зақтың иісі» деген атпен Фариза Оң-
ғар сынованың алғысөзі беріліпті. Əрі
қарай кезегімен (атақ-дəрежелері де
жа зылған): Роллан Сейсенбаевтың,
Жəркен Бөдештің, Тыныштықбек
Əбді кəкімұлының, Қазыбек Исаның,
Ма ралтай Райымбекұлының, Талғат
Ешенұлының алғысөздері бірінен соң
бірі жалғасып кете береді.
№2 2015 А И АТ
87
87
Ешкімді де алғысөздер ақын етпейді
ғой...
Ал, Ақберен Елгезек «Шексіздік
сыртындағы шам» (Алматы, «Хан-
тəңірі», 2014 жыл) деген кітабында
өзі туралы жазылған зерттеу-мақалалар
легін бірінен соң бірін бермейді. Оның
ерек шелігі, əр мақаланы он-он бес беттен
кейін кіргізіп отырады.
Біз бұл жолы мақалалардың тақы-
рыптарына емес, тек кісі есімдеріне
ғана тоқталайық. Олар: Тыныштықбек
Əбдікəкімұлы, Таласбек Əсемқұлов,
Нұрғали Қадырбаев, Айгүл Кемел-
баева, Дүкен Мəсімханұлы, Əбіл-
Серік Əбілқасымұлы, Сəруар Қасым,
Мəдина Омарова, Серік Құсанбаев,
Құдияр Білəл, Динара Мəлікова.
Қарап отырсаңыз бəрі белгілі есімдер.
Бірақ, бұл ненің көрінісі? Керуендей
тізілген осы кісілердің алғысөздері мен
мақалаларын бір кітапқа кіргізудің не
қажеті бар еді? Бір кітапқа бір аннота-
ция мен бір алғысөз де жетпейтін бе еді?!
«Мақтауды кім сүймейді, мақтауды кім
жек көреді» десек те, əр нəрсенің өз орны
болуы керек.
Егер де, сіз «бұл кітапқа пəленбай
зерттеуші-сыншылардың мен жəне
менің
шығармашылығым
тура-
лы мақалаларын кіргізбесем, анау
өле ңімнің һəм мынау өлеңдерімнің
табиғаты мүлдем ашылмай қалуы
мүмкін, оқырман түсінбей қалады» деп
ойлайтын болсаңыз, онда қолжазбаңызды
толығымен бір қаламгерге оқытып шы-
ғып, бір рецензия жаздырып алуға, со-
сын, оны тұңғышыңызға жариялауға
əбден болады.
Сонымен қатар, Алмас Темірбайдың
«Автопортрет» (Алматы, «Үш Қиян»,
2007 жыл) атты кітабының соңына:
бір емес,
екі емес,
үш емес,
төрт беттен тұратын шығармашылық
өмірдерегінде он жылдың бедерінде
(1996-2006 жылдар) алған атақтары
мен марапаттарының бүкілін жіпке тізіп
тұрып жазып шығуын қалай түсінуге бо-
лады? «Қазаншының өз еркі, қайдан
құлақ шығарса» дегенді қоятын кез
жетті. Мұқағали айтқандай, «Ақынның
ақындығы – атақта емес, ақынның
ақындығы – арда ғана». Ендеше, ақын
аманатына адал болайық.
Қажетсіз қайталаулар немесе
немқұрайдылық
Қадыр Мырза Əлі ағамыздың «Бір-
біріне ұқсамасын ақындар!» деген сөзі
бар емес пе еді?!. Сол сияқты, бір өлеңі
бір өлеңіне ұқсап жататын ақындардың
да кемшілігін көрсетудің ерсілігі жоқ деп
білеміз... Себебі, кей тұстарда орынды-
орынсыз бір сөзіңді қайталай беру –
дұрыс үрдіс емес. Яғни, бір айтқан сөзін
екі айтып жататын ақындар жоқтың қасы
дей алмаймыз. Бар. Дейтұрғанмен де,
біздікі осы мəселені қозғап, əдеби ортаға
ой тастаудан туған пікір ғана.
Осындай олқылықтарды Əсел На-
заралы (Бір тамшы жыр» кітабы,
«Халықаралық Жазушылар баспасы»,
2013 жыл), Олжас Сəндібек («Уəде»
кітабы, «Жазушы» баспасы, 2013 жыл),
Қуаныш Медеубаев («Қара жəшік»,
«Фолиант» баспасы, 2013 жыл) сияқты
жас ақындардың өлеңдерінен байқауға
болады...
Мысалы, «Бір тамшы жыр» кітабының
авторы Əсел Назаралы деген жас
ақынның «Берекесізге» (51-бет) дейтін
бір шумақтан ғана тұратын өлеңі бар.
Неге менен іздеп жүрсің бір жылу?
Жанарыңнан көрдім тілсіз бір арай.
Көңіліңді қалдырды ма бір сұлу?
Жабырқай ма ширек жүрек тың-
дамай? – деген сол шумағын аса көп
еңбектеніп өзгертіп жатпай-ақ, сəл-пəл
ғана өзгертіп, тақырыбын «Мазалама»
(84-бет) деп қоя салып, тағы бір келесі
жалғыз шумақтық өлеңінде əрі қарай бы-
лайша дамытыпты:
Неге менен іздеп жүрсің бір жылу,
Жанарыңнан көрдім тілсіз бір арай.
Көңіліңді қалдырды ма мың сұлу?
Ақылыңды Сезім жүр ме тыңдамай.
Бауыржан БЕРІКҰЛЫ. «Ақынның ақындығы – арда ғана»
№2 2015 А И АТ
88
88
Ең ұтымдысы – ақынның осын-
дай кемшілікке барып, оқырмандарды
бұлайша мазаламағаны дұрыс еді... Бірақ,
бұл – ақынның ғана емес, редактордың
да, корректордың да кемшілігі. Алайда
қазір баспаларда мұндай жауапкершілік
жоқ десе де болады. Берген қолжазбаңды
талғамай шығара береді.
Ендігі сөз еткелі отырған ақынымыз –
Олжас Сəндібек. «Уəде» атты тұңғыш жыр
жинағының авторы. Өлең өлкесіне «Саған
деген сезімімде де, жырым да /Дəл өзіңдей
мөп-мөлдір», (4-бет) – деп жырлап келген
Олжас басқа өлеңдерінде де осы «мөлдір
өлең» тақырыбына соқпай кетпеген...
Мəсе лен, мына бір тамаша өлеңінде:
«Бар болмысың кіршіксіз көрінетін,
Жанарыңнан айналдым мөлдіреген.
Тілден емес, жүректен төгілетін,
Мен саған жазсам деп ем мөлдір өлең»
(5-бет) – десе, келесі бір өлеңінде:
«Не күтіп ең жаным-ау енді менен,
Жасыңды сүрт көзіңнен мөлдіреген.
«Менің мұңым – махаббат» шамам
келсе,
Мөлдіретіп жазармын мөлдір өлең»
(27-бет) – деп жоғарыда бір айтқан арман-
тілегін тағы да қайталаған. Тек бұл жердегі
өзгеріс – тілек формасындағы сөздің уəде
үлгісіне ауысуы ғана. Əділін айту керек.
Мұндағы бір өлеңіндегі қайталаулар
толқынына қарсы емеспіз. Əрине,
ақынның «мөлдір» сөзін түрлендіріп
қайталауы кездейсоқтық емес. Қайта,
бір шумақта бір сөздің бұлай жиі қай-
талануы – ақынның ойын күшейту
бағытында, сол ойына оқырман назарын
аударту ұғымында жұмсалған. Ол ойды
күшейтіп, экспрессивтік-эмоциялық қу-
а тын арттыру мағынасында қолданы-
лып тұр. Дегенмен, алдыңғы өлеңде
айтқан ой-мұратыңды келесі өлеңге
де жүк қылып, соны қайта жырлап
шығудың қажеттілігі қанша еді?!
Сонымен қатар, Қуаныш Медеу баев-
тың өлеңдерінде де осындай ұқсастықтар
бар. «Əуежай» атты (39-бет) өлеңіндегі:
«Тағдырдың билетіне қарайлаймын
Əуежайдан бір ұшақ ұшқан сайын»,
– деген өлең жолдары «Астаналық ақын
қыз» (185-бет) өлеңіндегі:
«Аспарадан арманым қол бұлғайды
Астанаға бір ұшақ ұшқан сай-
ын», – деген үзіндіде екінші тармақтар
қайталанып жатқан жоқ па?! Бұл жердегі
екі өлеңдегі де ой бөлек, əрине. Бірақ, бір
сөзді бірнеше рет қайталай беру сөздің
дəмін кетіріп жібер ген сияқты.
Сөз соңында айтарымыз, бір айтқан
ойды сəл өзгертіп алып басқа өлеңдерде
əрі қарай жалғастырып айту немесе
сол сөздерді келесі туындыда да пайда-
лану – егіз қозыдай өлеңдердің санын
көбейту ғана емес пе? Себебі, мұндай
қажетсіз қайталаулар болмашы нəрсе
болып көрінгенімен бұл – автордың
сөздік қорының, тіл байлығының жұтаң-
ды ғынан хабар береді немесе өз сөзіңе
немқұрайдылықпен қараудан туындай-
ды...
РЕДАКЦИЯДАН:
Жас
сыншы
Бауыр жанның назарларыңызға ұсы ны-
лып отырған ой-пікірлеріне қосылуға да,
қосылмауға да болады. Соған қарамай,
сын жанрында мұндай да мəселелердің
қозғалып отырылуы заңдылық. Өйт-
кені, алуан-алуан пікірлер, сан қырлы
да, көп сырлы əңгімелер əдеби про-
цестің қозғаушы күші. Бұлай деп
отыр ғанымыз, табиғаттың төрт
мез гілі, уақыттың толқыма лептері
қан шалықты қайталанса, соған орай
ақынның да сезімінің қас-қағым сəті
соншалықты қайталануы бек мүмкін.
Ал, сөз бен сөйлемдердің немесе кейбір
тұстағы шумақ қайталанулары əдеби
процесте
реминисценциялау
дейді.
Тіпті, орыстың ұлы ақыны Пушкиннен
бастап, өзіміздің қазақ ақындарында да
мұндай қайталаулар жиі болып тұрған.
Дейтұрғанмен де, ЖАС СЫНШЫНЫҢ
назарларыңызға
ұсынып
отырған
мақа лаларындағы мəселелердің кейбір
тұстары орынды екендігін ешкімнен
жасыра алмаймыз. Ендеше, жолың
болсын жас сыншы!
Пікір
№2 2015 А И АТ
89
89
Ақын ақын туралы
Тоқтарбек ҚАМЗИН,
ақын
«ТУ СЫРТЫМНАН
КӨКЖОРҒА КІСІНЕДІ...»
Шығармашылық қашанда өз заманының,
дəуірінің, сол кезеңде қалыптасқан қоғамдық
үрдістердің жемісі екені баршамызға аян.
Қо ғамдық процестер мен өмірлік қағида-
лардың шығармашылық иесінің санасында
трансформациялануы арқылы дүниеге тың
туынды келеді. Яғни, ақын шығармасынан
дəуір шындығын іздеген кезде лирикалық
кейіпкердің жан əлемінің жүйесі жəне
ақын дүниетанымының призмасы арқылы
қарауымыз керек. Объектіге деген субъек-
тивті көзқарас шығармашылық психоло-
гиясын айқындайды. Осы ретпен ақын
Жанат Əскербекқызының өлеңдеріндегі
көне ертегілік, эпостық образдар мен
желілерге назар аударалық. Ақын ауыз
əдебиетіндегі əйелдер образын поэзияда
өрнектеген кезде, жалаң эклектизмге
бой алдырмаған. Ол сомдаған образдар
лири калық кейіпкердің рухымен үн-
дес, өзектес. Санамен түйсінетін нəзік
желі лерді ақын тап баса білген. Сол ар-
қылы өлең дерінің поэтикалық қуатын
арт тырған. Мысалға Бекторы образына
тоқ та лайық.
Бала күнімізден біздің санамызда қалып-
тас қаны – ескі қағида тұрғысынан жіктесек,
Бекторы – «жағымсыз кейіпкер». Бекторы
пері болса да пендеге – Төстікке ғашық бо-
лады. Есте жоқ ерте заманда мифтік сана
бойын ша адам затына үш əлемнің бірдей
есігі ашық болған. Ер Төстік ертегісі осы
тұр ғыдан алғанда ертегілердің ішіндегі
ең көнесі, байырғысы болып есептеледі.
Яғ ни, Жанат Əскербекқызының өлеңін-
дегі Бекторы – этно-архаикалық образ.
Ықылым замандар мен қазіргі уақытты
жалғастырып тұрған ақындық қиялдың
жүйріктігі де осында. Алайда, Бекторы
образы ақын өлеңінде уақыттың талабы-
на сай жəне лирикалық кейіпкердің көңіл
ауанына байланысты іштей өзгешелікке
ұшыраған. Яғни, этно-архаикалық об-
раз жаңарған, ақын поэзия арқылы жаңа
мағына алып келген. Ақын Бекторының
ертегіде көрінбеген, жария етілмеген
тағы бір қырын – медальдің екінші бетін
интуициясымен сезінген. Бекторының
пендеге ғашық болуының өзі оның
жан əлеміндегі арпалыстың нəзіктігін,
тіпті періге тəн емес əлсіздігін көрсетсе
керек.
Өлеңнің өне бойында үш желі бар.
Бірін шісі Бекторы – объект, екіншісі –
лирикалық кейіпкер, үшіншісі – ақынның
бірінші мен екіншіге қарым-қатынасы.
Бекторы арқылы лирикалық кейіпкердің
жанындағы болмашы нəзік сəулені тани-
мыз. Өлең композициясында жоғарыда
біз атаған үштік бір-бірімен араласып,
қоса-қабат жүріп отырады. Кей тұстарында
Бекторы мен лирикалық кейіпкердің
мұңы ұқсайтын тəрізді де болып көрінеді.
Ақындықтың ішкі қуаты да объект пен
лирикалық кейіпкердің сіңісіп кетуінде.
Сол арқылы нысанаға алынған объект
көркем образ дəрежесіне көтерілген.
Өлең оқуға жеңіл – сегіз буын, екі
бу нақ тан тұрады, қанға сіңді қара
өлең ұйқасымен өрілген. Асылы, сол
ерте гілер дің өздері де уақытында өлең
үлгісінде жа зылған болуы керек. Себебі,
айтуға – көр кем, түсінуге – нақты, баян-
дауға жеңіл тү седі. Сонымен қатар,
ертегілер басталарда айтылатын ұй-
№2 2015 А И АТ
90
90
қасты қайырымдарды қайда қоямыз.
Қош, өлең мəтініне назар аударсаңыз,
алғашқы шумақтан ақынның ті келей
объектіге қатынасы бірден байқа лады.
Пендеге айтпа өкпені,
Перінің қызы Бекторы.
Қайтесің мыстан-пиғылды
Тəңіріңе сиын көктегі.
Бұл шумақта лирикалық кейіпкердің
сұлбасы нақты байқалмағанмен, ақынның
бірден образға көшуінің өзіне лирикалық
кейіпкердің жан əлемі əсер еткен. Осы
шумақ тан байқайтынымыз ақынның
көркемдік логикасының өрімін өзгерте
отырып, бірінші жол мен екінші жолдың
орнын ауыстыруға болады.
Перінің қызы Бекторы,
Пендеге айтпа өкпені.
Бұлар «қосылғаштар» тəрізді, қалай
қойса да қосындысы біреу болып шығатын.
Алай да, бірінші жол – алдымен лирикалық
кейіпкерге қатынасы бар тармақ. Пенде-
ге өкпені алдымен лирикалық кейіпкер
айтпауы керек сияқты. Аталған тармақ
өлеңді бастау арқылы лирикалық кейіпкер
санасындағы байқалмайтын өкінішті жа-
рия етеді. Осыдан кейін барып перінің қызы
Бекторыға кезек келеді. Өлең жолдарының
ары қарайғы өрімінде лирикалық
кейіпкер мен көркем образдан ше-
бер өрімшінің қолына берілген тас па
тəрізді келісті комбинация жасалған.
Бірде лирикалық кейіпкер көрінсе,
бірде көркем образ алдыға шығады.
Өлеңнің ырғағымен баяу тербетіле, көз
алдымызға алма кезек көріне отырып,
өлеңнің «жұп-жұмыр, айналасы тегіс
келуіне» өз əсерін тигізеді. Өлеңнің оқуға
жатық əрі тез болып көрінетін сегіз
буынды болуы, бір жағынан образ бен
лирикалық кейіпкердің өзара алмасуы-
на жеңіл тиуінен де туындағандай. Бекто-
ры мен лирикалық кейіпкердің арасындағы
үндестік арқылы ақынның айтуға һəм
айтылуға тиіс идеясы жүйеленеді.
Сынықси күлмей сыр бүгіп,
Көрсеттің несін сұм қылық, – деген
жолдар көркем образды ашуға тікелей
бағыт талса,
Шаңына көміп кетті ме,
Шалқұйрық мінген бір жігіт, – жолда-
рынан лирикалық кейіпкердің жанындағы
драманы да айқын тануға болады. Төстіктің
– Ер Төстік емес, Шалқұйрық мінген
бір жігіт атауымен берілуі «шаң» сөзіне
аллитера ция үшін ғана емес, нақтылы
Бекторыға қаты насын «əлсіретуге»,
жалпыландыруға сол ар қылы лирикалық
кейіпкерді даралау үшін де қажет болған.
Жалпы алғанда, Төстіктен басқа өлеңдегі
Сорқұдық, Кенжекей, құба інген боталай-
тын тұс – бəрі-бəрі жекеліктен жалпылық
сипатқа ие болған.
Сорқұдық кімге сор мекен,
Сорлы жер, сірə, шерге тең.
Төстіктей ерді қай күні
Шыққыр да көзің көрді екен?!
Ертегідегі жер атауы «Сорқұдық»
– ақын өмір сүріп отырған уақыттың,
қоғамдық ортаның өлеңдегі нұсқасы.
«Сорқұдықтың басына сорға бола қонды
атам» деп зарланатын Кенжекейдің бағы
Бекторыдан бес елі артық. Соны терең
түйсінген ақын «Сор құдық кімге сор
мекен» деген сұраулы жол ды көлденең
тартады. Жауап беретін оқыр ман ның өзі.
Пешенеңнің де соры бар,
Кездеспес пенде оны ұғар.
Кенжекейдейін арудың
Кердеңдейтұғын жөні бар.
Бекторының басындағы хал-күй –
нақты, анық. Сондықтан, өлеңде ақын
екінші жаққа – Бекторыға қарата сөйлейді.
Біріншіден, бұл Бекторыны айқындай
түссе, екіншіден, ақынның жариялылықтан
қашуынан туындаған. Жəне ақынның
сол арқылы лирикалық кейіпкерді
салмақтандырғысы келгенін көреміз.
«Кердеңдейтұғын» сөзі нің эмоциялық
мəні Кенжекейдің қимыл əрекетінен гөрі
Бекторының һəм лирикалық кейіпкердің
жанындағы дертті тырнағандай. Өзіңнің
жаныңды ауыртып, жүрегіңді жаншып кет-
кен тəрізді. Өлеңдегі ішкі ақын дық қуат-
сезімдер гармониясы, композициялық
жұмырлық, лирикалық кейіпкердің
даралығы уақыттың алшақ тығына
қарамастан байырғы мен бүгін гіні
əсем үндестіре білген. Өлең со ңы на
қарай Бекторының рөлі «əлсіреп», сезім
Тоқтарбек ҚАМЗИН. «Ту сыртымнан көкжорға кісінеді...»
№2 2015 А И АТ
91
91
«коэффицентінің» басым көпшілігі
лири калық кейіпкер өзегіне құйылған.
Өлеңнің басында аты аталған пері
қызы өлеңнің орта тұсынан асқан сəтте
лирикалық кейіпкердің көңіл ауанына
қарап, ыңғайына жығылады. Ақынның
көркем образға қарым-қатынасы деректі
ұғымдар мен ертегілік элементтердің
өлеңде пайдаланылған тұстарында ғана
қылаң береді.
Қайрылмас ару құшқан ер,
Демемес тағы дұшпан ел.
Бошалап кеткен құба інген
Боталап қалған тұсқа кел.
Ақын ертегінің нақтылы эпизодта-
рына мəн берген. Өлең көркемдігі үшін
Кенжекейдің сертпен белін буған матаның
босауы эпизодынан гөрі, «бошалаған
құба інген боталаған тұс» – сағынышты
жандардың жолыққан жері қымбат.
Лирикалық кейіпкердің жан қалауы да
сол. Өлеңнің идеясы да осы болса керек.
Бекторының, Кенжекейдің, лирикалық
кейіпкердің бақытқа деген қарым-қатынасы
– бақытқа ұмтылуы.
Енді өлеңнің соңғы екі жолына назар
аударалық:
Көңіліңді сөйтіп жұбат бір,
Ақылды кекке шырақ қыл.
...Жарты лашыққа аялдап,
Жолаушы сусын сұрап тұр.
Толықсып шықшы алдынан,
Төгілтіп тұрып сал бір əн.
Тағдырын шеш деп өзіңнің
Төрелігіңе қалдырам...
Ертегіде жолаушының жарты лашыққа
аялдайтын тұсы құба інген боталайтын
кезден бұрын болатын оқиға. Поэзиядағы
көркемдік шешім үшін жолаушының
жарты лашыққа аялдауы өлеңнің соңында
болуы тиіс. Жоғарыда біз айтқан Бекторы
ықпалының «əлсіреу» тұсы нақты көрінетін
кез де осы. Ертегінің композициялық
құрылымының өзгеруі поэзиялық
шығарманың композициясына ерекше
реңк береді. Бекторы өзінің өлеңдегі
миссиясын толығымен атқарып,
лирикалық кейіпкердің сезіміне ерік
берген. Лирикалық кейіпкердің жан
əлеміндегі құлазу өлеңнің соңында
Бекторының образынан байқала қой-
майды. Ақын «ақылын кекке шырақ
қылуға» лирикалық кейіпкерді шақы-
рады, өлеңдегі психологиялық драма-
тизм, динамикалық қозғалыс тыншу та-
бады. Керісінше, Бекторы образы өзінің
пері лік сипатына қайтадан оралғанын
көзі қарақты оқырман аңғаруы тиіс.
Лирикалық кейіпкер тағдырын шешу
үшін кімнің төрелігіне қалдырды? Ал
жолаушының алдынан төгілтіп тұрып
əн салатын кім? Ішкі жан əлеміңнің
түйсіктерін іске қосатын сəттер де осы
кез. Поэзияның құдіреті де осында.
Түйсінесің, сезінесің.
«Перінің қызы Бекторы» туынды-
сы – образы соны, көркемдік ерекшелігі
жоғары, сезімдік бояуы қалың өлең.
Көркем образдың жаңалығы өлеңдегі айты-
латын идеяны танытуға зор үлесін тигізген.
Дыбыс һəм тұтас буындық аллитера-
циялар мен ассонанстар құрылым мен
ұйқасқа, образ бен идеяға өз-өзінен
сұранып тұр. Ақын жаңа туындыны
жазу барысында əлем-жəлем бояулар-
ды тізбелемей, образдың функциялық
ерекшеліктері талап еткен тіркестерді
пайдалану арқылы көркемдік элемент-
тер қалыптастыра білген.
Поэзия – бөлшектерді бүтінге ай-
налдыру, қайшылықтарды қиюластыру
болса, Жанат Əскербекқызының «Ту
сыртымнан Көкжорға кісінеді» өлеңінен
бөлшектерден құралған тұтас сезімдік
суреттер картинасын көреміз. Образдар
мен тұтас образдық тіркестерден тұратын
өлеңде Қыз Жібек лирикалық кейіп кердің
логикалық прототипіне айналған. Алайда
ақын Жібектің образын суреттегісі келме-
ген. Себебі, эпостағы арудың басындағы
трагикалық хəл нақты – Төлеген өлген.
Тө леген өлсе де рухымен қалаулысын
қол дайды. Сондықтан да, жалғыз қалған
Жі бек емес, жетім қалған, қаңғырып қалған
сүйіспеншілік сезім. Лирикалық кейіпкердің
мүдделі болатыны да сол тұрағын таппаған
сезімнің хəл-күйі. Ал, Көкжорға – кейіпкер
сезіміне эталлон. Өлең сюжетін – деталь-
дар, метафора, кейіптеулер т.б. көркемдік
құралдар өреді. Метофоралық тəсілдің
Ақын ақын туралы
№2 2015 А И АТ
92
92
бір ерекшелігі – айта-айта аузыңыз кеп-
кен жасандылықтан арылтатыны өлең
мəтінінен анық байқаймыз. Адамның жан
əлеміне сүңгу, сезіміне араласу, көңіліне
құйылу тұспалдық тəсілмен ақынның оң
жамбасына келген. Сезім бояуы ның жанды
қозғалысы, психологиялық драматизм өлең
құрылымын кернеп тұр.
Ту сыртымнан Көкжорға кісінеді,
Кісінеуі кімді еске түсіреді.
Иесінің жоқтығы – өңім еді,
Ер-тоқымсыз келгені түсім еді.
...Ту сыртымнан Көкжорға кісінеді...
Шығарма басталысымен əрбір қазаққа
бала күнінен таныс трагедиялық оқиға
бірден еске түседі. Эпоста көрінетін
ыстық сезімнің жалыны өлеңде өз өрнегін
тапқандай. Ұлттық менталитетке сай
Достарыңызбен бөлісу: |