Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет1/10
Дата30.09.2024
өлшемі56,48 Kb.
#146165
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сынып жетекшінің ата – аналармен жұмысы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

«Өнер және мәдениет» бөлімі


«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары _____Г.Б.Каментаева
«___» ______ 2024 ж.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сынып жетекшінің ата-анамен жұмысы.
Мамандығы: 01140200 «Музыкалық білім беру»


Біліктілігі: 4S01140201 «Мектепке дейінгі бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі»


Орындаған: 4(9) саз тобы студенті Мақсотова А.А.
Жетекшісі: Педагогика пәнінің оқытушысы Изимова Г.Н.
Атырау, 2024

Мазмұны
І.Кіріспе…………………………………………………………………...3

    1. Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері..........................................................................

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері ...............................................................................


2.2. Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі ...........................................................................................................
2.3. Мұғалім мен ата-ана арасындағы табысты қарым-қатынас...............
ІІІ. Қорытынды ...........................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер ...........................................................................

І.Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Мектеп өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәні зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс әрекеті отбасымен, жұртшылық, әлеуметпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің орасан зор қызметі осында.
Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуына және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын ұйымдастырып, үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы — тәрбие түрлері: дүниетанымның, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар:
- ата-аналармен жұмыс;
- сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы;
- сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда, дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі-мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.
Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалыптасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал, бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.
Белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде "мектептік-отбасылық тәрбие" ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.
Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.
Ең бірінші талап — бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата-аналармен жұмыс деген мүлде жалпы ұғым. Оның орнына нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшін ата-аналар жиналысын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.
Екінші талап — мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: сынып жетекшілері секциясының жұмысы, "Отбасылық педагогика" немесе "Отбасы тәрбиесін жетілдіру" сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы, мектеп тәжірибесінде анықталған формалды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау.
Үшінші талап — педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл талап негізді, әдепті, заңды болуы тиіс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата-аналармен келіспеушілікке апарып соғады.
Төртінші талап — ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.
Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген мектеп бағдарламаларын жете зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалық жағынан дұрыс деп табылған ғылыми негіздерінің жетерліктей болуы мен ғылымилылығын үйлестіруді іске асыру болып отыр.
Дегенмен, сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы жұмыстар әліде болса өз деңгейінде педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілмейді. Сынып жетекшілер көп жағдайда ата-аналар мен оқушылар арқылы немесе оқушы тарапынан бұзақылық жасаған уақытта кездеседі, жүйелі түрде ата-аналарға педагогикалық көмек беру сияқты тәрбие жұмысының комплексті түрде іске асырылу талабы сақталып отырылмайды. Сол себептен көптеген мектептерде оқушылар арасында нашақорлыққа, жаман әдеттерге әуес болып жүрген оқушылар баршылық. Осындай мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің жұмысындағы қарама-қайшылықтар мен кемшіліктер тәрбие жұмысының сапасын жақсарту міндетін барлық білім беру жүйесіне үлкен міндет артып отыр.
Жоғарыдағы мәселелерді талдай отырып, біз курс жұмысымыздың тақырыбын «Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысы» деп алуымызға мұрындық болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет