Таңдалған әдебиеттер тізімі негізінде студент курстық жұмыстың жоспарын құрастырады. Курстық жұмыстың жоспары келесі барлық құрылымдық элементтерден тұрады:
Студент жоспарын, сонымен бірге, курстық жұмыс жоспарына енгізген өзгерісін және қосымша мәліметтерін оқытушымен келісу керек.
Курстық жұмыстың жоспарын құрастырғаннан кейін студент жұмыстың барлық құрылымдық элементтерін рет-ретімен кіріспеден бастап, қолданылған әдебиеттер тізімімен қосымшаларына дейін жазуы керек.
Курс жұмысы теориядағы көтерілген сұрақтарды тәжірибемен ұштастырып, зерттеу нәтижелерін қамти отырып жазылуы керек.
Студент жоспардың сұрақтарына жауап жазғанда берілген мәліметтерді тек қана оқумен шектелмеуі тиіс, мәтінді өз сөзімен тыңдармандарға жеткізе білуді үйрену қажет.
Курстық жұмыстың міндетті элементтерінің қысқаша
мазмұны
Курстық жұмыстың міндетті элементтері:
Негізгі бет курстық жұмыстың бірінші беті болып саналады, оның мазмұнында мына мәліметтер болуы тиіс: мекеменің атауы (оқу мекемесінің), тақырыбының атауы, курстық жұмысты орындаған студент туралы мәліметтер, етекшісі туралы ақпарат пен орындау жылы.
Титулдық парақтың үлгісі А қосымшасында берілген. Мазмұны курстық жұмыстың негізгі элементтерінің орналасу беттерінің нөмірлері көрсетілген тізімінен тұрады.
Мазмұнынының (жоспардың) үлгісі Ә қосымшасында берілген. Кіріспе қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігіне, әлеуметтік маңыздылығына, әлемдік теория мен тәжірибедегі жағдайына, курстық жұмыстың мақсатына және тапсырмаларына, қолданылатын әдістеріне, курстық жұмыстың ерекшеліктеріне және оның бөлімдерінің негізгі қысқаша мазмұнына сипаттама береді.
Зерттейтін тақырыптың мақсатын анықтағаннан кейін, бұл мақсатқа сәйкес орындалатын нақты тапсырмаларды (оқу, сипаттама беру, бекіту, анықтау, формуланы шығару, өңдеу және т.б. тізімді жазу есебінен) белгілеу қажет. Тапсырмаларды құрастыра отырып, олардың сипаттамасы курстық жұмыс сұрақтарының мазмұнын ашатынын ұмытпау керек.
Таңдаған тақырыпты талдау жағдайына сипаттама беру үшін әдебиеттердің қысқаша тізімі беріледі.
Тақырып бойынша әдебиттерге шолу, студенттің арнайы әдебиеттермен танысқанын, онымен қайнар көздерін жүйелеуді, бұрын басқа зерттеушілермен анықталған нәтижелерін және зерттеп отырған тақырыптың қазіргі жағдайынкөрсетеді. Жұмысқа шолуды жалпы мәселе бойынша емес, тек қана таңдаған тақырыптың сұрақтары бойынша жасау қажет. Оған студенттің өзі мен жинақталған әдебиеттер тізімі енеді.
Кіріспе бөлімінің соңында жұмыстың құрылымын ашу қажет, яғни, оның құрылымдық элементтерінің тізімін және олардың орналасу тәртібін негіздеу.
Негізі бөлім мәтін материалдарынан және сандардың мәліметтерінен құралады, олар курстық жұмысты жазу барысында анықталған жеке нәтижелердің мәнін және әдістемесін сипаттайды. Негізгі бөлімнің материалдарын сұрақтарға бөліп қарастырады (2-4сұрақ), параграфтар, бөлімдер мен бөлімшелер. Бөлудің мұндай тәртібі материалдардың мазмұнын ретке келтіруге мүмкіндік береді. Мұндағы әрбір бөлімшеде жұмыстың жалпы құрылымына сәйкес анықталған мақсатқа жетуге бағытталған ақпараттың соңғы нәтижесі жазылуы тиіс.