Курстық жұмыс Тақырыбы: Мектеп жасындағы дарынды оқушылардың психикалық дамуы Орындаған: Әлиханов. А. А тексерген: Курмантаева А. А. Қорғауға жіберілді: “ ” 2022 Бағасы: “ ” Ақтөбе, 2022 мазмұНЫ


Дарынды оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты



бет7/10
Дата06.12.2022
өлшемі57,46 Kb.
#55440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3.2. Дарынды оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту дағдысы мен білігін игерту бүгінгі күннің басты міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеу жұмыстарына дайындау керек.


Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.
Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алу, жобаның тақырыбын дұрыс түсініп, аша білу Бұл әдіс оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне - жеке, топпен, жұппен берілген белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін іс-әрекетке негізделген. Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.
Расында да, тұлғаны қолдан ешкім жасай алмайды, бірақ оған дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы да, тәрбие жетекшісі алдындағы да жауапты міндет.
Біздің мектепте дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр.
Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегідей саралауға болады.
- Диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып, ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;
-Тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау.
-Танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру - оларды ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы.Белгілі ғалым Ж.Қараев танымдықбелсенділікті бір-бірімен тығыз байланыстағы үш бөлікке бөледі. «Өзінің танымдық қабілетін дамытуға ұмтылуды» танымдық белсенділіктің мотивациялық тұлғалық бөліміне жатқызады.
Балалар өздерінің дарындылықтарын іс-әрекеттің әртүрлі түрінде көрсете алады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің бір түрінде дарындылықтың әртүрлі аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылыктың бірнеше түрі және формалары бар, баланың психологиялык мүмкіндігі оның дамуының әртүрлі кезендерінде өте күшті болып келеді және де, ол баланың қандай ортада өсетіндігіне байланысты болады.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, елең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ, бүл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Қабілеттілік - адамның жеке басына төн белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың
тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен катар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіндігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқу мен тәрбие. Оқушыны пәнге қызықтыруда назар аударатын негізгі мәселенің бірі: баланың таным белсенділігін арттыру болып табылады. Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалім жан-жақтылығымен бірге кәсіптік қабілеті жоғары, түпкі нәтижеге жету үшін білімі мен тәжірибесін ұштастыра білу керек. Әрбір оқушының көңіл-күйін жүрегімен сезе біліп, білімдерін жан-жақты бағалап, пәнге деген қызығушылығын оятып, дұрыс бағыт-бағдар беруі шарт. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «...Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет» делінген
Дарынды баланы анықтау үшін ен, тиімді іс-әрекет негізінде оқушының қабілетін анықтау қажет. Жас тұлғаны дамыту үшін өзіндік сана сезімін ояту қажет. Дарындылық қабілет адам бойындағы кейбір өзгерістерге, мүмкіншілігіне, даму тенденцияларына байланысты. Дарындылық қабілет оқушының жыл бойы шығармашылық, ізденіс құлшыныстарына өз әсерін тигізеді. Баланың бойындағы жеке дара қасиетін ояту мақсатында іс-әрекетке итермелеу күш жігерін дамыту қажет. Сол дарындылықты анықтау үшін мектеп психологтары лонгитюд әдісі арқылы әр оқушыны сырттан бақылап, бойындағы жеке дара қасиеттерін анықтауына себебін тигізу қажет деп ойлаймын. Айқындаудың бірден-бір белгісі: дарынды баланы күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс-әрекеттің ерекшелігін педагогикалық бақылау әдісін қолдану арқылы анықталады. Дарынды бала - даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, адамгершіліктің кәусар тамшысы, ағымды тасқыны, дария көлі, мұхиты.
Әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Егер адамның туысында сол қабілет танылып, ол тәрбиеленсе, оның қабілеті дамымайды. Дарындылықтың негізі - ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамның жұмысы. Оқушылардың ғылыми қоғамның секция жұмысы және оқушының ғылыми қоғамның бұқаралық жұмысы байқалады. Жалпы жиналыс конференциялар, байқаулар олимпиадалар, көрсетулер, ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кештер ұйымдастыру, көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу; Түрлі байқауларды қою мен өткізу референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу іздеу. Өнертапқыштық жұмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың әдіс-тәсілін тереңдетіп көрсету.
Түлектермен қосымша әдебиет пен өз бетінше жұмыс жасау, орындалған жұмыспен ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбымен жұмыс жасау. Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда, оқушы жанындағы психолого-педагогикалық және әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін орталар: ата-ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары. Баланың жанын түсініп, ерік күш-жігерін оятқан кезінде ізденушілікке көңіл бөлу қажет. Оқушының дарындылығын психодиагностикалық әдістемелер жинағы арқылы анықтап, бақылау, әңгімелеу жоспарланған сұрақтар арқылы оқушының сөзді есте сақтау, өз пікірін дұрыс шешім тауып сөйлемге толық мән беріп жеткізуін байқауға болады. Дарынды оқушыны анықтап болған соң. оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім үшін қалыптасқан тұлғаны дамытуға ең тиімді жолмен кеңес серияларын ұйымдастыруға себеп туғызады. Дарынды оқушыны жүрегіне жол тапқан ұстаз педагогикалық тұрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады. Дарындылық табиғаттан берілген ерекше қабілет деп түсінуге.болады. Мысалы: жоғарыда аты аталған дарындылықтың мынандай түрлері бар. Интеллектуалдық, академиялық, көркемдік, шығармашылық, лидерлік және спорттық. Мектеп психологы болғандықтан осы аталған топтың ішінен психодиагностикалық тестер мен сырттан бақылау арқылы мектепте дарынды оқушылардың қабілеті шығармашылық пен лидерлік топқа жататындығын анықтап байқадым. Ақыл-ой дарындылығы едәуір басым оқушыларды ойлауды бағалау диагностикасын жүргізу арқылы анықтауға болады. Диагностика арқылы оқушының ақыл-ой дамуы, танымдық әрекетіндегі тұлғалық ерекшеліктері туралы толық мағлұмат алуға болады. Сараптама жүзінде логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесі алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет