Л-фараби атында ы аза лтты



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата15.03.2017
өлшемі9,01 Mb.
#9967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Ж мабек КЕНЖАЛИН,
« аза  газеттерi» ЖШС-нi
Бас директоры – Редакторлар 
ке есiнi  төра асы.
Журналды   1996-1997  және 
2006-2009 жылдарда ы 
Бас редакторы 
ДӘСТҮР 
САБАҚТАСТЫҒЫН 
САҚТАДЫҚ

40
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
налынан келгенiм қарияның сол сəтте есiне түстi ме: 
– «Ақиқаттың» аты  «Ақиқат»  қой.  Оның жөнi 
бөлек.  Ол  бұрын    «Қа¬зақстан  коммунисi»  болды 
ғой, ə?- дедi əр сөзiн салмақтап.
– Иə, дəл солай!
–  Қазақ  елiнде  бас  газет  бар.  Ол  –  «Егемен 
Қазақстан», ал бас журнал – «Ақиқат».
– Дəл, солай!
–  Онда  «Қазақстан    коммунисi»  боп  тұрғанда 
Құрманбек iстедi ғой.
– Иə.
–  Азулы,  алғыр  едi.  Кəкiмжан,  Камал,  Сар-
бас  басқарды  ғой,  ə?  Бə¬рiн  бiлемiн.  Бiздiң 
тұсымызда қызмет атқарған азаматтар. Ал ендi бы-
лай болсын, сұхбат берiп  жүрмiз ғой. «Ақиқаттың» 
оқырмандарына  хат  жазайын.    Соны  бассаң, 
əңгiмемiздiң орнын сол толтырар.
Қуанып кеттiм. Қарт кең залдың ортасында əрлi-
берлi жүре бастады.
– Ал ендi жаз. Мен  негiзгi ойды  айтайын, əрлеп,  
қиыстырып кө¬рерсiң.
Арада бiраз уақыт өткенде журналымыздың бе-
ташарында Бəйкен аға  Əшiмовтiң хатын жарияладық, 
Журналдың  90  жылдығы    туралы  мақала  жазуды 
қолға қалам алғанда осы бiр кездесу ерiксiз ойыма 
түскенi.
Иə,  «Ақиқаттың»  аты  аталғанда  оған  құрмет 
бiлдiре  əңгiме  қозғайтын  азаматтар  көп-ақ.  Соның 
бiрi əлгiнде бiз əңгiмеге тартқан Бəйкен аға Əшiмов 
едi.  90  жыл    бойына  қазақ  оқығандарының,  зиялы 
қауымның    көз    қуанышы  бола  бiлген    бұл  басы-
лым небiр  жақсылар мен жайсаңдардың шыңдалу 
мектебiне  айналғаны    жасырын  емес.  Журналист 
кадрларын даярлаудың  ұстаханасы бола бiлгенi тағы 
бар.
2. 
ОСЫ  ҰСТАХАНА  табалдырығын 
мен  1996  жылы  ақпан  айында  аттаған 
едiм.  Республикалық  «Халық  кеңесi» 
газетi  жабылатын  болды  да,  оның  қызмет¬керлерi 
республикалық  бiрнеше  басылымдарға  жiберiлдi. 
Маған  «Ақиқатқа»  бас  редактор  болып  баруға 
ұсыныс  түстi.  Ол  бiр  өлара  кезең  едi.  Анда,  барам  
мында барамын деп саудаласып жататын  уақыт емес. 
Бiр назар аударарлығы бұл басылымда бас редактор 
лауазымында  Сарбас аға  Ақтаев отыр едi. Мұның 
алдында «Халық кеңесiн» мен ол кiсiден  қабылдап 
алғанмын. Ендi iзiн  қуғандай болып, тағы сол кiсiнiң 
кеңсесiне барғалы отырмын.
Осы жайлы министрiмiзге түсiндiрiп көрiп едiм: 
–    Бұл  ендi  саяси  шешiм.  Қаласаңыз  да,  
қаламасаңыз да осы, - дедi.
Сонымен ақпан айында жұмысқа кiрiсiп кеттiк. 
Нарықтың    жойдасыз  қыспағына  қарамастан    екi 
жылдай  сүттей  ұйыған  ұжыммен  тiл    табысып 
жұмыс iстедiк. Бар мүмкiндiгiнше редакцияның iшкi 
өмi¬рiнде, жалпы басқару жүйесiндегi қалыптасқан 
жақ¬сы дəстүрлердiң баянды болуына күш салдым. 
Оны¬мыз  өз нəтижесiн бердi де.  Бiлiктi ғалымдар 
мен  мамандар  журнал  жұмысына  белсене  ара-
ласты.  Профессорлар  Ғарифолла  Есiмовтың,  Та-
лас  Омарбековтың,  Тұрсын  Жұртбаевтың,  Құлбек 
Ергөбектiң, Нұрақым Райхановтың қаламынан туған 
дүниелер  «Ақиқат»  арқылы  ғылыми  айналым¬ға 
түсе бастады. Сөйтiп, бiз журналдың  қоғамдық сая-
си мəртебесiмен қоса оның ғылыми-көпшiлiк  басы-
лым болуына да көп күш-жiгер  жұмсадық. 
Редакция еңбек ұжымының қоғамдық  өмiрiнде 
бiздiң  келуiмiзбен  бiрге  үлкен  серпiлiс  туды  деп 
ойлаймын.  Бiз  деп  отырғаным,  «Халық  кеңесi» 
жұмысын тоқтатқаннан кейiн менiң бiрiншi орынба-
сарым Жанболат Аупбаев  осы ұжымға бiрге келiп, 
бас  редактордың  бiрiншi  орынбасары  қызметiн 
атқара  бастаған.  Ал  макет  атаулының  майын  езiп 
iшкен Қыдекең - Қыдыралы Қойтай редакцияның жа-
уапты хатшысының орынбасары қызметiне бекiтiлдi.  
Нүрбибi Қыдырова, Айгүл Күнторова, Айжан  Мыр-
заханова,  Элмира  Ерғазина  жаңа  ұжымды  жатсын-
бай бiрден бiлек сыбана жұмысқа кiрiсiп кеттi.
Редакцияда қазақ зиялыларымен шығармашылық 
кездесулер,  дөңгелек  үстел  басындағы  сұхбаттар, 
журнал редакциялық алқасының көшпелi мəжiлiстерi 
жиi-жиi өтiп, мұның  өзi басылымның ма第мұндық 
жағынан байи түсуiне ықпал еттi. Редакцияда дəстүр 
сабақтастығы  берiк  сақталды.  Сарбас  Ақтаев, 
Еслəм  Зiкiбаев,  Болат  Бабақұлы,  Марат  Мəжитов, 
Батық Мəжитов, Мұрат  Күлiм¬бетов секiлдi ағалар  
қалыптастырған  тағылымы  зор  игi  бас¬тамалар 
Есенжан Қуандықов, Мұрат Төлеев, Мұхтар Анар-
беков секiлдi жастардың құлшынысын оятты.
«Ақиқат»  журналының  75  жылдығына  əзiрлiк 
жəне  оны  өткiзу  редакция  ұжымында    үлкен    бiр 
сер¬пiлiс,    құлшыныс  туғызды.  Оған    тайлы  
таяғымызбен    қатыстық.  Ортақ  шаруаға  қоғадай 
жапырыла  кiрiстiк.    Техникалық  қызметкерлерiмiз  
Жексеш  Қабылжанова,  Гүлжан  Күлiмбетова,  Шай-
зада Байкенова, Марта Жомартова, Мəлiк Мамырбай 
сондай-ақ  Қонысбай  Шəжiмбаев  та  бұл  науқаннан 
тыс қалмады.  
75 
жылдық 
дүркiреп 
өттi. 
«Дəуiр» 
баспаханасының  мəдениет  үйiнде  салтанатты 
жиын болды. Бұ¬рын ұжымда жұмыс iстеген еңбек 
ардагерлерiн,  қо¬ғам  қайраткерлерiн  шақырдық. 
Билiк  өкiлдерi  келiп,  құттықтау    лебiзiн  бiлдiрдi. 
О,  жылдары  журналымыздың  құрылтайшысы 
Қазақстан  Халықтары  Ассамблеясы  едi.    Соның 
жетекшiлерiнiң  бiрi  Əлихан  Байменов  компьютер 
сыйлады. 
Ұжымның  шығармашылық  мүшелерi  ара-
сында  бəйге  ұйымдастырылған  болатын.  Соның 
қорытындысы  шығарылды.  Төл  мерекемiзге  орай 
аудандарда,  жекелеген    еңбек  ұжымдарында, 
жоғары  оқу  орындарында  ұстаздармен,  сту-

41
денттермен  кездесулер  өттi.  Осының  бəрi  жур-
нал  қызмет¬кер¬лерiнiң  ықыласын  оятты.    Ша-
быттандырды.  Жаңа  тақырыптық  iзденiстерге 
жетеледi, авторлармен  жұмыс iстеу қолға алынды.  
Соның    нəтижесiнде  мi¬не,  оқырман  қауымның 
көкейiндегiiн    дөп  басатын  тың  мақалалар,  ой-
толғамдар журнал бетiнде жариялана бастады. Ретi  
келгенде  соның  бiрқа¬тарын  атап  айтуды  парыз 
көрiп  отырмын.  Мəселен,  академик    Ғарифолла  
Есiмнiң «Бүгiнгi қоғам – бүгiн¬гi сана» деп аталатын 
мақалалар сериясын,  Қалмұқан Исабаев пен  Сапар 
Байжан-Атаның «Қазақ жұр¬тының санасын да от-
арлау  ниетi – қауiптi»,  Əбдi¬ға¬ли  Əбдiманаповтың 
«Тұнық экономика – тұнық қоғамның негiзi»,  Талас 
Омарбековтың «Голоще¬киннiң құпия хаты»,  Есен-
жан Қуандықовтың «Гуманизм ұғымындағы кейбiр  
қайшылықтар»,  Серiк  Жа¬қыпбектiң  «Қазақ  қалай 
шоқындырылды?»,  Дастан  Сəтбайдың  «Тұлғалар 
немесе Абылай, Мұхтар, Қаныш үштағаны»,  Берiк 
Əбдiғалидың  «Саясатшылдық  шылауында»,  Се-
кен    Дорженовтың  «Қазақ  өркениет  көшiне  қалай 
iлеседi?», Сарбас Ақтаевтың Уəлихановтар əулетiне 
қатысты материалдар сериясын  атап өтуге болады.
Тоқсаныншы  жылдар  ел  өмiрiндегi  нарықтық 
эко¬номиканың    қылбұрауы  əрбiр  отбасына  сызат 
түсiргенi  белгiлi.  Осы  бiр  қиыншылық  «Ақиқат» 
жур¬налында  жұмыс  iстейтiн  қызметкерлердiң 
жанұясын  да  айналып  кете  қойған  жоқ.  Жалақы 
мен  қаламақыны  алу  графигi  үздiксiз  бұзылып, 
жанұяның қаржы есеп-қисабын соған сəйкестендiру 
ұмытыла  бастаған  кез.  Сондықтан  да    редакция 
қыз¬меткерлерi    бас  қосып,  осы  бiр  қиындықтан 
шығудың  қайтсек  жолын  табамыз  деген  мəселе  
төңi¬ре¬гiнде ой тоғыстырдық.  Ешкiмге де жасы-
рын емес, қоғамдық  қор құрып, оның менеджерлерi 
етiп,  бөлiм  редакторлары  Батық  Мəжитұлы  мен 
Мүсiлiм Тəт¬тiбаевты белгiледiк. 
Сөйтiп, қор атынан менiң қолыммен  жаңадан 
шыққан  байшiгештер мен қалталылар атына боратып  
хат жаза бастадық.  Тисе терекке, тимесе бұ¬таққа 
деген ой, ниет те болмай қойған жоқ. Ал бiрақ шын 
ниетпен  кiрiскен кезде алынбайтын қамалдың бол-
масы тағы анық. Батық  Жетiсудың жiгiтi, картопты 
елдiң  баласы.  Жұмысқа  алақанын    уқалай  кiрiскен 
Батекең бiр машина картопты редакцияның жанына  
қаңтарып қойып, елдi картоппен қарық қылғаны əлi 
есiмде. 
–  Мə,  бiр    қапшық  картоп,  кейiнгiсiн  тағы 
көре  жа¬тармыз,  -  деген    Батықтың    жарқын-
жарқын  да¬уысына өзi де риза, жұрт та риза бол-
ды.  Батекеңмен    Мүсiлiм  осы  қарқынмен  таймай 
«Сеймар»    корпорациясын,  «Сұлу»  сəн  ательесiн 
де қармаққа iлiн¬дiрiп едi.  Ал 75 жылдығымыздың  
дастарханын «Формация» акционерлiк  қоғамының  
Президентi Ке¬ңесбай Үшбаев ағамыз жасап бергенi 
əлi есте.
Заманына  қарай  амалын  жасаған  сол  аза-
маттар  өтпелi  шақта,  өлара  кезеңде  ауырдың 
үстiмен  же¬ңiлдiң  астымен  жүрудi  мақсат  етпедi. 
Қазақ  бас¬па¬сөзiнiң  қара  шаңырақтарының  бiрi 
«Ақиқаттың» ша¬ңы¬рағы шайқалмауына, түтiнiнiң 
тiк ұшуына иненiң жасуындай болса да үлес қосты. 
Сол үшiн де  оларға оқырман əулетi дəн риза!
Олара  кезеңнiң  алмағайып  күндерiнде  бiрге 
қызмет  атқарысып  бiр  сапта  болған  азаматтардың 
кейбiрi бүгiнде арамызда жоқ. «Ақиқаттың» тоқсан 
жылдық торқалы мерейтойы тұсында олардың есiмiн 
iлтипатпен  атап,  еске  түсiру  парызымыз.  Қазақтың 
айтулы  ақыны  Еслəм  Зiкiбаевтың,  қарымды  жур-
налист  Болат  Бабақұлының,  экономист  қаламгер 
Нұрақым Райхановтың, компьютер операторы Айгүл 
Күнторованың рухы пейiштен орын ала берсiн деп 
тiлеймiз.  Бiздер  тоқсан  жылдықпен  қарбаласып 
жатқанда  олар  да  орындарынан  бiр  аунап  түсiп 
жатқан болар. Амин!
«Ақиқаттың» 
ұстаханасынан 
шыңдалып 
шыққан  ендi  бiр  топ  əрiптестерiм  бүгiнде  ақпарат 
майданының  алдыңғы  шебiнде.  Менiң  бiрiншi 
орынбасарым болған Жанболат Аупбаев қазiр  «Еге-
мен  Қазақстан»  газетiнiң  бас  редакторы,  Батық 
Мəжитұлы «Мұқағали»  журналының бас редакто-
ры,  ал  Қыдыралы  Қойтай  «Ақиқат»  журналы  бас 
редакторының орынбасары,  Шайзада Байкенова «Ба-
лалар  əдебиетi»  баспасының  директоры.  Бұлардың 
қай-қайсысы да өз мамандығын мақтанышы  санаған  
азаматтар.  «Ақиқат»    iскерлiкке,  бiлiктiлiкке  сын 
болған  сол  бiр  жылдары  осындай  өз    iсiнiң  шын 
май¬талмандарының  арқасында  кiдiрiссiз  шығып 
тұрды!
* * *
1997  жылдың  қараша  айында    маған  «Қазақ 
əде¬биетi»  газетiне      Бас  редактор    болып  бару 
жөнiнде  ұсыныс  айтылды.  Ұсыныстың  аты ұсыныс.  
Ал бiз  журналистика  жауынгерiмiз. Қайда жұмыс 
iстесек  те,    өз  мамандығымызды  адалдық  секiлдi  
бiрiншi  орынға  қоямыз.  «Қазақ  əдебиетi»  газетiнiң  
бас редакторы, «Қазақ газеттерi»  жабық акционерлiк 
қоғамының  президентi, «Ана тiлi» газетiнiң  бас ре-
дакторы    қызметтерiнен  соң  2006  жылы    қараша 
айында  «Ақиқат»    қоғамдық-саяси  журналының 
тiзгiнiн екiншi рет ұстау  мүмкiндiгi болды. 
2006  жылдан  2009  жылдың  ақпанына  дейiнгi  
журнал  тiгiндiлерiн  қарап  отырсам,  жаңа  дəуiрдiң, 
жаңа ғасырдың сыр сипатын  əспеттеген, оқырманды 
жаңа  бетбұрысқа  жетелейтiн  материалдар  серия-
сын жариялауға  күш салған екенбiз. Журналдың 90 
жылдығына  əзiрлiк,  мiне,  осы  кездерден  басталған 
деп бiлемiн. Мақаламыздың  кiлтiне айналған арда-
гер аға Бəйкен  Əшiмовпен кездесу де сол осы бiр  
қауырт шаруаның  қамындағы бiр сұхбат  болатын. 

42
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Е
лiмiз тəуелсiздiк алған соң  көптеген 
басылымдардың 
оқырмандары 
тарихи 
тақырыпта 
жазылатын 
мақалаларға 
жаңа 
көзқарасты, 
жаңаша ойлауды талап ете бастады. Олардың ара-
сында «Ақиқаттың» орны бөлек болатын. өйткенi, 
журнал осы уақытқа дейiн коммунистiк партияның 
Қазақстандағы  басты  басылымдарының  бiрi 
ретiнде  негiзiнен  саясатқа  қатысты  жəне 
мəселелердi  бiржақты  жағымды  тұрғыдан  баян-
дайтын  бағытты  берiк  ұстанып  келген  болатын. 
Бұрын «Қазақстан коммунисi» деген атпен елдiң 
бəрiне мəлiм болған бұл журналдың атауының өзi 
ендi оқырманды үркiтетiн болды. Осындайда жур-
налды тəуелсiздiк психологиясына бейiмдеп қайта 
құру,  оны  бұрынғы  тоталитарлық  құрылыстың 
мəселелерiн  сын  көзбен  пайымдайтын  жаңа 
оқырманның  сүйiктi  басылымына  айналдыру 
қиынның  қиыны  едi.  Осындай  ауыр  жұмысқа 
мұрындық болу үшiн журналды басқаруға Камал 
Смаилов  келдi.  Ол  кiсiнi  оқырмандар  бұрынғы 
«Парасат»  журналының  бас  редакторы  ретiнде 
мойындап  үлгерген  едi.  «Парасат»  журналының 
Талас ОМАРБЕКОВ, 
«А и ат» журналыны  
1991-1998  жылдарда ы  
бөлiм редакторы
«АҚИҚАТ» ҚАЛАЙ 
АҚИҚАТТЫ АЙТА 
БАСТАДЫ?

43
да,  «Ақиқат»  журналының  да  жаңа  атауларын 
қойған осы Камал Смаилов болатын. 
О  бастан-ақ  Камал  Сейiтжанұлы  «Ақиқат» 
журналын  мазмұндық  тұрғыдан  түбiрiнен 
өзгертiп,  қайта  құруды  қолға  алды.  Осындай 
күрделi  үдерiстi  жүзеге  асыру  үшiн  ол  кiсi  жур-
нал  жұмысына  ғалымдарды  көптеп  тартты. 
Онда  қызмет  жасауға  əртүрлi  салада  татымды 
мақалаларымен  көрiнiп  жүрген,  қаламы  ұшқыр 
жаңаша тұрғыдан мəселеге баға бере алатын аза-
маттар шақырылды. Мысалы, əдебиет мəселелерiн 
ғылыми тұрғыдан ұлттық көзбен талдап жазатын 
Құлбек Ергөбек, соңынан белгiлi ғалым, сол кез-
де  Мұхтар  Əуезовтың  мұражайының  директо-
ры  болып  қызмет  атқаратын  Тұрсын  Жұртбаев, 
философиядан  бүгiнгi  күнi  елге  танылған  жəне 
сенатор қызметiнде жүрген Ғарифолла Есiм, эко-
номика саласынан нарықтық қатынастарды терең 
талдап жазатын Нұрахым Райханды, тарих сала-
сынан менi – Талас Омарбековты Камал Смаилов 
журналдың  толық  ставкадағы  əдеби  қызметкерi 
ретiнде қабылдады. Соңынан бiздiң бəрiмiз өзiмiз 
басқаратын  салалар  бойынша  бөлiм  меңгерушiсi 
болып  шыға  келдiк.  Ол  кiсi  бiздерге  барлық 
жағдай  жасап,  жеке-жеке  кабинеттер  бердi.  Со-
нымен бiрге бiз, бұрынғы негiзгi қызметтерiмiздi 
де  атқара  бердiк.  Материалдық  жағынан  қолдау 
қажет болып жүрген бiздерге бұл тiптен қолайлы 
болды.  Сонымен  бiрге,  аталған  кiсiлердiң  бəрi 
баспасөз  бетiнде  өз  бағыттары  бойынша  зерттеу 
мақалаларын  жариялап  жүргендiктен,  мұндай 
ұсынысты  қуана  қабылдады.  өйткенi,  «Ақиқат» 
журналы  республикалық  қоғамдық-саяси  басы-
лым ретiнде, əсiресе, тiл-əдебиет жəне қоғамдық 
ғылымдар  саласында  ғылыми  еңбектердi  көптеп 
басатын журнал едi. 
Камал  Смаилов  аптаның  белгiлi  бiр  күнiнде 
бiздердi  тұрақты  түрде  жинап,  журналдың  жаңа 
санын  дайындауға  белсендi  қатыстыратын. 
Мұндайда  əркiм  өзiнiң  пiкiрiн  емiн-еркiн, 
көсiле  баяндайтын  едi.  Ғалым-зерттеушiлердiң 
ұсыныстары  көбiне  бас  редактордан  қолдау  тау-
ып,  өмiрге  жаңа  ғылыми  зерттеулер  келiп,  олар 
журналдың келесi санында жарияланып жататын. 
Əлi  күнге  дейiн  менi  Камал  Сейiтжанұлының 
iзденiмпаздығы, сыпайылығы мен мəдениеттiлiгi, 
жəне қарапайымдылығы қатты таңдандырады. Ол 
кiсi  мiндеттi  түрде  редакция  қызметкерлерiнiң 
əрбiр мəжiлiсiне өзiндiк ұсыныспен келетiн. Аса 
қиын тақырыптарды олардың əлi де жаңаша зерт-
теле қоймағанына қарамастан, журналда көтерудi 
ұсынатын.  Əсiресе,  бұл  Қазақстан  тарихының 
мəселелерiне қатысты едi. Осы тұста ұлт-азаттық 
қозғалысындағы тарихи тұлғалардың тағдырлары, 
ислам дiнiнiң тарихына байланысты көзқарастар, 
Алаш қозғалысының күрделi тағдыры, қазақ бай-
ларын  кəмпескелеудiң  жəне  қазақ  шаруаларын 
зорлап  отырықшыландырудың  мəселелерi,  1929-
31  жж.  кезiнде  бандиттiк,  контрреволюциялық 
деп бағаланған халық көтерiлiстерi, «сталинизм» 
тұсындағы  саяси  қуғын-сүргiндер,  тың  игерудiң 
ауыр экологиялық жəне демографиялық зардапта-
ры тəрiздi аса күрделi, «ақтаңдақ» мəселелерi ендi 
журнал  бетiнде  ашық  айтылатын  жəне  жарияла-
натын болды. 
Белгiлi  бiр  бағыттағы  зерттеулердi  қолға 
алған,  кеңестiк  кезеңде  айтуға  рұқсат  етiлмеген 
мəселелердi көтерiп жүрген ғалымдармен сұхбат 
өткiзу,  дөңгелек  үстел  ұйымдастыру  əдеттегi 
мəселеге  айналды.  Мұның  өзi  журналдың 
оқырмандарын  шұғыл  арттырды.  Бұрын  кол-
хоздар  мен  совхоздардың,  оқу  орындарының 
басшыларының  күшiмен  таралым  жинайтын 
журнал,  ендi  жаңа  тəуелсiз  қоғамдағы  шынайы 
оқырмандарын тапты. Қазақ зиялылары бұл жур-
налды iздеп жүрiп оқитын басылым ретiнде мой-
ындады жəне оны жоғары бағалап тани бастады. 
Ендi  «Ақиқатта»  мақала  жариялау  айтарлықтай 
тартымды 
болды. 
Қазақ 
зиялыларының 
«Ақиқатта»  жарияланған  мақалаларды  ғылыми 
конференцияларда, əртүрлi отырыстарда талқылап 
отырғанының  талай  куəсi  болдық.  Осылайша, 
«Ақиқат»  шын  мəнiнде  өзiнiң  атына  заты  сай 
бағалы басылымға айналды. Ғалымдарға ғылыми 
дəреже жəне атақ беретiн республиканың Жоғарғы 
Аттестациялық  Комиссиясы  көп  кешiкпей-ақ 
журналды  ғылыми  танымдық  басылым  ретiнде 
мойындап,  онда  жарияланған  мақалаларды 
ғылыми  еңбектер  тiзiмiне  кiргiздi.    Осыған  бай-
ланысты  диссертация  қорғауға  талаптанған 
iзденушiлер  өздерiнiң  еңбектерiн  «Ақиқат»  жур-
налында  жариялауға  тырысатын  болды.  Яғни, 
«Ақиқат»  республикамыздың  қоғамдық-саяси 
жəне əлеуметтiк ғылымдар саласындағы көптеген 
ғалымдар мен iзденушiлердiң ғылыми еңбектерiн 
қалың оқырманға таныстырып, оларға ғылымның 
бұралаң жолында жаңа табыстар тiледi. Осының 
бəрi  «Ақиқатты»  ғылыми  басылымдар  қатарына 
көтердi. 
Сонымен  қатар  журнал  күрделi  ғылыми 
мəселелердi  жұртшылыққа  түсiнiктi,  тартымды 
жəне  əдеби  тiлмен  баяндай  бiлгендiктен,  қалың 
оқырманға жол тартты. Оны ғалымдар ғана емес, 
қарапайым  қазақ  азаматтарының  көбiсi  қызықты 
журнал ретiнде жоғары бағалайтын болды. Айта 
кету  керек,  «Ақиқаттың»  бұл  табысы  Камал 
Сейiтжанұлынан кейiн бас редактор болған Сар-
бас  Ақтаевтың,  Жұмабек  Кенжалиннiң,  Ахат 

44
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Жақсыбаевтың тұсында жалғасын тапты. Əрине, 
əр  редактордың  өзiндiк  ұстанымы,  жұмыс  стилi 
болатындықтан,  «Ақиқаттың»  бағытында  да 
өзгерiстер  көрiнiс  бердi.  Десек  те  журнал  өзiнiң 
алғашқы  бас  редакторы  –  Камал  Смаиловтың 
негiзгi  ұстанымын  халықтың  ұлттық  санасын 
жəне тарихи бiлiмiн көтеру жолын ту етiп ұстап, 
осы бағытпен өркендей бердi. 
Журналды 
қалыптастыруға 
редакцияда 
ұзақ жылдар бойы бас редактордың орынбасары 
қызметiнде болған белгiлi қазақ жазушысы Марат 
Мəжитовтың  еңбегi  аса  елеулi.  Ол  ғалымдардың 
еңбегiне  түсiнiстiкпен  қарап,  мүмкiндiгiнше 
олардың  жазу  стилiн  сақтауға  жəне  мақаланың 
ғылыми  мазмұнын  жоғалтпауға  барынша  күш 
салатын.  Бас  редакторларымыз  да  оған  үлкен 
сенiм көрсетiп, мақалаларды өңдеу мəселесiндегi 
барлық жауапкершiлiктi осы Маратқа жүктейтiн. 
«Ақиқат»  журналы  саяси-қоғамдық  басы-
лым  ретiнде  Қазақстанның  тəуелсiздiкке  барар 
жолындағы  ауыр  мiндеттердi  арқалап,  өзiнiң 
борышын  адал  өтеген  басылым  болып  табы-
лады.  Оны  оқыған  қазақ  азаматтары  тарихпен 
тəрбиеленiп,  ұлттық  санадағы  ауытқулардан  бас 
тартып,  қазақ  деген  халықтың  рухани  жəне  сая-
си мақсаттары үшiн күресу рухында тəрбиелендi. 
Ол  тəуелсiз  Қазақстанның  бiрнеше  ұрпағын  осы 
бағытта баулып, жас ұрпақтың жаңаша ұстанымға 
деген  көзқарастарын  берiк  қалыптастырды. 
Əрине,  əр  дəуiрдiң  жəне  əрбiр  тарихи  кезеңнiң 
өзiндiк  бағдары  жəне  жаңа  мiндеттерi  көрiнiс 
берiп  отыратыны  белгiлi.  «Ақиқат»  та  осындай 
құбылмалы кезеңдерден өткен, қазақтың тəуелсiз 
ойлау  жүйесiн  насихаттап  жəне  қолдап  келе 
жатқан қасиеттi басылым. Оның алдында тұрған 
мiндеттер  шынында  да  аса  ауқымды.  Осыны 
түсiне  отырып,  өзiмiздiң  сүйiктi  журналымызға 
қиын  да  күрделi  ұлттық  мүдденiң  мəселелерiне 
адал  қызмет  ете  беруге  тiлектестiгiмiздi  тағы  да 
бiлдiргiмiз келедi.  

45
Г лнар  збекова,
әл-Фараби атында ы  аз У-
ды  доценті, ф. .к.
«АҚИҚАТ» 
ЖУРНАЛЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Автор рассматривает пути становления и раз-
вития журнала «Ақиқат».
The author of this article examines how the 
formation and development of the journal «Akikat».
Ө
ткен  ғасырдың  жиырмасыншы 
жылдарының  басында  «Қызыл 
Қазақстан»  деген  атпен  жарық 
көріп,  бүгінгі  тəуелсіз  еліміздің 
айшықты  басылымына  айналған  «Ақиқат» 
журналының  тарихы  тым  тереңде.  Басылым  та-
рихы  –  ұлт  тарихының  айнасы  дейтін  болсақ, 
еліміздің  күнгейлі  шуақты,  көлеңкелі  ызғарлы 
тоқсан  жылға  жуық  тарихы  «Ақиқатпен»  біте 
қайнасып жатыр. Уақыт бұл басылымды тар жол 
тайғақ  кешуден  өткізеді.  Қазақ  зиялыларының 
басына  бұлт  үйрілген  зұлмат  жылдарда  осы 
журналдың  қолымен  от  көседі,  қаһарлы  жыл-
дар мен партияның қылышынан қан тамған одан 
кейінгі кезеңдер де өз қиыншылықтарымен тарих 
беттеріне жазылды. Солай бола тұра, ол қай кезде 
де өз халқының мінберінен сөйлеп, оның əрі тірегі, 
əрі жанашыры бола білді. Қандай қиын кезде де 
уақыт үрдісіне орай күрделі-күрделі мəселелерді 
көтеріп отырды.
Баспасөз  болмысымыздың  барометрі  дейтін 
болсақ, «Ақиқат» та дəуір тынысына, заман рухы-
на сай қоғамдық-əлеуметтік ойдың қалыптасуына 
өріс ашты. Халықтың саяси, рухани жəне мəдени 
жағынан  түлеп,  өсіп-өркендеуіне  айтарлықтай 

46
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
ықпал етті. Еліміздің тарихы, қасиетті жері үшін өз 
басын құрбан еткен боздақтарымыздың өмірімен 
таныстырып, отаншылдық сезімге тəрбиелеуде де 
үлкен  ықпал  етті.  Бұл,  əсіресе,  еліміз  егемендік 
алып, журнал өз атын «Ақиқат» деп атағалы бері 
айқын аңғарыла бастады. «Ақиқат» демекші, жур-
нал осы атты иемденгенше оның аты да, шығарушы 
құрылтайшылары  да  бірнеше  рет  өзгерді. 
Бастапқыда  РК(б)П  Қырғыз  (қазақ)  облыстық 
комитетінің журналы ретінде тұсауын кескен бұл 
басылым алғаш 1921 жылдың 15-ші қыркүйегінде 
жарық  көрді.  1924  жылдан  ол  Қазақстан  КП(б) 
өлкелік комитетінің органы болып шыға бастады. 
1931-1932 жылдары ол оқырмандарының қолына 
«Қазақстан большевигі» деген атпен тиіп тұрады. 
1932 жылы аз ғана уақыт «Ауыл коммунисі» деген 
шығып тұрды.
Журнал  жылнамашыларының  деректеріне 
сүйенсек,  Ұлы  Отан  соғысының  ауыртпалығына 
байланысты  1942-1944  жылдар  аралығында 
уақытша  жабылып  қалған.  Бұл  Ұлы  Отан 
соғысы  жылдарының  ауыр  зардаптарының  жур-
нал  өміріндегі  бір  көрінісі  еді.  1945  жылдың 
басынан  «Қазақстан  большевигі»  қайтадан  өз 
оқырмандарымен  қауышты.  Ал  1947  жылы  өз 
тарихында екінші рет «Коммунист» деген атауға 
қайта оралып, 1952 жылға дейін осы атпен жарық 
көрсе, 1952 жылдан «Қазақстан коммунисі» деген 
атқа ие болды. Журнал осы «Қазақстан коммунисі» 
атауымен 40 жылға жуық уақыт шықты. Еліміздегі 
демократиялық  өзгерістер,  қоғамдық  сананы 
сілкіндірген  соны  леп  бұл  басылымның  өміріне 
де өз жаңалығын ала келді. Сөйтіп, 1991 жылдың 
қараша  айынан  журнал  «Ақиқат»  деген  атпен 
жарық  көріп  келеді.  Оның  не  себепті  «Ақиқат» 
деп аталғаны  туралы журналдың сол  кездегі бас 
редакторы, белгілі қоғам қайраткері Камал Смай-
ылов  өз  естелігінде  былай  деп  жазады:  «1991 
жылы  Орталық  партия  комитеті  тарап,  журнал 
бұрынғы  атпен  шығуын  тоқтатқанда,  оны  қалай 
сақтау  керек  деген  мəселе  туды.  Ұлттық  Ғылым 
академиясына,  «Білім»  қоғамына  барыңдар  деді. 
Олардың өздері де жетісіп отырған жоқ, журнал-
ды  қалай  алсын.  Содан  ойланып,  бір  телефон-
нан  соң  сол  кездегі  Жоғарғы  Кеңестің  төрағасы 
Ерік  Асанбаевқа  бардым,  əңгімелестім.  Екеуміз 
Орталық комитетте қатар қызмет істегенбіз. Оған 
жағдайды айтып едім, келісе кетті. Екі газеті бар 
Жоғарғы Кеңес енді екі теориялық-саяси журнал-
ды алса да көптік жасамайды ғой деп ұйғардық. 
Ендігі  саясат  –  халықтікі,  идеология,  теория  – 
мемлекеттік  дегенге  келдік.  Оның  атын  өзгерту 
керек  болды.  Редакцияда  бəріміз  жиналып,  атын 
іздедік.  «Саясат»,  «Шындық»,  «Ой  көкжиегі» 
деген  аттар  ауызға  айналды.  Біреулер:  «Пара-
сат» деген ат тамаша келіп тұр, бірақ сіз оны ана 
журналға  беріп  кеттіңіз  ғой»  деді.  Сонда  маған 
«Парасатқа» ұқсас, мағыналас сөз еске келді. Мен 
«Ақиқат» деп атайық деген ұсыныс жасадым. Бəрі 
қостады. Осылайша, мен екі журналдың атының 
авторы болдым».
Журналдың  аты  неше  рет  өзгергенімен 
оның  заты,  ұстанған  бағыт-бағдары  өзгерген 
жоқ.  Қайта  ел  егемендігімен  бірге  өзіне  үлкен 
жауапкершілік  жүктеп,  заман  талабына  сай 
пайым-парасаты  биік  сан  қырлы  тың  дүниелер 
бере бастады. Өйткені, тарих ақиқатқа түпкілікті 
айтылса,  онда  басылымның  беті  ашық,  жүзі 
жарқын,  жолы  даңғыл,  оқырманы  көп  болады 
емес  пе?  Журнал  өзінің  алғашқы  қадамынан 
халықтың  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтап,  елдің 
мүддесі  мен  мақсатын  көздей  білді.  Бұл  орайда 
журналдың аяқтанып кетуіне сол тұстағы «Елім, 
жұртым, халқым» деп еңіреген ұлт зиялыларының 
барлығы  атсалысты.  Журналдың  қайнар  бастау-
ында – Абдолла Асылбеков, Ерғали Алдоңғаров, 
Нəзипа  Құлжанова,  Нығмет  Нұрмақов,  Сейділда 
Төлешов,  Смағұл  Сəдуақасовтардың  басылымға 
басшылық жасауы үлкен бедел əкелді. Олар салған 
сара  жолды  қоғам  қайраткерлері  –  М.Атаниязов, 
Ə.Əйтиев, Н.Бозжанов, Ғ.Бұзырбаев, О.Жандосов, 
Т.Жүргенов,  О.Исаев,  І.Қабылов,  С.Меңдешов, 
Л.Мирзоян, Т.Рысқұлов, атақты ақын-жазушылар 
С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Əуезов, 
Ғ.Мүсірепов,  С.Мұқанов,  И.Байзақов,  белгілі 
журналист-ғалымдар  Ж.Арыстанов,  С.Бəйішев, 
С.Бейсенбаев, С.Ордабеков, А.Елшібеков, С.Есова, 
Қ.Сəтбаев, 
Қ.Сағындықов, 
М.Мамажанов, 
К.Қазыбаев, Қ.Смайылов, С.Ақтаев, А.Жақсыбаев, 
Н.Оразбек  сынды  қайраткерлер  іскерлікпен 
жалғастыра білді. Бұлардың қай-қайсысы болса да 
күш-қуатын басылымның ұстаханасына арналған. 
Бүгінгі «Ақиқат» сол тамыры терең жатқан, рухы 
биікте қалқыған үлгі-өнеге мектебін жалғастырып 
келеді.
Журналдың  даму,  өсу  жолы  ел  тарихының 
айтулы,  маңызды  кезеңдерімен  тығыз  байланы-
сты.  Ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру,  қазақ 
халқының ғылым-білімге ұмытылысы, Ұлы Отан 
соғысы жылдарындағы ел басына түскен қабырға 
қайыстырар ауыртпалықтар, тың игеру, одан бергі 
санамызда  жаңғырған  басқа  да  оқиғалар  басы-
лым  беттерінен  айшықты  түрде  көрініс  тауып 
отырды.  Ал  журналдың  соңғы  жылдардағы  сан-
дарында  республикамыздың  егемендік  алғаннан 
кейінгі  қадамдары,  оны  нығайту  жолындағы 
мемлекет,  қоғам  қайраткерлерінің,  зиялы  қауым 
өкілдерінің  ой-толғаныстары,  сыни  пікірлері 

47
жарияланып  келеді.  Ана  тіліміз  бен  дініміз  ту-
ралы  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  мəдени 
өміріміздегі  шындықты  еш  боямасыз  жариялап 
келе жатқан да осы «Ақиқат».
1999  жылдың  12  маусымы.  Бұл  тəуелсіз 
Қазақстанның  ақпараттық  кеңістігінде  тұңғыш 
рет  тұсауы  кесілген  «Қазақ  газеттері»  жабық 
акционерлік 
қоғамы» 
атты 
қаламгерлер 
қауымдастығының  Алматы  қалалық    Əділет 
басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күн. 
Шынын  айту  керек,  осы  бір  айтулы  дата  қазақ 
баспасөзінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген 
қарапайым  журналситер  үшін  көптен  күткен  сəт 
болғанымен, ал енді бір топ үшін күмəнді нəрседей 
көрінгені де рас еді. Нарықты экономиканың жой-
дасыз  қылбырауына  түскен  қазақ  баспасөзі  осы 
бір  жылдары  тауқыметтің  қақпақылына  түскені 
ешкімге  жасырын  емес.  Əсіресе,  мемлекеттік 
қаржыландырудан тыс қалып, онсыз да қалт-құлт 
күнін  көріп  жүрген  руханият  апталықтары  мен 
журналдары қайранға шығып қалды. 
Ел ішіндегі жоқшылық пен қаржы тапшылығы 
газет, журналдарға жазылу науқанына да аз зарда-
бын  тигізген  жоқ.  Бір  жылдардағы  100  мыңдық, 
200  мыңдық  баспасөз  таралымдары  əп-сəтте 
құлдырап,  2  мыңдық,  3  мыңдық  деңгейге  түсті. 
Ал басылымның таралым тиражынан айырылуы, 
оның қаржылық əлеуетіне едəуір соққы болғаны 
анық. Сөйтіп екі жақты қыспаққа түскен қазақ ба-
сылымдары баспахананың алдында шаш-етектен 
шығынға  батты.  Журналистер  жылдап  қаламақы 
алуды, айлап айлық алуды ұмытты. Газет-журнал 
өндірісіндегі  осы  бір  қиямет-қайым  əдебиет  пен 
мəдениетті  ардақтайтын  оқырман  қауымды  ру-
хани жұтаңдыққа, ақпараттық тапшылыққа алып 
келгені айдан анық.
Бұл  үдерістің  осылайша  кете  беруі  мүмкін 
емес  еді.  Өйткені,  ел  тағдырын  ойлайтын, 
халық  қамын  жейтін  азаматтар  осы  мəселенің 
қайткенде  де  бір  шешім  табуы  жолында  ой  са-
былтты.  Сөйтіп,  «Қазақ  əдебиеті»,  «Ана  тілі», 
«Ақиқат», «Жұлдыз», «Мысль», «Простор», «Уй-
гур авази» секілді алды 70-80 жылдық тарихы бар 
басылымдардың басын мүліктік негізде біріктірген 
бір  шығармашылық  қауымдастық  құру  керектігі 
айқын  байқалды.  Сөйтіп  Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың арнайы нұсқауымен Қазақстан Ре-
спубликасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет 
төрағасының  бұйрығымен  «Қазақ  газеттері»  деп 
аталатын жабық акционерлік қоғам дүниеге келді.
«Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамы 
секілді үлкен қауымдастықтың басқару аппаратын 
құру, оның жұмысын жүйелеу, бір арнаға бағыттау 
ғана  жеңіл  болғанымен  қыруар  күш-жігерді 
қажет еткені сөзсіз еді. Бас-басына билік құрып, 
бұрыннан  өз  шаруашылығына  бауыр  басып, 
үйреніп  қалған  газет-журнал  басшыларымен  тіл 
табысып, жұмыс істеу бір жағынан мəмілегерлікті, 
екінші  жағынан  əкімшілік  ресурстарды  ұтымды 
пайдаланып,  іске  қосу  өнерін  қолдануды  талап 
етті.  Алғашқы  екі-үш  жыл,  əрине,  газеттер  мен 
журналдардың  өндірістік  əріптестері  алдындағы 
қарыздарын  қайтарумен  кетті.  Мұның  сыртын-
да  журналистердің  жылдар  бойғы  алынбаған 
қаламақысы мен айлығы өтеу міндеті тағы тұрды.
2002-2003  жылдары  акционерлік  қоғам 
өміріндегі  серпіліс  алға  ұмтылыс  кезеңі  десе  де 
болғандай.  Бұл  кезеңде  қауымдастыққа  қарасты 
газеттер мен журналдар жаңаша түр, мазмұнмен, 
полиграфиялық  безендірумен  шыға  бастады. 
Басылымдардың таралым ауқымы ұлғайды.
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  саласында 
өмірдің  өзі  ұстанып  отырған  талаптарға  сай  за-
манауи менеджмент мен маркетингті енгізу өзінің 
нақты  нəтижелерін  бере  бастады.  Газеттер  мен 
журналдардың  облыстардағы  күндерін  өткізу, 
басылымдардың  əрқайсысы  өзінің  тақырыптық 
саласына  байланысты  ғылыми  практикалық 
конференциялар  ұйымдастыру,  оқырмандармен 
сұхбаттасу,  ашық  күндерін  өткізу  секілді 
іргелі  шараларды  қолға  алу  дəстүрге  айналды. 
Міне,  осының  бəрі  айналып  келгенде  еліміздің 
ақпараттық  кеңістігінде  өзінің  лайықты  ор-
нын  алуға  ұмтылған  «қазақ  газеттері»  секілді 
шығармашылық қауымдастығы еңбек ұжымының 
ұмтылысының жарқын бір көрінісі.
2006  жылы  Қазақстан  Республикасының 
«Ақционерлік  қоғамдар  туралы»  заңының  та-
лаптарына  сəйкес  «Қазақ  газеттері»  жабық 
акционерлік  қоғамы  жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестік  болып  қайта  құрылды.  Сөйтіп  оның 
алдына  бұрынғыдан  да  зор  жаңа  міндеттер 
қойылды.  Ал,  ол  биіктен  көріну  газеттер  мен 
журналдардың  тұтқасында  отырған  басшыларға, 
басшы  біреу  болғанда  өзгелері  тіреу  болатын 
еңбек  ұжымдарына  тікелей  байланысты.  Қазір 
жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  құрамында 
алты  басылым  бар.  «Ана  тілі»  ұлт  апталығын 
республикамызға  белгілі  білікті  қаламгер  Самат 
Ибрагим  басқарса,  «Экономика»  газетіне  Пре-
зидент  сыйлығының  лауреаты  Ахас  Тəжуытов 
жетекшілік  етеді.  «Уйғур  авази»  газетінде  ұзақ 
жылдардан  бері  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 
қайраткері  Юлдаш  Азаматов  басшылық  жасап 
келеді. Үстіміздегі жылдан бастап 90 жылдық та-
рихы бар, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси жур-
налына  филология  ғылымдарының  кандидаты 
Мұхитден Салқынбаев редактор болып қызметке 

48
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
кірісті.  Республикамызға  белгілі  саясаттанушы 
Сейдахмет  Құттықадам  үш-төрт  жылдан  бері 
«Мысль»  журналының  тұтқасын  ұстап  отыр.  Ал 
«Алаш»  сыйлығының  лауреаты,  белгілі  жазу-
шы  Қуандық  Түменбай  «Үркер»  журналының 
бас  редакторы.  Бір  айта  кетерлігі  біз  ғасырға 
жуықтап қалса, ал «Экономика», «Үркер» секілді 
басыламдардың өз оқырмандарының көзайымына 
айнала бастағанына бар-жоғы екі-үш-ақ жыл бол-
ды.
Қауымдастыққа  еніп  отырған  газеттер 
мен  журналдар  тақырыптық  жағынан  бірін-
бірі  қайталамайтынын  ескерсек,  бұның  өзі 
басылымдардың  таралым  аудиториясының  əр 
алуандығында  айқын  байқатады.  Айталық, 
оқырман қауымға тіл тағдырының ұраншысы бо-
лып отырған «Ана тілі» апталығының, «Ақиқат» 
пен  «Мысль»  секілді  зиялылар  басылымның 
ақпараттық  кеңістіктегі  өзіндік  орнын  нық 
белгілегенін  оқырман  қауым  бұрыннан  білетін 
болса,  республикалық  түкпір-түкпіріне  енді-енді 
жете  бастаған  «Экономика»  газеті  мен  «Үркер» 
журналы  да  осы  үдерістен  өз  үлесін  алып  қалу 
үшін қажыр-қайрат жұмсауда.
Ұлттық 
қоғамдық-саяси 
«Ақиқат» 
журналының  еліміздің  ақпараттық  кеңістігінде 
алатын  өзіндік  орны  бар.  Журналдың  даму  өсу 
жолы республика тарихындағы айтулы, маңызды 
кезеңдермен  тығыз  байланысты.  Мəселен 
ауылшаруашылығын  ұжымдастыру,  елді  ин-
дустияландыру,  қазақ  халқының  ілім-білімге 
ұмтылысы,  Ұлы  Отан  моғысы  жылдарындағы 
ел  басына  түскен  оқиғалар  басылым  беттерінен 
лайықты көрініс тапты.
Ал журналдың 1991 жылдан бергі нөмірлерінде 
республикамыздың  егемендік  алғаннан  кейінгі 
қадамдары,  оны  нығайту  жолындағы  мемлекет, 
қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің 
ой-толғаныстары,  ғылыми  əлеумет  өкілдерінің 
теориялық  байыптамалары,  сыни  пікірлері  жиі 
жарияланып  отыр.  Қазақстанның  бір  байлығы 
халықтар  достығы  мен  қоғамдық  келісім  идея-
сын  жүзеге  асыру  болса,  осы  мақсатта  журнал 
айырықша роль атқарып келеді. Демек, бұл басы-
лым өзінің о бастағы қоғамдық-саяси теориялық 
журнал  деген  мəртебесіне  сай  шығып  отыр  де-
ген  сөз.  Бұған  дəлел  ретінде  əріге  бармай-ақ 
журналдың  2009  жылғы  жарияланымдарына  көз 
жүгіртсек  болғаны.  М.Əбілтайынның  «Қазақтың 
рулық  қоғамы»  (№1,  2009  ж),  М.Тəтімовтың 
«Зұлмат пен зардап» (№5-6, 2009 ж), С.Ақтаевтың 
«Мағжан  мен  Хамза»  (№5,  2009  ж),  Ғ.Есімнің 
«Акме  қоғам  –  Нұқ  кемесі»  (№9-10-11,  2009  ж) 
деген  толғамы  терең  туындылары  оқырмандар 
назарын  аударғаны  сөзсіз.  Журнал  редакциясын-
да  қазақ  зиялы  қауым  өкілдерінің  басқосуы  жиі 
өтіп,  онда  қоғамдық  өміріміздегі  болып  жатқан 
сан  салалы  мəселелер  талқылау  өзегіне  айнала-
ды.  Оның  нəтижесі  журнал  беттерінде  жарияла-
нып, оқырмандар назарына ұсынылады. Сондай-
ақ,  журналдың  «Заманхат»,  «Жаңа  əлемдегі 
–  Жаңа  Қазақстан»,  «Ізгілікті  қоғамға  барар 
жолда»,  «Дүниетаным  диалектикасы»,  «Саясат 
пен парасат», «Экономика – пайым мен бағдар», 
«Ақтаңдақтар ақиқаты», «Тұлғалар тұғыры», «Ме-
рейтой», «Ата тарих толғауы», «Тылысым дүние 
тағылымы», «Тарихтан тəбəрік», «Ғаламдық сая-
сат  ғибраты»,  «Зерттеу»,  «Дүниетаным»  ділі», 
«Имандылық  иірімдері»,  «Білгенге  –  маржан» 
сияқты салиқалы да салмақты жəне т.б. айдарла-
ры оқырмандар талабына жауап беріп, көңілінен 
шығып келеді.
1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы/ Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы. «Қазақстан энциклопедиясы» Бас редак-
циясы, 1998 ж – 182 б.
2. Медетбек Т. Қайтпас та қайсар басылым // Егемен Қазақстан. – 2006. – 11-қазан
3. Кенжалин Ж. Халықшылдық рухтың қарекетін кестелеген // Ана тілі. – 2009. – 29 – желтоқсан

49
ХХ 
ғасыр  қазақ  елі  үшін  өте  
күрделі    кезең    болды.  Қазақ 
Ресей    империясымен,  одан 
бертін  келе  Кеңес  Одағының  қазанымен  бірге 
қайнап,  «арпалыс  ала  құйын  заманаларды» 
(Қасым Аманжолов) басынан өткерді. Ауыс-күйіс 
кезеңдерде төл публицистикамыз еліміздің жүріп 
өткен  тар  жол  тайғақ  кешуінің  шежіресі  бола 
білді.  Қиналғанда  демеу  болып,  жігерлендірді, 
адасқанда жарқын жолға бастайтын  жолсілтеуші, 
бағытбағдар  беруіші  болды.  Əйтсе  де,  кешегі 
Кеңес өкіметі тұсында қатаң идео¬логия  əсерінен 
қазақ  баспасөзінің  мазмұны  өзгеріске  ұшырап, 
қызыл    империялизмнің  насихат  құралына  
айналғаны белгілі. «Ешқандай  ұлттың,  ұлыстың, 
мемлекеттің,  жеке  тұлғаның  тарихы  –  белгілі 
бір  идеологиялық  негізсіз  хатқа  түспеген»1  деп 
тарихшы-публицист Тұрсын Жұртбай айтқандай, 
сол заманда публицистика да  идеологиялық негізсіз 
жазылмады. Əлихан, Ахмет, Мұқамеджан  секілді 
ұлт жанашырларының көсемсөзде салған сүрлеуі 
басқа арнаға бұрылып, қазақ мүддесін көздейтін  
емес  пролетариат  үдесінен  шығуы  тиіс  болды. 
Дей тұрғанмен, ұлтым дегенде  ет жүрегі елжіреп, 
жұртым  деп  жүдейтін  зиялы  публицистеріміз  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет