Курстық жұмысты жазуға әдістемелік ұсынылым


Курстық жұмысты қорғау, бағалау және пікір жазу



бет5/12
Дата07.11.2022
өлшемі57,75 Kb.
#48268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
рекомендатция курсовая

7.Курстық жұмысты қорғау, бағалау және пікір жазу


Толығымен аяқталған курстық жұмысты студент кестеге сәйкес мерзімде оқытушыға тексеріске тапсырады. Курстық жұмыс оқу жоспарымен сәйкес бекітілген кестемен қорғалады, қорғау мерзімі сессиядан екі апта бұрын өтуі тиіс.
Курстық жұмыстың сапасы теориялық және тәжірибелік жұмыс мазмұныныңесебінен бағаланады. Әрбір жұмысқа оқытушы жазбаша қорытынды береді, ол курстық жұмыстың мазмұнына талдау жүргізу, қателерді белгілеу негізінде жазылады.
Пікір берудің әрбір деңгейі белгілі бір тапсырмаларды қарастыру қажет. Жұмысты зерттеу және талдау барысында жетекші жұмыстың кемшіліктерін анықтап, жұмыс мазмұны бойынша ескерту жасау керек. Латын тілінен аударғанда «рецензия» (пікір) – қарастыру, өңдеу деген мағынаны білдіреді, ал оның жалпы мағынасы–бұл бапты критикалық (сын) бағалау, берілген жағдайда бұл оқытушының жұмысқа беретін бағасы. Пікірдің соңғы бөлімінде бес балды жүйе бойынша баға қойылады.
Курстық жұмысты жобалау кезеңінде студенттерді бағаны қою критерийлерімен таныстыру қажет. «Үздік» (5балл) бағасы мына жағдайда қойылады:

  • Тақырып толығымен және терең ашылса;

  • Курстық жұмысты жазу барысында отандық, шетел әдебиеттері, заңнамалық және нормативтік актілер, периодикалық баспа материалдары зерттеліп қолданылатын болса;

  • Барлық бөлімдер әдістемелік дұрыс болса;

  • Теориялық нәтижелерді бейнелеп беретін қазіргі нақты материалдар қолданылып, оларға талдау жүргізілсе;

  • Жұмыста шығармашылық, өздік жұмыс элементтері болса, олардың негізгі түсініктеріне студент жеке нәтижелер (қорытынды) шығарылса;

  • Жұмыс дұрыс жазылып, техникалық тәртіппен берілген шарттардың барлығы орындалса.

«Жақсы» (4 балл) бағасы приниципиалды сипаттамаға ие емес (тақырып толығымен ашылмаса немесе студент оны өзі жазбаса), жұмыстың мазмұнын емес жазу тәртібі (немесе екеуінің біреу болса) бойынша 1-2 ескерту болғанда қойылады.
«Қанағат» (3 балл) бағасы тақырып мазмұны толық ашылмаса, бөлімдер бойынша ескерту берілсе қойылады.
Теріс пікір берілген курстық жұмыс, оқытушының ескертулері ескере отырып, (пікірдің қателері түзетіліп) қайта жазылуы керек.
Жаңадан түзетіліп тапсырылған жұмысқа,қорғауға жіберілмеген алғашқы жұмысқа жазылған пікірді қоса тапсыру қажет.
Курстық жұмысты студент аяқтағаннан кейін жетекші тексеріп, жазған жазбаша пікірімен қоса,студентке танысуға береді.
Курстық жұмысқа жазылатын жазбаша пікірді құру, тексеру және қабылдауды курстық жұмыстың жетекшісі жүргізеді.
Аяқталған және тапсырылған курстық жұмыстар колледждің мұрағатында сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет