Зерттеудің мақсаты: Ауызша есептеу арқылы оқушылардың есептеу дағдысын қалыптастыру, есептеу тәсілдерін саналы игеруге мүмкіндік жасау, математикаға оқып - үйренуге қызығушылығын арттыру. Есептеулер жүргізу мұқтаждығынан сол тәсілді енгізудің қажеттігін негіздеуді анықтау болды.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды: Математикаға оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына тигізетін әсерін;
"Ауызша есептеу" ұғымының мазмұнын нақтылау;
3 сынып оқушыларының математикадан есептеу дағдыларының өсу деңгейін анықтау;
Тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқау құрастыру;