Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігі
Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі
Мамандығы:0111013 «Қазақ тілі мен әдебиет»
Курс: 3
Пәні: Психология
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мектеп жасындағы дарынды оқушылардың психикалық дамуы
Орындаған: Әлиханов.А.А
Тексерген: Курмантаева А.А.
Қорғауға жіберілді: “____” _______2022
Бағасы: “_____”
Ақтөбе, 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................................................................3-4
I. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау.
1.1.Дарындылық туралы жалпы ұғым.............................................................5-6
1.2.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық көзқараста оқып-зерттелінуі......................................................7-8
ІІ. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
2.1. Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы.................................9-12
2.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары.....................................12-13 III. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау және олардың психологиялық ерекшеліктері
3.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау................................................14-17 3.2. Дарынды оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты.....................................................................................................17-20
3.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру....20-22
Қорытынды .......................................................................................................23-24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................25
КІРІСПЕ
Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Оқушының қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән /вундеркинд/.
Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік. Мысалы:гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.
3. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы.
Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарынды оқушыға жеке тапсырма беру арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек.
Бүгінгі таңда дарынды балалар психологиясы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да осы дарынды балалар психологиясын зерттеу мақсатында зерттеу жұмысымның тақырыбын «Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы» деп алдым.
Зерттеудің өзектілігі: Дарынды оқушы өз бетімен жұмыс істеу арқылы білім алудың қарапайым дағдыларын меңгереді және алған білімді біліктік дәрежеге көтереді. Оқушы күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, пікір айту, түрлі жағдайда өздігінен шешім қабылдау баспалдағынан өтеді, өздігінен алған біліміне риза болады.
Зерттеудің көкейкестілігі: Балаларды зерттеу барысында дарындылығын анықтап, бойындағы бар дарындылықты одан әрі ашыла түсуіне жол шау. Ертеңгі күннің білікті, білгір дарын иесі болуына атсалысу.
Келешек жас қоғамның ертеңгі болашағын қалыптастыру мен дамыту, баланың кіші мектеп жасынан басталады, үздіксіз үрдіс барысында қалыптасып, дами түседі. Білім берудің түрлі жолдары барлық салада үлкен міндеттерді жүктейді.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі.
Зерттеу мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын анықтап және оларды зерттеу. Дарыны психологиялық жағынан дамыту жолдарын қарастырып жетілдіру. Дарындылығы байқалған оқушылрмен жұмыстанып, одан әрі дамыту.
Зерттеу міндеті:
-Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылық үрдісін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылықты дамытудың теориялық моделін құру;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылықты дамытудың қосымша бағдарламасын ұсыну;
Зерттеу обьектісі. Жасөспірім кезең 9-12 жастағы оқушыларды зерттеу.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ішіндегі дарынды балалардың психикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің ғылым болжамы:Егер бастауыш сынып оқушылырының ішіндегі дарынды балаларды дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, бастауыш мектеп жасындағы балалардың дарындылығын арттыру оқу-қиял үрдісін дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, бастауыш мектеп жасындағы балалардың дарындылығын дамыту мүмкіндіктері оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда дүниетанымы мен біліктілігі жоғары деңгейде қалыптаса бастаған балаларды тәрбиеленуі мүмкін.
Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге ғылыми талдау, жинақтау, қорыту, психодиагностикалық әдістемелер тәжірибелік экспериментті өткізу барысында сауалнамалар .
Зерттеу базасы: №1 жалпы орта білім беретін мектеп. 4«а» сынып оқушылары.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін анықтау. Отбасында және мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми құрлымы: Кіріспеден, теориялық және тәжірибелік бөлімдерден және қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |