2.4.1. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіндегі қашықтықтықтан оқыту жүйесі 1. Жүйенің өнімділігі мен өткізу қабілетін есептеу Бір уақытта 120 конференцияны қабылдай алатын MCU құрылғысы орнатылған.
Желінің магистралдық өткізу қабілетін есептеу үшін мына сервистер қойылған: әлектрондық пошта, VoIP, құжаттарды бірлесіп пайдалану. Желідегі порттардың жалпы саны 5000-нан артық. Есептеудің стандарттық моделі бойынша желінің өткізу қабілеті 24 ГБ/с болды.
2. ІР желісінің жобалануы Университеттің барлық ғимараттарын байланыстыратын магистралық каналдар оптикалық-талшықты, ал желінің топологиясы екіжұлдызды және көпдеңгейлі.
Жобаланушы желі екі негізгі түйіннен тұрады.
2.4.2. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қашықтықтықтан оқыту РЦДТО-ның оқытушы Web-порталында MOODLE жүйесінің негізінде іске асырылады.
Кейстік технологияға қатысты деректер SQL Server2000 ДББЖ-де сақталады.
Оқу процесіне қатысты деректер MySQL ДББЖ-де сақталады. Екі база бір-бірімен байланыста. Apacһe web-сервері мен MySQL ДББЖ Linux платформасында жұмыс істейді.
Семестрлік курс 3 модульден тұрады. Әрбір модуль студентке қажет мына материалдардан тұрады:
А) теориялық материал;
Б) форум-семинар, онда маңызды мәселелер мен есептер талқыланады; студенттердің хабарламаларын оқытушы бағалайды, форум материалдары порталда сақталады.
В) әдістемелік кеңестер мен тапсыру уақыты көрсетілген практикалық тапсырмалар (зертханалық жұмыстар, тексеру жұмыстары); студент орындаған жұмысын архивтік түрде әлектрондық поштамен мұғалімге жібереді;
Г) чат-кеңестер, белгілі бір уақыт мезетінде оқытушы мен студенттер қандай да бір сұраққа кеңестер алу үшін Порталға қосылады.
Д) online–тест, нақты уақыт режимінде студентке өтілген материал бойынша тесттік сұрақтар береді, уақыт шектеулі;
Е) әдістемелік кеңестер мен тапсыру уақыты көрсетілген курстық жұмыстардың тапсырмалары;
Ж) әлектрондық аттестациялау ведомосі;