Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

үш  санының  философиялық  мəн-ма ғы-
насымен  байланысты.  Самурайлар  дəуi -
рiндегi айдаһар образы бейнеленген аңыз-
дардың  акиталық  нұсқасында  додекай-
моно  (дөкей  мақұлық)  дейдi.  Үлкен, iрi, 
дəу сөздерiмен мағыналас дөкей сөзiн Ке-
реку  қазақтары  жиi  қолданатыны  белгiлi. 
Самурай  сөзi  самурау  (сабурау)  деген 
бүгiнде  қолданылмайтын, «Хэйкэ  моно-
Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА. Самурай

№2    2015    А И АТ
103
103
гатари» тəрiздi көне шежiрелiк еңбектерде 
ғана  сақталған  сөзбен  байланысты.  Са-
быр,  сабурау,  самурай  сөздерi  лингво-
философиялық тұрғыдан барлық жағынан 
байланысты. «Хэйкэ моногатари» эпопея-
сында  Сабуроу  деген  антропоним    Сабу-
рау  деп  оқылу  керектiгi  жазылған.  Мы-
салы,  Мусашиносабураудзаэмонари куни, 
Охобаносабураукагэчика  деген  тə рiздi 
ұлы  батырлардың  есiмдерiнен  көптеген 
сөз дердегi  а  дыбысы  уақыт  өте  келе  о 
болып  дыбысталғанын  көремiз.  Сабуроу 
деген  ер  бала  есiмi  самурайдың  поли-
семантикалық  мағынасын  ашып  тұр. 
Жал пы  жапон  лингвистерi  сакура,  сакэ 
сөз дерiнiң са бөлiгi Ұлы дала пiрi деген 
мағына  беретiнiн  мойындайды.  Тек  са-
кура, сакэ ғана емес, самурай сөзi мура 
ие роглифiмен бейнеленсе, оның самурай 
мен  сабурау  (сабуроу)  сөздерiне  қатысы 
бар.  Ұлы  мағыналы  сөздi  ер  балаға  есiм 
етiп  қойған  жапон  дүниетанымына,  ұл 
баланы мұрагер деп бiлген көшпендi қа-
зақтың даналығына табынуға тура келедi. 
Мұрагер
Мура дегенде жапон ауылы көз алдыға 
келедi,  самурай  дегенде  ел  мен  жер 
қорғаны  ерлер  елестейдi.  Күншығыстың 
көркем  əдебиетiнде  ер  тұлғалы  ұғымын 
ририший деп таңбалауы ердiң көне заман-
нан сақталған қос халыққа ортақ сөз екенiн 
бiлемiз. Самурай сөзiндегi мура нелiктен 
айға  ұласқанына  мəн  берсек,  Цукими – 
Айдан қуат алу жапондық дəстүрiне бой-
лаймыз.  Ай  күнтiзбесi  бойынша  джюгоя 
түнiнде  (15-нен 16-на  қараған  түн)  ай 
толады. Жапон отбасы  данго (тоқаштың 
түрi) əзiрлеп, айға қарап отырып сиынады.  
Бұл дəстүр ежелгi самурайлар заманынан 
берi бар. Доспамбет, Шалкиiз, Қазтуған 
жыраулардың кезiндегi самурайлардан 
қалған айды көркемдiк бейнелеу ретiнде 
жиi  қолданған  жырлар  жеттi  бүгiнгi 
заманға. Ай – жапон дүниетанымындағы 
бiр  символ.  Оғыз  дəуiрiндегi «Кагуяхи-
мэ»  ай  нұрынан  жаралған  қыз  туралы 
жырдан  бастап,  елу  мың  жетпiс  сөзi  бар 
«Манъйосю»  жинағында,  он  мың  он  бес 
таңбадан  тұратын  «Кокинсюде»,  жиырма 
тоғыз  мың  екi  жүз  он  екi  семантикалық 
бiрлiктен  құралған  «Оокагамиде»,  жапон 
əдебиетiнiң  жауһарларының  барлығында 
ай сəулесi  түсiрген тiркестердi көруге бо-
лады. Ай нұрынан қуат алып жыр жазған 
самурайлар  мұрасы  ғибадатханаларда 
сақтаулы. 
Отэра – Будда  ғибадатханасы.  Тэра 
таңбасының  алдына  хито  (кiсi)  таңбасы 
тiркелгенде  ғибадатхана  ұғымы  шы-
ғады.  Шығыс  тiлiнде  самурай  мен  от-
эра  сөздерiнде  бiрдей  таңбаның  болуы 
философиялық  астарға  ие.  Ал,  тэраның 
алдына гэн таңбасы келгенде жыр, өлеңдi 
бiлдiретiн ши иероглифi көрiнедi. Жыр мен 
самурай  ғибадатханаға  тəуелдi  ұғымдар. 
Сан-алуан  зiл-залада,  ғибадатханалардың 
бүтiн  қалуын  жапондар  осы  қасиеттi 
үйдiң киесiнен деп бiледi. Көне жыр орам-
дары  осы  ғибадатханаларда  сақтаулы. 
Самурайдың  Еуропа  зерттеушiлерi  жаз-
ғандай  «иесiне  ерiп  жүрген  қызметшi» 
деңгейiмен  өлшенбейтiн  өте  биiкте  тұр-
ғанын,  ХV-ХVI  ғасырда  өзара  шайқаста 
бiр-бiрiн  қырып-жою  функциясын  ғана 
атқарған  қоғамдағы  орны  белгiсiз,  орны 
тұрақсыз  қылыш  ұстағандар  емес.  Сақ 
дəуiрiндегi жауынгерлiктiң архипелагтағы 
мұрагерлерi  екендiгiн  тура  айтуымыз 
керек.  Əдiлдiк,  өрлiк,  ерлiк  мұрагерi – 
самурайлар.  Iшкi  əлемi  таза,  əдiл,  адал 
адам  ғана  батыр  болады.  Самурайдың 
ғибадатханамен  байланысты  таңбалануы 
осыдан. 
Нағыз  дiн  қағидаларын  ұстанатын 
тура жолдағы ер – самурай. Дiндi коко-
ро – көкiрек көзiмен түсiнiп, жүрегiмен 
сезiнетiн,  жанымен  берiлген  тектi  ер 
–  самурай.  Бұл  күрделi  жолдардан, 
қиын өткелдерден, сан-алуан  сатылар-
дан  көтерiлу  арқылы  жететiн  биiктiк. 
Самурайға  тəн  нəзiк  сезiмталдық,  қа-
ғылездiк,  қайсарлық  оның  мұраларынан 
– сөз өнерiнен, сəулет өнерiнен, ерлiк мек-
те бiнен  көрiнiс  тапқан. «Баяғыда  Тории-
тоугэ  деген  асуды  бiр  қарақшы  иектептi. 
Бұл  асуда  Джидзоусан  (Жолаушылар 
мен  балалардың  жебеушi  пiрiнiң  мүсiнi) 
бар  едi.  Бiрде  Джидзоудың  қасына  бiр 
са мурай  тоқтап  темекi  шегiп  тұрғанда 
қарақшы аңдып тұрып өлтiредi. Қарақшы 
самурайдың ақшасын алып мүсiнге қараса 
Əр  елдің  салты  басқа

№2    2015    А И АТ
104
104
Джидзоу  бұған  тесiлiп  тұр  екен.  Саму-
рай  мүсiнге:  «Əй,  Джидзоу,  көргенiңдi 
ешкiмге айтпа!» дей салыпты. Сонда тас 
мүсiн:  «Мен  айтуын  айтпаймын  ғой, 
сен  өзiң  жария  қыласың»  деген  екен. 
Қарақшы  ашуланып,  қылышын  сермеп 
қалғанда  мүсiннiң  бiр  жақ  бетiн  шауып 
түсiрiптi.  Он  жыл  өтедi.  Сол  қарақшы 
дəл  сол  асудан  өтiп  бара  жатады.  Жар-
тыбет  Джидзоу  ғана  қақшиып  тұр  дейдi. 
Қарақшы мүсiннiң қасына келгенде «осы 
жерде  самурайды  өлтiргенiме  де  он  жыл 
болыпты-ау»  деп  күбiрлептi.  Сол  сəтте 
Джидзоудың  артынан  жас  самурай  шыға 
келiп, «Əкемдi  өлтiрген  сен  екенсiң  ғой» 
деп қарақшының басын шауып тастайды. 
Бұл баяғы самурайдың ұлы едi. Басының 
жартысын қылыш шапқан Джидзоу Тори-
итоугэ асуында əлi күнге тұр» дейдi, Фу-
куока префектурасының аңызы. 
Самурайлар  салған  сарайлар  Жа-
по нияның  əр  қаласында  бар.  Саму рай-
лардың  прозалық,  поэзиялық  шы ғар-
малары жапон əдбеиетiнiң бай қа зы насы. 
Самурайлардың  ұстанған  қы лыштары 
мен  сауыт-саймандары  жапон  мұра-
жайларында  сақтаулы.  Мəселен,  Му -
ро  мачи  дəуiрiнiң  алтынмен  апталған 
до омари  деп  аталатын  сауыт-сайманы 
То кио  мұражайында.  Ал,  самурай  тура-
лы  аңыздар  жапон  фольклорының 
терең  тарихы  бар  екенiн  дəлелдейдi. 
Самурайлардың  басынан  өткен  сан-
алуан  оқиғалар  ғажайып  аңыздар 
арқылы  сақталған.  Чюбу  аймағында 
мынандай бiр аңыз айтылады: 
Баяғыда бiр атақты самурай болыпты. 
Бiрде ол құлы екеуi жолға шығады. Жаздың 
аптап ыстығында кенезесi кеуiп келе жатқан 
самурайдың көзi қауын бақшасына түседi. 
Сайдың  тасындай  теңкиген  қауындардың 
пiсiп тұрған шағы екен. Самурай ойланба-
стан  бiреуiн  қылышымен  жарып  жiберiп 
шөлiн қандырады. Қауынды жеп болғанда 
бұл  əрекетiнiң  ұрлық  екенiн  сезедi.  Са-
мурай құлы екеуi ары қарай жүре бередi. 
«Екеумiз  бiреудiң  бақшасынан  қауын 
ұрлап жегенiмiздi ешкiмге айтпа» дейдi, 
самурай  құлына.  Құл  «тiс  жармаймын» 
деп  уəде  бередi.  Күн  ұясына  батып,  түн 
болғанда  екеуi  бiр  тауға  жетедi.  Тауда 
түнемек  болады.  Самурай  «Құлдың  ау-
зында  сөз  тұрмас.  Ертең-ақ  менiң  ием 
ұрлық жасады деп елге жайып жiберер. 
Одан да бұның көзiн құртайын» деп ой-
лайды да, ұйықтап жатқан құлдың басын 
шауып тастайды. Атақты самурайдың құлы 
жолда  өлдi  деген  хабар  бүкiл  елге  жайы-
лады.  Құлдың  шешесi  еңiрегенде  етегi 
жасқа  толып,  баласының  басы  шабылған 
жерге  келедi.  Ананың  зарлағандағы  дау-
сы бүкiл елдiң сай-сүйегiн сырқыратыпты 
дейдi.  Баласының  басын  құшақтаған 
əйел  өзеннiң  жағасына  келiп,  «Егер,  өз 
кiнəңнан өлсең, суға бат, кiнəсiз болсаң 
су бетiнде қалқып ақ» деп, басты өзенге 
тастапты.  Бас  суға  батпай,  бiрден    өзен 
ағысына  қарсы  жоғары  қарай  қалқып  ба-
рады екен. Бұл көрiнiске куə болған  жұрт 
қатты  таңқалыпты  дейдi.  Сол  түнi  бас 
шабылған  жерде  оттың  ұшқыны  пайда 
болып,  əуеге  көтерiлiптi.  Самурайдың 
ауылының  төбесiнде  күркiреген  үн  шы-
ғарған  ұшқын  елдiң  зəресiн  алыпты. 
Тыл сым  құбылыс  самурайдың  үйiнiң 
тө бесiнде  найзағайдай  күркiреп  тұрып 
алыпты. Күндiз күлкi, түнде ұйқыдан айы-
рылған  самурай  көп  ұзамай  жынданып 
өлiптi дейдi. Самурай туралы сан-алуан 
аңыз дар – жапон əдебиетiнiң алтын дiң-
гегi.  Самурай  тақырыбы  əр  кезеңдегi 
өнер  адамдарының  шығармашылық 
шабытын  оятты.  Мысалы,  ел  тарихы 
мен самурай тағдырын астастыра бей-
нелеген  ХХ  ғасыр  жазушысы  Сюсаку 
Эндоның  «Самурай»  романын  атауға 
бо лады.  Самурайдың  сəйгүлiгi  мен 
қару-жарақ, сауыт-сайман, ат əбзелдерi 
гунки  (ерлiк  жырлары)  мен  моногата-
ри  (эпос,  ертегi-жырлар)  жанрындағы 
əдебиетiнде  кеңiнен  суреттелген.  Жа-
пон  самурайларының  қайсақ  батырлары 
сияқты  қылыштарының  өз  атауы  болған. 
Қы лышқа ат қою «Қырымның қырық ба-
тырында», «Манас», «Аттила»  жырлары-
на тəн көркемдiк детальдар. 
Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА. Самурай

№2    2015    А И АТ
105
105
Оқырман хаты
 ҚОҒАМ ТАЗАЛЫҒЫ ТӘРБИЕДЕН
Біз  информациялық  қоғам  заманында 
өмір  сүрудеміз.  Ол  Батыс  елдері  мен 
Шығыс елдері арасындағы қазіргі ғылыми-
техникалық прогреске негізделген қатынас. 
Батыс  Европа  елдері  соңғы 3-4 ғасырда 
тездеп  дамығаны  белгілі.  Ол  техникаға, 
ғылымға  байланысты  даму.  Көп  нəрсені 
Батыс елдерден үйренудеміз. Бірақ, соны-
мен  қатар,  Батыстан  түрлі  моральдыққа 
жатпайтын нашақорлық, секс, адам өлтіру, 
еркек пен еркек, əйел мен əйел тұрмыс құру 
сияқты адамгершілікке жатпайтын қылықтар 
бізге  тарай  бастады.  Оның  бастауын  ХХ 
ғасырдың  бірінші  онжылдығында  неміс 
философы Освальд Шпенглер (1880-1931) 
өзінің «Закат Европы»(Еуропа құлдырауы) 
кітабында  жазған  болатын.  Содан  бері 
жүз  жыл  өтті.  Кезінде  ол  Шпенглер 
байқаған қоғамның Еуропада байқалған 
рухани кеселдері бүкіл əлемді жайлады. 
Табиғаты таза қазақ елінде жайлап ха-
лық  санасын  уландыруда.  Себеп  неде? 
Алдымен тойымсыз сауда қатынасында. 
Бір замандарда алып сатуға негізделген 
тауарлы - ақша қатынасы əлемді жалмап 
жатқан  тажалға  айналды.  Біріншіден, 
ғылым  мен  техника  жетістіктеріне 
сүйенген ірі өндірістер тынымсыз күндіз-
түні жұмыс істеп, пайда келтіру талабына 
сай,  табиғатты  жалмап  құртып,  керек 
пе, керек емес пе зат, бұйым техника шы-
ғаруда. Бұл табиғатты құртуға əкеле жа-
тыр. Бұл бір. Екіншіден, сауда қатынасы 
барлық адамдарға ерік, мүмкіндік берген 
сияқты миллионер болуға əркімнің де еркі 
бар дейді. Бірақ, іс жүзінде олай емес. Ат 
төбеліндей  миллиардерлер  ғана  əлемді 
билеп, қолында ұстауда. Миллиардтаған 
қалған адамдар үнсіз, тілсіз соларға жұмыс 
істеуде.  Өршіп  дамып  отырған  өндіріс 
табиғатты ғана күйзелтіп жатқан жоқ, ол 
адамдарды да күйзелтуде. Миллиондаған 
адамдар  даму  қарқынына  іліге  алмай, 
ағыммен сендей сығылып барады. Олар 
өзінің  кім  екенін  де  білмей  ұмытуда. 
Олар  болашағын  білмейді.  Бір  кезде 
Артур  Шопенгауэр  айтқан  болатын: 
«Бо лашақ күңгірт, қазіргі кез трагедия, 
өткен  өмір  мағынасыз»  деп.  Сол  өмір 
бүгін бəрінің басына түсті. Мұны байқаған 
Батыс елдер философтары Э.Тоффлер, Э. 
Фромм, Хосе Ортэга и Гассет, Ф. Фукояма 
айтқандарына қанша уақыт болды? Олар 
əлемді тек күйреу, ақыр заманды күтуде 
деп  жазуда.  Егер,  Ф.Ницше  құдайлар 
өлді, енді оның орнын «шектен тыс» зор 
адам  басты  десе,  қалғандары  «Библия 
Құдайы»  орнын  «капитал  Құдайына» 
босатып берді деп, жазуда. Ақша қатынасы 
аяусыз, рақымсыз пайда табу қатынасы. 
Оны қалай тапсаң олай тап, қандай жол 
ұстасаң еркің дейді. 
Қазіргі  жағдайда  адамдар  көпшілігі 
ойыннан,  күлкіден,  бірін-бірі  іздеп,  ой 
бөлісуден  қалып  барады.  Неше  түрлі 
сорақылық мінездер қаптап барады.  Мектепке 
келіп, оқушыларды, не демалыс орындарында 
саялап жүргендерді, не аялдамада тұрғандарды 
атып өлтіру сияқты əрекеттер пайда болды. 
Жалпы, қоғам бұзылуда. Мұның бəрі Батыстық 
елдер көрінісі. Əсері болмайды дей алмаймыз. 
2014 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» 
бетінде  жарық  көрген  «Иманды  қоғам 
идеясы» деген мақаласында жазушы Смағұл 
Елубай елді имандылыққа шақырады. Өте 
орынды пікір, құптарлық іс. Бірақ, мəселе онда 
ғана емес. Алдымен, осы қоғамдық міндеттің 
себебін ашу керек. Əзірше, Батыс идеологтары 
да, біздің ғалымдар да оның себебін ашып 
көрсеткен  жоқ.  Тек  көрінісін,  салдарын 
айтады. Себебін білмейінше қоғамды емдеу 
мүмкін емес. Ол бір. Екін шіден, қоғам қай 
заманда да тəрбиеге негізделген. Тəрбиесіз 
қоғам жоқ. Ашық сауда қатынасы тəрбиені 
ұмыттыруда. Сауда өзі үйретеді деп түсінеді. 
Бұл қате. Тəрбие алда тұруы керек. Онсыз 
өртеу, қирату, секс т.б. түрлі жемқорлық, 
мемлекеттік мақсаттан жеке бастық мақ-
сатты жоғары қоюдан құтылу мүмкін емес. 
Олай болса, тəрбие мемлекеттік тұрғыда 
жолға  қойылмайынша  қоғамда  тəртіп, 
тазалық  болмайды  демекпіз.  Тəртіптің 
басы  тазалық.  Алдымен  тазалық.  Адамды 
қинау – қауіпті. Кішкентай адамда қайраткер. 
Басқадан  талап  ететін  адам  алдымен  өзі 
кіршіксіз  болуы  керек.  Əйтпесе,  бəрі  бос. 
Бастық сол кішкентай адамның тілін тауып 
сөйлесе  алатын  болса,  бəрі  орын далады. 
Оның негізі – əділдік. Осыған байланысты 
тағы бір құбылыс қолы, ойы таза емес адам 
айналасына  таза  адамды  жолатпайды.  Бұл 
да шындық, өмірде бар, кездеседі. Сонымен 
қоғам  негізі  тəрбие.  Ол  көп  салалы  жəне 
үздіксіз  жүргізіледі.  Қатаң  талапта,  өнеге 
де – тəрбие. 
                        Досмұхамед КІШІБЕКОВ, 
академик

№2    2015    А И АТ
106
106
«Абай  жолы»  роман-эпопеясында 
сақарадағы  қазақы  тұрмыс  суреттері  өзінің 
шынайы қалпымен реалистік тұрғыда берілсе, 
Абайдың өнер, білімге деген ыстық ықыласы 
мен талпынысы романтикалық асқақ пафоста 
үнемі прогрессивті даму үстінде бейнеленеді. 
М.Əуезов  роман-эпопеяның  өн  бойында 
Абайдың  нəр  алған  рухани  бұлақ  көздерін, 
оның ішінде, əсіресе, төл əдебиет, фольклор мен 
мəдениетті Абайдың өз бойына сіңіру жайын 
назарда ұстаған.   Мысалы, Абай алғаш əжесін 
үшкіргенде өзі оқып келген шығыс ақындарына 
еліктегенін байқатса, кейіннен Қодар оқиғасына 
байланысты  қатты  сырқаттанып,  əжесі  мен 
шешесінің жанында қалғанда қазақтың жыр, 
ертегілерін, аңыз əңгімелерін естіп, қазақтың бай 
фольклорымен қалайша тереңдей танысқанын 
суреттейді.  Ұлттық  əдебиеттің  бастауынан 
нəр алған Абайға кейіннен бұл бағдарда үйге 
келген  қос  ақын  Барлас  пен  Байкөкше  ұлт 
руханиятының əдеби-көркемдік өрнектерінің 
фольклордан  соңғы  төл  мұралардағы  озық 
үлгілерімен сусындатады. 
Жазушы бұл эпизодты былайша суреттеген: 
«Сондай шеше əңгімелеріне бар бейілін беріп 
жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде 
қонақ келіп қонды. Бірі – қартаң, бірі – жас 
қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерден 
қуанып кетті. Ол былтыр жайлауда келіп, 
осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрпеш 
– Баянды» жырлап берген Байкөкше деген 
жыршы. Қасындағы қартаң кісіні Абай өзі 
білмегенмен,  шешесі  əбден  таниды  екен. 
Қонақтармен  жай  сұрасып,  амандасып 
болған соң Ұлжан Абайға қарап жымиып:
– Ал, балам, əжең мен екеумізді қажай 
беруші  едің,  əңгіме-жырдың  дүкені  міне, 
жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын! 
–деді. Шоқшалау ғана ақ сақалы бар келбетті 
келген,  зор  дауысты  ақ  сары  кісі  Барлас 
Абайға  салғаннан  ұнады.  Білгенін  ішіне 
бүгіп,  үндемей  отырған  өзге  үлкендердей 
емес. Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ, 
ашық.  Осы  үйде  талай  күннен  жатып 
жүрген, ауыл адамы сияқты.
–  Е,  балам, «шешенің  судай  төгілген, 
тыңдау шың  бордай  егілген»  дегендей, 
сөйлеуді  де,  тыңдауды  да  сүйген  ел – ел-
дағы.  Тыңдауға  өзің  жа лық пасаң,  айтуға 
Байкөкше жалықпас! – деп, жас жолдасына 
қарап күліп қойды».
Суреткер Барласты жайдан-жай суреттей 
салмайды,  Ұлжанның  баласына  «əңгіме-
жырдың  дүкені»  келді  деуі  арқылы,  қазақ 
ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ 
ЖЫР-АҢЫЗДАР
даласында көшпелі театрдай болған жыраулық 
дарқан поэтиканың, халық мұрасының кеніші, 
зор  тұлғаның  келгенін  білдіріп  кетеді.  А, 
дегенде  «Қобы ландыны»  естіген  жас  Абай 
шыдамсыздана  «Мұны  айтқан  кім?» – деп 
ұмтыла түседі. Суреткер жас Абайдың өнерге 
құштарлығын осындай детальдармен айшықтап 
отырады. Сұраққа жауап та тереңдігімен назар 
аудартады.  Барластың  «Əріден  келе  жатқан 
деседі,  түбін»  деуі  оның    жай  ғана  ақын, 
жыршы емес, тереңді танып білер дана екенін 
байқатады.  Сөйтіп,  М.Əуезов  суреттеуінде  
Барлас – қыздырманы айтатын ақын емес, ел 
қамын ойлаған даналықтың бейнесі. Мұхтар 
Əуезов Барластың ұлт дүниетанымы мен халық 
мұрасындағы əділет, теңдік, мейірім, шапағат 
жайлы  əлеуметтік-саяси  озбырлықтардың 
түп себептері турасындағы айтқан сөздерінің 
Абайға əсері жайлы авторлық баяндау тəсілімен 
былайша  өрнектеген:  «Бұлардың  ішінен 
заман зарын, көп мұңын шертетін сөздерді, 
əсіресе, бөліп айтады. Барлас біреуді мақтап, 
біреуден  сұрап  жырлайтын  ақын  емес. 
Абай  мен  шешелерінің  кешкі  уақытта 
тыңдаған  жырларының  көбі:  Барластың 
өзі  сүйген  құлақ  күйі  сияқты  термелер 
болады.  Мұндай  кезде  Барлас  Абайға 
күндізгі Барластан, тіпті, басқа боп көрінеді. 
Қызықты,  қызуды,  қыздырманы  ғана 
айтатын күлкіші, сауықшыл Барлас емес. 
Кешкі кездерде, ол бір үлкен өсиетші кейде 
шерлі  қарт  сияқтанады.  Сондай-сондай 
кездерде өзінің де ішін ашып:
Құлағың сал жырыма,
Ойлана қара сырыма,
Шат-шадыман емеспін,
Құр құландай жортқанмен,
Құбылтып күй тартқанмен,
Қайғыдан,  Барлас,  құры  ма?! – деп,  өз 
жайын термелеп кетеді. Тыңдай келе Абай 
Барластан тағы бір соны сөздер есітті. Ол 
осы  заманның  ұлығы  мен  бегін  айтқан, 
сынап-мінеп  айтқан  сөздер.  Бір  терменің 
ішінде Барлас:
Аға сұлтан ұлық бар,
Елге мəлім қылықтар,
«Өл» дегенде өлмесең,
«Жүр» дегенде жүрмесең,
Малы құрым құрықтар,                  
Кісен салып құлыптар! – деп бір кетті.
Ұлттың рухани  жетістік ауқымы мен мə-
дени байлық қор деңгейі, ең алдымен, халық 
мұраларындағы  өнер  туындыларының  
көркемдік-эстетикалық,  тағлымдық, 
Ғалым мінбері

№2    2015    А И АТ
107
107
гуманистік,  адамдық  құндылықтар 
деңгейімен  өлшенбек.  Əлемдік  өнер 
жауһарларына қосылған өнер асылдары – 
«Тəңірдің берген өнері» қасиетімен туғызған 
хас  шеберлердің    дара  қолтаңбасын  ғана 
танытып  қоймай,  адамзаттық,  ұлттық 
парасат  биігін  танытары  да  айқын
Осындай  адам  баласының  өнер  жолында 
жеткен табыстарының қатарына қосылар қазақ 
халқының мəдени мұралары мол.  
«Абай  жолы»  роман-эпопеясында 
суреттелген  өнер  иелерінің  өнернамалық 
табыстары мен шығармашылық ғұмыр жолдарын 
білу арқылы біз ұлт өнерінің адамзат өміріндегі 
алар орнын бағамдай аламыз. Ал, ол үшін сол 
өнер  мұраларын  туғызушы  жан дардың  өмір 
мен өнердегі күресін, ізденісін білу қажет. Бұл 
жай эпопеяда жан-жақты суреттелген. Себебі, 
«Абай  жолы»  роман-эпопея сындағы  басты 
бейне мен басқа да əдеби тұлғалар түгелдей 
дерлік - өнер иелері. Романда М.Əуезов қазақ 
халқының дана ұлы Абайды эстетикалық идеал 
дəрежесіне көтеріп, оның айналасына дарынды  
өнерпаздарды топтастыра отырып, ұлт өнерінің 
ғажап өкілдерінің бейнелерін жасады. Сондай 
ірі тұлғалардың бірі – Біржан. 
Абай ауылына келген Біржанды М.Əуезов  
роман-эпопеяда былайша суреттеген: «Тобықты 
ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек, 
сый қонақ. Өзі ақын, өзі əнші, өзі сері Біржан. 
Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл шапаны бар. 
Омырауы ағытылған, «сері жаға», ақ көйлектің 
сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек 
кемзалы бар. Оқалы тақиясының жібек шоғы 
ырғала түседі. Құйқылжыған əніне қалың жиын 
қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез 
əнші өзі де, жүзіне жылтыр майда рең бітіп, 
нұрлана құбылады. 
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Жұртыма зияным жоқ жүрген жанмын,
Кісіге өзім қатар бас ұрмаймын
Өзім  ақын,  өзім  сал  кімге  зармын, – деп 
бір кетеді.
Əншінің «Біржан сал» атты осы бір əні өзінің 
майда қоңыр, сырлы сазымен бастала жөнел-
генде, өзге көп жұрт ішінде демін тартып, қатып 
тың даған кісінің бірі Абай». Романда тобықты 
ішіне келген сый қонақ Біржанды Абай бастаған 
өнерпаздардың құрметтеп күтіп, оның өнерінің 
көркемдік-эстетикалық,  тағылымдық  мəнін 
халыққа сіңірудегі маңызын жазушы көркем 
кестелеген.  Сол  арқылы  көркем  шығармада 
өнер иесінің  ұлт өнерін өркендетудегі ғана емес, 
жұртты тəрбиелеудегі рөлін де ашып суреттеген. 
Мұны  роман-эпопеяда  автор:  «Жалқы  бол, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет