Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Демек адамдар ұжымдарының мақсатты бағытталған қызметін, адамдар басқаратын
техниканың және табиғат күштері мен техниканың жұмыс істеуін талдаумен байланысты
проблемалар шеңбері, үлкен ұйымдык жүйелерге қолдануға ыңғайлы жүйелер теориясының
пәні болып саналады.
ДӘРІС №3 КИБЕРНЕТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕ Дәрістің мән мәтіні Мақсаты:Кибернетикалық тәсілдеме негіздерін үйрену
Дәріс жоспары 1. АЖ құру кезіндегі кибернетикалық тәсілдеме
2. Ақпарат және басқару
Негізгі тҥсініктер:кибернетикалық тәсілдеме, басқару есептері, еліктемелік модель,
агенттік модельдеу, дискреттік-оқиғалық модельдеу, жүйелік динамика, белгіленген қадам
тәсілі, оқиғалық әдіс, тұрақтандыру, шектеу.
Тақырыптың мазмҧны:К и б е р н е т и к а – динамикалық жүйелермен басқарумен
байланысты акпараттық үдерістерді зерделейтін, табиғаттағы, қоғамдағы, тірі организмдердегі
және машиналардағы басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. К и б е р н е т и к а л ы қ т ә с і л д е м е - кибернетика қағидаттары негізінде, жекелей алғанда, тікелей және кері
байланыстарды анықтау, басқару үдерістерін зерделеу, жүйелер элементтерін әлдебір «қара
жәшіктер» (олардың кіретін және шығатын ақпараты ғана зерттеушіге қолжетімді, ал ішкі
құрылғы белгісіз болуы мүмкін жүйе) ретінде жүйелер элементтерін қарастыру кӛмегімен
жүйелерді зерттеу.
Жүйелердің ішкі құрылымы модельденетін талдамалық тәсілдемеден ӛзгешелігі - «қара
жәшік» әдісінде жүйелердің сыртқы атқарымы модельденеді. Осылайша, эксперимент
жасаушы кӛзқарасы тұрғысынан жүйелер (модельдер) құрылымы, жүйелердің тәртіптік
ерекшеліктерін ғана имитациялайтын (еліктеу) қара жәшікте жасырынған.
Кибернетикалық тәсілдемеде, оған жасалатын сұратулар типі бойынша ажыратылатын
ақпараттық модельдерді зерттейді: жүйелердің сыртқы әсерге жауап қатуын модельдеу;
жүйелердің ӛзгеру динамикасын болжау; құндылықтардың берілген атқарымдарына қатынасы
бойынша жүйелер параметрлерін оңтайландыру; жүйені адаптивті басқару.
Кибернетика мен жүйелердің жалпы теориясының ортақ нәрселері кӛп, мысалы,
зерттеу объектісін жүйелер түрінде елестету, жүйелердің атқарымдары мен
құрылымдарын зерделеу, басқару проблемаларын зерттеу және т.б. Бірақ жүйелер
теорияларынан
ӛзгешелігі
кибернетика,
зерттеу
объектілерінде
ақпараттар
ағындарының әр түрлерін, оларды ӛңдеу, талдау, түрлендіру, беру тәсілдерін бӛліп
кӛрсететін және зерделейтін, басқару үдерістерін зерттеуге ақпараттық тәсілдемені
тәжірибеде қолданады.
Адам немесе құрылғы тудыратын ақпараттық әсер арқылы жүйелердің мақсатты
бағытталған тәртібін қалыптастыру үдерісі жалпыланған түрде басқару болып
түсіндіріледі. Басқарудың мынадай есептерін атауға болады:
мақсат құру есебі (жүйенің тәртібін немесе қажет күйді анықтау);
тұрақтандыру есебі (ауытқымалы әсерлер жағдайларында жүйелерді сол күйде
ұстап тұру);
бағдарламалдарды орындау есебі (басқарылатын шамалардың мәні белгілі
детерминацияланған заң бойынша ӛзгерген кездегі жағдайларда жүйені талап