Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ауызша есептеу және оны ұйымдастыру.» Орындаған


Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы



бет7/21
Дата06.01.2022
өлшемі206,71 Kb.
#13181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Ауызша есептеулерді дұрыстап саналы меңгерту балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктеріне, сондай - ақ олардың тілін ұстау және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын жасау және оны дамыта түсуіне әсер етуін анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Жинақтау, зерттеу, бақылау, талдау.

Зерттеу жұмысының базасы: Тарбағатай ауылы «Тарбағатай ЖББОМ» КММ

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Ауызша есептеуді ұйымдастырудың әдістемелік тиімділігі.

Ауызша есептеу білім алу, тәрбие алу және практикалық жұмыс кезінде маңызы өте зор. Бұл жазбаша есептеу кезінде де өте қажет. Ал, практика кезінде баланың шапшаң, дұрыс есептеуі өте керек нәрсе. Мысалы: дүкенге барғанда немесе тағы басқа жерде жазбаша есептеуге мүмкіншілік болмаған сәттерде біз ойша есептеуге мәжбүр боламыз.

Ауызша есептеу балалардың логикалық ойлауларына, математикалық бақылауларына көп көмек тигізеді.[2]

Ауызша есептеу тәсілдері оқушылардың жан – жақты дамуына қатысты, олардың математикалық тілінің жетіле түсуіне, сондай –ақ уақыт үнемдеу тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады. Өйткені бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептеу, оның әрқайсысына сәйкес түсіндірмелер келтіру және есептеулер жүргізудің қандайда бір сатысындағыаралық нәтижелердің қалай шығатыны, сондай – ақ соңғы нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, олардың бәрін жазып жатуға уақыт жұмсалмайды. Мұнда оқушылар өздерінің игерген білімдерін әр алуан жағдайларда қолдануға машықтанады және соған сәйкес іс - әрекет орындауды үйренеді. Бір тәсілмен есептеген нәтиже басқа тәсілді пайдалану арқылы тексертілуі де мүмкін. Оған қоса қандай тәсілді қолдансада оқушы үшін еркін мәселе. Демек, оқушының өзінің еркін игерген бір есептеу тәсілін қолдану жеткілікті болып табылады. Ал, сол тәсілдердің ішінен барынша тиімдісін іріктеп алуға балаларды үйретудің де мүмкіндігі мол. Мысалы: 29+11 нәтижесін табу керек болсын. Сонда оқушылар әр түрлі пайымдаулар мен түсіндірмелер келтіріп нәтижені түрліше табуы мүмкін. Атап айтқанда:

1) 11 саны 10 мен 1-дің қосындысы, демек, 29+10=39, ал 39+1=40, немесе 29+1=30, 30+10=40;

2) 29 саны 20 мен 9–дың қосындысы, демек 20+11=31,31+9=40 немесе 11+9=20,20+20=40;

3) Ондыққа ондықты, ал бірлікке бірлікті қосамын, яғни 20+10=30, 9+1=10, содан кейін шыққан нәтижелерді қосамын, 30+10=40;

4) 29-дың орнына 30 деп есептеймін де, 30-ға 11-ді қосамын, сонда 41 шығады, сонда 1-ді артық қостым, демек, нәтиженің одан 1-еуі кем, яғни 40 болады.[3]

Жоғарыдағы есептеу тәсілдерін тиімдірек тұрғысынан бағалау бұл жағдайда оқушының қай тәсілді еркін және сенімді игеруіне қарай жүргізілуі тиіс. Ал, әдістемелік тұрғыдан алғанда сол тәсілдердің бәрінің де тиімділігі бірдей деңгейде деуге толық негіз бар. Дегенмен оқушыларда ілгеріде есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында сандарды разряд бойынша (бірліктерді, ондықтарды т.с.с.) қосу мейлінше сай десек артық болмайды. Себебі, қосуды жазбаша орындағанда осылайша жасауға тура келеді және қосқанда ондықтан аттаудың ерекшелігін нақты көрсету мүмкін болады. Бірақта ауызша есептеулерді орындағанда қандай да бір тәсілді қолданудың керектігін оқушыларға әрдайым міндеттеу дұрыс емес. Оқыту мақсатына және материалдардың оқытылу сатысына қарай сәйкес тәсілді қолдануға оқушыларды машықтандыру кезінде солай жасауға болады. Ал, бірнеше тәсілді игеріп алған мезетте оқушы өзінің қалауынша таңдап алған тәсілмен дұрыс есептеуі сол жеткілікті. [4]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет