Ойлан тап?
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос-қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Сонымен бірге математика сабағын да ауызша есеп түрінде ұлттық салт-дәстүр мазмұнды есеп ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздыңғасырлар бойғы салт - дәстүрін, ата - мұрасын кейінгі ұрпақтарқа жеткізу құралы болып табылады.
Мысалы:
1. "Қыз қуу" ойынына 12 жұп қатысты. Ат құлағында ойнайтын қыздар мен жігіттер қандай әсем киінген, шіркін-ай! Ойын аяқталғанда жеңілген қыздардың саны ойынға қатысқан қыздардың санынан 3 есе аз екендігі белгілі болды. Ойында қанша ер бала, қанша қыз бала жеңіске жеткен?
Бастауыш сынып оқушылары тез шаршағыш, нәзік, ерліктері де мол келеді. Олар мұғалімнің жылы жүзді, жайдары мінезді болғанын қалайды. Сондықтан сабақ үстінде оқушылардың ойын бөлетін, күлкі ойындары өз орнымен пайдаланып отырған тиімді. Мысалы, үшінші сыныпта көбейту амалын пысықтау кезінде "Аңқау бағбан" ойын есебін пайдалануға болады. Ойынның мазмұны, үй айналасына ағаш отырғызбақшы болған бір кісібазардан бір құшақ балғын шыбықтар сатып әкеледі. Әкелген шыбықтарының біразын егеді де, кешке қарай суырып, қораның бір бұрышына жинап қояды.
- Еккен шыбықтарыңды неге суырып алдың? – дейді жұбайы.
- Түнде біреу – міреу ұрлап кете ме деп қорықтым,- дейді оған отағасы.
Келесі күні таңертең бағбан екі есе көп шыбық егіп, қараңғы түскенде, олардың жартысын суырып алып қорадағы шыбықтардың үстіне қосады.Әйелі күйеуінің бұл ісіне ашу шақырады. Ертеңіне бағбан арықта қалған шыбықтарды санап көріп, сатып әкелген шыбықтардың әлі де тең жартысы жатқанын байқамайды. Ол енді арық ішінде жатқан шыбықтарын түгел егіп тастайды да, кешке қарай ішінен әр үш шыбықтың бірін алып қорадағы шыбықтардың үстіне қосады. Әкенің бұл ісіне үй ішіндегілер бәрі күледі. Мазаққа ұшыраған бағбан шыбықтарды түнде ешкім ұрламайтынын білген соң, қора бұрышындағы суырылған барлық шыбықтарды қайта егеді. Бірақ, соңғы күні егілген шыбықтардың тең жарымы көктемей қалды. "Қайта-қайта егіп жүріп тоғыз шыбықты қуартып тастадың" - деп жұбайы ренжиді. «Аңқау бағбан» базардан барлығы қанша шыбық сатып әкелген еді? Осы есептен кейін 62 жылдан соң қайта оралған Наурыз мерекесі, оның маңызы, мереке кезінде ағаштар отырғызу керектігін айта келе төмендегі мазмұнды есептерді шығартуға болады: Наурыз мейрамына қатысты бірнеше сынып оқушылары 20 түп алма ағашын отырғызды, алекінші сынып оқушылары олардан 12 түп алма ағашын артық орырғызды. Барлық отырғызған ағаш қанша? Жауабы: 32 түп алма ағашы отырғызылды. [13]
Қазақтың ұлттықойындарына есептер құрастырумен қатар оқушыларға ол ойындардың ережелерін, мазмұнын және мақсаттарын таныстыру арқылы көптеген мағлұматтар беріп отыру керек. Ұлттық ойын есептер мазмұны жағынан ертегілерге, әңгімелерге ұқсас болғандықтан оқушылардың зейінін бірден тартып алады. Сондықтан да қазақтың көне ұлттық есеп ойындарын пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға себебін тигізеді. [7]
Балалардың ауызша есептеу қабілеттерін күнделікті тексеріп отыру қажет. Сондықтан мұғалімдер айына бір рет математикалық диктант жүргізіп отырады. Мұғалім тапсырманы 1-2 рет оқиды, оқушылар дәптерлеріне немесе бір бетке жауаптарын жазады. Бұны сабақ үстінде немесе сабақ соңында тексеріп бағалайды. Бұны бақылау жұмысы немесе өздік жұмысы ретінде өткізуге болады. Әр оқушының жұмысы тексеріліп бағаланады.
Бұл айтылған жұмыстардың бәрі бізге белгілі жәй сыныптарда өткізіледі. Ал, енді көптеген ауылды жерлерде балалардың аз болғанына қарай аз комплектілі мектептер бар. Осындай мектептерде ауызша есептеу қалай жүргізіледі екен, соны қарастырайық. Аз комплектілі мектепте бір сыныпта екі сыныптың (1-ші, 3-ші сынып, 2-ші, 4-ші сынып) оқушылары отырады. Егер бір сыныпта ойын өткізсең екінші сыныптағы балалардың зейінін тартып берілген тапсырмалар өз бетімен қалады. Сондықтан ойынды толық екі сыныппен де өткізу керек. Бір сыныпқа бір ойын жүргізгенде де оның мазмұны әр сыныпқа сай болу керек, әр сыныптың өз бағдарламасын қамтуға тиіс. Ойын өткізбес бұрын мұғалім толық бәрін бір жүйеге келтіріп ойластыру керек, яғни, тапсырманы тақтаға жаза ма, карточкалар қолданылама бәрін қарастыру керек. Мысалы "Кімнің қайығы жылдам жүзеді?". Екі сыныпқа екі қайық береді, олардың алдында қиыншылықтар, кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден мысалдар шығару арқылы өтеді. Бірінші оқушы шығып өз қатарының қайығының сыртындағы мысалды шығарып қайықты жүргізеді, екінші оқушы 1-ші кедергіде берілген тапсырманы шешеді, сол сияқты ойын жалғаса береді:
І. 5+4
Тау: 10-8
10-4
10-7
10-9
640:8+2
480:30-8
810:9-86
720:8-83
ІІ. 36:6+5
Немесе "Тауып көр" ойыны бойынша, мысалы: 1-сынып тақырыбы "3 санына арттыру немесе азайту" -ды пысықтау болса, ал 3-сыныпта "Қосындыны санға көбейту" болса, онда екі сыныпқа мынадай карточкалар дайындалады.
І сынып ІІІ сынып
4+3 5-3 5+3 10-3 3 7 46 49 48
7+3 9-3 6+3 8-3 57 39 47 59
Әр сыныптан тақтаға бір - бір оқушыдан шығарады да олар тақтаға бұрылып тұрады. Мұғалім карточкадағы мысалдарды қалған оқушыларға береді, олар жылдам шығарып жауабын айту керек. Қалғандары сигналды карточка арқылы оның дұрыстығын көрсетеді. Ойын осылай жалғасады. Қай сынып оқушылары бәрін дұрыс шешсе, сол сынып жеңімпаз атанады.
Осы сияқты ауызша есептеу жүргізу үшін тағы басқа ойындарды қолдануға болады. Мысалы: "Кім жылдам" немесе "Жаяу көкпар". "Жаяу көкпар" ойынын былай ұйымдастыруға болады. Бұл ойынға қамшы не үшін, қалай қолданылатыны жайлы айтылады да, ол тақтаның бас жағына ілініп қойылады. Ойынды ойнау үшін барлық оқушыларға перфокарталар таратылады. Перфокарталарды қолдану мақсаты - жұмысқа оқушыларды толық жұмылдыру. Сонымен бұл ойында қай қатардың оқушылары бірінші орындап, перфокарталарын бұрын тапсырса сол қатар көкпарды алады. Осылайша көптеген ойын құрастырып өткізуге болады. [11]
Достарыңызбен бөлісу: |