Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті»



бет5/12
Дата18.05.2023
өлшемі64,71 Kb.
#94128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
курсовой педагогика

Орта мерзімді жоспарбүкіл оқу жылына арналған барлық оқу мақсаттарын қамтиды және оқушыларға сол мақсаттарға жету үшін мүмкіндік беретін және оларға ұсынылатын іс-шаралардың қысқаша мазмұнын ұсынады. Бұл іс-шаралар пайдалы кеңестерден тұратын қысқаша жазбалармен бірге мұғалімдерге сабақжоспарлауда қолдау көосету үшін жасалған және осы сабақта қолдануға болатын ресурстар енгізілген.
Қысқа мерзімді жоспар – бұл мұғалімдерге орта мерзімді жоспардың мазмұнын олардың егжей-тегжейлі сабақ жоспарларында қалай бейімдеу туралы нұсқаулық ретінде ұсынылғна үлгі. Жалпы, оқу жооспары пәннің мазмұнын және оны оқыту әдістерін жақсы меңгерген мұғалімдердің жаңартылған оқу бағдарламасын сәтті жүзеге асыруын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған. Оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Негізгі мектеп үшін барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғарғы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: бөлім бойынша жиынтық бағалау (ББЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТБЖБ). Баланың жан — жақты ізденуіне ынталандырады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы — баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Сабақ жоспарын құру кезінде мұғалім келесі сұрақтарды қарастыру қажет:
Сабақтың мақсаты:

  • Сабақ басында қыздырынуға арналған жаттығудың оқу мақсаттарын және сабақтың негізгі бөліміне арналған оқуа мақсаттарын алдын-ала анықтаңыз. Оқу жоспарында тиісті басшылықтар ұсынылған.

  • Сабақтың кейбір мақсаттарын бірнеше мақсатқа бөлуге болады.

  • Тақырыпқа сәйкес қандай тілді және қандай концепцияларды қолданатындығыңызды ойлаңыз.

  • Бір немесе бірнеше мақсат бірнеше сабақтың тақырыбы бола алады.

  • Өз жұмысыңызды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін мақсаттарды топтастырыңыз.

  • Сіздің сыныбыңызға, тобыңызға қандай мақсаттар сәйкес келетінін түсіну үшін аралық жоспарлауды қолданыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет