Қимыл-қозғалыс қабығы организмнің ерікті, белсенді әрекетін іске асыруға, оны ұйымдастыру мен бағдарлауға жауапты. Ерікті қимыл-қозғалысты ұйымдастыру– бас ми шарының қимыл-қозғалыс анализаторының құрамына кіретін 2 бөлімді зонаға сүйенетін күрделі процесс. Мидың постцентральды
аймағы әрекетті импульстарды топологиялық ұйымдастыруды қамтамасыз етіп, оларды белгілі-бір ісәрекеттік актіні орындауға бағыттайды.
Ми қабығының примоторлы бөлігі іс-әрекеттен оңай екінші әрекетке өтуге мүмкіндік жасап, әр түрлі жеке-жеке актілерді қимылдық әдеттерге айналдыруға жағдай жасайтын әрекеттердің кинетикалық ұйымдасуы. Моторлы бөліктің нейтрондары бұлшықеттерге пирамидалы және экстрапирамидалы жүйемен импульстарды жібереді.
Пирамидалы жүйе қимыл-әрекет анализаторының төменгі бөліктерінен артқы ми элементтеріне дейін бағдар құрады. (контралирует). Пирамидалық жүйенің зақымдануынан танымдық әрекеттердің бұзылысы көрініс береді.
Экстрапирамидалы жүйе қосымша қимылдарды орындау, бұлшықет тонусы, мимикалық әрекетті орындауға қатысады. Бұл жүйеге зақым тиюінен қимыл-әрекеттің еріксіздігі зардап шегеді.
Орталық жүйке жүйесі әрекеттері механизмімен байланысты аномальді балалардағы психомоторлы бұзылыстардың жалпы көрінісін сипаттау мидың маңдай бөлігінің дисфункциясының бұзылу себебін көрсетеді, қозу мен тежелу процесі қалыптылығының қызметінің бұзылуы жоғарғы ми функциясының жетіспеушілігі себебінен туындайды.
Педагогика және психология ғылымдары шеңберіндегі көптеген ғалымдар бала бас миының жұмысы мен оның психикалық дамуы оның моторикалы жағдайымен байланысын көрсетіп берді. Сеченов қозғалыс функцияларын орталық жүйке жүйесінің функциясымен байланыстырып, орталық жүйке жүйесіне әр түрлі қимыл-қозғалысты реттейтін аймақ ретінде қарап, ондағы қимыл белсенділігі аймағына көп көңіл бөледі. Ми әрекетінің әр түрлі сыртқы шексіз көріністері бір ғана құбылысқа – бұлшық еттік қозғалысқа жанасады.