Курстың мақсаты



бет56/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзі. Мұндағы «жаңаң түсінігі екіталай мәнге ие: объективті жаңалық және субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне - бұл заттық не идея күйінде дүниеде бұрын соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне - әрбір жеке адамның оқу, тәрбие, күнделікті тұрмыс жағдайында өз басы үшін ашатын жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында көрнекі елес туындыларын белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану - шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті.
Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзіліп жатқан бейне нысаны (объект) болмыс дүниеде әлі жоқ, ол енді ғана ғайыптан пайда болған сияқты. Осындай жаңа бейненің жасалуы тек жеке адамға керектілігінен ғана емес, сонымен бірге қоғам мүддесіне, сол қоғамның даму деңгейіне тәуелді келеді. Шығармашыл қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың болуы мүмкін емес.
С.Л.Рубинштейн қиялды нақты және абстрактты түрге бөлуді ұсынады. Қиялға түсетін бейнелер әртүрлі болатыны сөзсіз: бірде ол бейне жалқы, заттасқан, қос-алқы бөлектерімен күрделенген, сонымен бірге бейне жалпыланған (типтескен), қорытынды схема және барша жағдайда қолданылатын символ кейпінде берілуі мүмкін. Бір бірінен жалқы мен жалпы мәні ерекшеленген көп санды және сатылы көрнекі бейнелер жүйесінің болуы да ықтимал, осыдан қиялдың нақты, нақтылау, жалпы, әбден дерексізденген (абстракт) түрлері келіп шығады.
Қиялдың ерекше түрі - арман. Армандау - өзімізге ұнаған болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірақ келешекте орындалса деген адамның өмірлік мүд-десін қанағаттандыруға қажет зат не әрекет. Арман - адам үшін өзінің шығармашыл күш-қуатын жүзеге асыруға бағыт беретін жұлдыз сипатты. Арманды сөз еткенде оның іске асатыны не аспайтынын ескерген жөн. Болар арман сол арманға жету әрекетінен ажыралмайды, оның мақсаты анық, мазмұны мен орындау жолдары қиялдаушыға толық түсінімді. Ал болымсыз арманның мазмұны анық болғанымен, іске асу жолдары белгісіз. Көп жағдайда мұндай арман қиял бейнелері дәрежесінен аспай, адамды әрекетке ынталандырмайды.
Шығармашылық іс-әрекетте қиялдың маңызы ора-сан зор. Шығармашылық жеке адамның барша тұлғалық қасиеттерімен етене қабысып, олардың қандай да бір тарапымен шектелмейді. Жасампаздықтың психологиялық сипаты оны барша өмір саласында: жаңалық табуда, ғылым мен әдебиетте, көркем өнерде - көрінеді. Шығарма-шылық процестегі қиял шарықтауы адамның біліміне, қабілетіне тәуелді келіп, мақсаттары мен көңіл-күйіне байланысты болады. Іс-әрекеттің қалаған түріндегі шығармашыл қиялдың маңыздылығы жоқтан барды шығару емес, әңгіме - қарапайым, еленбес бөлшектерден құралған дүниені өзгертіп, жаңалауда.
Бейнелердің үстірт көзге оңай, еркін, тосаттан пайда болатындай көрінгенімен, болмысты қияли өзгеріске келтіру өз заңдарына бағынып, белгілі әдістер мен тәсілдерге орай жүзеге асады. Жаңа елестер талдау (анализ) және біріктіру әрекеттерінің арқасында пайда болады. Қиял процестері, ақырында, бастапқы елестердің ойда бөлшектеніп (анализ), кейін олардың жаңа тізбектерге бірігуінен (синтез) құралады, яғни аналитик-синтетикалық сипат алады.
Қиялдың аналитик-синтетикалық сипаты агглютинатив (грек тілінен - жабыстыру) тәсілінде анық көрінеді. Агглютинация дегеніміз бірнеше заттардың жеке элементтері мен бөлектерінің бір бейнеде қосылуы. Мысалы қазақ ертегілеріндегі су пері, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ - адам денесі мен аң, құс мүшелерінің қиялдық бірігуінен жасалған бейнелер. Агглютинация техникалық жаңалықтар табуда кеңінен қолданылады. Осы тәсілдің арқасында жасалған техника көліктері көп-ақ: троллейбус, трамвай, аэромашина, гидро-самолет, танк-амфибия және т.б.
Бейне жасау талдау процесінде қолданылатын және бір әдіс - бұл акценттеу, яғни түзіліп жатқан бейнедегі қандай да бір элементтің қалыптан тыс кейпімен көзге түсуі. Осы әдіспен нақты бейненің мәнді де маңызды қыры баса көрсетіліп, ол басқа бөліктерінен ажыралып тұрады. Көбіне акценттеу әдісін әзіл-сықақ (карикатура) суреткерлер жиі қолданады: нұсқаның бір белгілерін шындыққа лайық сақтай отырып, басқа белгілерін қиялды идеяға ұштастырып, өзгеріске ендіреді, мысалы, бөспе сөз адамның бейнесі шұбалған тілімен көзге түссе, ашқарақ - мес қарнымен танылады.
Егер акценттеу айырым элементтерге емес, бүкіл нысанға тұтастай қолданылатын болса, онда ол екі әдісте жалғасын табады: болмыстағы нақ объектке қарағанда керемет ұлғайтылып (гипербола) не кішірейтіліп (литота) беріледі. Бұл тәсілдер көбіне халық ертегілерінде, дәстан, жырларда көрінген жауды жеңетін алып денелі, тасқын күшті, "бойымен бұлтты тіреген" ғажайып бейнелерді жасау үшін қолданылады: Алпамыс, Ер Төстік, Шора батыр т.б.
Қиял елестерін жасау біріктіру (синтетикалық) жолымен де іске асады. Фантастикалық бейнеге негіз болған елестер бірігіп, айырмашылықтары көмескіленіп, ұқсас тараптары алға тартылатын болса, онда схематизация әдісінің қолданылғаны. Бүның мысалы ретінде қоршаған орта бедерлеріне ұқсас жасалған ұлттық оюлар мен өрнектерді келтіруге болады. Осы ою-өрнектерді саралай отырып, заты қазақ қолындағы бұйымның қайсысы адайдікі, ұлы жүздікі не кіші жүздікі екенін айырып бере алады. Ал енді, осы заттардың айырмашылығы неде екенін сұрасаңыз, жауабын таба алмай қиналады, себебі ою-өрнек бейнелері әр қазақтың қиял санасында жалпы­ланған схема күйінде орын тепкен.

Қиял өзінің дараланған күйінде әр жеке адамның өте мәнді, ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял әрбір жеке тұлғада бірнеше белгілерімен дараланады. Фантазия бейнелері жаңалығы, қайталанбастығы және дәлдігімен бөлектенеді. Ең алдымен қиял даралығы бейнелер-дің жарқындығымен еленеді. Кей адамдардағы қияли бейнелерінің айқындығы соншама, тіпті тікелей қабылданған немесе ес елестеріндегі бейнелерден бірде-бір ажыралмайды. Мұндай жағдайларда болмыс шындығы мен қиялдағы бейнелер өздерінің ұқсастығымен ерекшеленеді. Мысалы, Л. Бетховен ән-күй әуенін соншалықты дәл елестете алатындығынан, тас керең болып қалған күнінде де ғажайып музыка туындыларын шығарудан қалмаған.


Қиялдың жарқындығы мен қуаты адамның көңіл-күй (эмоция) болмысымен тығыз байланысты. Көрікті картиналар тұлға фантазиясында оның терең сезімталдығының арқасында өрбиді, өріс алады. Қорқыныш сезімі адамға алдағы қатерді сездіреді, керісінше, сол қатерді қиялдаудан адамдағы қорқыныш сезімі ұлғая түседі. Сезім күшті болған сайын, қиял бейнелері де жарқырай түседі. Ал сезімталдығы кем адамның қиялы да көмескі, бұлдыр келеді. Әрқандай жеке адамдағы қиял даралығы шындық дүние, болмысқа жақындық дәрежесімен айырылып тұрады.
Қиялдың кеңдігі, аумақтылығы, әр адам қиялына қатысты болмыс дүние салаларының саналуандығына тәуелді. Қиял өрісі кең адамдар бір мезеттің өзінде таби-ғат, адам, қоғам тарихының өтміші мен болашағынан, жер тұңғиығы мен ғарыш әлемінен, техника мен өнер саласынан бірдей дерек елестерді қамти алады.
Қиялдың даралық сипаты оның еркінділігінен, яғни қиялды алға қойылған міндетке ойыстырып, қажетті нәтижеге ерісу үшін пайдалана білу. Жоғары кемелденген қиял иелері ойға келген бейнелердің әр түрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттан алшақтамай, оларды қажетті байланыстарға келтіріп, бір идея төңірегіне орайластыру қабілетіне ие.
Ой түйіні кем қиял фантазиялық бағдарлаушы міндеті болмаған, байланыссыз желек ойлар төңірегіндегі арманшылдыққа өтеді. Әр қилы адамдар қиялы олардың кәсіби қызметімен байланысып, негізгі қажеттіктеріне тәуелді келеді. Жеке адам бағыты оның жоғары сезімталдығын көтеріп, осыған орай жарқын және сан - алуан қияли елестерді туындатады. Жеке адамның даралық ерекшелігі оның аса көп қолданымындағы елестету типіне де байланысты келеді.
Шығармашылық қиялдың көрінісі осы процестің тұрақтылығына да тәуелді. Шығармашылық - ауытқуы мол, үздіксіз әрекет. Оның шарықтауы, тоқырауы және құлдырауы алмасып отырады. Шығармашылықтың ең жо­ғары деңгейі - шабыт. Шабыттың сипаты - көңіл күйі ша­рықтауы, ой жарқындығы мен дәлдігі, қарқындылығы мен жеке күйзеліс кемдігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет