Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ауызша есептеу және оны ұйымдастыру.» Орындаған


Ауызша есептеуге арналған жаттығулардың түрлері



бет11/21
Дата06.01.2022
өлшемі206,71 Kb.
#13181
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Тұрсағұлова Индира

1.4. Ауызша есептеуге арналған жаттығулардың түрлері.

Бастауыш кластарда көптеген ауызша жаттығуларды ойын түрінде өткізу ұсынылады. Тапсырмалардың мұндай формасы балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырады. Математикалық ойындардың ішіндегі неғұрлым көп тарағандарын қарастырып көрелік.

«Үндемес» ойыны. Ойын үшін қандай да бір геометриялық фигура алынады, ол фигураның центріне және контурына айналдыра сандар жазылады. Центрге жазылған санның жанына арифметикалық, амалдардың бірінің таңбасы қойылады. Центрге жазылған сан ғана тұрақты болып табылады. Ойын былай өткізіледі: мүғалім көрсеткішпен тақтада контурды айналдыра жазылған сандардың бірін көрсетеді, ал балалар центрде жазылған осы санмен көрсетілген амалды орындайды. Тақтаға шақырылған оқушы нәтижесін жазады. Қалған оқушылар егер қате жіберілген болса, қолдарын көтеріп белгі береді. Барлық жұмыс үн-түнсіз жүргізіледі. Ойынды өзгертуге де болады: мұғалім санды көрсетеді, ал, балалар үндемей кесте цифрлардан нәтижесін көрсетеді. Балаларды түрлі түсті етіп жабдықталған «Ең жақсы капитан немесе космонавт кім» деген түрдегі «үндемес» ойыны қатты қызықтырады.[5]

Бұл дөңгелек мысалдар. Оларды былай құрастырады: бірінші мысал еркін алынады (32:4), осы мысалдың нәтижесі келесі мысалдың (8+16) компоненті болуы керек, ал бұл мысалдын нәтижесі келесі мысалдың (24:8) компоненті болуы керек т.с.с. соңғы мысалдың нәтижесі бірінші мысалдың бірінші компоненті (32) болуы керек. Содан кейін бұл мысалдар кез келген тәртіппен жазылады. Ойын былай жүргізіледі: мысалдар тақтаға немесе плакатқа жазылады; окушылар бірінші мысалды шығарады; аты аталған оқушы нәтижені емес, нәтижеге (8+16) тең саннан басталатын мысалды атайды; балалар осы мысалды шығарады және осы мысалдың нәтижесінен басталатын келесі мысалды 24:8 атайды, бірінші мысалға келіп жеткенше осылай жасайды. Ойлаған мысалдарды табу. Тақтаға мысалдар жазылады. Мұғалім олардың біреуінің (біріншісінен басқасының) жауабын айтады, ал оқушылар мұғалімнің айтқан жауабы бойынша оның ойлаған мысалын табулары керек. Бұл жағдайда оқушылар керекті мысалды табу үшін мысалдардың барлығын немесе барлығына жуығын шығарады. Ойынды өзгертуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет