Эвристикалық әдіс. Баланың оқу мотивтерін , оның ішіндие танымдық қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы ретінде пәнді оқытуда эвристикалық әдіс қолданылады . Эвристикалық әдіс оқу материалын оқушынының өздігінен түсінуі мен шешуі болып саналады . Мұнда білім мазмұнын меңгертуде баланың ынта-ықласын жұмылдыру мақсаты көзделеді . Мысалы , грамматикалық ережелер мен анықтамаларды , оның заңдарын оқушы өзіндік ой қортындылары арқылы түйіндейді . Мұндай әдіспен сабақ өткізуді мұғалім алдын ала жоспарлап, мынандай міндеттерді белгілейді:
Грамматикалық материалдарды түсіндіру жолын ықшамдап , әр баланың қабылдауына , ақыл –ойына қолымды болу жағын көздеу ;
Меңгерілуге тиісті материалдың түйінді мәселелерін оқушылардың өздері ашатындай жағдай тудыру.
Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдастыру, оқытуды түсіндірусіз , нұсқаусыз жүргізу болып табылады . Оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері табады, бұл ақыл-ой белсенділігін дамытуға бағытталады . (Эвристикалық әдісті қолдану жолдарын сабақ жоспарының үлгісінде мысалға келтірдік. )
Жаңартылған білім бағдарламасында ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) оқу үдерісінде«білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауғақабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту стратегияларынқолдану арқылы қалыптастырады және дамытады. Атап айтқанда, олар: диалогтік негіздегі мұғалім мен оқушының өзара біріккен оқу-танымдық іс-әрекеті үдерісін ұйымдастыру;
- мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалыққатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушыныңынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану;
- оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамытаоқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдерімен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту үшін оны қолданудыңмаңыздылығын мойындау, соның негізінде білім беру мен білім алу үдерісінынтымақтасқан білім алмасу үдерісіне айналдыру;
- өмірдің түрлі салаларына байланысты тілдік және сөйлеу жағдаяттары мұқият іріктелген тапсырмалар мен оқу іс-әрекет түрлерінің көмегімен оқушыны қазақ тілін өз бетімен үйренуге ынталандыру;
- оқу ойындарын қолдану;
- ойын және зерттеу әдісі;
- қазақ ұлттық салт-дәстүрлерінен, қазақ фольклорынан театрландырылған үзінділер бойынша рөлдік ойындарды қолдану;
- қоғамдық ресурстарды (кездесулер, саяхатқа шығу) үйлесімді пайдалану;
- оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдаукөрсету;
- жоба әдісі негізінде оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне
және зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;
- сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- жеке және жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды өзараүйлесімділікпен қолдану.
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (интерактивтік тақта,компьютер,телефон, теледидар т.б.) орнымен қолдану арқылы оқушылардыңқазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруды қамту .
- «Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:
- қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
- оқушының қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзетуүшін оқыту керек;
- оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;
- оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;
- жоба әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топтаөзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);
- өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;
- тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыраотырып қолдану жəне өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;
- түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитыноқу дағдыларын қалыптастыру;
- өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететінтапсырмаларды орындау;
- «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі керібайланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;
- оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;
- оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратынмүмкіндіктер жасау;
- оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Мәтін, оның түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |