Күзгі семестр Пән аты: Тілді танымдық тұрғыдан оқыту Мамандық шифры


Қазақ тілін танымдық тапсырмалар арқылы оқытудың педагогикалық негіздері



бет4/5
Дата31.12.2021
өлшемі38,15 Kb.
#23593
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-аралық

2.Қазақ тілін танымдық тапсырмалар арқылы оқытудың педагогикалық негіздері

Қазақ тілі сабағы әрi тартымды, әрi кызыкты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзiне, бiлiм деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негiзi-сабак. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызыкты және толық мәндi болуы тиіс. Ол-сонымен бірге қазактың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, ѳнерін насихаттайтын пән. Қазақ тілін меңгеру барысында ұлттык дүниетанымды кеңейтіп, халықтың аса құнды байлықтарын танып-білу аркылы танымдық құзіреттілікті қалытастыру iске асырылады.

Сабақ барысында қазақ халкынын асыл қазынасы болып саналатын ауыз әдебиеті жанырларының түрлерiн, тұрақты сөз тіркестерiн, мақал-мәтелдерді,жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, әдет-ғұрып,ұлағатты нақыл сөздерді тағы баска тағылымдарды үйрету арқылы окушылардың танымы кеңейтiледi. Осылайша дербес тұлғаның дүниетанымы кеңейіп, тіл үйренуге ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетiн iске асыруға бағытталады.

Таным- адамдардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздікте "таным бiлiмге қол жеткізу, тиiстi бiлiмдi алу", "тану - заттардың пайда болуы, маңызын бiлдiредi" деп көрсетілген. Таным - адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі.

Тіл үйрету барысында окушылардың дүниетанымын кеңейту - сол халықтың әдет-ғұрпы салт-санасы, тарихы, әдебиетін үйреніп, зерттеп-білумен тiкелей байланысты. Таным акиқатқа жету, бұрын таныс семес шешiмдердi iздеу, жаңалық ашу, оны іздеу. Соның нәтижесiнде ғана оны практикалық өмiрде пайдалануға жол ашылады.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегенiне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы кажет.



Сабақты жоспарлағанда оқыту, дамыту шарттарын ескеруiмiз керек

1. Оқыту, яғни бiлiм беру максаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мелшерде,қалай кабылдату керек.

2. Үйрету. Бiлгенiн оқушы практикада қолдана отырып,ережеге байланысты тапсырманы қиналмай орындауы керек.

3. Тәрбиелеу. Әртүр едіс-тәсілдер аркылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

4. Дамыту окушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрiсiн шындай отырып өмірге көзқарасын қалыптастыру . Бойындағы өнерді танып бағыт- бағдар беру.

Танымдық кұзыреттілікті қалыптастырру мақсатында түрді ойыедар арқылы тапсырмалар беруге болады.

Ойын - окушы білімін берік меңгерту кұралы. Әр сабақта ойын түрлерiн орнымен колданып, оны қызықты ету аркылы жас жеткіншектердiң бiлiмге ынта-ықыласы, пәнге деген сүйіспеншілігі арттады. Ойынды окушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту максатында емес, оларға берілген ұғым, түсiнiктердi берік меңгеру мақсатында жүргiзiледi.

Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:

-жаңа такырыпты ойын аркылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;

-сабакты жандандырып ,окушыларды ынталандырады;

-шығармашылық, ізденушілік кабiлеттерін арттырады;

-өзiне деген сенiмдiлiк пайда болады;

-логикалык ойлау кабiлетi дамиды.

«Жалғасын тап» ойыны

Мақсаты: Макал-мателдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бiрiншi катарда басы, екiншi катарда соңы жазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Окушының мiндетi тiлдiк сызықшамен косу арқылы әр макалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы

Ә) Жақсы болса,

Б) Ерлiк бiлекте емес,

В) Жері байдың

Г) Ақыл дос,

F) Кiм еңбек етсе

Д) Мал баққанға

Е) Адам деген

бітеді

журекте


ашу-дұшпан

ел

ардакты ат,



жақын көп

сол, тоқ


елi бай



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет