Мұғалім оқушыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынуы қажет:
Бірқатар белгілі фактілерден жаңа фактілерді алу және қолданылатын әдістер мен тәсілдерді түсіндіру;
Оқушылар тез жаттайтын фактілер анықтап, оны орындау жолын талқылау;
Тақырып аясында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыра отырып, тақырыптағы сөздік қор мен терминдерді дұрыс қолдану [5,118 бет].
1.3 Жаңа білім беру мазмұнындағы инновациялық үрдіс,даму жолдары. «Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірбие, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негңздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін,ұлттық мәдениетін, ұлттых рух пенсана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктірге жетелейді.
Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдиеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – таным әпекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаы – оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану, оқып үйрену,меңгеру,өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді
Тереңдетумен қатар, оқушыны оқу іс-әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады [6, 13 бет].
Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдала отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек , мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықдарды қалыптастыру, қолдану, жүззеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген матеиарал тәрізді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатара ғалымдардың еңбектерін,жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе, біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау,жаңалау дегенді айтқанды жөн көрдік. Сол ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытқа ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталады. Инновациялық технологиялар: Жобалау технологиясы
Саралап оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сатылай комплексті талдау
Дамыта оқыту технологиясы
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп,тарату мәслесіне қатыстырады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі,қолдану ерекшелігі,одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып оытрған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас пен психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірбиеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашыл қабілетін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр баланың қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушы сезіну.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, рекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты .
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын мұғалімдер, мектеп оқушылары және өзінің басқарушы ішкі жүйесі біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздік өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі. Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты; адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы деке тұлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғыру жағдайында ұстап қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек. Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісін енгізу үш бөлімнен тұрады;
I – бөлім. Кәсіби шеберлік.
II-бөлім. Біліктілік дағдылары.
III-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану.
Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілеттерін арттыруға,тапқырлыққа баулиды.Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтар шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылық ой-өрістерін,түсінік-танымдарын еселеп,арттыра түседі.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор.Оқушының әр түрлі проблемаларды талдайды,оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады,өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.Іскерлік ойын сабақтарын өткізу 3 кезеңнен тұрады.
I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру,оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).
II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданған шешімді талқылау және оны бақылау,талқыланған шешімді қабылдау).
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру) [7, 45 бет].