44
əрекетінің үлгісі сатып алушы əрекетінің кей
функцияларымен – Z, сатып
алушы қалауымен (қай жағдайда рационалды емес) – D, сыртқы ортаның
көптеген факторларымен – X, сатып алушының мінез-құлқымен – Y,
анықталмаған фактор мəнімен – Q түсіндіріледі: z = f (D,X,Y,Q) Тұтынушы
үшін сапа міндетті сипаттама болғанымен, белгілі бір өнімді сатып алу шешімін
қабылдау үшін жеткіліксіз. Басқаша айтқанда, бəсекелік
қабілет тек тауардың
үздік сипаттамаларымен ғана емес, ал тұтынушының сатып алуына бағытталған
тартымдылығымен де сипатталады, мысалы, тауар ерекшеліктерінің
жиынтығымен анықталатын сапасы мен бəсекелік қабілеті əр салада көрініс
табуы мүмкін. Тауар сапасы – жобалау жəне өндірілу аясында
қалыптастырылып, оны қолдану үрдісінде, яғни тұтыну аясында байқалады.
Өнімнің бəсекелік қабілеті оны сату нəтижесінде немесе ұсыныс аясында
анықталады. Өнімнің сапасы өзгермеген жағдайда да оның бəсекелік қабілеті
кəсіпорынның бəсекелестік ортасымен анықталатын түрлі факторларға əсер
етіп, өзгеріп отырады. Өнімнің бəсекелік қабілеттілігі дегеніміз – тауардың
барлық нарық шарттарына сəйкес келе отырып, өндіруші мен тұтынушының
мүдделері
сақталатын, тауар мінездемесінің тұтынушы талаптарына толық
сəйкес келуі. Яғни, тауар тек ғана техникалық, эстетикалық, эргономикалық
жəне тағы басқа қасиеттерге ие бола қоймай, оның сатылуына да (баға, қызмет,
фирма престижі, жеткізілу мерзімі) жауап беру керек. Өнімнің бəсекелік
қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие: бəсекелік қабілет –салыстырмалы
шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады; ол
динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік
кезеңіне жəне басқа да жағдайларға тəуелді; əрбір тұтынушының жеке талғамы
əрбір өнімнің бəсекелік қабілетіне өздігінше əсер етеді.
Сондықтан, өнімнің
бəсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие; бəсекелік қабілет нақты, яғни ол
өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек
жүйесіне жəне т.б. байланысты. Өнімнің бəсекелік қабілетін талдау мен бағалау
келесі мəселелердің шешімдерін қарастыру негізінде жүзеге асырылады:
- өнімді нақты сатып алушылардың талаптары мен сұраныстарын зерттеу;
- өнімді өткізу жағдайы, фирмалар жəне бəсекелес тауарлар жайлы мəлімет
жинау мақсатымен нарық мониторингін ұйымдастыру;
- өнім сапасы көрсеткіштерінің өндірушіге де тұтынушыға да қолданыста
біркелкі жүйесін жасау;
- зерттеліп отырған мəселенің жалпылама үлгісін құрастыру, соның ішінде
бəсекелік қабілетке əсер ететін жəне олардың байланыстарын анықтайтын
көптеген факторлардың құрылуы;
- өнімнің бəсекелік қабілетін мөлшерлік бағалауда жалпы əдістердің
қалыптасуы, осы мəселеге қатысты жекелеген əдістерді,
алгоритмдер мен
шешімдер үрдісін дайындау;
- жалпы өнімнің бəсекелік қабілетінің жəне оны анықтаушы факторлардың
дамуын талдау;
- нарықтың қажетті бөлігін немесе тапсырылған табыс көлемін беретін
өнімнің бəсекелік қабілетін деңгейін анықтау. Осы мəселелер шешімдерін ауыл
шаруашылығы өндірісіне енгізу, ауыл шаруашылық саласына негізделген
45
үлгілерін құру, бұл салада өндірілетін өнімдердің бəсекелік қабілетін көтерудің
негізін қалаушы факторы болып табылады.
Тауарлардың
бəсекелік
қабілеті – нарықтық
қатынастарға
қатысушылардың нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы.
Тауарлардың бəсекелік қабілеті оның нарықтағы салыстырмалы қалпын
анықтаушы, тұтыну жəне құндық қасиеттерінің жиынтығы ретінде
анықталатындығы белгілі. Өнімнің бəсекелік қабілеті келесі элементтерден
тұрады:
1. Өнімнің бағалық бəсекелік қабілеті:
1.1 бағаның негізгі өнім өндірушілер арасында өзара салыстырылуы;
1.2
сұраныс
пен
ұсыныс
қатынастарына
байланысты
бағаны
дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
1.3 өнімді тұтынушыларды жеңілдіктер жүйесімен тартуы.
2. Өнімнің сапасы:
2.1 өнімнің техникалық- функционалдық қасиеттері;
2.2 қосымша пайдалылықтың болуы;
2.3 өнімнің танымалдылық деңгейі.
3. Өнім өткізу, жарнама жəне қызмет көрсету жүйелерінің бəсекелік қабілеті:
3.1 өнім өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
3.2 жарнаманың тиімділігі;
3.3 қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі. Ғаламдану
жағдайында өнім өндірушілер арасында олардың бəсекелік қабілетін одан əрі
дамыту тұрғысынан іргелі мəселелер туындап отырғаны белгілі. Демек,
Қазақстан үшін ең өзекті мəселе болып отандық өндірушілер қызметінің
тиімділігін өсіруге сүйеніп, елдің бəсекелік қабілетін арттыру табылады.
Тауардың бəсекелік қабілетін бағалауда мына негізгі қағидаларға көңіл бөлген
жөн: интегралдық қағидасы – бəсекелікке əсер ететін
факторлары арасындағы
байланыстарды нақтылауды жəне нығайтуды қамтамасыз етеді, кешенділік
қағидасы – тауардың бəсекелік қабілетін құрастырушыларды жəне оған əсер
етуші факторларды анықтауды ескереді, диалектілік қағидасы – факторлар
жиынтығын даму үстінде қарастыруды ескереді. Өнімнің бəсекелік қабілетін
бағалаудың төмендегідей негізгі түрлерін атап айтуға болады:
1. Тестілік сату. Бұл бағалау əдісінің негізгі мақсаты – зерттеліп отырған
тауарды сату орындарында тұтынушылардың оны қабылдауын байқау. Бұл əдіс
өте сенімді ақпарат бере алады. Алайда, бұл өте көп қаржыны қажет етеді,
себебі кез келген кəсіпорын сапасына сенімсіз өнім шығаруға бармайды.
2. Фокус – топтар: ақпаратқа толы əдіс, респонденттердің бағаланып
отырған өнімге шынайы қатынасын анықтауға жол береді, өнімді дайындаудың
кез келген кезеңінде бағалау жүргізуге жол береді.
3. Хол – тестер (Hall – test). Оларды сапалы зерттеу нəтижелерін тексеру
үшін. Көп жағдайда тауардың бəсекелік қабілеті мəселесі
пайда болған
жағдайда оны маркетингтік зерттеу негізінде шешу кең таралған.
Тауардың бəсекелік қабілетін маркетигтік жолмен бағалау əдістемесі 4
кезеңнен тұрады:
1. Тауарға деген тұтынушылардың талаптарын анықтау;
46
2. Тұтынушылардың сұранысы негізінде тауардың күтілетін бəсекелік
қабілетін бағалау;
3. Фирманың бəсекелес фирмаларға қатысты маркетингтік қызметінің
бəсекелік қабілетін бағалау;
4. Тауардың нақты бəсекелік қабілеті жайлы қорытынды жасау жəне оны
арттыруға күш салу нүктелерін анықтау. Бұл əдіс, сатып алушылардың осы
кəсіпорын тауарларына деген қатынасын, сонымен қатар фирманың ішкі
орталарының артықшылықтары мен кемшіліктерін, сыртқы ортасының
мүмкіндіктерін пайдалану мен қатерлерін айналып өту тиімділігін ескеруге
мүмкіндік береді. Соңғы кезде көптеген ғалымдар мен тəжірибешілер фокус –
топтау əдісіне қызығушылық танытуда. Бұл əдіс белгілі-бір тəртіппен
ұйымдастырылып жүргізілетін терең топтық сұхбат. Осы əдістің пайдаланылуы
бірқатар себептерге байланысты. Əлеуметтік сұрау нəтижесінде алынған
мəліметтер тұтынушылардың белгілі-бір тауарға деген қатынасын көрсетеді. Ал
тауарды өндірушілердің кемшіліктері мен олардың артықшылықтарын анықтау
үшін тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Ал осы фокус-топтар əдісі
бұған зор
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: