Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс Зияты дамымаған балалардың зейінінің ерекшелігі



бет6/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЗЗБ псих иннов лекция

5-дәріс Зияты дамымаған балалардың зейінінің ерекшелігі.


Зейін бұл психикалық іс - әрекеттірдің белгілі бір объектіге шоғырлануы және бағытталуы. Ол сенсорлы , интелектуалды және қозғалыс белсенділігінің деңгейін жоғарлатады. Зейін аса маңызды психикалық процесс. Зейін базалық психикалық процесс болып табылады, басқа психикалық функцияларды және әрекет түрлерін «қоректендіреді».
Зейін қабылданған ақпаратты ұйымдастырылған және мақсатқа бағытталған түрде реттейді, психикалық белсенділікті белгілі бір объектіде немесе әрекетте ұзақ уақыт шоғырландырады, сонымен қатар танымдық іс - әрекеттерді бағыттайды.
Зейін қабылдаудың нақтылығын және бөлшектілігін анықтайды, есте сақтаудың беріктігін, сонымен қатар ойлау мен қиялдың бағыттылығы мен өнімділігін анықтайды. Осылайша зейін арқылы барлық танымдық жүйенің сапасы мен қызметінің нәтижесі жүзеге асырылады.
Зейін арқылы әсер етуші факторлардың нәтижесінде сезімталдық өзгеріске түседі. Баланың зейінінің тұрақсыздығы, оның білім алуына кедергі келтіреді. Барлық жастағы олигофрен баланың зейінінің тұрақсыздығы белгілі бір түрде олардың ерік – жігер сферасының әлсіздігіне негізделеді. Олар ұзақ уақыт орындалып жатқан объектіге зейіндерін шоғырландыра алмайды.
Зиятында бұзылысы бар балалардың зейіні ырықсыз болып келеді.Баланың зейінінің құрамы оның кемістік құрылымына байланысты әсіресе, зейін көлемінің аздығы және оның қысқа мерзімділігі қозғыш оқушыларға тән. Бұл балалар импульсивті және тұрақсыз болып келеді.
Зиятында бұзылысы бар кіші сынып оқушылары белгілі бір тапсырманы орындау кезінде зейін салмайды, соның салдарынан оқуына кедергі жасайды, көптеген қателіктер жіберуіне алып келеді. Олигофрен баланың зейінінің тұрақсыздығы олардың ерік жүйесінің әлсіздігіне байланысты. Олар белгілі бір әрекетке зейіндерін тұрақтата алмайды, алаңдаушылықсыз жұмысты орындай алмайды.

Дамуында ауытқуы бар балалардың зейіндерін зерттеуде көптеген ғалымдар үлес қосқан.


Л.С. Выготский көптеген зерттеушілерге қосылып, зиятында бұзылысы бар балалардың ырықты зейінін қарастырған. Ол зейіннің 2 түрі бар деген зерттеушілерге қосыла отырып, ырықты зейіннің әлсіздігінің себептерін анықтауға тырысқан. Л. С. Выготский ырықты зейіннің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылуымен байланыстырған, ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен болған.
Көмекші мектеп оқушыларының зейінінің дамуы өте төмен. Олар қандай да бір объектіге немесе бейнеге қарағанда олардың ең негізгі элементтерін байқамайды.
Психикалық белсенділіктің ауытқуының ең негізгі себебі бас миының фазалық жағдайдың қысқа уақыттық үзілісі. Оны психологтар басқаша «Психикалық процестің шаршағыштығы» деп атайды. Бұл шаршағыштық ақыл – ойдың бірақ белсенділігінен кейін пайда болуы мүмкін.
Мұндай психикалық белсенділік тонусының төмен түсуі әр бір жалпы мектептегі жүйке жүйесі әлсіз балаларда кездеседі. Дегенмен көмекші мектеп оқушыларының психикалық белсенділік тонусының төмендеуі жиі жүреді .
Мұндай балаларды Е.Д. Хомская және Э.С. Мандрусова зерттеген. Э.С. Мандрусованың мәліметтері бойынша мұндай церебрастеникалық жағдай зияты дамымаған балаларда жүреді. Бұл жағдайлар мектепте оқылатын пәндерді меңгеруде қиындық туғызады.Оның зерттеулерінде зиятында бұзылысы бар балаларға жатқызуға болмайтын цереброастеникалық себептерге байланысты, олар жалпы мектепте білім ала алмайды.
Зейіннің күрделі және жартылай бұзылуы немесе тербелуі оларға жалпы мектептің бағдарламасымен қатар көмекші мектептің бағдарламасын меңгеруге кедергі келтіреді. Олардың психикаларын, ұзақ уақыт жарақаттаушы мектепке үлгермеушілік бұл балаларда невротикалық және психопатқа тән синдромдарды туғызады.
М.С Певзнердің клиникалық және патофизиологиялық зерттеулер бойынша, зияты дамымаған балалардың жоғарғы жүйке әрекеттерінің бұзылысы жүйке процесстерінің бұзылысы мен олардың белсенділігіне негізделеді. Сонымен қатар М.С. Певзнердің айтуы бойынша зиятында бұзылысы бар балаларда жүйке процесстерінің байланысы бұзылуы байқалады. Басқаша айтқанда тежелу қозудан басымырақ немесе керісінше қозу тежелуден басымырақ. Көптеген авторлар зиятында бұзылысы бар балаларда қысқа уақыттық фазалық жағдайлар байқалатынын және оқу іс - әрекеті кезінде зейіннің тұрақсыздығына әкелетінін анықтаған.
А.Р. Лурия және Е.Д. Хомская зейіннің нейрофизиологиялық негіздерін қарастырылады. Е.Д. Хомскаяның зерттеуінде селективті зейінге аса мән берілген. Бұл зейін қажетті ақпаратты және ұстауы қарастырады.

Хомская зейіннің тұрақсыздығын қарастыру барысында оның себептірін анықтай отырып, шартты ақыл – ой әрекетін кеңінен зерттеген. Адамның зейін ерекшеліктерін қарастыру барысында бас ми қабының жеке бөлектерінің өте үлкен рөл атқаратынын атап өткен.


И.Л. Баскакованың зерттеуінде көмекші мектеп оқушының зейінін анықтау үшін біртіндеп күрделенетін эксперименталдық тапсырмалар жүйесін қолданған. Ол біртекті жұмыстарды орындау барысындағы зейін тұрақтылығын зерттеген. Бұл тапсырмаларды ол біртіндеп күрделендірген.
Зиятында бұзылысы бар балалардың зейінінің ерекшеліктерін зерттеу барысында қалыпты дамудағы балалардың зейіндерін салыстырмалы түрде зерттеген. Көптеген зерттеулер нәтижесінде көмекші мектеп оқушыларының әсіресе бас миының органикалық зақымдалуы бар балалардың зейіндерінің бұзылуы аса айқын болады. Олардың оқу процесіндегі оқу мен жазуды меңгермеушілік бас миының нейродинамикалық бұзылуымен түсіндірілмейді. Зейінді арнайы дағдыландыру арқылы өзіндік бақылауға үйрету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет