Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті»


Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері



бет4/12
Дата18.05.2023
өлшемі64,71 Kb.
#94128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
курсовой педагогика

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері;

  • Пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктілігін арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);

  • Таным заңдылығы мен пәндік операцияларының неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксрнмиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы;

  • Білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкндік беру;

  • Бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

  • Оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде болуы [3,45бет].



    1. Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңартудың басты мақсаты: білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру. Бұл бағдарлама Д.Брунердің когнитивті теориясына негізделген білімнің спираль түрін дамытуға негізделген. Спиралбды оқыту мектепте күрделі болатын материалды қайта қарау қазіргі заманғы оқушы үшін дамудың дәстүрлі оқытуға қарағанд үлкен артықшылығы бар деп болжайды.
Спиральды оқу бағдарламасының артықшылықтары;

  • Оқушының алға қойған мақсаттарға жету үшін бұрын алынған білімдеріді қолдануды енгізуді ұсыну;

  • Жаңа білім алдыңғысымен тығыз байланысты және алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады;

  • Әр қайталаған сайын тақырыптың немесе сабақтың күрделілігі артады;

  • Спиральды білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан күрделі, ыңғайлы жолдарға өтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қазақстандық оқушылардың дамуы білім берудің белсенді түрлерін енгізу арқылы жүзеге асады, оның барысында оқушылар дербес функционалдық сауаттылықты дамытады. Білімді белсенді түрде алады, сыныптастармен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға деген үлкен ықыласпен және мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарас. Жаңартылған бағдарламаны қолдану барысында мұғалімдердің міндеті – оқушылардың бойана адами негізгі нормалар мен адамгершілікті сіңіру, толеранттылық пен басқа мәдениеттер мен көзқарастарға деген құрметті қалыптастыру және саналы, салауатты бала тәрбиелеу[4,56бет].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты – білім деңгейлеріне қойылатын талаптар жиынтығын анықтайды;

  • Оқушылардың дайындық деңгейіне;

  • Білім мазмұнына;

  • Оқушылардың оқу жүктемесінің максималды көлеміне;

  • Оқу мерзімі бойынша;

Оқу жоспары – бұл пәннің құрылымдық сипаттамасын және пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық техникалар туралы ақпаратты беретін құжат. Оқу жоспарында оқушылардың пән шеңберінде дамуы туралы күтілетін білім мен кәсіптік дағдылар оқу мақсаттары түріне көрсетілген. Осы білім беру мақсаттары үшін әр сыныпқа арналған оқу жоспарының мазмұны анықталады. Оқыту мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды тек ұсынылған тәртіп бойынша оқыту қажет емес. Спиральды оқу бағдарламасы оқушылардың сыныпқа қалай алға жылжуын көрсетеді.
Оқу бағдарламасына қарастырылған сұрақтар;

  • Пәннің мақсаты, міндеттері және мәні туралы қорытынды;

  • Оқу бағдарламасында қалыптасатын білім, түсініктер, дағдылар, пікірлер және құндылықтар туралы ақпарат;

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқытуда қолданылатын педагогикалық техника;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды түсіндіру;

  • Бағалау әдістеріне қысқаша шолу;

  • Бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы және ондағы материалдың асқыну тәртібі.

Оқу жоспарына мыналар кіреді:

  • Ұзақ мерзімді жоспар;

  • Тілдік мақсаттар туралы;

  • Орта мерзімді жоспар;

  • Қысқа мерзімді жоспар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет