Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

Жан-жақтан  ағылған  қарақұрым 
халық алаңға сыймай кетті. Біреуді біреу 
танып-білер  емес,  у-шу,  азан-қазан.  Ел 
əбден  жиналды-ау  деген  кезде  Қазақбай 
ортаға атып шығып:
– Обкомның бірінші хатшысы Моро-
зов  алаңға  келсін!  Көпшіліктің  алдына 
шығып,  сауалдарына  жауап  берсін! – 
деп айғай салып еді, жұршылық қостай 
кетті.
–  Морозов  алаңға  келсін! – Нөпір 
халықтың айқайы жер-көкті жаңғыртып 
жіберді.
– Қайда жүр, өзі?
– Халықтан əулие емес, шықсын!
– Сауалымызға жауап берсін!
– Талабымызға құлақ ассын! – деген 
дауыстар  əр тұстан шығып жатты.
–  Ағайындар, – деді  Қазақбай  дауы-
сын  əдейі  созып, – дау-дамайға  жол 
бермеңіздер,  кикілжің  болмасын,  тəртіп 
сақтаңыздар!  Осыны  сіздерден  өтініп 
сұраймыз!
Ащы да болса...

№2    2015    А И АТ
74
74
Шерушілердің  шеруін  жіті  бақылап 
тұрса керек, шекпенділер көп күттірген жоқ. 
Бір топ болып келіп, шікірейіп-шіреніп тұра 
қалысты.  Целиноград  облыстық  партия 
комитетінің бірінші хатшысы Николай Мо-
розов алдыға озып, микрофонға тақап кел-
генде  жұртшылық  қол  шапалақтап,  үлкен 
құрмет-қошемет білдірді. Қалың қауымды 
бір шолып шығып, жиналғандардың басым 
көпшілігі  өрімдей  жастар  екенін  байқаған 
аймақ басшысы: 
–  О,  студенттер  жиналған  ба? – деп 
сырғақтата  бастай  беріп  еді,  жұрт  қай-
тадан дүрлігіп кетті: 
– Біз – соғысқа қатысушылармыз!
– Біз – еңбек ардагерлеріміз!
– Біз – жұмысшылармыз!
– Біз – əйелдерміз! – деп шуласып, тек 
студенттер  ғана  жиналмағанын  есіне 
сал ғандай  болды.  Сонда  ғана  аңдамай 
сөйлегенін аңғарған Морозов:
–  Иə,  иə,  дəл  солай, – деді  күміл-
жіңкіреп. – АҚШ пен КСРО арасындағы 
стра тегиялық  қару-жарақты  қысқарту 
жө нінде  келісім-шартқа  қол  қойылды! 
– деп жұрттың назарын басқа жаққа ау-
дару  мақсатымен  аталмыш  құжаттың 
мəн-маңызы туралы айта бастап еді, жи-
нал ғандар тағы да шуылдап қоя берді:  
– Біз оны тыңдау үшін келгеміз жоқ! 
Неміс автономиясы құрыла ма, жоқ па? 
Соның нақты жауабын айт! – Халықтың 
қабағы қатулы, қаһары қатты. 
Дəл  осы  кезде  көпшілік  арасынан 
суырылып шыққан Қазақбай облыс басшы-
сының жанына жетіп барып:
– Біздің талабымыз біреу-ақ: қазақ же-
рінде неміс автономиясы болмасын! – деді  
балаң үйрек саусағын шошайтып, – Сіздер 
тату-тəтті  тұрып  жатқан  халықтарды  ше-
кара  арқылы  бөліп,  ұлтараздығын  өзде-
ріңіз  қоздырып  жатырсыздар!  Бізді  авто-
номдық қорғандармен бөлудің түкке қажеті 
жоқ,  сондықтан  айтқанымызға  құлақ  асу-
ларыңызды қалаймыз!
Дəл осы кезде ортаға жұлқына шыққан 
ақ көйлекті əдемі ару Қазақбайдың қатарына 
тұра қалып: 
–  Менің  аты-жөнім – Алтыншаш 
Бейсембаева, – деді  бастырмалатып, 
дауы сында  білінер-білінбес  діріл  бар, 
–  Ерейментау – киелі  өңір.  Осы  жер 
үшін  батыр  бабаларымыз  жатжұрттық 
басқыншылармен  жан  аямай  соғысты, 
қан төкті. Бұл жер – ата-бабадан қалған 
мұра.  Қазақ  тірі  болса,  мұны  ешкімге 
бермейді! Немістерді бұрынғы мекеніне 
–  Ресейге,  Сібірге  неге  жібермейді? 
Ашсын сонда мемлекеттігін!  Қазақ же-
рінде  неміс  автономиясы  құрылады 
деген жарлық шыққан күні осы алаңға 
ке ліп,  өзіме  керосин  құйып  өртеймін!.. 
Ерейментауды  немістерге  беру – қа-
зақтардың  жүрегін  тірідей  суырып 
алғанмен бірдей, кешірілмес күнə, ауыр 
қылмыс.  Жерімнен  жаным  садаға! – 
Ашуға булыққан бойжеткен сөзін аяқтай 
алмай қыстыға жылап жіберді
Қаршадай  қыздың  жүрегін  жарып 
шыққан  жанайқайын  естігенде  жиналған 
жұрт  тебірене  толқып,  қозғалақтап  кетті. 
Көп  арасында  сезімдеріне  ие  бола  алмай, 
қосыла  жылағандар  да  болды.  Осындай 
ұрымтал  сəтті  сəтімен  пайдаланған 
Қазақбай  есебін  тауып,  автономияға 
қарсы  болып  жүрген  неміс  ұлтының 
өкілі – Кондрат  Вагнерді  ортаға  шы-
ғарып жіберді: 
–  Қазақстанда  неміс  автономиясын 
құрудың  түкке  де  қажеті  жоқ.  Халық 
мұны  бəрібір  қолдамайды.  Бұрын  ол 
Ресейде болды, тіпті, олардың өзі қарсы, 
олай  болса,  неге  Қазақстан  келісуі 
керек?  Қазақ  халқының  қарсылығын 
заңды  құбылыс  деп  есептеймін, – деді 
ол  ағынан  ақтарылып, – Соғыс    жыл-
дары  қиындықпен  жер  ауып  кел генде 
қазақтар  бауырына  басты,  дəм-тұз-
дарын  алдымызға  қойды,  аузымызға 
тосты.  Керек  десеңіз,  арам  қатпасын 
деген  аяушылық  сезіммен  бала-шаға-
ларының аузынан жырып, бір жапырақ 
нандарына дейін бөліп берді. Сондықтан, 
қазаққа  қиянат  жасауды  Құдай  да 
кешірмейді.  Біздің  Қазақстаннан  авто-
номия  сұрауға  ешқандай  хақымыз 
жоқ.  Қазақтарды  мен  қос  қолдап  қол-
даймын,  олардың  талабы  орынды.  Қа-
зақстанда  неміс  автономиясын  құру 
–  кеңінен  ойластырылған  шешім  емес. 
Бұнымен  мəселе  еш  шешілмейді,  қай-
та  күрделене  түседі.  Бұл  немістерге 
жасалған  жақсылық  емес,  жамандық: 
екі  ұлттың  арасына  от  тастау,  айтыс-
тыру,  шағыстыру,  қырқыстыру  деген 
сөз. Керек десеңіз, бізді мазақ ету,  тағы 
да тағдырдың тəлкегіне ұшырату! Сон-
дықтан,  бұған  біз  де  үзілді-кесілді  қар-
Думан РАМАЗАН. Алаң

№2    2015    А И АТ
75
75
сымыз! Егер, ұлы орыс халқы шынымен 
бізді жарылқағысы келсе, автономияны 
тарихи отанымыз – По волжьеден ашсын! 
Себебі,  оның  негізі  қай  жерде  қаланса, 
сол жерде заңды жалғасын табуы керек!
  Осыдан  кейін  ғана  барып  облыс  бас-
шысы негізгі мəселеге көшті:
–  Мен  бұл  мəселе  жөнінде  жаңа  ғана 
Қазақстан  Компартиясының  бірінші  хат-
шысы  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаевпен 
сөйлестім. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депу-
таты, облыстық партия комитетінің бірінші 
хатшысы  ретінде  айтарым:  Қазақстанда 
ешқандай  неміс  облысы  болмайды, – деді 
əр  сөзіне  салмақ  артып. – Қазақстанда 
неміс  автономиясын  құру  туралы  мəселе 
күн тəртібіне  қойылған жоқ, қойылмайды 
да, бүгін де күн тəртібінде жоқ!
Күткен  жауаптарын  естіген  жұрттың 
күпті көңілі тыншу тауып, абыр-дабыр сая-
бырси бастады.
–  Бұған  сенбеңдер,  алдап  тұр! – деді 
бірлі-жарым  адам  айғайға  басып.  Бірақ, 
жиналғандардың  басым  көпшілігі  сенді, 
талап-тілектері  орындалып,  мақсаттарына 
қол  жеткізгендей  қуаныштары  қойын-
дарына  сыймай,  бөріктерін  аспанға  атып 
жатты. 
–  Егер,  өтірік  айтса,  сөзіміз  жерде 
қалса,  бұдан  да  өткен  қарсылық  көрсе-
теміз,  бүкілхалықтық  шерулер  өткі земіз! 
–  десті  көпшілік, – Облыс  басшысы  жал-
ған  сөйлемейтін  шығар!  Ал,  алдап  соқ са, 
халықтың  қаһары  мен  қарғысына  ұшы-
райды!
–  Ортамызға  келіп,  əділ  шешімді  жет-
кізгеніңіз үшін сізге көп рахмет! – деді тағы 
да  Қазақбай  сөз  алып, – Айтқаныңызға 
иман дай сенеміз! Қуанышымыз шексіз! Тек 
тағы  бір  мəселенің  басын  ашып  алмасақ 
болмайын деп тұр! 
–  Ол  не,  айт! – деді  облыс  басшысы 
бəлсінбей.
–  Ол  мынау:  құқық  қорғау  орған-
дарының  қызметкерлері  біздің  жүрген 
ізімізді  аңдып,  жөн-жосықсыз  тергеп-
тексеріп,  қоқан-лоққы  көрсетуде.  Біз 
ешқандай  қылмыс  жасаған  жоқпыз, 
тек өз құқығымыз үшін алаңға шығып, 
талап-тілегімізді  білдірдік.  Айты ңыз-
шы,  осы  үшін  қуғындауға  бола  ма? 
Сондықтан,  бізге  бұдан  былай  қо қан-
лоққы  жасалмауын  талап  етеміз.  Еш-
кім  жазаға  тартылмасын,  соған  уəде 
беріңіздер! – деді Қазақбай бар мəселені 
бірден шешіп кетуге тырысып.
Морозов  бөгелген  жоқ,  сол  бəз-баяғы 
сабырлы қалпында:
– Ешқандай қуғындау болмайды, ешкім 
жазаға тартылмайды. Өйткені, мен алаңға 
жиналғандардың  арасынан  басбұзарлар 
мен  бұзақыларды  көріп  тұрғамын  жоқ! 
Сіздер 
біздің 
болашағымызсыздар, 
өзіміздің 
үміт 
артқан 
талапты 
жастарымызсыңдар,  іштеріңде  оқу  озат-
тары  мен  комсомолдар  да  бар.  Талап-
тілектерің орынды! Қазақстан бөлінбейді, 
бөлшектеуге ешкім де құмартып отырған 
жоқ! – деді емен-жарқын.
Аймақ 
жетекшісінің 
жүрекжарды 
лебі зіне  қалың  қауым  имандай  ұйыды, 
шын  ниеттерімен  риза  болды.  Осыдан 
кейін-ақ көңілдері жайланған жұртшылық 
біртіндеп тарай бастады.
***
Целиноградтан  соң  шағын  митин-
гілер  мен  демонстрациялар  Атбасарда, 
Ерейментауда, Көкшетауда болып өтті.
Қазақ  жастарының  алаңға  шығып, 
шеру  ұйымдастырып,  табанды  талап 
қоя білуінің арқасында Орталық Коми-
тет  Қазақстанда  неміс  автономиясын 
құрудан  саналы  түрде  бас  тартты.  Ақ 
дегені  алғыс,  қара  дегені  қарғыс  бо-
лып, қылышынан қаны тамып тұрған 
кеңестік империяның əділетсіз шешіміне 
қасқайып  қарсы  шыққан  жасөрендер  
астамшыл биліктің қолға алған кесірлі 
бастамасын  жүзеге  асыртпай,  жаты-
рында тұншықтырып өлтірді.   Соның 
нəтижесінде Қазақстанда тұрып жатқан 
кейбір ұлт өкілдерінің əркез ұлттық ав-
тономия сұрап емексуі су сепкендей ба-
сылды.  Бұл  сол  бір  жылымық  кезеңде 
ұлттық  құндылықтар  тұрғысынан  қа-
ға  жу  көре  бастаған  қазақ  халқы  үшін 
ірі жеңіс болатын...
Ащы да болса...

№2    2015    А И АТ
76
76
Алты  алаштың  ақсақалы  Ахаң  (Ахмет 
Байтұрсынов)  сонау  бір  ақтың  ақ  болмай, 
қара болып, қараның қара болмай, ақ болып, 
халқына  адал  қызмет  еткендердің  барлығы 
халық жауы атанып, дүниенің астан-кестеңі 
шығып  жатқан  аласапыран  бір  кездер-
де  «Асықпаңдар,  артымызда  қазы  бар, 
Сүйегіміз  тексеріліп  таразыға  талай  əлі 
тартылар» десе, алаштың ақтаңгер ақыны 
Мағжан «Елге еңбегін сіңірген ер қымбат. 
Ердің  елге  бағасы  қаны  бір  болуда  емес, 
жаны бір болуда; қуаныш-қайғысы ортақ 
болуда. Ердің бағасы елге еткен еңбегінің 
зор яки кішілігінде емес, ел деген жүрегінің 
таза болуында; ер өмірінің өрі мен көрі ел 
өмірінің  өрі  мен  көрімен  бір  болуында» 
(Мағжан  Жұмабаев,  Шығармалары.  Ал-
маты, «Жазушы», 1989, 345-бет) – деп, 
бұл сөздердің мəнін аша түскендей  болған 
екен. Өздерінің, «елім» деп жүрген басқа да 
өз  замандастарының  басынан  өтіп  жатқан 
келеңсіз  жағдайларға  орай  жазылған  бұл 
сөздердің  көрегендікпен  айтылғандығын, 
өміршеңдігің  бүгінгі  күн  дəлелдеп  отыр. 
Соның  бір  мысалын  аса  көрнекті  қоғам 
жəне  мемлекет  қайраткері,  ұстаз,  ғалым, 
қаламы  жүйрік  көсемсөзші,  ақын,  аударма-
шы,  ең  бастысы  қазақтың  біртуар  айтулы 
азаматтарының бірі Сұлтанбек Қожановтың 
тағдырынан көреміз.  
Он  тоғызыншы  ғасырдың  соңында 
Қаратаудың  теріскейіндегі  алыс  ауыл 
Ақсүмбеде  өмірге  келген  Сұлтанбектің 
тіршілік  ғұмыры  ХХ  ғасырдың  басын-
да  Түркістан  өлкесінде  өткен    аласапы-
ран  оқиғалардың  қақ  ортасында  өтті. 
Бар  саналы  ғұмырын  туған  халқына 
адал қызмет етуге арнаған Сұлтанбектің 
тағдыры  да  елімен  еншілес  болды. 
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ, 
С. Демирел атындағы университет 
ректорының кеңесшісі, филология    
ғылымдарының докторы, 
профессор
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ІРГЕСІН 
ҚАЛАСҚАН ҚАЗАҚ
Халқымен бірге оның жарқын болашағы 
үшін  күресті.  Осы  жолда  бақытын  да 
көрді;  халқы  нəубетке  ұшырағанда,  осы 
жолда  құрбандық  болып  кете  барды. 
Сол  себепті  де  ұлттық  дамудың  тари-
хи  тегершігі  кері  айналған  тұстарда,  С. 
Қожанов  та  «ұлтшылдықпен»  айыпта-
лып,  халық  жауы  атанды;  ұзақ  жыл-
дар  бойы  есімі  «жабық»  болып  келді. 
Сұлтанбектің  есімі  кеңес  өкіметі  жыл-
дарында  ақталғанымен  де  оның  шын 
мəніндегі  халқымен  қауышуы  еліміздің 
тəуелсіздік  алған  жылдарында  болды. 
Қазір  тəуелсіз  Қазақстанның  рухани 
көгінде Сұлтанбек Қожановтың жұлдызы 
жарқырай түсуде.
1937  жылы  ұсталып, 1938 жылы  халық 
жауы  ретінде  Мəскеуде  атылған  «қазаққа, 
жалпы  түркі  жұртына  айтулы  еңбек 
сіңіріп,  өшпес  із  қалдырған  ірі  тарихи 
тұлға»  (А.  Шəріп)  С.  Қожановтың  есімі 
жиырма  жылдай  жабық  болып,  заманның 
өзге руімен 1957 жылдың 5-шілдесінде  ақ-
талды.  Ақталды  дегенмен  де  кеңес  өкіметі 
жылдарында  оның  есімі  халыққа  еңбек 
сіңірген  қоғам  қайраткері  есебінде  емес, 
кө бі не 
ұлтшылдардың, 
компартиялық 
«сара  жолға»  қарсы  шыққандардың    қата-
рын   да  аталып  келді.  Мысалы,  С.  Мұ-
қа   новтың  елуінші  жылдардың  соңы, 
ал  пысыншы  жылдардың  басында  жа-
зылған мемуарлық «Өмір мектебінде»  С. 
Қо жанов  ту ралы  біршама  шындықтың 
сілемдері    көрінгенмен  де  түптің  түбінде 
оны  антипартиялық  бағыттағы  қай-
раткер  ретінде  бейнеленді.  Десек  те, 
«қып-қызыл коммунист» С. Мұқановтың 
ай тып  отырғандары  сол  көздің  көзімен 
қарағанда,  жағымсыз  көрінсе  де,  бүгінгі 
күннің  оқырманы  тəуелсіздіктің  көзімен 
қарағанда,  Сұлтанбектей  ардагерін  тани 
түскендей болады. 
С. Қожановтың азаматтық, қайраткерлік, 
шығармашылық  бейнесін,  жалпы  тұлғасын 
танытқан    Р.  Бердібай,  Т.  Қожакеев,  Ə. 
Тə кенов,  Т.  Көлбаев,  М.  Қойгелдиев,  Б. 
Тағдыр

№2    2015    А И АТ
77
77
Қойшыбаев,  Қ.  Ергөбек,  Ж.  Əлмашұлы,  А. 
Шəріп, Х. Тұрсын, А. Тасымбеков, Д. Сал-
қынбек,  Ж.  Симтиков,  Ж.  Уалханова,  А. 
Əбікей,  т.  б.  еңбектері  жарық  көрді.  Осы-
лардың  ішінде  Сұлтанбек  туралы  арнайы 
зерттеу  кітаптарын  жазған  Жолтайдың  (Ж.  
Əлмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы. Алматы, 
«Қазақстан», 1994, 128 бет), Амантайдың (А. 
Шəріпов. Сұлтанбек Қожанұлы - əдебиетші. 
Алматы, «Ер-Дəулет», 1994, 98 бет), Бейбіттің 
(Б. Қойшыбаев. Сұлтанбек Қожанов. Алма-
ты, «Қазақстан», 2007, 320 бет)  еңбектерін 
алдымен, атап өткен жөн. Соңғы жылдарда 
Сұлтанбектей сайып қыранның қайраткерлік 
тұлғасын  тануда    тарих  ғылымының  док-
торы,  профессор  Хазіретəлі  Тұрсынның 
біршама  жемісті  еңбек  етіп  келе  жатқанын 
айта кеткен лазым. Ол шəкірті А. Əбікеймен 
бірге  өмірі мен қызметінің негізі өткен Таш-
кент  қаласының  мұрағаттарынан  көптеген 
деректер тауып, Сұлтанбектанудың деректік 
негіздерін  байы та  түсті.  Х.  Тұрсынның 
жетекшілігімен  дайындалып  жатқан  С.  Қо-
жановтың көп том дығының алғашқы шыққан 
бірінші томы түгелдей бұрын белгісіз болып 
келген  мұрағаттық  құжаттар  мен  матери-
алдардан  тұрады.  Десек  те,  еліміз  дамудың 
тəуелсіздік  жолына  түсіп  ұзаған  сайын    С. 
Қо жанов мұрасының ұлттық қырлары жар-
қырай  түсуімен  бірге    Сұлтанбектану  да 
мұнымен  тоқталып  қалмайды.  Уақыт  өте-
ді.  Зымыраған  уақытпен  бірге  заман  да 
өзгеріп, алға жаңа міндеттер қойып оты-
рады.  Алда  тұрған  сондай  міндеттердің 
бірі – ұлтымыздың  ұлт  болып,  еліміздің 
ел  болып  қалыптасуына  тарихи  үлес 
қосқан  ерен  тұлғаларымыздың  артын-
да  қалған  мұрасына,  үлгісіне  бүгінгі 
күн  сайын  өзгеріп  жатқан  биіктен  көз 
жіберу,  топалаң  уақыттардың  басып 
қалған  тозаңдарынан  аршып,  жаңадан 
жарқырай  түскен  қырларын  аша  түсу, 
ең  соңында  ұлы  арыстарымыздың  ру-
хани  мұрасын,  асыл  өсиеттерін  бүгінгі 
ұрпақтың  кəдесіне  жарату  мақсатымен 
насихаттау  болмақ.  Өтпелі  кезеңде  əрі-
сəрі  күйде  тұрған  бүгінгі  қазақ  елі  үшін 
С.  Қожановтың  артында  қалған  мұрасы 
Шолпан  жұлдыздай  жарқырап,  алға 
басар  жолды  нұсқап  тұрғаны  тарихи 
шындыққа  айналып  келе  жатқанын  əр-
дəйім еске салып тұрғанның артық тығы 
жоқ. 
С.  Қожанов 1894 жылы  қыркүйек  айы-
ның 10-шы  жұлдызында  қазіргі  Оңтүстік 
Қазақстан  облысы  Созақ  ауданының  Ақ-
сүмбе  аулында  өмірге  келген.  Көпбалалы 
отбасында  өскен  ол  жастайынан  пысық 
болып  өседі.  Ауыл  молдасынан  ерте    хат 
таныған  Сұлтанбек  Түркістан  қаласындағы 
орыс-түзем  бастауыш  мектебін (1910), 3 
сыныптық қалалық мектепті (1913) бітірген. 
Оқып  жүрген  кезінде  əке-шешесіне  салмақ 
түсірмеу  үшін  қосымша  түрлі  жұмыстар 
істеп,  өз  күнін  өзі  көруге  ұмтылған.  Осы-
лайша  ерте  есейе  түскен  жас  талап 
мектепті  жақсы  бітіріп,  білімін  жалғастыру 
мақсатымен  Ташкентке  аттанады.  Сол  кез-
дегі Түркістан өлкесінің орталығы Ташкент 
қаласында  Сұлтанбектің  студенттік  жылда-
ры  өтеді.  Ол  осындағы  Мұғалімдер  семи-
нариясын, одан кейін Мəскеудегі БК(б)П ОК 
Марксизм-ленинизм  курсын (1927) тамам-
дайды.  Оның  еңбек  жолы  Өз   бекстанда  ба-
сталады; Ташкендегі үш жылдық мұғалімдер 
семинариясын үздік аяқтаған ол жолдамамен  
Əндижан  уезіндегі  орыс-түзем  мектебіне 
мұғалімдікке  келеді.  Осында  бір  жылдай 
жұмыс  жасап,  туған  жеріне  оралып,  ауыл 
мектебінде  бала  оқытады.  Бозбала  жігіттің 
Ташкентте,  Мəс кеуде  білімнің,  қызметтің 
соңында  жүріп  өткізген  жылдарында  ол 
азамат  ретінде  есейіп,  қоғамдық-əлеуметтік 
көзқарастары қалыптаса түсті. Сұлтанбектің 
қоғамдық-саяси  жұмыстары  Ташкент 
қаласында «Кеңес» атты жасырын ұйым 
құрудан  басталған. «Кеңестің»  төрағасы 
генерал 
Сейітжаппар 
Асфендияров, 
орынбасарлары Мұстафа Шоқай, Садық 
Өтегенов, алқа мүшелері Санжар Асфен-
дияров, Қоңырқожа Қожықов, Сұлтанбек 
Қо жанов,  Алдабек  Мангелдин,  Серікбай 
Ақаев,  Зұлқарнайын  Сейдалин,  Əлмұ-
хамбет Көтібаров болды. 
Осы үйірменің баспасөз органы ретінде 
«Бірлік  туы»  газетін  шығарды.  Оның  ал-
ғашқы  редакторы  Мұстафа  Шоқай,  редак-
тордың  орынбасары  С.  Қожанов  болып, 
басылымның  негізгі  ауыр  шығармашылық 
жұмыстарын  атқарды;  кейін  біраз  жыл 
редакторы  болды.  Осы  уақыттарда  Сұл-
танбектің  ұйымдастырушылық,  көсем-
сөзшілік  қабілеттері  жарқырай  көрінді. 
«Бір лік туы» басылымы бетінде Орта Азия, 
Қазақстан    халықтарының  саяси-қо ғам-
дық,  экономикалық,  мəдени  өмірі  жай-
лы  көптеген  материалдарын  жариялады. 
Оның  осы  кезде  қазақ  əдебиетіне  тікелей 
қатысты  жазылған  мақалалары  көтерген 
мəселелерінің  зəрулігімен,  өткір лігімен, 
негізділігімен,  нақтылығымен,  батыл ды-
ғымен  ерекшеленеді.  Ол  Түркістан  өл ке лік 
аштықпен  күресу  комиссиясының  мүшесі 
(1918-19),  Сырдария  уездік  рево люциялық 
комитет төрағасының орынбасары, Түркістан 
уездік-қалалық  атқару  комитетінің,  Сырда-
рия  облыстық  рево лю циялық  комитетінің 
төрағасы (1919- 20), Түркістан уездік атқару 
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ. Қазақ мемлекетінің іргесін қаласқан қазақ

№2    2015    А И АТ
78
78
комитетінің  төрағасы,  Түркістан  республи-
касы  Ішкі  істер  комиссариатының  комисса-
ры,  Түркістан  Ор талық  атқару  комитетінің 
орынбасары  қыз меттерін  атқарады. 1921 
жылы  Түркістан  республикасы    Халық 
ағарту  халық  комиссары, 1922 жылы  Жер 
шаруашылығы  халық  комиссары, 1922-
1924  жылдары  Түркістан  КП  Орталық 
комитетінің  хатшысы,  атқару  комитеті 
төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта 
Азия бюросының мүшесі болды.
Орта  Азия  мен  Қазақстанды    аштық 
жай лағанда,  аштықпен  күресетін  орталық  
комиссияның  мүшесі  ретінде  оңтүстік  Қа-
зақстанның  Қызылқұм,  Түркістан,  Со зақ, 
Жаңа қорған,  Шиелі  өңірлерінде  ашық  -
қан  адамдарды  тамақтандыратын  ар  найы 
орындар  ашуды  ұйымдастырды.  Қа зақ 
халқының басына төнген осы бір ауыр шақ 
туралы Сұлтанбек «Түркістан ау данының 
қазақтарының жайы күн санап төмендеп 
келіп,  осы  уақытта  тым-ақ  жаман  бо-
лып  тұр.  Жұрт  харап  болуға  айналды. 
Көшелерде  шұбырып  жүрген  аш  қазақ. 
Екінің  бірінің  аштықтан  көзі  іскен,  беті 
іскен.  Ана  жерде  де,  мына  жерде  де  аш-
тан  өліп  жатқан  адам.  Осы  кезде  өлікті 
жинап  алуға  да  шама  келмей  бара  жа-
тыр. Ақыры не болары белгісіз. Бұл бет-
пен  бара  берсе,  Түркістанда  қазақтан 
тұқым, ұрпақ қалуына көз жетпейді. Бір 
шараны  құдай  өзі  таппаса,  бұл  жердегі 
жұрттың жақын арада жақсылық болар 
деп, үміті аз... Жұрттың күні не күн санап 
бетер болып барады. Аяғы неге тірелерін 
қайдам?»  («Бірлік  туы», 09.04.1918) – 
деп,  күйзеле  жазыпты.  Бұл  кезде  ресми 
партиялық газеттер Ұлы Қазан төңкерісінің 
жасампаз  жеңістерін  «шабытпен»  жазып 
жатса,  ащы  шындықты  бүкпесіз  жайып 
салған Сұлтанбектің  бұл əрекеті партиялық 
тура  жолдан  ауытқушылық  та  болатын. 
Шындығына  келгенде,  бұл  халықтық  тра-
гедияны  бар  болмысымен  жеткізе  айтқан 
азаматтың жан айғайы да еді. 
С.  Қожановтың  Түркістан  республи ка-
сының  басшылығында  атқарған  қызмет тері 
халықшылдығымен  көзге  түсіп,  төңірегіне 
ұлтын  сүйген  азаматтарды  жинады.  Ала-
шордашылармен  тығыз  байланыс  орнатып, 
идеялас  болды.  Олар  қуғынға  түскенде, 
қолдап,  өзіне  шақырып,  қорғады;  қызмет 
беріп,  шығармаларын  бастырып  шығарды.  
Ол  Түркістан  автономиясының  кеңес  өкі-
метінің  əскер  күшімен  құлатылуын  айып-
тап, мұны халықтың өзін-өзі билеу құқы ғын 
мойындамаушылық  деп  бағалады.  Əрине, 
Сұлтанбектің  мұндай  іс-əрекеттері  боль-
шевиктердің  негізгі  саяси  бағыттарына 
сай  келе  бермейтін.  Мұны  аңғарған  іштегі 
қызыл көздер  де қарап жатпады; С. Қожа-
новтың «антипартиялық іс-əрекеттері» жай-
лы Кремльге қарай арыз-шағымдар ағылып 
жатты.  Солардың  бірін  сөйлетіп  көрейік. 
Ташкеннен Мəскеуге жөнелтілген бір арыз-
да  мынадай  жолдар  жазылыпты:  «Біздің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет