Нуртазина М.Б.,
ф. .д., Л.Н. Гумилев атында ы
Е У профессоры
Мысаева .Н.,
ф. .к., әл-Фараби атында ы
аз У доценті
В статье рассматриваются возможности ис-
пользования Интернет-технологий в образова-
тельном процессе. Особое внимание уделено
выявлению интенсивных инновационных
технологий, используемых в учебном процессе
студентов и магистрантов.
In the article of Nurtazina M. and Myssayeva
K. “The Effi ciency of Innovative Educational
Technology in the Republic of Kazakhstan” the
capabilities of usage Internet-technology are shown
in the teaching process of philologist’s training.
The main purpose educational innovation is the
increasing of training quality. Special attention is
given to the identifi cation the innovative intensive
technology bringing into use in the lessons of
bachelor and undergraduate.
Б
ілім беру деңгейі жəне білім беру
қызметінің сапасы адамзат капиталын
қалыптастыруда ерекше рөлге ие жəне
олар мемлекеттің интеллектуальдық
əлеуметін анықтайды. Қоғамның тұрақты дамуы-
на қол жеткізудің бірден бір жолы барлық білім
салаларында сапалы маман дайындауда екенін
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2011 жылғы 29
қазанда өткен форумда атап өтті, «Инновациялық
Қазақстан – 2020 жобасын жүзеге асыру білім
берудің жаңа инновациялық технологияларын
жүзеге асыру арқылы мүмкін, себебі, «иннова-
ция - мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеті
ретінде айқындалған» [1, 1 б.]. Сондықтан,
Қазақстандағы инновациялық, шығармашылық
əлеуеті жоғары əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
(Алматы) жəне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
(Астана) секілді ірі жоғары оқу орындарында
жаңа оқу жоспарлары, сапалы жетілдірілген оқу
бағдарламалары, оқу-əдістемелік материалдар,
секілді білім берудің жаңа нысандарын əлемдегі
қазіргі білім беру деңгейіне сəйкестендіру; білім
беру үдерісін жəне белсенді оқытудың əдістерін
қарқынды енгізуді ұйымдастырудан құралатын
жаңа педагогикалық жəне ақпараттық технологи-
202
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
ялар студенттердің оқыту үрдісінде ақпараттарды
қабылдауды өзгертуге көмектеседі [2, 232 б.].
Бізге белгілі болғандай қоғамды құру жағ-
дайында білім беру экономикасы көшбасшылыққа
ие, бұл жағдайда ақпарат пен білімді əр түрлі
мəтіндік, мультимедиялық, əлеуметтік жəне
антропологиялық (сараптамалық) секілді ақпарат
көздерінен толығымен алу маңызды міндет бо-
лып табылады. Бұл міндетті шешу деңгейі мен
ақпараттарды алуды жəне өңдеуді ғана емес
оның құндылығы мен шынайылығын сапалы
маман ретінде анықтай алуға мүмкіндік беретін
гуманитарлық
технологияларды
меңгерген
мамандарды дайындау жалпы білім берудің
инновациялығын анықтайды.
Құрамы əр түрлі ақпарат көздерінен білім
алу əдістерін жасаудың табиғаты мен сапасы
əлеуметтік салада гуманитарлық технологиялар-
ды пайдалануға негізделеді. Нақты мəселелелерді
шешу барысында ақпараттың еркін жəне өз
бетінше қозғалыста болуы ақпаратты алуда
ғана емес, сонымен қатар, оны белсенді жасау
қажеттілігін айқындайды, яғни ақпаратты элек-
тронды жəне басқа да нұсқасында пайдалану жəне
білім алу мен оның таралуына ақпаратты барынша
жоғары деңгейде пайдалануды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда коммуникация рөлінің артуы
мен ақпараттық технологиялардың белсенділік
жағдайында дифферианциальды ақпарат түрлерін
қажетсіну мен ақпаратты алу, өңдеу, бағалау жəне
қолдану əдістерімен бірге инновациялық білім
беру өнімдерін жасау қажеттілігі артып отыр. Білім
мен ақапарат алу саласында гуманитарлық техно-
логияларды жасау негіздемесіне ақпаратты тал-
дау мен жинақтау үдерісін құрайтын ақпараттық
мəтіндік, дискурсивтік, социолингвистикалық
жəне сараптамалық зерттеулер кіреді.
Гуманитарлық
білім
беру
саласында
инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру
бір немесе көп тілді ортада мəтінді ақпараттық,
лингвистикалық жəне əдебиеттануға кіріспелік
талдау саласында жұмыс істеуді көздейді, сондай-
ақ тіл мен əдебиетті жүргізу əсіресе инновациялық
көзқарастағы журналистерді дайындау ерекше
маңызға ие. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін сту-
денттер мен магистранттардың жұмысына қолдау
көрсететін лингвистикалық, лингвоəдістемелік
жəне бағдарламалық құралдардың арнайы кешені
қажет. Мұндай кешенге арнайы ұйымдастырылып
автоматтандырылған жұмыс орны керек.
Инновациялық білім беру ортасы жағдайында
білім алу жүйесін қолдау үшін төмендегілерді
анықтау қажет:
- тіл маманының ақпараттық технологиялар-
мен жұмысын қалай ұйымдастыру керек [2, 231-
232 б; 3, 659б.], сонымен қатар, əр түрлі шешімдерді
бірыңғай кеңістік –автоматтандырылған жұмыс
орны аясында шешу үшін оның тиімділігін
ұйымдастыру (АЖО) [4, 560 б.; 5, 55-60б.];
- болашақ маман ақпараттық технологияның
барлық мүмкіндігін пайдалана алатындай нəтиже
беретін оқытудың əдіс-тəсілдері қандай болу ке-
рек.
Шындығына келгенде гуманитарлық сала-
да оқитын студенттердің автоматтандырылған
жұмыс орны деректер мен білім беру базасының
кешені болып табылады, сондай-ақ, оқытушы мен
студенттерді келесідей ақпараттарға қол жеткізуге
арналған оқыту мен бақылау құралы:
– білім берудің нақты саласы бойынша ар-
найы электрондық оқулықтар, энциклопедиялар
мен анықтамалықтар түріндегі оқу ақпараттарға
қол жетімділік;
– ана тілі мен шет тілі саласында мəтіндік жəне
ақпараттық деңгейдегі оқытудың компьютерлік
жүйесі жəне диагностикасына қол жетімділік;
– толық мəтінді деректер базасына (бір неме-
се бірнеше тілді) жəне оларды автоматты өңдеу
құралына (əр түрлі сөздіктерді, канкорданстарды
алу бағдарламаларына, мəтіндер құрылымында
ақпарат іздеуге жəне түзету құралдарына жəне т.б)
қол жетімділік;
–
мəтіндерді
лингвистикалық
талдау
құралына, машинамен аудару құралдарына,
лексикографикалық деректер базасына, сөздіктер
жүйесімен қоса қол жетімділік;
– дайын ақпаратты шығаруды қамтамасыз
ететін инструментальдық құралдарға қол
жетімділік.
Ақпараттың осы барлық түрлері тікелей АЖО
деректер базасында жəне Интернетте сақталады,
соңғы жағдайда АЖО – да сəйкестендірілген сайт
жайлы арнайы ақпарат сақталуы тиіс.
Студенттер мен магистранттарға білім беру
үдерісінде қолданылатын Интернет-технологияны
қарастырайық.
Білім
беру
саласындағы
инновациялық үдерістердің оқытушыдан бака-
лавр мен магистранттарды дайындауда білім беру
бағдарламаларын қайта қарауды талап ететіні
белгілі.
Қазіргі қоғамда Интернет желісінің кеңінен
таралуы білім беру саласында Интернет-техно-
логияларды қолдану белсенділігін арттыруға
негіз болды, əсіресе студенттер мен магистрлер-
ге оқытылатын «Лингвистикадағы ақпараттық
жүйелер»,
«Бұқаралық
коммуника циядағы
ақпараттық жүйелер», «Онлайн журналисти-
ка», «Əлеуметтік желілердегі ақпараттық тех-
203
нологиялар» пəндерін атап өтуге болады. Бұл
технологияларды пайдаланудың негізгі міндеті
өнімділікті арттыру мен ақпарат іздеу сапасын
жақсартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты іздеу
уақытын қысқартуға негізделеді; еңбектің пəні
мен нəтижесі ақпараттың өзі, ал құралы – компью-
тер болып табылады.
Бүгінгі таңда Интернет – «өзге де мəтіндер
мен басқа да ақпарат көздеріне сілтеме жасай-
тын табиғи тілдегі мəтіндердің сызықтық емес
түрлерімен сипатталатын» гипер мəтіндік жүйе.
[3, 660 б.]. Сондықтан, Интернет-технологияларды
пайдалану оқытушыға дəріс курстарына қосымша
ақпарат алу, білімді игеру сапасын бақылауды
ұйымдастыру, студенттер мен магистранттардың
өз бетіндік жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру секілді негізгі міндеттерін шешуге
көмектеседі.
Ақпараттық технологияларды «Лингвисти-
кадағы ақпараттық жүйелер», «Бұқаралық
коммуникациядағы ақпараттық жүйелер», «Он-
лайн журналистика», «Əлеуметтік желілердегі
ақпараттық технологиялар» пəндері мысалында
пайдалануды көрсетеміз, бұл пəндер бойынша
филология факультетінің 1 курс магистранттары-
на Орыс тілі жəне əдебиеті мамандығы бойын-
ша жəне журналистика факультеті 1 курс маги-
странттарына арналып журналистика мамандығы
бойынша базалық əдістемелік құрал жасалды.
Бұл басылымдар графикалық, мəтіндік, сандық,
бейне, дыбыстық жəне басқа да ақпараттардың
жиынтығынан құралған, бұл Мемлекеттік білім
беру стандартына жəне Л.Н. Гумилев атындағы
ЕҰУ мен əл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу
бағдарламаларына сəйкес жасалған. Əдістемелік
құралдың құрамы мен мазмұны аудиториялық
(Интернет-ресурстарын міндетті түрде пайда-
ланылатын Интернет залдарда), студенттердің
СӨЖ, СМӨЖ, жəне магистранттардың МӨЖ,
ММӨЖ жоғары оқу орындарында қашықтықтан
оқытудың маңызды бір құралы ретінде пайдалану
мүмкіндігі болып есептеледі.
Бұл оқу əдістемелік құралын өңдеу
квантовтік, көрнекілік, тарату, реттеу, бейімдеу
жəне жинақтылық қағидаларына негізделген.
Теориялық материал модульдерге, тақырыптарға,
жəне тақырыпшаларға бөлінген: ғылыми
мақалалар мен жарияланымдар ретінде берілген
дəріс мəтіндері жəне қосымша ақпараттық ма-
териалдар гипермəтін ретінде құрастырылған.
Əрбір модуль келесідей компоненттерден тұрады:
дəріс курсының негізін құрайтын теоретикалық
ядро; теориялық материалды PowerPoint фор-
матында көрсету; тəжірибелік тапсырмалар;
үйретуші жəне тексеруші тестер; модульдік
бақылау жұмыстары; осы тақырып бойынша
ғылыми зерттеу тақырыптары; реферат үлгілері,
магистрлік жұмыстар; ұсынылатын əдебиеттер
тізімі; қосымша теоретикалық материалдар.
Мұндай көрнекілік қағидаларына мəтіндік талдау
схемасын пайдалану, мəтіндік бірліктер мен са-
наттар кестесі, танымал лингвистердің суреттері,
бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын
тақырыптық талдау жəне т.б. кіреді.
Бұл басылым студенттер мен магистранттарға
оқыту үрдісін өз бетінше басқаруға, өтілген
материалдардың санын анықтауға, курстың
теориялық негіздерін меңгеру деңгейін, жеке
жəне жалпы модульдегі тақырыптарды таңдауда
тəжірибелік тапсырмаларды дұрыс орындау-
ды анықтайды. Мұндай оқу құралдары нақты
пайдаланушының осы пəнді оқу барысында
бейімделу мүмкіндігіне көмектеседі, өтілетін
материалдың күрделілігі мен тереңдігіне мəн
беруге, мəтінді мақсатты пайдалануға байланы-
сты қолданбалы бағыты анықталады. Сонымен
қатар, ол мəтіндік бірліктердің құрылымдық-
функциональдық сипаттамаларын қалыптастыру
үшін жəне мəтіндік санаттардың формальды си-
паттамаларын, лингвистикалық алгоритм құруға
бағытталған фрагментарлық немесе толық
мəтіндік талдау мысалдарының көптеген вари-
анттарынан тестерді таңдау жүйесінің мəтіндік
санаттарының
формальды
сипаттамаларын
анықтау қажет.
Бұл оқу құралы магистранттарға тіл, журнали-
стика саласындағы болашақ мамандардың кəсіби
біліктілігінің қалыптасуы мен жетілдірілуіне
əсіресе студенттер мен магистранттардың
электронды желілік кəсіби портфолиосының
қалыптасуының бірден бір технологиясы ретінде
пайдалануға мүмкіндік береді. Кəсіби портфо-
лио 4 бөлімнен тұрады: кəсіби құзіреттіліктің
қалыптасу деңгейінің портреті, төлқұжаты, кəсіби
биографиясы мен мінездемесі. Портфолионы пай-
далану өз қызметінде, ортада, өмірлік бастамала-
рында өзін еркін сезіне алатын шығармашылық-
кəсіби біліктілігі жоғары, рухани бай тұлғаны
дайындауға көмектеседі. Бұл технология білім
беруді ұйымдастыру барысында келесідей
қағидаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- серпінділік яғни оқыту үдерісінде студент-
тер мен магистранттардың іс əрекетіне ерекше
назар аудару, жұмыстың белсенді формасына
қатысуға дайындау, тез арада жəне өз бетінше
шешім қабылдауға үйрету;
-
субъективтілік,
студенттер
мен
магистранттардың табиғи қызығушылығына
204
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
қолдау білдіру үшін жағдай жасау, яғни кез-келген
жұмыста мəселені өз бетімен шешуге талпы-
ну, алған білімді өз қажеттілігіне рациональды
жұмсауға дағдылану, өз қызметіне баға беруге
үйрену, іс əрекетінің нəтижесі қалай болатынын
алдын ала сезуге дағдыландыру;
- тұтастылық, іс əрекетті басқа əрекеттермен
байланысты тануға үйрену; жоғары оқу
орындарындағы оқу қызметінің нəтижесі сту-
денттер мен магистранттардың кəсіби біліктілігін
қалыптастыру болып табылады (коммуникативтік,
филологиялық жəне психо-педагогикалық);
- нəтижелерді сыни бағалау. Білім беруге
пəнаралық тəсілді қолдану тұрғысынан алғанда
бағалаудың басты қызметі үдерісті талдау, кері бай-
ланыс, осылар арқылы оқыту үдерісінің жүргізілу
барысын анықтау мүмкіндігі туады жəне соған
сəйкес түзетулер жасалады. Мұнда студенттер
мен магистранттардың сыни мониторингтері мен
өзін өзі бағалауларына ерекше назар аударылады.
Бастапқы кезеңде біз желіде жұмыс істеумен
таныстыру түрлерімен бастаймыз.
Біріншіден, əр түрлі білім беру порталда-
ры мен сайттарында жұмыс істеу дағдыларымен
таныстыру жəне қалыптастыру: 1) тікелей
оқытуға, соның ішінде қашықтықтан оқытуға
арналған сайттар мен порталдар (дəрістердің
электронды курстары, электрондық оқулықтар,
электрондық тəжірибелер, т.б.); 2) білім сапасын
тексеруге жəне өзіндік тексеруге арналған сайт-
тар (тестілеу, соның ішінде оларды өзіндік тек-
серу); 3) əр түрлі зерттеу қызметтеріне арналған
сайттар (ғылыми орталықтардың, зертханалардың
сайттары, Интернет-конференциялар, əдістемелік
бірлестіктердің сайттары жəне т.б.); 4) кеңес беру-
ге арналған сайттар (студенттер, магистранттар,
оқытушыларға яғни нақты адреске бағытталған
сайттар).
Екіншіден, студенттер мен магистранттарды
желідегі пəн саласына қатысты əр түрлі ақпараттық
жəне анықтамалық ресурстармен таныстыру
(электрондық энциклопедиялар жəне сөздіктер,
электрондық кітапхана, электрондық каталог).
Сонымен қатар, студенттер мен магистранттарды
əр түрлі жетекші ғылыми кітапханалардың элек-
тронды каталогтарымен жұмыс істеуге үйрету.
Келесі кезеңде (əсіресе магистранттарға)
берілген тақырып бойынша дайджесттер жасауға,
тақырыпты таңдауға тапсырма беруге бола-
ды. Тақырыпты таңдау пəн бойынша білім беру
міндеттерін шешуге бағытталған жəне сол пəнді
меңгеру барысында кездескен мəселелермен та-
нысу жəне оны өз бетінше шешуге үйрету. Со-
нымен қоса, дайджесттер нақты тапсырмаларды
орындау барысында топтастырылуы мүмкін, бұл
мəтіндердің қысқаша фрагменттерінен тұрады
(цитаталар, үзінділер, конспектілер) жəне мəселені
шешудің əр түрлі аспектілерін көрсетеді.
Инновациялық білім беру бағдарламалары
негізінде оқу əдістемелік корпус құру үшін
мəтіндерді таңдау қағидалары туралы сұрақ туын-
дайды.
Болон үдерісі аясында университеттік
білім беру бізге белгілі болғандай ҚР қазіргі
гуманитарлық
салалардағы
инновациялық
үдерістер оқытудың əдістемелік жəне мазмұндық
бөліктеріне жаңа талаптар қоюда. Бұл əсіресе үш
сатылы білім беру жайлы мəселеде ерекше маңызға
ие. Мəселен, магистрлік бағдарлама академиялық
жəне кəсіби мақсаттар мен құндылықтарға
негізделген адамдарға арналған. Сондықтан
олар, маманданудың жоғары деңгейін, болашақ
мамандыққа
дайындаудың
прагматикалық
құрылымдарына негізделеді, сондықтан да
пəнаралық байланыстардың белсенділілігін арт-
тыру, интеграциялау, пəндерді меңгеруге байла-
нысты біліктілікті қалыптастыру маңызды болып
есептеледі.
«Лингвистикадағы ақпараттық техноло-
гиялар» мен «Бұқаралық коммуникациядағы
ақпараттық технологиялар» пəнінің мақсаты
мен міндеті материалдарды іріктеудің ерекше
қағидаларын талап етеді. Инновациялық білім
беру бағдарламалары аясындағы магистрлік
бағдарламаларда көрсетілген іріктеу қағидаларын
атап өтейік: а) өзектілік жəне қол жетімділік;
б) аудиториядан тыс жұмыстарға ерекше на-
зар аудару; в) өз бетіндік жұмыстарға назар ау-
дару. Курс қызметтік тəсілге негізделеді, яғни
студенттер мен магистранттар негізгі білім
мен біліктілікті оқытушыдан емес, өз бетіндік
ізденуден алады. Курсты меңгеру барысында
студенттер мен магистранттарға бірнеше топтық
жəне жеке орындауға арналған əр түрлі жобалар
жəне шығармашылық тапсырмалар беріледі. Ал,
соңғы тапсырмалар – өз бетімен таңдаған сим-
волды таныстыруды презентациялау, яғни барлық
таңдалған операцияларды жаңа, бұған дейін
өтілмеген материалдар негізінде дайындау.
Өз бетінше іздену курстың тек мазмұнына емес,
сонымен қатар формальды бөлігіне де қатысты:
студент немесе магистрант өзінің қорытынды
жұмысының əдістемесін жəне нəтижені таны-
стыру түрлерін, презентация үлгілерін, ақпарат
көзін, мəтіндік базаны өз бетінше таңдауы тиіс.
Оқытушы оларда таңдау мүмкіндігі болу үшін
басқа студенттер мен магистранттар жасаған
тапсырмалармен таныстыруы тиіс. Мұндай
205
жағдайда пəнаралық қағида студенттер мен ма-
гистранттарды оқытудың алғашқы сатысында
алған білімдері мен біліктіліктеріне сүйену талап
етіледі. Бұл əсіресе бакалавриат пен магистрлік
бағдарламаларда қарастырылған пəндер үшін
өзекті, себебі, оқытудың бұл сатысында студент
немесе магистрант жаңа білім алмайды, осыған
дейін əр түрлі материалдар арқылы жинақтаған
білімдерін
жүйелейді,
қорытындылайды,
біліктілігі мен сапасын бағалайды.
Сонымен қатар, модульдік қағида негізінде
курстың барлық материалы хронологиялық
түрде емес, тақырыптық ретпен беріледі. Мəдени
символдарды оқып үйрену жеке сабақтарда
қарастырылады, сонымен қоса студент неме-
се магистрант белгілі бір ақпараттық (мəдени)
құзіреттілікке ие болады. Алайда, тақырыптар
еркін жəне олардың реті əр түрлі факторларға
байланысты өзгеруі мүмкін (пəндердің оқу
курсындағы орны, топтардың қызығушылығы
жəне т.б.).
Бакалавр мен магистратурада əр түрлі
пəндерді оқыту тəжірибесі бойынша білім беру
технологиясына бізбен үш негізгі инновациялық
əдіс қолданылады:
- Радикальдық – бұл барлық оқу үдерісін
компьютерлік технология негізінде жүргізуге
көшіру, яғни Интернет-жүйені қоса алғанда,
қашықтықтан оқыту, виртуальды семинар, конфе-
ренциялар, ойындар , т.б.
- Аралас – бұрыннан қолданылып келе жатқан
элементтерді біріктіру (оқытудың жаңа əдісі
белгілі əдістер мен тəсілдерді дəстүрлі емес түрде
біріктіру, мысалы, лекция-диалог немесе семинар:
мəселе бойынша сыни инциденттерді талдау);
- Модифициральдық (жетілдіруші) –
қолданыстағы əдісті айтарлықтай өзгеріссіз
жақсарту, толықтыру (мысалы, іскери немесе
рөльдік ойын).
Келесі кезеңде бакалавр мен магистранттарда
сабақтарда пайдаланылатын интенсивті техно-
логияларды анықтау маңызды болып табылады.
Негізгі инновациялық интенсивті технологиялар-
ды атап көрсетеміз. АҚШ (Гарвард университеті,
Джорджтаун Университеті, Колумбия университеті
жəне Оклахома Штаты университеті) жəне Гер-
мания (Триер Университеті) елдерінің тəжірибесі
негізінде ЕҰУ мен ҚазҰУ-дің оқыту үдерісі ба-
рысында кешенді түрде пайдаланылатын əдістер
қолданылады.
1. Белсенді оқу дəрісі – бұл оқыту үдерісінің
белсенділігін арттыру үшін қолданылатын əдіс,
яғни сабақ барысында дəрісті тоқтатып, сұрақтар
қою, кейстерді талдау немесе талқылаулар жүргізу.
Бұл мақсатта барлық мүмкін иллюстративтік
құралдарды қолдануға болады, мысалы: аудио
жəне бейне материалдар, кинодан үзінділер немесе
бейненің негізгі тезистерін флип-чартеде көрсету,
диапроектордың көмегімен экранда проектормен
слаидтарды демонстрациялау, PowerPoint секілді
компьютерлік бағдарламаларды қолдану, мəтіндер
немесе мультимедиялық пакеттер (аудио, видео,
CD-ROM, CD-1, интернет жəне т.б.) көмегімен
белгілі бір ақпараттар, сұрақтар жəне тапсырма-
лар беріледі.
2. GROW қолдану техникасы əдетте
интенсивті семинарларда қолданылады жəне
сұрақтың дұрыс қойылуы мен нақты құрылы-
мының сақталуына негізделеді. Ең алдымен сау-
алдар магистранттар мен бакалаврлар сабақ ба-
рысында қол жеткізуге ұмтылған «мақсатты»
(Goal) айқындауға бағытталады. Содан кейін на-
зар «шынайылыққа» (Reality) аударылады. Содан
кейін сұрақтар арқылы тəжірибенің «іс əрекет ва-
рианттары» (Options) зерттеледі. Ең соңында тех-
ника «ерікке» (Will) яғни іс-əрекеттің анықталған
бір немесе бірнеше мүмкін болатын варианттарын
қолдану үшін арнайы əрекетті жүзеге асыруға
көшеді. Бұдан ары қарай талқылау барысында
жұмыс нəтижелері талданады.
3. Интеллект-карталар – бұл өз кезегінде
ойлау үдерісін құрылымдау үшін ақпаратты та-
ныту əдісі немесе ойлауды карталау əдісі бо-
лып табылады. Ойлауды карталау əдісі адамға
көптеген ақпарат легінен қажетті ақпаратты
алу, басқару жəне құрылымдауға көмектеседі.
Нақты осы əдістің көмегімен: ақпараттарды
біріктіруге; өзара байланыстарды көрсетуге; ойды
визуализациялауға болады. Ерекшелігі келесідей:
арнайы бір нұсқаға белгілі бір түсінікке байла-
нысты барлық идеялар бір ғана сөз немесе бір
фразамен жеке жолдарға жазылады. Бұл үшін
ең алдымен мыналарды анықтап алу керек: а)
проблеманың аспектілері қандай; б) қандай
түсініктер өзара байланысты болып есептеледі; в)
біз үшін не маңызды, басқаларына қарағанда ең
маңыздысы қайсысы.
4. Кіріс құжаттар салынған «папка».
Оқытудың бұл технологиялық əдісі кей кездері
іскерлік корреспонденцияларды реттеу əдісі
деп аталады. Бұл кейстердің əр түрлілігі кеңсе
жұмысын қайта қалыптастырады. Студенттер мен
магистранттар əр түрлі іс құжаттарын тез оқуға
жəне түсінуге; қарастыратын құжаттарды тиімді
талдауға; құжаттарды келесідей параметрлер
бойынша – жеделдігі, маңыздылығына қарай не-
месе жеделдігі бірақ маңыздылығына қарай емес;
маңыздылығы бірақ жеделдігіне қарай емес жəне
206
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
т.б. қарай бөлуге жаттығуы тиіс.
5. Ақпараттық лабиринт - (баскет-əдіс). Сту-
денттер мен магистранттарды белгілі бір жағдайда
жəне əр түрлі тармақтарда көптеген баламалы
іс əрекеттің ішінен ең қажеттісін таңдап алуға
үйрету, басқаша айтқанда өзіндік бір лабиринттен
өту керек.
6. Белсенді оқытуға арналған жағдайды тал-
дау технологиясы (action learning) – болжанған
нəтижелерді алу мақсатында пəнді ситуациялық
жаттығулар түрінде өткізу. Бұл топпен жағдайды
талдау бойынша жұмыс істеу студенттер мен
магистранттарға білімді игеруге, күрделі тап-
сырмаларды тəжірибе жүзінде шешу дағыларын
қалыптастыруға, мəселелерді шешу барысында
əр түрлі тəсілдерді, мүмкіндіктерді қарастыруға
жəне шешім қабылдауға қатысушы əр түрлі адам-
дармен тіл табысуға үйретеді.
7. Ситуациялық талдау жəне оның түрлері. Бұл
əдіс талдауға қатысушылардан нақты əлеуметтік-
мəдени ортадағы белгілі бір уақыт аралығында əр
түрлі жағдайлармен байланысты фактіні (оқиға)
беру арқылы бақыланады. Үйренушілердің
міндеті – мəселені шешуді алдымен жеке, содан
кейін ұжыммен бірге яғни интерактивті қарым-
қатынас арқылы рациональды шешім қабылдау.
8. Нақты жағдайды дəстүрлі талдау (АКС).
Тəжірибе
барысында
шешім
қабылдауға
шығармашылық тəсілдерді қолдану. Бұл əдістің
түрлері ситуациялық жаттығулар əдістері,
ситуациялық талдау əдісі (кейс-стади) жəне «ин-
цидент» əдісі.
8.1. Ситуациялық жаттығулар əдісі (СЖ).
Студент немесе магистрант талдау қызметіне
қатысты белгілі бір шараларды жүзеге асыруы ке-
рек: мəселелерді жүйелеу, реттеу, есеп жүргізу, са-
лыстырмалы талдау жүргізу, т.б. – тек содан кейін
ғана шешім қабылдау. Мақсаты – нақты тəжірибе
жүзінде алған кəсіби білімдері мен біліктіліктерін
жүзеге асыру.
8.2. Ситуациялық оқыту əдісі (Case study
method) – бірыңғай жəне көптеген жағдайлар
дизайнын реттеу. Бұл жағдайда үйренушіге
кейсте берілген жағдайды өз бетімен бағалау
арқылы шешім шығаруды талап ететін
мəселелер мен сұрақтарды анықтау қажет. Кейс-
стадидің пəнаралық сипаты осы технологияны
студенттердің кəсіби саласы бойынша өз бетінше
əрекет етуіне, бастама көтере білуіне, əр түрлі
сұрақтарға тез жауап табуға үйрету үшін кеңінен
пайдалануға мүмкіндік береді,
8.3. «Инцидент» əдісі – бұл оқиға, қақтығыс
немесе қолайсыз жағдайлар. Оның мақсаты –
студент немесе магистранттың шешім қабылдау
үшін өз бетінше қажетті ақпаратты іздеуі: оны
жинақтау, жүйелеу жəне талдау.
9. Рөльдерде ойнау əдісі (инсценировка)
– бұл «role playing” аудитория алдында шы-
найы əлеуметтік-психологиялық оқиғаны та-
ныстыру, содан кейін үйренушілерге ойынға
қатысушылардың – орындаушылардың іс-əрекетін
бағалауға мүмкіндік беру.
10. Миға шабуыл əдісі (брейнсторминг).
Бұл əдіс ұжымдық шығармашылық қызметтің
психологиялық белсенділігін арттыру, басқаша
айтқанда «кемелік кеңес» əдісі. Бұл əдістің
ерекшелігі – шығармашылық үдерісті рационали-
зациялау, ұйымдастырушылықты арттыру, ретке
келтіру.
11. Идеялар қарқындылығын арттырудың
эвристикалық техникасы. Ұжымдық шешім
қабылдау əдісі зерттелетін мəселе бойынша
матрицалық талдау барысында анықталатын жаңа
байланыстар мен қарым-қатынастарды жүйелі
талдау қағидасына негізделеді. Басты ерекшелігі
мəселені талқылау барысында ең алдымен оның
басты сипаттамаларын «өзегі» ретінде анықтап
алу болып табылады. Олардың əр қайсысына
оймен «элементтердің» барлық мүмкін комбина-
цияларын «тізеді». Мұндай жағдайда назарға еш
күтпеген тосын варианттар алынады. Мысалы,
саясаткер образын сипаттау үшін ойланғанда оның
негізі ретінде жеке тұлға ретінде тартымдылығы,
белсенділігі, имидж елестесе, элемент ретінде іс
əрекеті, қарым-қатынасы, құндылығы алынады.
12. Тұйыққа тірелген жағдайды жою техника-
сы. Бұл əдістің мақсаты – егер бізге мəлім іздеу са-
ласы бойынша ешбір шешім қабылданбаса, жаңа
іздеу бағытын табу.
13. Белсенді оқытудың кешенді техноло-
гиясы. Бұл топтық талқылаулар, еркін дис-
куссиялар, бағдарламаланған дискуссиялар,
топаралық дискуссиялар, балинтовтік сессия,
шеберлік-сыныптары, шығармашылық шеберха-
на, ассессмент-орталық жəне т.б.
Оқу үдерісінде маңыздысы лингвистика
корпусын лингвистикалық пəндер мен журна-
листикада белсенді қолдану маңызды болып та-
былады, бұл – əр түрлі тілдерде бар мəтіндерді
жинақтау, ең алдымен: бұл берілген параметрлер
бойынша мəтіннің қажетті фрагменттерін арнайы
бағдарламалардың көмегімен табуға болатын
жəне арнайы дайындалған жəне орналастырылған
қағидалар негізінде мəтіндерді электронды
жинақтау. Осы мазмұндағы ұлттық корпус –
бұл белгілі бір тілдің оның өмір сүру кезеңінде
мəтіндердің электрондық нұсқасын жинау.
Сондықтан ұлттық корпусқа қойылатын міндетті
207
талап – ол танымалдығы. Бұл дегеніміз корпуста
мүмкіндігіне қарай қолданыстағы тіл бойынша
барлық жазбаша жəне ауызша мəтіндер сақталуы
тиіс (əр түрлі əдеби, публицистикалық жанр-
лар, оқу, ғылыми, іскери, ауызша, диалектілік
жəне т.б.), бұл мəтіндердің барлығы корпусқа
сол сəйкес кезеңдегі тілдің мүмкіндігі бойынша
енгізілуі тиіс.
Қазіргі таңда тілді жəне бұқаралық ақпарат
құралдарымен байланысты пəндерді оқыту
барысында бізге жазушы немесе ақынның,
қаламгерлердің, журналистің шығармашылығы
туралы гипермəтіндік филологиялық ақпараттық
жүйе қажет. Мұндай жүйеге жазушы, журналист
жəне қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ олардың
филологиялық қосалқы қызметтері мəтіндерінің
толық құрылымдалған электронды корпусы
кіреді. Əрине, мұнымен қатар орыс жəне қазақ
тілдерінде ауызша мəтіндердің мультимедиялық
корпусын жасау керек. Ауызша мəтіндердің элек-
тронды корпусын жасау – бұл жалпы лингвисти-
ка үшін жаңаша бағыт. Корпус осы мəтіндерді
оқу үшін қүралады, бірақ бұл үшін олармен ар-
найы бірнеше операциялар жүргізу керек, мыса-
лы, оларды арнайы өңдеуден өткізгеннен кейін
қосымша ақпарат енгізу керек.
Осылайша қазіргі кездегі жоғары білім берудің
мақсаты, міндеті, шарттарының өзгеруі ғылыми
негізделген инновациялық ақпараттық техноло-
гияларды жетілдіруді талап етеді. Мұндай техно-
логиялар студенттер мен магистранттардың оқу-
танымдылық қызметінің белсендігін арттыруға
жағдай жасайтын ғылыми негізделген жəне
мазмұны ретті таңдалған, ұйымдастырушылық
нысаны жоғары екенін көрсетеді. Инновациялық
педагогикалық технологияда əрбір элемент жəне
оқу-тəрбие үрдісінің кезеңдері нақты тексерілген
нəтижеге «барлық қоғам мен жастардың иннова-
ция рухынан қуат алуына» негізделген. [1, 1б.].
Пайдаланылған əдебиет:
1. Назарбаев Н.А. Казахстан должен ориентироваться на абсолютные инновации: Форум «Инновационный Казахстан
– 2020» // Казахстанская правда. - № 346-347 от 29.10.2011. – С.1-2.
2. Nurtazina, M. The Innovative Informatics Technologies in Education // International Conference “Education, science and
economics at universities: Integration to international educational area.” - Płock, Poland, 20 -25 September 2010. – P. 231-
239.
3. Spony, G. (2003). The development of a work-value model assessing the cumulative impact of individual and cultural
differences on managers’ work-value systems: Empirical evidence from French and British managers. International Journal of
Human Resource Management, 14(4), 658-679.
4. Brownell, Judy and Daphne A. Jameson. “Problem-based learning in Graduate Management Education: An Integrative
Model and Interdisciplinary Application” in Journal of Management Education, vol. 28, 2004, pp. 560
5. Kam Pun Wong, Donna and Oi Bing Lam, Debbie. “Problem-Based Learning in Social Work: A Study of Student Learning
Outcomes” in Research on Social Work Practice. 2007: 17, pp. 55-65
208
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
Достарыңызбен бөлісу: |