2) Сипаттау мәтіні - болған оқиғаның түр-түсін, сапасын, сынын, қасиетін сипаттап көрсетеді де қандай? деген сұраққа жауап береді. Сипаттау мәтінімен жұмыс оқушыларды салыстыра білуге, аңғарымпаздыққа және бақылампаздыққа үйретеді. Сипаттау мәтінінде сөйлемдердің басталуы, аяқталуы бірдей тұлғада, сөздердің орналасу тәртібі де біртектес болып келеді.
3) Пайымдау мәтіні - болған оқиғаның себеп-салдарын, түйінін білдіреді де неліктен? деген сұраққа жауап береді. Пайымдау мәтіні грамматикалық жағынан бір-бірімен сабақтастық байланыстары арқылы жасалады. Сонымен бірге мұнда қыстырма сөздер "біріншіден", "екіншіден", "ендеше", "олай болса", "сондықтан" т.б. қолданылады.
А. Байтұрсынұлы мәтіннің бұл үш түрін былай түсіндіреді: "Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылсақ, я ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, я тұлға-тұрпатын, кескінін айтып, не болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы-жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, байымдай сөйлейміз. Осыған орай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады".
Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы әңгімелер мен сөйлесулер жатады.
Әрбір мәтіннің тақырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер тек тақырып бойынша ғана байланыспайды, белгілі бір негізгі ой, айқын идея арқылы да бірігеді. Яғни мәтіндегі негізгі ойда қандай мәселеге баса назар аударылады, неге көз жеткізу мақсат етіледі, неге үйретеді деген жайлар анықталады. Негізгі ой мен тақырып мәтіннің өн бойынан ажырамас бірлікте көрініп, ашылады.
Мәтін бұл жалпы тақырып төңірегіндегі ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Мысалы: дыбыстармен жұмыс, сөздіктермен жұмыс, сөздік қорларын жетілдіру, тіл дамыту және т.б.
Мәтінді оқудың бірнеше түрі бар. Олар:
1) Дауыстап оқу;
2) Іштей оқу;
3) Араласып оқу (кезекпен);
4) Буынға бөліп оқу;
5) Мәнерлеп оқу;
6) Сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай ырғағымен оқу.
Бастауыш сынып оқушысы меңгеруге тиіс болатын мәтінге тән негізгі белгілерді, яғни мәтінде берілетін ой, пікір, мазмұн белгілі бір тақырыпқа негізделіп, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретіндігін, мәтінде барлық уақытта негізгі ой болатындығын, мәтінді құрылымдық бөлімдерге бөлуге болатындығын, мәтіннің құрылымдық-мазмұндық бөлімдері және ондағы сөйлемдер бір-бірімен жүйелі түрде байланысатындығын мұғалім оқыту үдерісінде басшылыққа алып, жүзеге асырады.
Оқушылардың сөйлеуін дамытуға арналған әдістемелік дидактикалық материалдар
Дидактикалық материалдар – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі –оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқыту жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымда ұсынылып отырған дидактикалық материалдарды түрлендіріп өткізу әдістерін еңгіздім.
Жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларына өте тиімді. Дидактикалық материалдардың негізгісі – ойын. Ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу баланы жалықтырмайды, қызығушылығын оятады, белсенділіктерін арттырады, денсаулықтарын нығайтады. Балалардың ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының ерекшеліктері, беделдері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойын арқылы баланың шығармашылық мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып, білінеді.
Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.
Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларының сабаққа белсенді де қызығушылықпен қатысуына әсерін тигізеді.
Дидактикалық материалдарды пайдалану нәтижесінде оқушылардың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, өмірге бейімделуі, құзыретті қабілеттері, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.
Ойындар, логикалық есеп-тапсырмалар, адасқан атаулар, жаңылтпаштар, анаграммалар, сөзжұмбақтар және т.б.
12. Тілдік дағдылар
Жоспары:
Тілдік дағдылар туралы түсінік
Тілдік дағдылардың түрлері
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу- бүгінгі таңның басты мәселесі. Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:
— оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы;
— іскерлік дағдысының дамуы;
— өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
— өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы;
— мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
— ойлау белсенділігінің артуы;
— шығармашылық дағдысының қалыптасуы;
— өзіндік пікір айтуы.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.
— мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді;
— оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;
— оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;
— оқушының өз-өзіңе деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет. Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын өзіңе аударуға бар күш-жігерін жұмсауы керек.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет.
Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну; ақпаратты анықтау; түсінгенін практикада қолдана білу;
ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;
ой қорыта білу дағдылары.
Айтылым дағдысы бойынша: белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;
өз көзқарасын дәлелдеу;
шешім шығару, қорытынды пікір жасау;
зерттеушілік (анализ, синтез);
ақпаратты өңдеу дағдылары.
Оқылым дағдысы бойынша : мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу;
астарлы ойды анықтау;
шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;
зерттеп оқу;
сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.
Жазылым дағдысы бойынша: тақырыпты аша білуі; өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі; қорытынды шешім шығаруы;
өз көзқарасын дәлелдеуі;
цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады.
Осы дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға бола алады:
оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту; өзін ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;
сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану; мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау;
өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу; ұжымдық оқыту технологиясысының мақсаты - оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару.
жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор; Оқушы өзінің көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді;
Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет:
сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек;
тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту;
белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру; мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс;
оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды: Ынтымақтастыққа үйренеді;
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді;
Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді;
Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді; Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.
Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы шарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселегеқатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |