерім
Тал бойының міні жоқ қолаң шашты
Шашының ұзындығы тізін басты
Гүл төгілер аузынан меруерт тісті,
Ондай жан дүниеде жаралмасты.
Аппақ көрік, маңдайлы, қылығы наз,
Малың түгіл басыңды берсең де аз
Сыртыңнан күлімсіреп сөйлесе де,
Көңілі хош болмайды,баймен араз.
Жұрт айтатын темірлі күймесі бар
Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар.
Анда-санда болмаса сөйлеспейді,
Жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар. Оқушы осындай бейнелі
сипатты көзіне елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесіне
үңілетін болады. Сол арқылы олардың қыр-сырын танып, ұғынуға
тырысады. Кейіпкер сипаты арқылы көп нəрсені аңғарып түсінуге
ұмтылады. Мұғалімнің да міндеті кейіпкер сипаты арқылы оқушыны
жазушыныңкөркемдік тəсіліне , бейнені дəл бере білу ерекшелігіне ,
шеберлігіне тамсандыра , таңдандыра, еліктіре отырып,көркемдік
əлемнің мəн,мағынасын ,құдіретін түсіндіру.Осы бағытта бейнелі
сипаттаудың ерекше орын алатынын ұғындырамыз , ұғынуына
мүмкіндік жасауымыз керек. Осындай сипаттамалы сөздік көрнекілік
арқылы оқушының танымдық ой қиялын жетілдіретін де боламыз.
• 
Дəлелдемелі көрнекілік – сөздік көрнекіліктің ішінде ерекше орын
алатыны Мұнда жоғарыда айтылған көрнекіліктер сияқты жетекшілік
рольді тек мұғалім ғана атқарып қоймайды, оқушылар да тікелей
қатысып , араласып, белсенді іс-əрекет атқарады. Оқушының өздігінен
дербес жұмыс істеуіне ,əдеби танымының дұрыс қалыптасуына ықпал
етеді. Бұл жерде мұғалім де, оқушы да дəлелдеуге алған бір мысалына
мұқият жауапкершілікпен қарап, ол келтірілген
мысалдар,айтылған,айтылатын,айтылайын деп отырған немесе
бұрыннан айтылып келе жатқан ой-пікірді,тұжырымдарды
айқындап,нақтылай түсетін ой желісіне тірек бола алатын
үзінділерболғаны жөн.
• 
Жинақтамалы сөздік көрнекілік – мұғалім көптеген шығармаларды,
талдауларды осылай талдап отырған тақырыбын ондағы айтылатын
ойдың қорытынды түйінін жинақтап, оқушы назарын сол негізгі
тұжырымды пікірге аударып отыруы керек. Осындай оқушы ойын бір
нысанаға бағыттау үшін мұғалім сабақ соңында өз баяндауын
қорытындылай,баяндай келіп пайдаланылатын
мысалдарды,дəлелдеррі, үзінділері сөздік көрнекіліктің, шартты түрде
айтамыз.


Əдебиет пəні сабағында сөздік көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың
ойлау қабілетін дамытуға, ой-қиялын жетілдіруге, əр бір сөзге мəн бере қарауға,
сөзді, сөйлемді орнымен қолдануға, сөз мəнін дұрыс түсінуге, айшықты,
көркем, тартымды сөйлеуге, ойын орынды дəлелдермен жеткізе білуге
үйрететін боламыз. Сөздік көрнекілікке қойылатын талаптар:
• 
Мұғалім қолданған əр бəр мысал, үзінді, шығарма мəтініне толық сай,
сəйкес келуі керек.
• 
Алынған, келтірілген əрбəр сөздің мəні, ұғымы оқушыға түсінікті болуы
тиіс.
• 
Мұғалім келтіретін мысалдарын баяндаумен үйлесімді қолдана білуі
керек.
• 
Мұғалімнің шығармадан алған мəтіні ойды түсіндіруге көмек ететін
айқын, мəнді, көркем болуы тиіс.
• 
Алынған мəтін екі ұшты пікір тудыратын болмауы керек.
• 
Алынған мысалдар даулы пікірлерді шешуге көмек ететін, дəйек бола
алуы тиіс.
• 
Мұғалімнің келтірілген үзінділері беделді, танымал,ұлағатты, ғалым
адамдардікі болғаны жөн.
• 
Бір сабақтың үстінде келтірілген мысал, үзінділердің қайталануынан
қашуымыз керек.
• 
Алынған мысал, үзінділер мүмкіндігінше туындының соңғы нұсқасынан
алынғаны жөн
2) 
Заттық көрнекілік – оқушылар үшін тарихи-тəрбиелік мəні орасан зор болып
келетін көрнекілік болып табылады. Оқушылардың тарихи танымын
дамытып қана қоймай, олардың əрбіріне өмір тəжірибесін, деген
құлшынысын арттыру арқылы адамгершілік саналарының дұрыс
қалыптасуына ықпал ететін көрнекіліктің ерекше түрі.Бұл көрнекілік
жазушының əр кезде шыққан басылымдарын,қолтаңбаларын, архивтік
құжжаттарын, заттарын, жазушы шығармалары бойынша жасалған түрлі
қойылыстарды, көріністерді, жазбаларды, мұражай дүниеліктерін қамтиды.
Осыларды сабақта пайдалана отырып, оқушы бойында жазушы еңбегіне,
өмір жолына деген құрметті, ілтипатты, ынталылықты, қызығушылықты
арттырамыз.Жазушы қолтаңбасы былай қарағанда елеусіз нəрсе сияқты.Ал
оқу тəрбиесі үшін үлкен мəні бар. Бағдарлама бойынша өтіп отырған
жазушы қолтаңбасының ата-аналардан, оқушылардан табылуы
ерекшеқұбылыс. Ол қолтаңбаның жазылу тарихы, оның мəні, жазушы
өмірінің елеусіздеу көрінетін бір кезеңін көрсете отырып, сол жазушының
шығармашылық лабараториясының ізін байқау үшін ерекше мəні бар.
Жазушы қалдырған қолтаңбаға байланысты кейін нендей шығарма
туындады, онда сол ортаға байланысты не қамтылған, қалай көрсетіліп,
қалай суреттелген, жазушы шығармасының жазылуына орта қалай ықпал
еткен деген сияқты сұрауларға жауап іздей отырып, жазушы
лабараториясының жасырын сырларын аңғаратын боламыз. Сүйтіп
жазушының əрбір дүниесіне мəн бере отырып, жазушылықтың қыр-сырын
оқушыларға жан-жақты таныстыруға, білдіруге мүмкіндік аламыз.Жазушы
шығармаларының əр жылдардағы басылымдарын, ондағы өзгертулер мен
толықтыруларды оқушыларға көрсете отырып, жазушы шеберлігін, тіл
ұстартудағы жетістіктерін байқататын болсақ, жазушы пайдаланған
заттарды, үй-ішілік дүниелерін көрсету арқылы оның адамдық, пенделік
қарапайым өмір тіршілігімен таныстырамыз. Жазушы шығармаларының
əлем тілдеріне аударылған туындыларымен оқушыларды таныстыру арқылы,
олардың бойында мақтаныш сезімін қалыптастырамыз. Заттық
көрнекіліктерге не жатады:
• 
Баспадан шыққан əр кездегі шығармалары;
• 
Жазушы қолтаңбалары(түрлі жазбалары);


• 
Жазушы өмірін білуге көмектесетін, соған байланысты заттар(суреттер,
құжаттар,үй мүліктері,өзі пайдаланған жазба құралдары т.б);
• 
Жазкшының əлем тілдеріндегі басылымдары;
• 
Отбасылық суреттері;
• 
Түрлі жазбалары, кино, теледидар көріністері;
• 
Жазушының дауысы, қойылымдарының үзінділері жазылған пластинкалар;
Заттық көрнекіліктерге қойылатын талаптар:
• 
Ұсынылатын заттардың табиғилығы.
• 
Заттардың нақтылығы,айқындылылығы
• 
Жазушы өміріне сəйкес келуі
• 
Заттардың, қолтаңбалардың тарихилығы
3) 
Сызбалы көрнекілік – шығармадағы кейіпкерлердің өзара қарым-
қатынастарын, байланысын, жүйесін, рухани өмір жолының даму барысын,
тілдік, портреттік сипаттамалары арқылы берілген мінез ерекшелігін,
жазушының өмір жолы мен туындыларының тарихи кезеңдерімен
сабақтастығын, əдеби құрылыстардың үндестігін, тамырластығын, жазушы
өмір сүрген жəне оның туындыларының жарық көрген географиялық
аймақтары мен жылдарынадейін көрсетілетін сызбалар тізбегінен жасалған
көрнекі құра түрі. Бұл шартты түрде үшке бөлінеді:
• 
Схема – мұнда тек адамдар, кейіпкерлер тізбегі беріледіде, олардың
өзара байланысы, қатысы көрсетіледі (қосымша);
• 
Таблица – жазушының өмір жолын, соған байланысты шығармаларын,
олардың жыл мерзімдерімен, жеке кейіпкерлердің тілі, портреті
арқылы мінездегі ерекшеліктерін көрсетуді мақсат тұтады;
• 
Карта – жазушы жүріп өткен жолды, туындылары жазылған аймақты
көрсетуге арналады. Сабақта схема,таблица, карта қолдану арқылы
оқушының əдеби құбылысты, оның ішкі құбылысын толық түсінуіне
жағдай жасау көзделеді.
Сүйтіп сызбалы көрнекілікті құрал арқылы шығармадағы образдар жүйесін,
жазушының өмірін, шығармашылығын тарихи кезеңдермен бірлігін, тіл
ерекшеліктерін, мінез айырмашылықтарын, оның өмір сүрген ортасын,
шығарманың жазылған аясын, əдеби байланыстар желісін, шығармалардың
əлемге танылу аумағын көрсете аламыз. Оқушының көру қабілетіне,
қабылдауына тікелей ықпал етеміз. Танымын кеңейтеміз
4) 
Сурет-түсіндірмелі көрнекілік дегеніміз – көрнекілік тек көрнекілік қызмет
атқарып қана қоймайтынын дəлелдейтін көрнекілік түрі. Ол өнердің бірлігін,
сабақтастығын да танытуға септігін тигізетін білдіреді. Аты айтып
тұрғандай, көптеген ұлы тұлғаларымыз дүние салып, келешек ұрпаққа үлкен
мұраларын қалдырып кетті. Сондай ұлы тұлғаларымыз бен тарихи
оқиғалардың суреттері арқылы жас ұрпақ одан сайын тарихын сүйіп,
қанаттана түсетін болады.Портрет, плакат, иллюстрация тілі – өзіндік дара
тіл. Олар бояу арқылы сөйлеп, өрнек тудырады, көркем бейне жасайды.
Өнердің бұл туындылары бір жағынан көркем шығармалармен сабақтасып,
байланысып, ерекше бір жүйе түзетіні де болады. Суретті – түсіндірмелі
көрнекі құралды қолдану үстінде осындай бірлік тұтастығын оқушыға
сездіре отырып, олардың эстетикалық сезімі мен танымының дамуына
ықпал ететін боламыз. Бір мезет Абай бейнесі деген көрнекілікке назар
салып көрейікші. Мұнда ұлы тұлға Абайдың азамат-ақын болып
қалыптасуына дейін, өткен жолы, соған алып келген кезеңді оқиғалар сурет
тілімен жүйеге келтіріліп берілген. Сол ақын өткен жолдың əрқайсысы
романда кқркем тілмен шебер бейнелене отырылып, Абайдың өсу жолы,
өмірлік асулары сан қырынан көрсетіліп тұтастық құраған. Соны көркем
бейнелеудегі суретші мен жазушы үндестігі, сарындастығы неде?
Суреткерлердің өзіндік, даралық ерекше табыстары қандай? Деген


сұрақтарға оқушылар жауап іздейтін, өзінше ой түйіп, пайымдайтын, талдап
түсінетін болады. Мұндай салыстырмалы ой əрекетін ұйымдастыру оқушы
тарапынан белсенді танымдық əрекеттің қалыптасуына мүмкіндік тудырады.
Бұдан бөлекҚұнанбай бейнесі деген көрнекі құралда суретпен қоса соған сай
мəтін беріле отырылып түзілген. Мұндағы мақсат мəтін мен суреттеу
арасындағы сəйкестік пен айырмашылықты аңғарта отырып, əр өнердің
өзіндік бейнелеу тəсілі барлығын, əрбір суреткер сол заңдылыққа
бағынатынын байқатуды ойластырудан туған. Міне суретті-түсіндірмелі
көрнекілікті сабақта əдеби шығармаларды оқытып талдау үстінде қолдану
арқылы оқушылардың тек тыңдаушы болып қалмай, сол материалды терең
талдай түсінуге белсенді қатысуын, тікелей араласуын қамтамасыз етеміз.
Сөйтіп суретті-түсіндірмелі көрнекілік сабақ материалын түсінуде ғана
қызмет атқарып қоймайды. Сонымен бірге танымдық роль атқарады, яғни
біріншіден, материалды дұрыс түсінуге көмектессе, екіншіден, өнердің өзара
байланысын аңғаруға жəрдем етеді, үшіншіден өнердің басқа салаларынан
да мəлімет беруге мүмкіндік тудырады.
Бұл көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:
• 
Көрнекі құралдағы суреттер, жазулар класс оқушыларына толық
көрінетін болуы керек.
• 
Əрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, соның мазмұнын
ашатын болуы тиіс.
• 
Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.
• 
Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мəтін,
сурет ерекше бояумен берілуі керек.
• 
Бір сабақта 1 не 2 ғана көрнекі құрал қолданылуы тиіс.
• 
Көрнекі құралда бір мəселенің қайталануынан сақ болуы керек.
• 
Көрнекі құралда жүйеліліктің, хронологиялық реттің сақталуын қатты
қадағалау.
• 
Көрнекі құралда берілетін əрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын,
түсінікті, өтіліп отырылған материалды дəлелдеуге көмектесетін
болуы керек.
• 
Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық
қамтитындай болғаны жөн.
• 
Көрнекі құралды класта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтігіндей етіп
жасау,(іліп қою, алу, қайта пайдалану).
5) 
Көрнекіліктерді қолдан жасау – аса күрделі, əр баланы зерттеп, деңгейлеріне
қарай материалдарды түсінетіндей (жазудың анық болуы, безендірулердің
көп болуы, түрлі түсті болуы, ашық түстер жиынтығы, оңай əрі мазмұнды,
нақтылықтың сақталуы, т.с.с) дайындау.
6) 
Техникалық оқу құралдары – экрандық техникалық құралдар, дыбыстық
техникалық құралдар жатады.
7) 
Образдық, граффикалық – көркемсөз шеберлерінің өмір жолын,
шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі суреттер
(портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері т.б
8) 
Оқушылар қолынан жасаған көрнекіліктер – жұппен, топпен жасалатын
жұмыстар барысында оқушылар өздеріне негізделіп берілген тақырыпты
ашу мақсатында жасаған көрнекілік түрі. Басқа көрнекіліктерге қарағанда
орны ерекше, себебі, оқушылардың өз еріктеріне байланысты болады,
жанындағы өзінің құрдастарының деңгейі өзінікіне сай болғандықтан ,
берген мəліметтері де миға қонымды əрі естерінде ұзақ сақталатын болады.
9) 
Кестелер- белгілі бір ретпен реттелген мəтіндік немесе сандық жазбалар.
Көбінесе ол бір типтегі жолдар мен бағандардағы деректердің таралуын
білдіреді. Танымдық кестелерге оқушыларға бұрын белгісіз мəліметтері бар
кестелер жатады, сондықтан олар жаңа материалды түсіндіру кезінде


қолданылады. Сондай-ақ оқушылардың алған білімдерін кеңейту жəне
жалпылау мақсатында бұл кестелерді бұрын алған білімдерін қайталау
кезінде пайдалануға болады. Нұсқаулық кестелерге сөйлеу, жаттығуларды
орындау, əріптерді, сөздерді, сөз тіркестерін жəне сөйлемдерді жазу
дағдыларымен байланысты белгілі бір əрекеттерді орындауға ықпал ететін
көрнекі түрде əртүрлі нұсқаулар беретін кестелер жатады. Осы кестелердің
ішіндеЖаттығуларды орындау кезінде қажетті əрекеттер алгоритмдері бар
кестелерді, сөздерді талдау кезінде əрекеттердің орындалу ретінің
мысалдары бар кестелерді, қолмен жазылған əріптердің үлгілері бар
кестелерді бөлектеген жөн. Егер сабақта бірнеше жаттығуларды орындау
арқылы дағдыларды қалыптастыру қажет болса, тренинг кестелерін
пайдалану керек. Мысалы, ең жиі қолданылатындардың бірі - жаттығуларды
суреттейтін кестелер. Тренинг кестелерін пайдалану мұғалімнің жұмысын
жеңілдетеді жəне көп сөздерді жазудың қажеті жоқ болғандықтан сабақта
уақытты үнемдейді. Анықтамалық кестелерде жаттығуларға қажетті
материалдар бар. Олар нұсқаулық кестелері сияқты сыныпта ұзақ уақыт
бойы ілулі тұрады Кестелерді мағынасына қарай топтарға бөлуге болады:
• 
танымдық;
• 
нұсқаушы;
• 
оқыту;
• 
анықтама.
Əдебиет пəнін оқытуда көрнекілік қолдану маңызды
дидактикалықматериалдардың бірі жəне мектеп практикасында жиі қолданыста
болады. Көрнекілікті қолдану керек деп, не болса соны алып келіп,
оқушыларды шатастырып, тақырыпты түсінулерін одан сайын шиеленістіріп
алмау қажет. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланысты болуы керек.
Ол оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген
қызығушылықтарын жоғарылатып, материалды тереңдетіп түсінуге, ұғынуға,
естерінде ұзаққа дейін сақтап қалуларына көмектесуі керек. Əдебиет сабағында
көрнекілікті кез-келген сабақ бөлігінде қолдана беруге
болады.өрнекіліктісабақтажəнесабақтантысжұмыстардақолданутабиғатыбойын
шатүбегейліерекшеленедіжəнеəртүрлімақсаттардыкөздейді. Сабақта көрнекілік
оқушылардың əдеби шығарманы қабылдауын тереңдетуге көмектесетін
жағдайда ғана пайдалы болады.Əдебиет сабағындағы көрнекілік функциялары.
Əдебиет сабағында көрнекіліктің негізгі, негізгі қызметі оқушылардың əдеби
шығарманы жəне жалпы жазушы шығармашылығын түсінуіне, теориялық жəне
əдеби білімдерін меңгеруіне, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуына – бір
сөзбен айтқанда, барлық тапсырмаларды шешуге көмектесу. əдебиет
мұғалімімен бетпе-бет келді.
Қазіргі мұғалімнің қолында көптеген көрнекі құралдар бар: иллюстрациялық,
көркемдік жəне графикалық материалдар, жазбалар мен радиохабарлар жəне
т.б. бұл құралдардың əрқайсысы көрінудің белгілі бір түріне жатады: көрнекі,
есту жəне синтетикалық.Əдебиетті оқытуда көрнекіліктің маңызы зор. Əдебиет
сабағында көрнекі, көрнекі тірек рөлін жазушылар портреттерінің
репродукциялары, шығармаларға арналған иллюстрациялар, жанрлық
картиналар, жазушы өміріне байланысты жерлердің фотосуреттері, кітап
кейіпкерлерінің мүсіндік фигуралары, макеттер жəне т.б. Көркем əдебиет
шындықты жанды суреттерде, бейнелерде жаңғыртады, ал мəні бойынша өзі
шындықтың көрнекі көрінісі болып табылады. Дегенмен, көркем мəтінді
меңгеруге əдебиет сабағында бейнелеу өнері, музыка, кино, теледидар, т.б.,
сабақтас өнер түрлері, сондай-ақ əртүрлі графикалық материалдар, əдетте,
көрнекі оқыту құралдары деп аталатын жағдайлар бар.
Көрнекілікті пайдалана отырып сабақты жоспарлағанда мұғалім ең алдымен
оның жалпы сабақ жүйесінде жəне жеке əрбір сабақта дидактикалық қызметін
анықтауы керек. Əдебиет сабағында көбінесе қолданыста тиімділігін көрсететін
көрнекілітер бар. Олар:
• 
Аудиторлықкөріну. Жазушытудырған 
дыбыстық образдысезініп
,


бағалайбілу – шығарманы,
əсіресепоэтикалықшығарманытолыққабылдаудыңқажеттішарты.
Бұлжердетыңдаумұғалімдергепайдалыболуымүмкін.Музыкалықжəнекөрк
емоқуəдебиеттіоқытупроцесінбелсендіругеүлкенмүмкіндіктербереді.
Тіптіəдебиетсабағындажазбаларқажетболғанжағдайлар да бар. Мысалы,
жайғанаоқуемес, ертегіні,
дастандыайтушылардыңорындауындатыңдаукерек. Соныменқатар, диск
пен таспаəлі де «екінші» көрінетінінжəнебірқатарартықшылықтармен
(біріншікезекте, кəсібиөнімділік)
техникалыққұралдарорнатутұрғысынанмұғалімніңжандыоқуынантөменек
енінұмытпауымызкерек. аудиторияменбайланыс. Актерлік оқу оқушыға
көп нəрсені ашуы мүмкін, бірақ егер олмұғалім мен оқушының оқуын
шектей бастаса, бұл кейбір мұғалімдердің актерлік оқудан бас тартуының
бір себебі болуы мүмкін.
• 
Синтетикалықкөрнекіқұралдар. Кино мен теледидар көрнекі жəне есту
көрінуді біріктіреді, оқиғаларды уақыт пен кеңістікте береді жəне
шындықты сыртқы ұқсас бейнелерде қайта жасайды. Теледидар мен
киноның бай мүмкіндіктеріолардыбілім беру мақсатында ерекше
перспективалы етеді. Бірақ олардың күрделілігі, əсіресе мазмұны мен
ұзақтығын мұғалім реттей алмайтын теледидарлық қосымшалар кейде
мұғалімнің техникалық құралдарды қолдану арқылы сабақтарында
кездесетін қиындықтарын арттырады.
• 
Көрнекілікті пайдалана отырып сабақты жоспарлағанда мұғалім ең
алдымен оның жалпы сабақ жүйесінде жəне жеке əрбір сабақта
дидактикалық қызметін анықтауы керек. Шығарманы оқудың соңғы
кезеңінде оқушыларға əдеби шығарманы бірмезгілде олар үшін жаңа көз
қараспен бағалай отырып, оны тұтастай қайта қабылдауға көмектесетін
салыстырмалы сипаттағы тапсырмалар жиі кездеседі. Барлық сабақтарда
балалардың өздерін көрнекі құралдарды жасауға қатыстыру өте пайдалы,
бұл тек көшірмелерді ғана емес, сонымен қатар үлкен шығармашылық
күш-жігерді қажет етеді. Балаларға ұнаған ағашты суретке түсіру, жұмыс
үшін өз иллюстрациясын салу – бұл тапсырмалардың толық тізімі емес,
оларды орындау əдебиет кабинетінің көрнекі құралдарына ықпал етіп
қана қоймайды, сонымен қатар, ең бастысы, эстетикалық
ынталандырады. Оқушыларды дамыту, олардың дербестігін дамытуға
ықпал етеді. Мұғалім нақты тапсырманы ойластырған кезде, оны сабаққа
«сəйкестендіру» қажеттілігіне тап болады. Бұл жерде тағы да бірқатар
маңызды тұстар бар. Ең «еркін» мұғалім көркем немесе графикалық
материалдар мен мөлдір қағаздарды пайдаланған кезде нəтижеге жетіп
жатады, деген мендиафильмдер мен фильмдер оның сабақтағы
белсенділігін айтарлықтай дəреже де бағдарламалайды.
Айта кету керек, көрнекі сабақтың табысты болуы көбінесе оның жалпы
əдістемелік шешіміне ғана емес, тіпті мұғалімнің кіріспе алдында қандай
сөздер айтатынына байланысты екенін ұмытпауы керек.
Көрнекілік– əрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш
кететін мəселелерді жеңіп, тез əрі оңай меңгерту үшін көрнекілікті қолданады .
Əдебиет сабағында көрнекіліктің бірнеше түрге жіктелуі болады:
1. Көру көрнекіліктері.Оған сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық,
кітаптар, буклеттер, жкранды жəне техникалық құралдар жатады.
2. Есту көрнекіліктері. Оған техникалық құралдар, қосымша материалдар
алынған əңгімелеу жатады.
3. Көру,есту көрнекіліктерінің екеуіне жататын – кино, телехабарлар оқу
фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы болып есептеледі.
Көрнекі құралдардың қолданылу тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек
сабақты сырт түрлендіру рөлін ақтармай, мұғалімнің беретін ақпаратын
еселеп, көрнекті түрле жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Алдымен,
көрнекілік оқушыға эстетикалық əсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан
ықпал етуі керек. Əр сабақта көрнекілік пайдаланудың реті, көлемі


сақталуға тиіс В.В.Глубков «Əдебиетті оқыту методикасы» еңбегінде,
əдебиеттегі көркем шығармаға пайдаланылатын көрнекілітерді үш үлкен
топқа жіктеп көрсетті:
1. 
Образды сөз өрнегі – оқу, баяндау (əңгімелеу) арқылы
орындалатын поэзиялық, прозалық үзінділер;
2. 
Көркем бейнелі – түрлі портреттер, пейзаждар, қолжазбалардағы
суреттер;
3. 
Графикалық көрнекіліктер – тақтағы жазылған сандық мəліметтер,
кестелер, диаграммаларды жатқызды.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдардың арсеналы кеңейіп, толығуда.
Сонымен, қазақ əдебиеті сабақтарында радио-теледидар бағдарламалары,
компьютерлік жəне лингафондық құрал-жабдықтар оқу мақсатында
қолданылады. Бірінші кезеңде ережемен (немесе ережелер блогымен) жұмыс
істеу мектеп оқулығындағы сəйкес материалды оқуды немесе қайталауды
қамтиды. Осыдан кейін, компьютерлік бағдарламалар сериясының көмегімен
мектеп оқушылары емле нормаларын тағы бір рет зерттейді, содан кейін олар
ережені қолданудың барлық кезеңдерінде, соның ішінде соңғы кезеңдердегі
əрекеттерін бақылай отырып, бағдарламаға енгізілген алгоритм негізінде емлені
таңдауға жаттығады. , емлені таңдау жасалатын соңғы кезең. Компьютердің
көмегімен мектеп оқушылары орфографиялық талдауды меңгереді, оның
схемасы компьютерде ұсынылған, бұл студенттердің емле теориясын меңгеру
деңгейін бағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл теорияны практикада
қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет