«сұң ғылалығына» (Мəметов А. Исатай-
Ма хамбет (Ел аузынан) // Жалын. 1991.
№5.) бірнеше мəрте назар аударса, Х. Дос-
мұхамедұлы «Өтемісұлы Махамбет бас
болып бір бөлек адам бітімнің керегі жоқ
деп, орданы тез шабу керек деп зарла-
са да Исатай бітімді мақұлдайды. Хан
халықтың тілегін сұрайды» (Досмұ-
хамедұлы Х. Исатай-Махамбет. А.,
1991. 33-б.) дейді. Исатай тарихын мұра-
ғат деректері негізінде індете зерттеген,
орынборлық тарихшы А. Рязанов «Иса-
тайдың мүлдем қимылсыз қалуы түсі-
ніксіз жай болғанын, батырдың хан
ордасына қарсы ешбір батыл əрекет істе-
мегенін былай қойғанда, қолында толық
мүмкіндігі бола тұра, тіпті олардың
сыртқы өмірмен байланысын үзіп
тастамағаны өте таңғаларлық еді» (Ряза-
нов А. Ф. Исатай Тайманов көтерілісі /
ауд. М. Неталиев. - А., 1996. 117-б.) деп
атап көрсеткен еді. Сонымен қатар, ол сол
мезеттегі Тайманұлының саяси ұстанымын
төмендегіше суреттеген еді: «Исатайдың
іс-қимыл əрекетіне қарағанда, оған
2-3 мыңдық жігіттерімен хан ордасын
талқандау түкке де тұрмайтын еді ғой.
Ендеше, оның ашық күреспен орданы
алу ниеті болған емес. Оны қолдайтын
старшындардың көпшілігі Жəңгір хан-
ды жоюды көздеген жоқ. Олар ханға
қасында отырған барлық би-кеңесшілерін
алмастырып, сұлтандарды, əсіресе, Балқы
би мен Қарауылқожаны қызметінен аласта-
тып, олардың орнына Исатай жағындағы
адамдарды тағайындатамыз деп ойлады.
Сөйтіп олардың көздегені – билік қайтадан
рулық старшындардың қолына көшсе, сол
арқылы Жəңгір ханның өктемдігі шектеледі,
одан əрі халық мүддесі қорғалады деген ой-
тұғын» (Сонда.109-б.).
Мұнан əрі А. Рязанов бір сөзбен
айтқанда Исатай батыр мен оны жақ-
таушылар ұлттық автономияны жүзеге
асыруға талпыныс жасады деген қоры-
тындыға келеді (Сонда.109-б.).
Исатайтанушы – ғалымның еңбегін сара-
ласақ, төмендегідей қорытынды жасауға
бо лады. Империяның көтерілісшілерге
қар сы ұзақ уақыт қимылсыз қалып, жаза-
лаушы əскердің Ордаға келіп болмауы
«исатайшылардың» сенімді қимылдауына
жол ашып, алдағы күндерде де саяси үде-
рістер дəл осы бағытта жылжиды деп
ойлаған батыр хандықтағы саяси өмірге
бірте-бірте ықпал етем деген сыңайда бол-
ғанға ұқсайды. Сөйтіп, Исатайда кезіндегі
Сырым сияқты Хан кеңесіне əсер ету
арқылы старшындық топтың рөлін
күшейтуге тырысқандығы байқалады.
Бірақ, бұл мүмкін емес нəрсе-тұғын. Шын
мəнінде Исатай Орыс империясының
құзырындағы Жəңгір билігінің ендігі
жерде еш қауқары жоқ қуыршақ екенін,
өлкеде өктемдігі толық орнаған патша
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
№2 2015 А И АТ
12
12
өкіметіне ешқандай күш қарсы тұра
алмайтынын, сайып келгенде «тарих
шығыршығын» кері айналдырудың еш
мүмкін еместігіне алғашында барлау жа-
сай алмағандай.
«Өкпеге қиғанмен өлімге қимау»
немесе «Ханның басын хан алар»
Соңғы жылдары зерттеушілер бұл шетін
сұрақтың жауабын басқа қырынан зерделеу-
ге бет алды. Ғалым Зұлқарнай Алдамжарұлы
осыған дейінгі тарихнамада баса көрсетіліп
келген Исатайдың хан сарайын шауып
алуға күші жете тұра қимылдамағанын,
оның аңғалдығы мен сенгіштігінен іздеген
тұжырымдарды жоққа шығарып, тарихи
шындыққа біршама жақын көзқарастарын
ұсынды. «Оның негізгі мақсаты тек
ханның басын алу емес еді, – деп жазды ол,
– екіге бөлінген қазақты өзара қантөгіске
жібермей, хан, сұлтанға қысым жасап
жəне хан жағында жүрген аталастарын
да өз ықпалына көндіріп, патшалық
басқару жүйесінен алшақтатып, көте-
рілісті біртұтас ұлт-азаттық күрес ар-
насына бағыттауға талпыныс еді... Сол
сəтте Исатайға да келіссөз жүргізу ке-
рек болды. Мұндай үлкен шешімді іске
асыруға ұмтылу алданғандық, аңқаулық
болмас» (Алдамжар З. Тарих: пайым мен
тағылым. А., 2002.160-б.). Тарихшы шын
мəнінде Исатайдың далалық дипломатияға
жүгінгеніне назар аударған, ең өкініштісі,
ханды қоршаған қауым өз қазағы екенін
терең түсінген Исатайдың шиеленісті
қылышпен емес, мəмілемен шешкісі кел-
генін хан өз мүддесіне «шебер» пайдала-
нып кетті. Көшпелі қазақ қоғамында
ғасырлар бойы қалыптасқан сөзде
тұрып, уəдеден таймау деген асыл дəстүр
һəм мəрттік мінезді Жəңгір əп-сəтте
аяр лықпен алмастырды. Нарықтық
экономика үстемдік еткен қоғамда ел
билеушінің əділдігі мен адалдығы қоғам
дамуына қалай əсер ететінін Жəңгір хан
тарихы дəлелдеді.
З.Алдамжар ел аузындағы деректерге
сүйене отырып, Исатайдың əкесі Тайман
батыр Бөкей ханмен сыйластықта бо-
лып, оның хандығының іргесін нығайтуға,
Еділ-Жайық аралығын қазақтың тұрақты
мекеніне айналдыру саясатына қажырлы
қолдау жасағанын, бұл арақатынасты
жоғары бағалаған Бөкей хан өз тілегімен
ұр пақ тарының болашақта Тайман батыр
ұрпақтарымен достықта болуына батырмен
баталасқанын, бұған Исатай мен Жəңгір
куə болғанын, келе-келе аралары суып, ал-
шақтай бастағанын, жеме-жемге келіп,
мəселе ханды шабуға тірелгенде қазақи ата
дəстүрді қатты сыйлайтын, сертке берік
Иса тай əкесі Тайманның батасын аттап,
аруақты қорлауға Жəңгірді өлтіріп, оның
қанын көтеруден тайсалып қалуы да мүмкін
екенін түсіндіреді. Жалпы, қазақ қоғамында
ханды шабу себеп-салдары тереңге тарта-
тын, күрделі мəселе екенін есепке алған
жөн деп қорытады (Сонда. 160-161 бб.).
Шындығында, халық арасында нақыл
сөзге айналып, ескіден адам бойына сі-
ңіріліп келе жатқан «Ханның басын хан
алар», «Ханда қырық кісінің ақылы
бар», «Ə құдайым, ханды алмағай, хан
кетіп, қара халық сандалмағай», «Ханға
қарсылық құдайға қарсылық», «Хан
баласы көпір болса, басып өтпе», «Хан
келсе – құт, кетсе – жұт», «Хан ақсұңқар
болса, алтын тұғыры оң болар», «Хан –
шаңырақ, халық – уық», «Хан екі айт-
са, қадірі кетеді, қараша екі айтса, ары
кетеді», «Хан қарашасыз болмас, дау ара-
шасыз болмас», «Ханын сыйламаған ел
азады» дейтін түсініктер хан тұқымының
қара халықтан өзгеше əлеуметтік құқығын
ғана емес, сонымен қатар, хан билігінің
қасиеттілігін баршаға паш еткендей. Бұқара
жадындағы хандық билікке бұндай құрмет
қазақ қоғамында оның халық санасына
сіңіп, белгілі дəрежеде идеологиялық сипат
алғанын аңғартады (Бораш Б. Т. Фольклор
мен ақын-жырау поэзиясындағы хан-
дар бейнесі. А., 2007. 67-б; Шоқым Г. Т.
Қазақ тіл білімінің гендерлік тұғыры. А.,
2007. 45-б.). Осы түсініктен шыға отырып
Исатайдыңда сол күндері ханға һəм хандық
билікке күмəнсіз сенгендігі, сондықтан да
батырдың ханға деген күдігінен үмітінің ба-
сым болғандығы, оның бабадан келе жатқан
дəстүрді үзгісі келмегендігі аңғарылады.
Мұны мұрағат деректері де дəлелдейді.
Исатайдың жазалаушылар қолына түскен
қанды көйлек жолдасы Қабыланбай Қалды-
баевтың берген мəліметтеріне сенсек,
хан ордасын қоршаған кезде Исатайдың
жа нында 3500 жігіт болған; батырдың
мақсаты орданы қирату емес, «ханмен
та туласу»; Исатай өз қолын Тастөбеге
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ. Исатай батыр Жəңгір ханның ордасын неге шаппады?
№2 2015 А И АТ
13
13
жинағанда егер, ханнан тікелей бұйрық
бол маса орыс отряды бізге қарсы оқ ат-
пайды деп сендіреді; (ҚР ОММ. 4-қор,
1-тізім,1963-іс, 502- парақ; Касымбаев
Ж.К. Жангир Хан (1801-1845). Т.4. А.,2001.
С.102; Боранғалиұлы Т. Ғасырдан тəбəрік.
Астана, 2004.70,110-бб.). Келтірілген дерек
ханның қара басында батырдың еш ша-
руасы болмағанын жəне одан көпке дейін
күдерін үзбегенін дəлелдейді. Батырдың
хан ордасы бағытында ұстанған саясатын
анықтайтын тағы бір тарихи дерекке ке-
зек берейік. Хан Ордасындағы жағдайды
естіп, оған суыт жеткен, Исатай əскерінің
арасына іріткі туғызып, оны жаныштау-
ды қолға алған подполковник К. К. Гекенің
рапортында, батыр уақыттан ұтуды ойлас-
тырып, қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан
бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек
ниетте болғандығы айтылады. Бұл дерек
қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыпты
үрдіске айналған, ханнан əбден көңілі қалған
қарамағындағы қарашасының ханнан алы-
стап көшіп, қоныс ауыстыратын дəстүр бар
екенін еске түсіреді жəне Исатайдың ал-
дында Жəңгірмен арадағы бас араздықтанда
биік мақсат тұрғандығын көрсетеді.
Қысқа айтқанда, ата-бабадан тіні үзіл-
мей келе жатқан дəстүрлі мемлекет-
тілікті қастерлеген қоғамдық сана
Исатай батырдыңда саяси дүниета-
нымын өзгерте алмаған тəрізді. Қазақ
мемлекеттілігін қалай қадірлеу ке-
рек екенін өз тағдырымен айшықтап,
алауыз дықты емес, ағайынгершілікті,
ке тісуді емес, бітісуді өзінің өмірлік мұра-
тына айналдырған есіл ер ар тындағы
сенім артқан қарашасына ақыр аяғына
дейін адал болып, бақи дүниеге аттанды.
Осы тұрғыда Исатай-махамбеттанушы
Əнес Сарайдың: «Исатайдың Орданы
шаппауы – оның аңғалдығы да, сөзге
сенгіштігі де, басқа да емес, о бастан-
ақбатырдың хандық құрылымға емес,
хан əділетсіздігіне қарсы күрескендігі.
Исатай қазақ өмірінде хандықтан басқа
құрылымды көрген жоқ, ол хандықты
төңкеріп тастағанда, елдің ертеңгі күні
не болатынын жақсы білді. Патша
əкімшілігіне бағыну – басқа жол жоқ-
ты... ол хандықты төңкеріп тастамақ,
ханды өлтірмек болған жоқ, оны халық
мұқтажына құлақ асуға иіп, көндіру ғана
болды» (Əнес Сарай. Екі тарлан. Исатай-
Махамбет тарихы туралы зерттеу.
А., 2003.190-б.), – деген пікірі ғылыми
жағынан жаңаша сарапталған соны ұс-
таным екенін атап өтпекпіз.
Түйін
Басы ашық бір шындық – Исатай-
Махамбет тарихының нақ осы тұсы аса
күрделі жəне көпқыртысты, шым-шытырық
ойларға жетелейді. Қалай десек те аңғал ба-
тыр қарсыластары құрған «тұзаққа» оп-
оңай түсті деп, түйткіл тұсқа нүкте қоя
салу, тарихи шындыққа салынар сүрлеудің
жолын кесері анық. Бір қарағанда оқиға
желісі «аңғал» батырды «айлакер» хан
жерге қаратып кеткендей көрінгенімен,
ақиқаттың ауылы тым алыста жатқандығын
жоғарыдағы деректер дəлелдейді. Хан мен
халық арасындағы қарым-қатынас ежелгі əрі
мəңгілік тақырып. Дəстүрлі қазақ қоғамында
бұ қара мен билік арасында ғасырлар
бойы сақталған тепе-теңдік бодау заманда
бұзылды. Бұдан қара қазақтың басындағы
қасіреттің негізгі төркіні отаршылдық сая-
сатта жатқандығы нақтыланады. Туған хал-
қының қамқорына айнала алмаған «хан-
ның» қара басының беделі не қолында
би лігі болмағанын басқа нəрсемен түсіндіру
қиын. Сөйтіп, отаршылдықта ізгілік, бас-
қын шылықта бейбітшілік болмайтынын
Иса тай-Махамбат тағдыры тағы бір мəрте
дəлелдеді.
P.S. Монархиялық Англияның аста-
насындағы алаңдардың бірінде король І
Карл мен соның басын алған Оливер Кром-
вельге қойылған ескерткіштер қатар
орналасқан. Өткеніне құрметпен қарай-
тын əрбір ағылшын, тарихқа орасан
ықпал еткен тұлғаларды тарих көшінен
лақтырып кету, атын өшіру дегенді
тіпті де ойламайды екен. Олар бабала-
ры жүріп өткен жолдан өзіне керектіні
алуды өздері шешіп үйренген. Жəңгір
хан мен Исатай-Махамбет тағдыры
да осыған өте ұқсас екенін жəне мақала
авторының нені меңзеп отырғанын көзі
қарақты оқырман іштей сезіп отырған
шығар.Сөзімізді тобықтай түйсек, тарих
ешкімнің көңіліне қарамайтын ғылым,
түптің-түбінде ол шындыққа, əділдікке,
ақиқатқа барар жолды бəрібір табады.
Мұны мойындамау – ақиқатқа қиянат.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
№2 2015 А И АТ
14
14
Ауыр езгіні бастан кешкен қазақтар
Қоқан билеп төстеушілігіне қарсы талай рет
көтеріліске шықты. Омар хан басқаруының
соңғы жылдарында тұтанған көтеріліс
айрықша өршіген сипат алды. Сейтқұл
бек кетісімен, қоқандықтар салық жинауға
Сейтқұл бекті жібереді [1əд, с.119]. Қоқан
феодалдары мен шенеуніктерінің зорлық-
зомбылығы мен тонаушылығына шыдамы
таусылған Түркістан, Шымкент, Сайрам,
Əулиеата төңірегін мекендеген қазақтар
арасында көтеріліс жаппай бұрқ ете түсті.
Қазақ руларының көсемдері ара-
ларынан бастық етіп Сұлтан Тентек-
төрені (ол негізінен Тоқтамыс ханның
ұрпағынан деп айтатын) сайлап алды.
12 000-ға дейін қазақтар жиналып [2,
31-32б] ол осы күшпен Сайрамды басып
алды да, оны өзінің басқару бекеті етті.
Қоқан ханы көтерілісті басуға арнайы
əскер жіберді. Олардың жақындағанын
естіген көтерілісшілер екі топқа бөлі-
неді: 1-ші топ Тентек төре мен Сайрам-
да қалып, ал, 2-ші топ Шымкентте
орналасты (Шымкент оған дейін көте-
рілісшілердің қолына өткен). Қазақ қауы-
мындағы еңбекші бұқараны қамау құ-
қын сақтауға əрекеттенген үстем тап
өкілдерінің көтеріліске басшылық етуі
сол замандағы халық қозғалысының
өзінің бір ерекшелігі болатын. Өйткені,
еңбекшілер санасындағы ру татулығы
деген сенімді пайдаланған ру ақсүйектері
көтеріліске басшылық ету тізгінін əр кез-
де өз қолдарына алып отырған. Ауыр
жəне қиын жағдайларда олар халық
мүддесін оп-оңай сатып кетіп отырған
еді. Міне, осындай бір опасыздық жағдай
1821 жылғы көтерілісте байқалды. Осы
ҚОҚАН ХАНДЫҒЫНДАҒЫ
КӨТЕРІЛІСТЕР
кезде Келес, Ордабасы өңірлерінде Бошан
Абылайұлы датқа болып белгіленгеннен
кейін, қазақ руларының Қоқан хандығынан
дербес болуын көксеген ол, өзінің ұшқыр
ойлығымен, шешендігімен, жұртты өзіне
қа ратып сіргелі, қаңлы, шанышқылы
тай паларының көсеміне айналды. Тен-
тек төре бастаған қазақтардың азаттық
қозғалысына белсене араласады. Тентек
төренің 12 мыңдық əскері Қоқан хан ды-
ғының айтулы гарнизоны тұрған Шым-
кент қаласын қоршағанда Бошан шегір,
Ақпан батырмен бірігіп, 1700 қолмен Шыр-
шықтан аттанады. Мақсат Тентек төреге
қосылып, Шымкентті, Түркістанды, Сай-
рамды қоқандықтардан азат ету басталады,
бірақ, ойлағаны болмай қалады. Шымкент
маңындағы қазақтар көтерілісін басуға бара
жатқан Қоқан бегі Арысланның 20 мыңдық
қолы Бошан əскерін Қазығұрт белінде
күтіп алады. Арыслан Бошан мен Ақпанды
тұтқындап, қол-аяқтарын кісендеп, Қоқанға
айдайды [3]. Бошан содан 1822 жылы Омар
хан өлгенге дейін қамауда болады, Мəделі
хандыққа сайланған соң, түрмеден босанып,
датқалық қызметін қайта жалғастырады.
Халық көтерілісін жаншып тастау
үшін Омар хан Əбу-Қасым Аталық жəне
басқа да əмірлердің басшылығымен 12
мыңдық əскер жөнелтеді. Хан əскерлері
көтерілісшілер қолындағы Шымкент пен
Сайрамды қоршауға алды. Қоршаудағы
қазақтар табан тірескен қарсылық көрсетеді.
Дегенмен, күш тең емес еді. Оның үстіне
халықтың қаһарлы қозғалысынан қорыққан
қазақ феодалдары сатқындық жолға тү-
седі. Халықтың əділетті күресіне нұқсан
келтіріп, кешегі дұшпаны Қоқан ханымен
(Тентек төре Омар хан билігін қолдап, өзі-
нің баласын аманатқа берді) келісім жа-
сауға ұйғарды [4, 457 п]. Дəл осындай мə-
ліметтер (деректер) «Тарихи жаханомом»
қолжазбасында бар. Р.Н.Нəбиевтің [5, с.15]
айтуынша, көтеріліске 12 мың ер кісілер
қатысқан. Олар негізінен, осы аймақтың
негізгі бөлігінің тұрғындары. Оның себебі,
Өтеубай ҚОЖАҚҰЛЫ,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің
профессоры, тарих
ғылымдарының докторы
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
№2 2015 А И АТ
15
15
Омар ханның төрелері (жоғары лауазымды
мəртебелі адам) тұрғындарды қатаң жаныш-
тады, өлшеусіз салықтармен қылғындырған.
Қоқандықтардың қазақтарды тонауы мен
шапқыншылығы тек жылдың қыс мез-
гілінде болатын. Əлімхан уақытында да
осылай болатын. Омар ханда да осы так-
тика қалған. Мырза қалаңдар Мушриф
Исфарагидің «Шахнама» еңбегінде Омар
ханның төрелері жəне əскер қолбасшылары
«Кетпен төбе» қырғыздарын бағындыру
тəсілдері туралы былай деп жазған: «На-
шар бүлікшілердің бұзылғаны туралы
əңгімелерді талқылағаннан кейін Омар
хан атақты əскербасыларынан сұраған:
«Осы жағдайда қандай шара қолдануға
болады, «қара ниеттілерді қалай бағын-
дырамыз?» – деп. Омарға барлық ере-
же лерді жəне этикетті (тұрақты мі-
нез-құлық,
қарым-қатынас
тəртібі)
сақ тап, жауап берген: «Бұл қара ниетті
қарақшыларды қолға түссін десеңіз,
қысқы күндері шабуыл жасау керек,
өйткені, қыс қырғыздарға қиын кезең.
Осы уақытта, аяздың қаттылығы, тау-
лар жəне дала қардай аппақ, бұл маусым
оларға қолайсыз жəне олар қиналып
жүретін уақыт. Қардың көптігі, таудың
көшкінінің жолына кедергі болады. Осы
қырғыздарға шабуыл жасауға нағыз
қолайлы жағдай. Бұл мезгілде олардың
топтары жыланмен, саршаян секілді
əлсіз болады. Ал, жыланды басынан
ұрсақ, ол ендігіде айдаһар бола алмай-
ды» [6 с.227-228].
Көріп тұрғанымыздай, Омар ханның
жəне оны қоршағандардың зұлымдығы мен
қатыгездігі жеткілікті. Сондықтан, көтеріліс
бастан-ақ жеңіліске ұшырады. Көтеріліс
дайындықсыз жəне стихиялы түрде бол-
ды. Көтерілістің басшылары үкіметтің
əскери күштерін елеген жоқ, өздеріне басқа
халықтардан туысқан іздеген жоқ, тек туыс
тайпаларды, жақтастарды пайдаланды. Осы
көтерілістің прогрессивті жақтары бол-
ды. Оның қоқандықтардың зорлығы мен
құлдығына қарсы шығуын қазақтардың
көпшілігі қолдады. Көтерілістің жеңіліске
ұшырағанымен, қоқандық əскербасшылар
Тентек төремен келісімге баруға мəжбүр
болды. Тентек төре Омар ханның жоғарғы
билігін мойындады жəне сөзінде тұрмай,
көтерілісшілердің ісіне берік болмады.
Осы жағдайлар феодалдардың шешуші
кезеңде күрестен бас тартатынын көрсетті.
Өздерінің өмірін жəне байлығын қорғау
үшін жүздеген, мыңдаған адамдарды
құрбандыққа шалды. Мұндай көтеріліс
Алатау қырғыздары арасында да бол-
ды. Мəселен Кетментөбе болысында
қырғыздың үш руы – Бағыш, Саяқ жəне
Сатық рулары бас көтерген. Осы кезде Қо-
қан үкіметінің жəне солардың сойылын
соғатын қазақ-қырғыз билеушілерінің
зорлығы, қашанда көшпенділерді қо-
лына қару алып «өздерінің» жəне бөтен
қысым жасаушыларға қарсы шығуға
мəжбүр етіп отырды. XIX ғасырдың 20-
шы жылдарында Түркістан, Ташкент
арасындағы аймақта қоқандарға қарсы
халық көтерілісі бұрқ ете түсті. Бірақ, ол
нəтижесіз болды. Көтерілісті талқандауға
қазақ басшылары көмек берді. Олар
Қоқан үкіметінің күйреуін қаламайтын,
өйткені, олар көшпенділерді біріге оты-
рып жəбірлейтін [6, 24 п]. Осындай бір кө-
теріліс «Тарих-и-жаһанномада» айтылған.
Шығармадағы дерек бойынша, Қабылдың
басқаруымен қазақтар Бағыстанда қоқан-
дықтардың билігіне қарсы шықты. Осы
көтеріліс туралы естіген Омар хан Ташкент-
тен жазалау əскерін жіберген. Осы əскермен
қантөгіс шайқастан кейін, көтерілісшілер
берілуге мəжбүр болды. Көтерілістің бас-
шысы Қабыл Ташкентке əкетіліп, Чор-
су алаңында өлім жазасына кесілді. Ол
қатардағы қарапайым көшпелі қазақ бола-
тын. Көтеріліске қатысқандардың көпшілігі,
негізінен, кедей қазақтар. Осы оқиғаларды
суреттей отырып Р.Н.Нəбиев, Қоқан
басшылары көшпенділерді керуендерді
жəне тұрғындардың мүлігін тонап, жа-
ныштады деп айыптады. Көтерілістің
негізгі себебін тонаушылықтан көрді.
Бірақ, көтерілістің негізгі себебі, бəрі-
Достарыңызбен бөлісу: |