Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті»


Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерінің практикалық маңыздылығы мен нәтижелегі



бет8/12
Дата18.05.2023
өлшемі64,71 Kb.
#94128
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.1 Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерінің практикалық маңыздылығы мен нәтижелегі

«Ұстаздың биігі ойлана қарасай биіктей береді,үңіле қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.


Менің пікірімше, сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Дәстүрлі өткізіп жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде өткен сабақтан мынадай айырмашылықтар бар.
Эвристикалық әңгіме – бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың жауабын іздесуге құрылған әңгіме. Бұл әңгіме барысында ойш іздеу – ұжымдық ойлауға алмасады, себебі әңгіме барысында пікір алмасады, аралық шешушілердің әртүрлі нұсқалары айтылады. Бұл жағдайда оқушылар ақиқатты өзара әрекет және өзара көмектесу арқылы бір-бірінің ойлауын арттырып іздейді. Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығынқа Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалана отырып,бағалаудың қалыптастырушы түрін кеңінен қолданамын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға,өзін-өзі бағалауға ,бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын.
Қазақстанда білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Оқудан күтілетін нәтижелер:
— Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
— Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
— Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
— Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан. Оқытудың белсенді және интербелсенді үлгілерін енгізгенде ғана шәкірттің тілді меңгеріп кетуіне кең жол ашылады. Оқушы оқу үдерісіне белсене араласқанда, материалды жеңіл меңгеріп, жақсы есіне сақтайды, мәніне тереңірек үңіледі, сол себепті бүгінгі күн талабы-оқушыны белсенді әрекеттке тарту. Оқыту үдерісінде білім алушы зерттеу тақырыбына, талқыланатын мәселеге, жағдаятқа белсене араласқанда, оның ішкі уәжі оянады. Ішкі уәжі пайда болған оқушының ынтасы арта түспек. Оқытудың белсенді әдістері –оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді және ойлау әрекетіне ояту жатыр.Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б жаңа міндеттер қойылуымен байланысты. Белсенді оқыту әдісі мұғалім мен оқушылардың сабақ барысында өзара белсенді жұмыс істеу арқылы жүзеге асатын болғандықтан, білім алушы субъект мұғаліммен тең дәрежеде әрекет жасай отырып білім алады. Белсенді әдіс оқытудың демократиялық стилін ұстанады.«Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін»-деп Конфуций айтқандай, оқушы өзі түсініп орындаған тапсырмасын есінде сақтайды Ең бастысы – осы іс-әрекеттер арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды, шығармашылығы артады және берілген мәтіннің өзекті ойын анықтай алуға дағдыланады. Педагогикалық әдіс-тәсілдер құндылықты бағдарланған; әрекетті; тұлғалық-бағдарланған; кіріктірілмелі; коммуникативті әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады. Күтілетін нәтижелер: бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсіне отырып, қолдана білу. Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.

Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы;

  • Оқушылардың қызығушылығын туғызады;

  • Әрқайсысының оқу үдерісініе қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • Әрбір оқушының сезіміне назар аударылады;

  • Оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімделеді;

  • Оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • Кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясы) жүзеге асырады;

  • Мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі;

Ойын түрлері. Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;

  • Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері;

  • Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;

  • Сұрақтар қоюда ынталандыру; [9, 35 бет].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет