Курстың мақсаты



бет62/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

3. Ерік сапалары
Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға өзінің сезімдерін, қылығын, танымдық процестерін бас­қа­руға мүмкіндік береді. Ерік си­пат­тарының жалпы бірігімін (интегрирование) танытатын құбылыс - ерік күші. Ерік күші еріктік әрекеттің барша ке­зеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрінісі кедер­гілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді.
Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта (целеустремленность) көрінеді. Мүдделі мақсат - бұл жеке тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі бір нәтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның басқа да ерік сапа­ла­рының мазмұны мен даму денгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген, стра­тегиялық, не жақын, бөлектенген әрекеттерді орын­дауға бағытталған нақты қызметтік, оперативтік болып бө­лінеді. Ерік әрекетінің бастапқы, іске қосылу кезеңі көбіне ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты.
Ынталылық (инициативность) - мол да жарқын идеяларға, байыпты жоспар мен ұшқыр қиялға негізделеді. Көп адамдар үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет тәсілін өзгерту. Мұндайлар өз бетінше ешбір іске кірісе алмай, тысқы ықпал, нұсқауларды күтумен болады. Осыдан ынталылық дербестікпен тікелей байланысты. Дербестік - еріктік әрекет барысында адамның әрқандай себептер жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына сындарлы баға берумен, өз наным, сенімдері негізінде іс-әрекетке келу қасиеті.
Ынталылық пен дербестік жеке адамның еріктік сапасы ретінде, бір жағынан, сенгіштік, иі бостық, енжар-лық сияқты қасиеттерге қарсы; екінші тараптан, басқаның ой-пікірін, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан (позитивизм) аулақ қасиет.
Іс-әрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылық қасиеті процеске қосылады. Ұстамдылық әрекеті - сезім, ой-пікір, қалыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежейді. Ұстамды адам орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз белсенділігінің денгейін барластырады.
Іс-әрекеттің сан алуан сеп-түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көрсетеді. Батылдық - бұл әрқандай іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіре алу қасиеті.
Батыл қимылды адамдар іс шешімін қабылдаудан істің өзін орындауға жылдам ауыса алады. Мұндайда батылдыққа тірек - ержүректік (смелость) қорқыныштың бәрін басып, адамды тәуекелге келтіруші қасиет. Іс-әрекеттегі батылдық көзсіздікке (безрассудство) тікелей қарсы. Егер іс-жағдайлары болымсыздық танытса, батыл адам әрекетін кідіртіп, кейін қалдыра алады.
Іс-әрекеттің орындалу кезеңінде шалттық (энергичность) пен табандылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерінің барша кұшін көзделген мақсатқа тез шо-ғырландыра алады. Шалттық табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттің ең жоғары көрсеткішіне айналады. Табандылық - бұл адамның ұдайы, шалт әрекеттерін бірде төмен­детпей, көрінген қиыншылықтарға төзе білуі.
Табандылық та батылдық сияқты әртүрлі деңгейде көрініс береді, бірақ бұл екеуінің шектен тыс дамуы кері сипатқа соқтыруы мүмкін. Кейде ақылды, тіпті дарынды адамдар өз шешімін қорғай алмай, алғашқы кедергіден-ақ сескеніп, оны жеңудің амалына көзін жеткізе алмай, жалғастырайын десе, ерік күші жетпей, істен бас тартады немесе адам бастаған ісінің тізгінін қолдан жаздырып алып, әрекет нәтижесінің болымсыздығына көзі жетіп тұрса да, "болғаны болар" деумен, илеуге келмейтін, ақыл қонымдылығы жоқ ерік сапасы - өжеттік пен қиқарлықты қару етеді.
Қабылданған шешімнің орындалуы үшін өзіндік бақылау мен өзіндік баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз іс-әрекетіне орынды бақылау жүргізе алса ғана, көзделген мақсат іске асады. Олай болмаса, алға қойылған міндет пен оған қажетті қылық-әрекет арасында сәйкессіздік туады. Мақсатқа жету процесінде өзіндік бақылау жоғары мүдделердің қарапайым ниеттерден, жалпы принциптердің мезеттік қалау мен құмарлықтан үстемдігін қамтамасыз етеді. Ал өзіндік бағаға байланысты бақылау сипаты мен дәлдігі өзгеріске келеді. Қандай да теріс бағадан адам өзінің кері мінез бітістерін орынсыз, ұлғайта танып, осыдан өзіне деген сенімін жойып, істен бас тартады. Өзіндік ұнамды бағаның да зиянды тарапы бар. Мұндайда адам обьектив бақылауды өзіндік әсіре мадақтауға айналдырып жібереді.
Қандай да еріктік әрекетке араласа отырып, адам оның ізгі нәтижесіне байланысты өзіне жауапкерлік жүктейді. Іс-әрекеттің әлеуметтік мәнді нәтижесі алғашқы ниет шеңберінен толастап ұлағатты іс (деяние) сипатын алады. Субъекттің осы іске болған жеке жауапкерлігі өз әре-кеттерінің салдарын қоғамдық-тарихи талаптар тұрғысынан сараптай білу қабілетінен көрінеді. Әлеумет ортасында қалыптасқан заң, мораль, әдет-ғұрып пен дәстүрлерге орай іс жақсылық (благодеяние) не жамандық (злодеяние) болып бағаланады.
Психологияда бақылау локусы (локусорын, Д.Роттер) деген ұғым қабылданған. Осыған орай өз қылықтары мен істерінің себебін тыстан іздеушілер сыртқы бақылаулы (экстерналды) ал себеп-салдардың көзін өзінен табуға тырысатындар ішкі бақылаулы (интерналды) болып бөлінеді. Экстерналды, яғни сыртқы себептерге жүгінетіндер әрдайым өз қабілеттеріне сенімсіздікпен қарайды, тұрақсыздық көрсетеді, мегзегенін кейінге қалды-руға бейім, жауапкерлігі кем, төңірегіндегілердің бәрі оны қобалжытады, осыдан ол күмәншіл, шамданғыш, ызақор. Ал интерналды адамдар өз қылықтары мен істерінің жауапкершілігін өздері көтеруге қабілетті. Мұндай тұлғалардың өзіне деген сенімі мол, мақсатқа жету жолында бұлар бір ізділік пен табандылық танытады, өз ісіне талдау жасай алады, мінезі байсалды, қайырымды, қауымшыл әрі тәуелсіз келеді.
Адам еркі басқа да көптеген қасиеттермен ерекшеленеді. Олардың ішінде аса маңыздылары: ерлік, тәртіптілік, іскерлік т.с.с. - бұлардың бәрі де жоғарыда аталған ерік сапа, қасиеттерімен тығыз байланысты.
Еріктің ұнамсыз тараптарының бәрі тұрмыстағы кә-дімгі еріншектікпен ұштасады. Еріншекте іске деген құ-лық, ниет, оны орындауға талпыныс болмайды. Қызығы, көп адамдар еріншектігін бетіне басқанға "бауыр еті жарылып" өкпелегенімен, бұл қасиетін "қайтейін, осылай-мын" деп жеп-жеңіл мойындай салады, өзінің тұрмыстық ебедейсіздігі мен әлжуаздығын ақтау үшін оны психологиялық қорғаныс құралы ғып пайдаланады.
Барлық ерік сапалары мен қасиеттері адамның өмір барысында, іс-әрекетке араласуынан қалыптасады. Бұл дамуда әсіресе балалық шақ үлкен маңызға ие. Әрқандай психикалық процесс сияқты ерік те өз бетінен болмай, жеке адамның жан-жақты кемелденуімен бірге өрістейді. Балалық шақта өрбитін ерік қасиеттері көптеген әлеуметтік-қоғамдық ықпалдарға тәуелді, солардың ішінде отбасының орыны ерекше. Балалардағы ерік қылықтарына байланысты кемшіліктер: өжеттік пен тентектіктің көзі ата-аналардың қате тәрбиесінен: уақытында ұстамдылыққа үйретпеген, тілегенінің бәрін қанағаттандыруға тырысқан, белгілі тежеулерге үйретілмеген, т.с.с. Ал қандай да бір әрекетте күш сала білуге дайындық өздігінен болмайды, оған арнайы үйрету қажет, тиісті әдеттерге баулудан сәби ерік күшін дұрыс та қажет бағытта жұмсауға дағдыланады.
Отбасы тәрбиесінің және бір болымсыз қыры - баланы, әдетте, орындалмайтын, әл мүмкіндігінен тыс жүктеме, тапсырмаға жегу. Осыдан белі бекімеген жас тұлғада бастаған ісін аяқтамау әдеті қалыптасады, жұмыс нәтижесінен қандай да ләззат қуанышына бөлене алмай, бала түңіледі, бұдан былайғы тапсырыстарға бет бақпайды.
Бала әрекеті негізінен еліктеуден болады. Осы-дан ерік қасиеттерінің қалыптасуында ата-ана, тәрбиеші ж.т.б. өнеге-үлгісі маңызды келеді. Көркем әдебиет пен кинофильмдердегі санқилы кедергілерді өз батылдығы мен табандылығының арқасында жеңе білген кейіпкерлер де баланың ерік күшін тәрбиелеуде орасан жәрдем береді.
Балада ерік тәрбиелеудің және бір жағдайы оны қалтқысыз тәртіпке үйрету: жүріс-тұрыста, сабақ дайын-дауда, үй жұмысын орындауда ж.т.б. Ерік - бұл дұрыс ұйымдастырылған еңбек деуіміз осыдан.
Ерік қасиеттерін қалыптастыруда баланың дене тәрбиесіне мән беру қажет. Себебі тән әлжуаздығынан жас өспірім өмірдің қай саласында да қалаған жүктемені көтере алмайды, әйтеуір бір кедергіден өтуге шамасы жетпей, көңіл күйзелісіне түседі. Дене жаттығуы мол болып, басқалармен күш сынасуға дағдыланған бала өз ерік күшін ұстамға алып, оны қажетіне бағыттау қабілетін игереді.
Жас шақта бала өмірі - негізінен ойынмен тікелей байланысты. Ал ойын - бұл белгілі қалып, ерекше талап. Осыларды ырықсыз, ойын мазмұнына қызығумен орындай жүріп, қандай да еріктік сапаларға дағдыланғанын бала сезбей де қалады. Ойын баладағы ерік күштерінің арқауына айналады.
Ерік тәрбиесінде балалар ұжымының маңызы айтарлықтай. Ұжымдық өмірге араласа отырып, бала өз қылығын басқалардың талғамына көндіріп, икемділікке үйренеді. Өз қатарына қарай отырып, бала өзінде табандылық пен батылдық қалыптастырады, көпшілік алдында қорқақтығына намыстанып, оны жасыруға не тіпті жоюға тырысып бағады, ал бұл тырысу- ерік күшін керек етеді.
Бала еркінің даму көзі - бұл еңбек. Әрқандай еңбектік іс-әрекет ерік қатысынсыз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан бала белі қажетті дәрежеде бекігеннен, оны өнімді еңбекке қосу - басты шарт.

14 дәріс. Темперамент. Мінез


1. Темперамент және мінез жайлы түсінік
2. Темперамент типтері, психологиялық сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет