Л исаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» мм



бет5/39
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#122695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
(55 ойыншық)



  1. «Бәрі қанша құс болды?»

Мынау да бір санамақ,
Өздерің көр саралап:
Төбеден төрт бөктергі,
Аңдыпты қос кептерді.
Шаңқылдаса көк қарға,
Үн қоспапты көп қарға.
Секем ап бір дауыстан,
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты,
Тым – тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты,
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап,
Топ – топ тоғыз тоқылдақ,
Қарғып кеткен топырлап.
Сөйтіп, қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды?
(31 құс)



  1. «Бәрін бірге ойлап қой»

Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең бамқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(17 бас мал)



  1. «Торғай нешеу?»

Талдан ұшты топ торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында төртеу қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келеді,
Алдында төртеу, топ келеді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзеліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу есепкер.
(бес торғай)



  1. «Қосу»

Дүкеннен кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші,
Сонда бәрі,
Қанша болды,
Қолда бары?
(Алты)
Математикалық тақпақтар.

  1. «Қуырмаш»

Қуыр – қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш. Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек, Шылдыр шүмек,
Кішкентай бөбек.
Қуыр – қуыр ... , -
Бас бармақ, сен тұр, қойыңа бар,
Балаң үйрек, сен тұр, қозыңды бақ. Ортан терек, жылқыңа бар,
Шылдыр шүмек, сен, түйеңді айда. Кішкентай бөбек, кішкенем, сен үйде қазанның түбін қырып жеп, пеш түбінде жата ғой.



  1. «Саусақтар»

Балаларым тұрыңдар
Сөзге мойын бұрыңдар!
Бас бармақ!
Жатып алдың талайдан, Бұзауларды бақ айнам.
Кешке үйге келгенде,
Құйып берем ақ айран. Балаң үйрек!
Шөп жиналып бітпеген, Сен сонда бар жұртпенен. Кешке үйге келгенде Май беремін, құрпенен.
Ортаң терек! Сен ортаншы бөбегім, Қырда бүгін көп егін. Сен қырманнан келгенде Кәмпитті үйіп – төгемін.
Шылдыр шүмек! Еңбек еткен жақсы адам, Қарбыз жина бақшадан. Дастарқанға сен үшін, Тәтті нанды көп салам .
Кішкентай бөбек! Жатып бекер жеп – ішпе, Үй жұмысын сен істе. Кешке қарай өзіңді Тойдырамын жеміске.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет