– əл-Марзубан жалғандықпен айыпталған.
Сон дықтан рауиідің хадисі – мəтрук. Сол
сияқты, Мағауиядан жеткен хадиске қарсы екі
хадис келген. Бұл хадистің «Шəздігін» қуаттай
түседі.
Əл-Байһақидің «Сунан» атты еңбегіндегі
– Аун Бин Абдуллаһтан, Жудди: Бірде пайғам-
барымызға қара күң əйелді ертіп алған бір кісі
келіп: «Маған мұсылман құл азат ету міндет
болды, мына құлды азат етсем міндетімнен
құтыламын ба?»,–деп сұрады.
Сонда пайғамбарымыз: Раббың кім?,–деп
сұрады. Раббым – Алла,–деді. Дінің не? Дінім –
Ислам. Мен кіммін? Сіз Алланың елшісісіз! Бес
мəрте намаз оқып, маған Алладан түсіріл генді
мойындайсың ба? Йə,–деді. Пайғамбарымыз
оның арқасынан қағып: « Оны босатыңдар»,
– деген болатын. Үшінші хадисте келген бой-
ынша – Имам Ахмад «Муснадында»:
Абдур-Раззақтан, Муғаммардан, əз-
Заһриден, Убайдулла Бин Абдуллаһтан, Ан-
сарлардан болған бір кісі күң əйелінен келіп:
« Уа, Алла елшісі! Мен бір күңді азат қы-
лайын деп едім. Егер де Сіз оны мұсылман
де сеңіз, мен оны азат қылайын», – деді.
Сонда пайғамбарымыз: Алладан басқа
тəңір жоқ екеніне күəлік етесіз бе? Йə,– деді.
Мені Алланың елшісі екеніме күəлік етесіз бе?
Йə, – деді. Өлгеннен кейін қайта тірілуге сенесіз
бе? Йə, – деді. Оны азат ет!, – деген болатын.
Бұл хадис «Муаттадағы» мурсалда кел-
ген.
Əл-Баззар: Мажид Бин Осман, Убайдул-
ла, Ибн Əбу Лəйли – əл-Минһал Бин Омар-
дан, Сағид Бин Жубайрдан, Ибн Аббастан:
Пайғамбарымызға бір кісі келіп: Менің анам
құл азат етуге міндетті, ал менің қара күңім
бар еді. Сонда пайғамбарымыз: Онымен
бірге кел, – деді. Пайғамбарымыз: Алладан
Серік ТƏЖІБАЕВ, Ризабек БАТТАЛҰЛЫ. Күң оқиғасы
№2 2015 А И АТ
112
112
басқа тəңір жоқ, мен Алланың елшісі екеніме
күəлік етесің бе? – дегенде, ол: «Йə», – деп
жауап бергенде, Ол: Оны азат ет!, – деген бо-
латын. Шынтуайында, Хақ Елшісі Жебрейіл
сауалдары хадисінде – иман рүкіндері жөнінде
баяндаған болатын: «Маған иман жайлы ай-
тып бер», – деген сауалына пайғамбарымыз:
«Аллаға, періштелеріне, кітаптарына,
елшілеріне, ақырет күніне жəне тағдырға,
оның жақсылығы мен жаман дығына иман
кел тіруің», – дегенде: «Дұрыс айтасың», –
деген болатын.
Сондай-ақ, онда Алла Тағала аспанда деген
ақиданы айтпаған болатын.
Мұндағы айтылған сенім тұғырында серік
қосуды тыйып, таухидті бекітіп тұрғаны жоқ.
Сондай-ақ, пайғамбарымыз оны қалайша
сипаттады?
Кезінде мүшріктер Алланы аспанда деп
сеніп, жердегі тəңірлерді серік қылған болатын.
Хусейн Бин Атаба немесе Ибн Убайд Уалид
Имраннан: «Қанша тəңірге табынасың», – деп
сұрағанда, олар: «Жерде алтау, аспанда – біреу»,
– деп жауап берген болатын.
Перғауын Алланы аспанда деген сеніммен
һаманға (Ғафир сүресі, 36-аят):
«Перғауын: «Əй, Һаман! Маған бір
мұнара жаса. Бəлкім жолдарға жетермін»,
– дейді.
Мұнымен қоса ол қаумына (Қасас сүресі,
38-аят):
«Перғауын: “Əй бастықтар! Мен сендер
үшін менен басқа тəңір барлығын білмей-
мін».
Ислам ғұламаларының жамағатында
«Құдай дың аспанда» дегені тікелей мағынасында
емес. Алайда, астарлы мағынасындағы
«Үстемдік» ұғымын білдіреді.
Əл-Бажи – күң оқиғасы тұрғысында:
«Мұн дағы аспанда сөзі – үстемдік мағы-
насында сипатталған. Сондықтан үстем болған-
дығымен сипатталған. Мəселен: Пəлен шенің
орны аспанда дегенінде – жағдайы мен халінің
үстем бол ғанын айтады», – деген. Осылайша
Шафиғия табақатында келген [2/87-91-б.].
Əбу Фадл Бин Сиддиқтың (Алла рахы-
мына бөлесін) «əл-Фауаид əл-Мақсуда» атты
еңбегінде «Күң əйелдің – Алла аспанда» деген
хадисін «Шəз» жəне «Əлсіз» хадистер санатына
жатқызған болса, Имам Байһақи «Мұдтариб»
хадистерге жатқызған. Ислам ғұламаларының
дəйектеріне негізделе отырып, Имам Бəйһақи
(Алла оны рахымына бөлесін) айтқандай
Муслимнің əу бастағы нұсқасында жоқ болсын,
не бар болсын, жалпы алғанда, бұл хадистің
«мұдтариб» хадис екендігінде дау жоқ. Себебі,
хадистегі Алла Елші сінің күңге қарата қойған
«Алла қайда?» деген сауалы Абдур-Раззақтың
мұсаннафындағы сахих хадисте «Алланың
бір екендігіне куəлік етесің бе?» деген сөзбен
жеткізілген. Ал, Хиббанның сахихында күңге
қатысты сауал «Раббың кім?» деген сөзбен
риуаят етілген. Сондай-ақ, күң оқиғасы Ата
ибн Иасардан жеткен риуаятта Алла Елшісінің
күңнен «Алла қайда?» деп емес, «Аспанда кім»
деп сұрағандығы айтылған [3/448-б].
Жоғарыда келтіргеніміздей дəрежесі дең-
гейлес хадистердің əртүрлі сөзбен риуаят еті-
луі не «мұдтариб» хадис делінеді. Ал, мұдтариб
хадисті жеткізушілердің тізбегі толық болса
да, маз мұнындағы аталмыш «мін» оның са-
хих болуына кедергі келтіреді. Сондықтан,
«мұдтариб хадистің» ақида мəселесінде, оның
ішіндегі ислам ғұламаларының бір ауыздан
«Алла мекенсіз» деген берік ұстанымдарына
қайшы көзқарасқа дəйек болуы былай тұрсын,
жалпы мəселелерге де дəлел ретінде жарамай-
ды. Ендеше, осындай бір ғана «мұдтариб»
хадиске сүйеніп, мекенсіз Аллаға «мекен
таңу» əсте дұрыс емес. Ал, енді хадисті «мұд-
тариб» деп танымай-ақ, сахих хадис ретінде
қабылдағанның өзінде ешбір ислам ғұламасы
бұл хадис арқылы «Алла аспанды мекен
тұтады» деген шешімге бармаған.
Имам əн-Нəуауидің (Алла рахымына бөле-
сін) жоғарыдағы Муслимдегі хадиске қатысты
түсін дірмесін келтірейік. Ол былай деген: Бұл
– Алланың сипатына қатысты хадис. Мұн-
дағы мəселе жөнінде екі көзқарас бар. Бұл екі
көзқарас «иман» тарауында талай рет айтылды.
Біріншісі: Алла Тағалаға еш нəрсенің ұқса май-
тынын əрі Оның жаратылғандарға тəн ерекше-
ліктерден пəк екеніне сене отырып, ай тылған
сипаттың мағынасына кірместен жалпылай иман
келтіру. Ал, екіншісі, Аллаға лайық келетін си-
патта жорамалдау. Бұл көзқарастағылар былай
дейді: «Пайғамбарымыз «Алла қайда?» деуі
арқылы оның бір Аллаға сеніп, сенбейтінін
анықтағысы келді. Яғни, барлық жараты-
лысты басқарып əрі барлық істі істеп тұрған
жаратушының жалғыз Алла екендігіне, на-
маз оқығанда кі сінің қағбаға бет бұратыны
секілді, дұға жа сау шының тілек тілегенде
қолын аспанға кө теру арқылы мінəжат
жасалатын бір Аллаға сеніп, сенбейтіндігін
білгісі келді. Жүзді қағбаға бұрған уақытта
Алланың қағбаның ішінде болмайтыны
секілді, қолды аспанға жайған кезде де
Ол аспанның ішінде болмайды. Керісінше
қағба намаз оқушылардың құбыласы
болғаны тəрізді, аспан да дұға етушілердің
құбыласы. Немесе пайғамбарымыз оның
жердегі пұттарға табынушылардан болып,
болмағанын білгісі келді. Ол: «Аспанда»
деп жауап бергеннен кейін оның пұтқа
табынушы емес, бір Аллаға сенетіндігін
айқындады».
Имам əн-Нəуауий (Алла рахымы-
на бөлесін) бұл мəселеге қатысты сөзін
мəшһүр ғалым əл-Қади Ғиадтың былай деген
сөзімен жалғастырды: «Мұсылмандардың
Ғалым мінбері
№2 2015 А И АТ
113
113
фиқһтанушылары, хадистанушылары,
сондай-ақ, кəлам ғұламалары болсын,
тіпті, діни үкімді басқалардан ала тын
қа ра пайым мұқаллидтері болсын бар-
лығы дерлік «Аспандағының сен дер дің
үстеріңе жерді төңкере салуынан қорық-
пай сыңдар ма?» деген аяттар секілді мұндай
«Алла аспанда» делінген сөздер дің тура
мағынасының мұрат еместігін бірауыздан
айтқан. Мұндай сөздердің тура мағынасы
мақсат болмағандықтан, барлық ғұламалар
бойынша астарлы мағынасында (тəуил)
жасалған» [4/26-27-б.].
Муслимнің хадис жинағына түсіндірме
жасаған ғалым əл-Мазири де жоғарыдағы
хадис жайлы былай дейді: « Пайғамбарымыз
күңнің мұсылман болып, болмағандығын
білдіретін қандай да бір белгісін білгісі келді.
Өйткені кəпірлердің табынатын құдайлары
саналатын от пен пұт жерде орналасқан.
Əрқайсысы қажетін өз құдайынан сұрайды.
Ал, аспан болса, жалғыз Аллаға сене -
тіндердің дұға, тілектерінің құбыласы. Міне,
сондықтан, оның неге иман келтіретінін
анықтағысы келді. Сөйтіп, оның түсінетін
тілімен сөйлесті. Сосын, ол жалғыз Аллаға
иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта
қолдарын жаятын аспанды ишарат етті.
Құбылаға бет бұру – Алла Тағаланың
қағбамен шектеулі екенін көрсетпейтіні
секілді, Аллаға иман келтірушілердің дұға
жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды
меңзеу де Оның белгілі бір жақта əрі аспан-
мен шектеулі екенін де білдірмейді» [5/23-
33-б.]. Ендеше, хадис ілімі тұрғысынан атал-
мыш күң оқиғасы жөніндегі хадистің – «Шəз»,
«Дағиф» жəне «Мұдтариб» хадистер екеніне
көз жеткізгеннен соң, хадистің бұл түрлеріне
амал жасалып, жасалмауына анықтау үшін
терминологиялық ұғымдарына тоқталамыз.
« Шəз» дегеніміз – Қабылданатын рауидің
өзінен сенімдірек рауиге қайшы жеткізген
хадисі. « Дағиф» дегеніміз – Қабылданған
(сахих немесе хасан) хадис шарттарының
бірі яки бірнешеуі қамтылмаған хадис. Əлсіз
хадистің үкімі – Алла Тағаланың есім сипат-
тарына қатысты риуаят етуге рұқсат етілмейді.
« Мұдтариб» дегеніміз – дəреже жағынан тең
бір-біріне қайшы жолдармен жеткен хадис.
Демек, бір немесе бірнеше рауи тарапынан
бір-біріне қарама-қайшы бірнеше жолмен
келген жəне дəрежелері тең болғандықтан
дұрыстығын таңдау немесе мағыналарын
біріктіру мүмкін болмаған хадис[1/278-б].
Қорыта келгенде, Ислам ғұламаларының
дəйек негіздерін саралай отырып, Ис-
лам ақидасының ақиқаты бойынша күң
оқиғасында келген «Алла аспанда» сөзінің
ұғымын айқындап, сенім негіздерінің рүкіні
бола алмайтындығын бекітеміз. Сондай-
ақ, бұл хадистің əлсіз, қарама-қайшы жəне
«мұдтариб» санатынан болғандығынан – үкім
шығарылмайды. Ал, хадиске «мұдтариб»
таңбасын баспай, сахих хадис деген басқа
барша ғұламалар «Алла аспанда» деген сөзді
жоғарыда имам əн-Нəуауидің (Оны Алла рахы-
мына бөлесін) түсіндірмесінде көрсетілгендей
«Алланың мекен сіздігін» негізге ала отырып,
ол сөзден нендей мағына мақсат етілгенін
Аллаға тапсырып, үнсіз қалу жолын таңдаған,
яки, Алланың ұлықты ғына лайық мағынада
жорамал (тəуил) жасаған [5/33-б].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
Қ.Құрманбаев. «Хадис ілімі». Алматы:
1.
Нұр-Мүбарак баспасы. 2010 ж. 300-б.
Əбу Фадл Бин Сиддиқ. «Əл-Фауаид
2.
əл-Мақсуда фи баян Ахадис Шаза Мардуда».
152-б. /87-91-б.
Ибн Хажар əл-Асқалани.«Талхис əл-
3.
Ха бир». «Құртуба» жəне «Дарул-Мишкат»
баспасы. 1995 ж.
Мұхиддинəн-Нəуауий, əл-Минһəəж
4.
Шарх сахих Муслим ибнил-Хажжаж, 5-6 том,
26-27 бет. «Дарул-мағрифа» баспасы, 2007 ж.
Қ.Жолдыбайұлы. «Дін мен діл 2». Ал-
5.
маты.
Серік ТƏЖІБАЕВ,
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мəдениеті
университетінің оқытушысы, магистр.
Ризабек БАТТАЛҰЛЫ,
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мəдениеті
университетінің
2-курс магистранты
Серік ТƏЖІБАЕВ, Ризабек БАТТАЛҰЛЫ. Күң оқиғасы
«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘНІ
Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауында айтылған «Мəңгілік Ел» па-
триоттық актісі Қазақстан қоғамының ру-
хани тірегіне айналып, патриоттық рух пен
биік адамгершілік өнегеге бағытталып отыр.
Ескі қағидаға сүйен сек – «халық өткенін
бағамдамай, бо ла шаққа жылжи алмай-
ды». Сондықтан дəс түр, тарих, мəдениет
сияқты рухани құн дылықтарға баса на-
№2 2015 А И АТ
114
114
зар аудару қажеттігі туындауда. Осындай
құнды байлық, тіл шебер лігін арттырып,
сөйлеу мəдениетін үйрететін, оқырманның
рухани – кітап оқуды кеңінен насихаттау
мақсатында, елімізде «Бір ел – бір кітап»
акциясы жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл
акцияның идеясы АҚШ-ның «Бір кітап,
бір Чикаго» жəне «Егер де бүкіл Сиэтл бір
кітапты оқып шықса» атты кітапханалық
жобалардан негіз алған. Осы акцияға
АҚШ-ның басқа да Чикаго, Буффало, Ро-
чес тер қалаларының кітапханашылары
кеңінен қолдау көрсетті. Қазіргі кезде «Бір
ел – бір кітап» акциясының жобасы Ұлы-
британия, Испания, Латын Америкасы,
Ко рея мемле кеттерінде ойдағыдай тара-
ды. Ал, Қазақстанда республикалық «Бір
ел – бір кітап» акциясы, ҚР Мəдениет
министрлігінің қолдауымен, Астана қала-
сындағы Ұлттық академиялық кітап хана,
Қазақстан Кітапханашылар Ассо циа-
циясының бастамасымен 2007 жылдан ба-
стап өткізіліп келеді.
«Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты
– ұлттық əдебиетіміздегі ең үздік деген туын-
дыны оқу жəне насихаттау, оқу ісін ілгерілету,
рухани мұраны сақтау, сондай-ақ, жастарды
отаншылдық пен өнегелілікке тəрбиелеу. Со-
нымен қатар, қоғамның отандық əдебиетке,
оның ішінде классикаға, қазіргі əдебиет пен
поэзияға деген қызығушылығын əрі қарай
дамытуына мүмкіндік туғызу болып табыла-
ды [1]. Алғаш рет көп шіліктің ұсынысымен
жал пы ұлттық оқу ға Абайдың «Қара сөздері»
таң далды. Респуб лика кітапханаларында
Абай дың өмірі мен шы ғар машылығына бай-
ланысты 400-ге жуық іс-шаралар өтті. Барлық
кітапханашылар кəсіби білік тілікпен Абай
тағы лымын өскелең ұрпаққа дəріптеуге ат
са лысты.
2008 жылы М. Əуезовтің «Қилы за-
ман» повесі таңдалды. Бұл шығарманың
таңдалуының өзінде де терең мағына жа-
тыр. «Қилы заман» кейіпкерлерінің мінез-
құлқы мен заман тартысы – жастарды
Отаншылдыққа үндеп, бойларындағы ұлт-
тық намыс пен жігердің оянуына ықпал
етіп, тарихқа жаңаша көзқараспен қарауға
септігін тигізді. Мысалы, Батыс Қазақстан
облысында 245-ке тарта түрлі шаралар,
ақын-жазушылармен кездесулер, əдеби
кештер өтіп, оған 6600-ге жуық оқырман
қатысты. Мұның өзі оқырмандардың
қатарының көбейгенінің көрінісі [2].
2009 жылғы оқу акциясына Ұлттық поэ-
зия дегдары – Мағжан Жұмабаевтың «Жан
сөзі» жинағы таңдалып алынды. Бұл жылы
өткен акцияның ерекшелігі ең алғаш поэзия
жанрының таңдалуы болды. М.Жұмабаевтың
қай жинағын алсаңыз да өлеңдері жанымызға
жақын, санамызға таныс, əсіресе, жалындап
тұрған жастарға үміт артқан «Мен жастарға
сенемін» өлеңі жастардың өз Отандарын шек-
сіз сүюге, патриотизмге тəрбиелейді. Мағ жан
шығармашылығын танытып, насихаттауда
республика аймағында поэзия түні, оқу ма-
рафондары, фестивальдар, радиоақпараттар,
интернет-сайттар шолуы, оқырмандар конфе-
ренциясы, түрлі байқаулар, атап айтсақ жалпы
саны 750 іс-шара өтті.
2010 жылы белгілі ақын Жұбан Молда ға-
лиевтың отансүйгіштік жырлары жəне «Мен
қазақпын» поэмасы оқырмандарды рухтан-
дырды. Бұл поэма қазақ халқының елдігі мен
салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын
мақ тана, асқақтата жырлады. Оқырмандарын
жігер лендіре, ерлік, күш, қуатты жырға қосып,
өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан да-
усымен қуана, шаттана жеткізе Отансүйгіштік
жырларымен халық жүрегінен орын алды.
Жұ бан ақынның шығармашылығын насихат-
тауда рес публика бойынша жалпы саны
700-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оқыр мандармен жұмыс жасау кезінде оқу ма-
рафоны, автокеруен, автомарафон, флэш-моб
жəне т.б. жұмыстың жаңа түрлері қолданылды
[3].
2011 жылы төл əдебиетіміздің тамаша
клас сигі Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ бі-
лек» романы таңдалып алынды. Бұл жыл-
ғы акция тəуел сіздіктің жиырма жыл то-
луымен тұспа тұс келді. «Ақбілек» романы
ұлттың талайлы тағдырын, қазақ өмірінің
қиын да, күрделі кезеңін, басты тұлғаның
ауыр да сындарлы сəттерін тағы сондай
нақтылы көрініс, шынайы оқиға, бедерлі
бейнелер арқылы көрсетті. Осы романды
оқыр ман дарға терең ұғындырып, ақын
мұрасын толығырақ зерттеу мақсатында Ə.
Тəжібаев атын дағы Қызылорда облыстық
əмбебап ғылыми кітапханасында «Оқып
болсаң, өзге ге ұсын» ұраны мен «кітаптың
еркін саяхаты» – «букроссинг» жүргізілді.
Бар лық кі тапханаларда қазақ қызының
тағдыры туралы роман оқырмандар ара-
сында үлкен қы зығушылықпен оқылды.
Республика бойын ша кең көлемде мыңға
жуық іс-шара өт кі зілді.
2013 жылы өткен «Бір ел – бір кітап» ак-
циясы аясында Қазақстанның Халық жазушы-
сы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, поэзия
падишасы атанған Фариза Оңғарсынованың
«Дауа» атты жыр жинағы оқырмандарға жол
тартты. Бүгінде Фариза Қазақстанда ең көп
оқылатын авторлардың бірі болып саналады.
Ақын жырлары елжандылық рухты оятып,
туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дəстүрі
мен мəдениетін қастерлеуге шақырады. Осы-
ған орай, республика кітапханаларында ақын-
ның шығармашылығына арналған поэзия
Ғалым мінбері
№2 2015 А И АТ
115
115
кеш тері, əдеби байқаулар, кітап көрмелері,
жыр сағаттары, оқу марафондары, флэш -
моб, оқырмандар конференциясы, нақтырақ
айтсақ екі мыңға жуық іс-шара өтті. Ақынның
өлеңін жатқа оқыған оқырмандар көп болды.
Мəселен, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды
облыстық əмбебап ғылыми кітапханасында
№ 61 мектеп оқушылары Кенжебаева Айнұр
Фариза ақынның 80 өлеңін, ал, Еркебаева
Оразгүл Фаризаның 161 өлеңін жатқа біле-
тіндігін көрсетті. Астана қаласындағы Ұлт-
тық Академиялық кітапханада тұңғыш рет
«Жауһар жыр планетасына түнгі саяхат»
атты кітапханадағы поэзия түні өтті. Ол ту-
ралы анонс ты алдын-ала республикалық
теле арналардың көпшілігі таратты. Бұл əлеу-
меттік-мəдени акцияда бір мезгілде 24 іс-
шара өткізіліп, 700 адам қатысты. Бір мезгілде
бірнеше жыр кеші, домбыра тартудан күй жа-
рысы, əдеби сұхбат жəне т.б. іс-шаралар болды.
Оқырмандар қай шараға қатысарын білмей,
кітапхана залдарын араласап кетісті. Сөйтіп,
осы ерекше думанға сүйсіне қарап, тарқасты.
Жыл сайын өткізіліп отырған оқу акциясы
өзінің оқырмандарға қажет екендігін, өмір-
шеңдігін дəлелдеп отыр. Əдеби шығарма оқу
тек қана оқу емес, ол өзіңді-өзің тəрбиелеу,
парасаттылыққа апарар жол іздеу. Елімізде
жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» оқу
ак циясы өз жалғасын тауып, табысты өтіп,
жазба мəдени мұраны насихаттау мен оқыр-
ман дардың кітап оқуға деген көзқарасын жақ-
сартуда, қоғамда үлкен жетістіктерге жетіп
отырғаны сөзсіз. Ұлттық əдебиетіміздегі ең
үздік туындыны оқыту жəне насихаттау жас-
тардың жан дүниесін əде биетпен сусында-
тып, отаншылдыққа əрі өнеге лікке тəрбиелеу
бүгінгі күнгі басты мəселе.
Айзада БАЙДАРОВА,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университетінің
1 курс магистранты
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1. http://www.cbssemey.kz/
2. Сейілова А. «Бір ел – бір кітап» акциясы
2011// Кітап патшалығы. -2011. - №5-6. – 26-29 б.
3. «Бір ел – бір кітап» акциясы: Зерттеу
мақа лалар. Құраст.: Б.Қарағызұлы. – Астана:
«Хұсният», 2009. – 188-195 б.
Айзада БАЙДАРОВА. «Бір ел – бір кітап» акциясының қоғамдық мəні
Сіз мұны бiлесiз бе?
* Адам күнiне орта есеппен 13 рет кү летiн
көрiнедi.
* Əтеш алдымен мойнын созбай ша қы ра
алмайды екен.
* Егер, тiлiңiздiң түсi күлгiн болса, ол
«таза» деген сөз, ағарып тұрса, бак терия қабаты
түзiлгендiгiнiң белгiсi.
* Қыздарға құлаққағыс - пияз ту рау бары-
сында көз ашымас үшiн сағыз шай наған жөн
екен.
* Ең алғаш «SOS» дабылы əйгiлi «Ти та ник»
кемесiнде қолданылыпты.
* Жағымды затты көргенде адам ның
қарашығы 45 пайызға дейiн ұлғая ды екен.
* Бал асқазанда неге тез қоры тыла ды?
Өйткенi оны аралар қорытып үл герген.
* Адам түшкiрген сайын мидағы жа су-
шалардың бөлiгi азая түседi.
* Əйгiлi Харлей Девидсон мото циклi 1903
жылы құрастырылып, оның кар бюраторы томат
банкiсiнен жа салыныпты.
* Адамның сол жақ өкпесi оң жақ тағымен
салыстырғанда кiшiрек келедi. Соның арқасында
жүрекке орын тиедi екен.
* Атышулы «Титаник» кемесiн құ рас тыруға
7 миллион АҚШ доллары кет кен екен. Ал, ол
туралы фильмдi тү сiру ге 200 миллион АҚШ
доллары жұм са лыпты.
* Адамның тырнағы мен шашы өл ген нен
кейiн де өседi екен.
* Тек екi жануар ғана мойын бұр май-ақ
артындағыны көре алады, олар – қоян мен
тотықұс.
* Ой еңбегiмен көп шұғыл дана тын адам-
дардың шашында мырыш пен жездiң құ рамы
көбiрек болады екен.
* Футболшы бiр ойында шамамен 11
шақырым жүгiредi.
* Ал ұзын кенгуру бiр секiргенде он метрдi
артқа тастайтын көрiнедi.
* Қазiргi кезде өзiмiз қолданып жүр ген
қаламсап 1945 жылдан бастап сау даға түсiптi.
Сол кезде оның құны – 12 АҚШ долларына
тең келiптi.
* Жақсы қаламсаппен 50 мың сөз ге дейiн
жазуға болады екен.
* Америкалық Джон Уинтроп 1630 жыл дың
25 маусымында, түскi астың ке зiнде тұңғыш рет
шанышқыны пай да ланыпты.
* Ең алғашқы граммофон плас тин касына
Лайош Кошутаның дауысы жа зылыпты. Бұл
оқиға 1890 жылы тiр келген.
* Напалеонның шəй кеселерiнiң бi рi атақты
италиялық содыр Калиос т ро ның бас сүйегiнен
жасалыныпты.
* «Роллс-Ройс» көлiгiнiң бампе рiн дегi
мү сiн шенiң құны 5000 АҚШ дол ларына тең
екен.
* Британияның империялық тə жiн де тура
1783 жақұт бар екен, ал оның iшiндегi ең əйгiлiсi
– «Африка Жұл дызы ның» салмағы 309 каратты
құ рай ды.
Түзету
Журналымыздың өткен санында мұқабаның
2-бетінде берілген Бектұр Төлеуғалиевтің
суре тін дегі мəтіннің «70 жас» деген сөзі «75
жас» деп оқылсын
.
№2 2015 А И АТ
116
116
Редакцияның мекен-жайы: 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй, 6-қабат.
Байланыс телефоны: 394-42-63. Факс: 8 (7272) 394-37-62. электронды адрес: akіkat1921@maіl.ru
www.akіkatkaz.kz
Журнал Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Ақпарат жəне мұрағат комитетінде
қайта тіркеуден өтіп, 2006 жылғы 4 маусымда № 7347-Ж куəлігі берілген. Журнал айына 1 рет шығады.
Басуға 25. 01. 2015 ж. қол қойылды. Көлемі 70х108 1/16. Қағазы газет тік. Офсеттік басылым. Есептік
б. т. – 9.6. Таралымы Тапсырыс ?
Журнал редакцияның компьютерлік орталығында теріліп-беттеліп, «Дəуір» ЖШС-нің Рес пуб лика лық
полиграфиялық баспа комплексінде басылып шықты. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы 93 а.
Тел: 394-39-27, 394-39-24.
КОМПЬЮТЕРЛІК ОРТАЛЫҚ: Техникалық редактор – Гүлжан ОРАЗБАҚҚЫЗЫ , Корректор – Айгүл
МАҚАТАЕВА, Компьютер операторы – Эльмира ЕРҒАЗИНА.
КЕЗЕКШІ РЕДАКТОР – Қыдыралы ҚОЙТАЙ.
Мұқабаның бірінші бетінде: «Əжемде қонақта». Есенғали САДЫРБАЕВ.
Жекелеген авторлардың журналда жарияланған ма қала ларындағы пікір-ұсыныстары редакция ның
түбегейлі көз қарасын білдірмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, кері қайтармайды.
Журнал материалдары басқа басылымдарда көшіріліп басыл са, «Ақиқатқа» сілтеме жасау міндетті.
СОДЕРЖАНИЕ
CONTENT
Aitan NUSIPKHANULY. Time and intellectuals.
Tursyn ZHURTBAI. It is a holiday, which will defi ne
the future of the Kazakh people.
Zhanabek ZHAKSYGALIEV.
Why did not Isatay, the
batyr attack the Zhangir khan’s Horde?
Uteubai KOZHAKULY. Revolts taken place in the
Kokand khanate.
Nurmakhan ORAZBEK. There is no use crying over
spilt milk.
Amantai NURMAGAMBETOV. Amangeldi AITA-
LY. Give your teachers the respect they deserve, because
they are the ones who can help you get where you need
to go.
Dina IMAMBAEVA. Kazakhization of Kazakhstan
begins with cultural assimilation.
Seilbek MUSATAEV. Anti-Americanism: truth and
falsehood.
Myrzageldi KEMEL. It is already high time to form
unicameral parliament.
Duman RAMAZAN. Square .
Alibek KANTARBAI. Outstanding figure of Altai
district.
Sharafat ZHYLKYBAEVA. Samurai .
Toktarbek KAMZIN. «I heard the ambler neighing
right behind the back».
Rabat ZHANIBEKULY. Good deeds taking place in
the south.
Kuralai MYRZAKHANKYZY. Description of
national heritage in M. Auezov’s epic novel «The path
of Abai».
Ayaulym ZABIROVA. The possibilities of using mul-
timedia technology in education.
Serik TAZHIBAEV. Rizabek BATTALULY. On
freeing slaves.
Table of contents in Russian and English languages.
Айтан НУСИПХАНУЛЫ. Время и интеллиген-
ция.
Турсын ЖУРТБАЙ. Это-праздник, который опре-
делит будущее казахского народа.
Жанабек ЖАКСЫГАЛИЕВ. Почему Исатай батыр
не напал на Орду Жангир хана?
Утеубай КОЖАКУЛЫ. Восстания в Кокандском
ханстве.
Нурмахан ОРАЗБЕК. Не надо держать обиду на
прошлое.
Амантай НУРМАГАМБЕТОВ, Амангелди АЙ-
ТАЛЫ. Уважение к учителю – это уверенный шаг
к успеху.
Дина ИМАМБАЕВА. Казахизация Казахстана на-
чинается с культурной ассимиляции.
Сеилбек МУСАТАЕВ. Антиамериканизм: правда
и кривда.
Мырзагелди КЕМЕЛ. Пришло время для создания
однопалатного парламента.
Думан РАМАЗАН. Площадь беспокойства.
Алибек КАНТАРБАЙ. Знаменитый деятель с
Алтая.
Шарафат ЖЫЛКЫБАЕВА. Самурай .
Токтарбек КАМЗИН. «За спиной послышалось
ржание коня».
Рабат ЖАНИБЕКУЛЫ. Положительные действия,
происходящие на юге.
Куралай МЫРЗАХАНКЫЗЫ. Описание на-
родного наследия в романе-эпопее М. Ауезова «Путь
Абая».
Аяулым ЗАБИРОВА. Возможности мультимедий-
ных технологии в сфере образования.
Серик ТАЖИБАЕВ, Ризабек БАТТАЛУЛЫ. О
достоинстве освобождения рабов.
Содержание журнала на русском и английском
языках.
Достарыңызбен бөлісу: |