Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білім (ТБ) мен пәндік білімнің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.
Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) Бекіту сұрақтары: Бекіту сұрақтары: 1. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің негізінде жатқан теория?
A) Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқыту теориясы
B) Өздігінен білім алу теориясы
C) Қашықтықтан оқыту
D) Дайын білімді таратуға негізделген «дәстүрлі» әдіс
E) АКТ-ны қолдану
2. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары қандай түсінікке негізделіп
құрылған?
A) «Мұғалім – зерттеуші»
B)«Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы»
C) «Мұғалім – өзгеріс жасаушы»
D) «Мұғалім – тәлімгері»
E) «Мұғалім – оқытушы»
3. Мұғалімнің бағалауды кім үшін және қалай өткізу керек екендігі туралы түсінік
қайда көрсетілген?
A) Бағдарлама мазмұнында
B) Кестеде
C) Ережеде
D) Талаптар жиынтығында
E) Бағалаудың мақсатында
Әдебиет: Қоңырбаева, С.Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту [Текст] : монография / С. Қоңырбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 99 бет.гМузыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / С. С. Ағабекова. - Алматы : ССК, 2017
Бұзаубақова, К. Ж. Мектепке дейінгі білім инновациясы [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Бұзаубақова, С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015
Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы.1-том. [Текст] : оқу құралы. - Ғ.М.Кусайнов,А.К. Қағазбаева,Б.Т. Абыканова және т.б. - Алматы : TechSmith, 2019