Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

***
13.3.42.  Ауаткомның  келесі  мəжілісі. 
Алдымен  қаралғаны – көктемгі  егіс  мау-
сымына байланысты колхоздарда балалар 
бақшасын,  алаңын,  яслиін  ұйымдастыру. 
Күн  тəртібіне  жоғары  жақтың  шешіміне 
байланысты  енгізілген.  ҚК(б)П  Орталық 
Комитетінің VI пленумы  «Отан  соғысы 
кезінде  əйелдердің  еңбек  күнін  толық 
пайдалану  үшін»  сондайлардың  ұйым-
дастырылуын  міндеттеген.  Əбден  орын-
ды,  амалсыз  берілген  нұсқау.  Бөріктінің 
броньмен қалғандары болмаса, бəрі дерлік 
қанды  қырғында.  Жау  Мəскеу  түбінен 
шегінгенмен, түп мақсатынан тіпті де бас 
тартпаған кез. Ендігі қара жұмысты тын-
дыратын қыздар, əйелдер. Неге екенін кім 
білсін, осы шаруаны тындыруда алғашқы 
сын  ызғары  аудандық  оқу  бөлімі  мен 
денсаулық  сақтау  бөлімін  қалтыратыпты 
– «Жеткілікті  қызмет  істемеген.  Керек 
десе,  кейбір  колхоздарда  ашылған  бала-
бақшалар мен яслилер туралы толық хаба-
Нұрмахан ОРАЗБЕК. Өткенге өкпе жүрмейді

№2    2015    А И АТ
26
26
ры жоқ. Олардың қолында бар күш-құрал 
мен  келешек  керекті  заттар  есебі  жоқ. 
Балабақшалардағы  тəлім-тəрбие  жұмысы 
нашар.  Оларда  істейтін  қызметкерлердің 
көбінің  тəжірибесі  аз.  Аудандық  оқу  бө-
лімі  ешбір  программа  жасап  бермеген. 
Ұйымдастырылған  бақшалар  мен  ясли-
лерде  дəрігерлік  көмек  көрсету  жұмысы 
мүлдем жеткіліксіз». Неге бұлай, алдымен 
пленум қаулысын орындамаған «МТС»-пен 
«барлық колхоздарға» шүйлігу керек емес 
пе?» деп өзіме-өзім сауал қойғам. Сөйтсем, 
бар ызғар қаулыда екен. «Барлық колхоздар-
да 20-мартқа дейін балабақшалар, алаңдар, 
яслилер ұйымдастырылып, оларда болатын 
балалар санының есебі алынатын болсын... 
Бақшалар  мен  яслилер  үшін  үй  бөлу, 
меңгерушілер тағайындау, түрлі мебельмен, 
ойыншықтармен, азық-түлікпен, қаржымен 
қамтамасыз ету колхоз председательдеріне 
тапсырылсын». 15-25 март  аралығында 
колхоздар  есебінен  бала  бақшалар,  ясли-
лер, алаңдар меңгерушілерімен он күндік 
семинар өткізу оқу, денсаулық сақтау бөлім-
деріне,  оқу  программасын  жасау  тағы  да 
оқу бөліміне (Ағыбаев), дəрігерлер бөліп, 
медициналық  көмек  көрсету  денсаулық 
сақтау  бөліміне  (Қалабаевқа,  бұл  кісінің 
ауданға келгелі үшінші қызметі, алдымен 
дайындау халық комиссариатының уəкілі, 
одан соң статистика саласының басшысы 
болып істеген), керекті заттарға тапсырыс 
беру сауда бөлімінің меңгерушісі Шонтықов 
(алғашында жер бөлімінің бастығы болып 
істеген)  пен  тұтынушылар  одағының 
бастығы Тəжібаевқа міндеттелген.
Төл  алудың  шарты  малдың  уақтылы 
шағылысуы  ғой.  Атқару  комитеті  бұл 
жолы  түйені  қайыту  мəселесін  қарапты. 
Бұл  жұмыс  оңай  тындырылатын  шаруа 
еместігі  тағы  белгілі.  Сондықтан  шығар, 
297  інгеннің 169-ы  ғана  қайытылған, 
яғни 53% ғана.  Олқылық  жұмыстың 
қиындығынан  ғана  емес  екен. «Фрунзе», 
«Жамбыл», «М.Горький» колхоздары іске 
көңіл  қоймай,  бураларға  жем  бермепті. 
«Ленин», «Ақтөбе»  шағылыстырылуға 
тиіс  малды  əлі  күнге  жұмысқа  пайдала-
нып келеді. Оған басшылық етуге тиіс жер 
бөлімі  мен  оның  зоотехниктері  бүтіндей 
сырт  қалып  қойған.  Тіпті  қай  колхозда 
қанша түйе қайығанын да білмейді. Баяғы 
қырсыздық. Сондықтан да бөлім бастығы 
мен  бас  зоотехник  Ақымбековке  қатаң 
ескерту жасалып, аталған кемшіліктерден 
тез арылу міндеттелген.
Егін  шаруашылығының  бір  жауы – 
зиянды  жəндіктер.  Солардан  сақтану 
–  жауапты  шаруаның  бір  қыры.  Былтыр 
бұл  тірлікке  мəн  берілмеген, «Иіркөл», 
«Будённый» колхоздарының дəнді егісінің 
көбін шегіртке жеп қойған. Атком сондайға 
биыл  жол  бермеу  жоспарын  бекітіп, 
қолданылатын  қажетті  дəрілерді,  сай-
мандарды 1-апрельге  дейін  сатып  алуды 
міндеттеген.
Осындай толып жатқан тірлікті атқару-
дың түпкі мақсаты не? Біздіңше – бекітілген 
жоспарларды орындау жəне колхозшылар 
тапқан  еңбеккүнге  тиісті  ақысын  төлеу. 
Жоспардың  орындалуы  дегенде  ауатком 
бұл  жолы  бірінші  тоқсанда  ет  тапсыру 
жəне мемлекетке ет сату жоспарын орындау 
шараларын талқылап, бұл үшін 27 жылқы, 
3 түйе, 177 сиыр, 918 қой-ешкі, 204 тауық 
дайындау керектігін белгілейді. Жиыны 436 
центнер ет өткізілуге, оның 54 центнерін 
колхозшылар  беруге  тиіс.  Бұған  əлгі  мал 
керек.  Бірақ  бəрі  емес. 6 жылқы, 2 түйе, 
20 қой-ешкі аудан орталығының қажетіне, 
45  қой-ешкі  колхоздардың  өз  мұқтажына 
қалдырылған. Осынау цифрларды неліктен 
қаптатып отырмыз. О заманда, күні кешеге 
дейін, кеңшарлар мен ұжымшарлар біржола 
жабылғанша, «браковка» деген болған, яғни 
енді өсім бермейді деген малды етке дай-
ындау. Цифрлар сыры сол. Сондықтан да 
екінші тоқсанда етке өткізу үшін 10 жылқы, 
3  түйе, 39 сиыр, 292 қой-ешкіні  толық 
күтімге алу міндеттеліп, «браковка» малын 
жер бөлімінің рұқсатынсыз пайдаланғандар 
жауапқа  тартылатыны  барлық  колхоз 
бастықтарына ескертілген.
Мал демекші, аудан малында қотыр бар 
екенін  айтқанбыз.  Одан  сақтанбаған  жан 
малдан да, жүннен де айрылады. Амандық 
амалы – қыймай екен. Оның қалай алына-
тынын  өз  басым  білмеймін.  Ал  ауатком: 
«Осы  жылдың 25-мартына  дейін  қыймай 
істей  білетін  азаматтарды  іріктеп  алып, 
тізімін жер бөліміне беру ауылсовет, кол-
хоз  басшыларына  тапсырылсын»  депті. 
Демек,  бұл  қазақтың  ежелден  қолданып 
келе  жатқан  бір  амалы  болғаны  ғой.  Бұл 
Жеңістің 70 жылдығына

№2    2015    А И АТ
27
27
енді, алдымен малға, түбінде адамға керек 
тірлік қой.
Адамға керек тағы бір нəрсе де ауатком 
назарынан  тыс  қалмапты.  Ол – сабын. 
Бір-екі  шөптен  қайнатып  жасалатын  су 
сабын  дайындауға  соғыс  кезінде  өзім 
де  қатысқанмын – даладағы  ошаққа  от 
жаққанмын.  Ауатком  кəсіпшілік  комби-
натынан  сабын  цехын    1-апрельге  дейін 
ұйымдастырып  болуды  Безродный  де-
генге  тапсырыпты.  Бірақ  оған  шикізат  та 
керек.  Оны  табу  жолы  былай:  Аңшылар 
арқылы  дайындалатын  тышқанның  жəне 
иттің майын промкомбинатқа өткізу жив-
сырье  директорына,  арам  өлген  малдың 
майын  күнделікті  өткізіп  отыру  колхоз 
бастықтарына,  комбинат  қоймасында 
жатқан 1300  кг  шитті 3 күн  ішінде  шарт 
арқылы  сығып  беру  «Қызылəскер» 
бастығына тапсырылған.
Аудан тынысын, қарапайым халықтың 
тірлігін  нобайлап  көрсету  үшін  осы  ара-
да  «Стахановшы  колхозшыларға»  жол 
бергенім жөн болар.
«С.К.», 1942 ж., №№2–44.
* «Андреевте» жылдық табысты бөлуге 
даярлық  қызу  жүріп  жатыр.  Колхоз-
шылардың барлығы қосымша табыс алады. 
Звено жетекшілері Атаханов 691 сом, 519 кг 
астық, Бабажанова 5030 сом, 8030 кг бидай, 
Өскеев 6314 сом ақша алатын болды.
* «Үлгілі»  колхозшылары  колхоз 
пермесіне 20 мал  өткізді.  Досанов  бір 
қашар, Егембердиев, Қадыров, Мырзабаев, 
Ахметов екі ешкіден берді.
* Қызылəскер семьяларына 1941 жылы 
66 мың 830 сом көмек берілді. Майданнан 
əкелінген балаларға 15 пима, 13 пальто, 143 
қолғап, 62 құлақшын, ... барлығы 629 жылы 
киім жиналды. 
* Шорнақта монша ашылып, жұрт пай-
далана бастады.
* «Ақтөбе» колхозы 280 га егістік жеріне 
1100 тонна көң төкті, 28 тонна минералдық 
тыңайтқыш сатып алды. Тұқым тазаланып, 
кондицияға жеткізілді.
* Стахановшылар мектебінде 235 адам 
оқып жүр.
*  Бабайқорған  орталау  мектебінің 
оқушылары  танк  бөлімшесін  құруға 500 
сом  ақша, 1 тонна  металл  сынықтарын 
жинап берді.
* «Крупская» бір еңбеккүнге 3 сом 40 
тиын, «Ворошилов» 3 сом 45 тиын беруде. 
«Құмайлықас» 162 колхозшыға 213 центнер 
астық беретін болды.
ЖЫЛЫ КИІМ БЕРЕЙІК
Берейік жауынгерге жылы киім,
Үстемеле, көбейсін берген сыйың.
Майдан үшін көмекті күшейтейік,
Қалыспа «Ақтөбеде» Өмірбектен.
Көрнекті көмек етті ол озып көптен, 
Бір өзі бір жауынгерді киіндіріп,
Орындады ол уəде, айтқан сертін.
Колхозшы еркек, əйел аналарым,
Аянба Отан үшін қолда барын.
Берейік жауынгерге жылы киім,
Жылы жүрсін майданда балаларың.
Өтеміс, Нұртай
«Көктөбе» колхозынан.
* «Ленин» колхозындағы бастауыш мек-
теп оқушылары көктем егісіне көмектесіп, 
5 тонна көң төкті. Оны тасуда Беркімбаев, 
Атажанов, Тəженова, Садуақасова норма-
ларын 2-3 есе орындады.
*  Қандөз.  «Ақтөбе»  колхозшылары 
Қызыл əскерге 49 тері, 14 қолғап, 3 құ лақ-
шын, 5 тон, 8 байпақ, 24 қоян, 30 қырғауыл 
берді.
* «Каганович»  колхозының  мүшесі 
Нұрышева Халипа бірден үш бала туды – 
екеуі қыз, біреуі ұл. Балалардың денсаулығы 
жақсы.
*  Фрунзе  атындағы  орта  мектептің  6
б
 
класы социалистік жарыста озып шығып, 
Қызыл  Ту  алды.  Майданнан  əкелінген 
балаларға 60 сомдай ақша жинап, тапсыр-
ды. Əрбір оқушы 15 кг темір сынықтарын 
жинауға  кірісті.  Ысмаилов,  Сариева, 
Төре ева, Сексенбаева, Əбдіраманов қоғам 
жұмысына,  ойын-сауық  үйірмелеріне 
белсене қатысады, сабаққа кешікпейді, от-
лично оқиды.
* «Ынталы» комсомолецтері жексенбілік 
өткізіп, 70 адам 81 еңбеккүн тапты. 98 кг 
астықты, 142 сом  ақшаны  Отан  қорғау 
қорына  қосты.  Қарабеков,  Керімбаева, 
Бəкірова,  Шораева,  Əлібеков,  Асанова, 
Əбілова сапалы жұмыс істеді.
* «Үлгілі» колхозы жоспардан тыс 4 гек-
тар бидай егетін болды. Өнім Отан қорғау 
қорына өткізіледі.
* Ауданға Қазақ мемлекеттік филармо-
ниясының  күйшілері  Оқап  Қабиғожин, 
Нұрмахан ОРАЗБЕК. Өткенге өкпе жүрмейді

№2    2015    А И АТ
28
28
Тұяқов,  Дəулетбаев,  əншілер  Қали, 
Қамбаровтар,  Байқадамова  келді.  Олар 
Шорнақ, Аша, Теке, Үшқайық, Шерт, Ба-
бай, Қаражон, Сауран ауылдарында концерт 
береді.
* «Каганович» колхозының 4-бригадасы 
əбзелдерді  айрауықтан  істеп  алған. 
Кендірден  кем  емес. «Құсшы»  да  солай 
істей  бастады.  Айрауық  Сыр  жағасында 
көп өседі.
Бабай. «Ақтөбе» колхозы егіске əзір-
лік жоспарын орындап шықты. Күш көлік 
жақсы бағылды, соқа-сайман ремонтталды, 
арық тазартылды. Көң төгу əлі жүріп жа-
тыр. «1-май» колхозы да.
* «1-май»  колхозында  Қалкөзова 
Ұлтуған,  Сұлтанбердиева  Сейсенкүл 
трактормен жер айдап жүр.
* «Қызылəскер», «Фрунзе», «Андреев», 
«Ворошилов», «Жамбыл»  колхоздары  ет 
тапсы рудың бірінші тоқсандық жоспарын 
асыра орындады.
Қандөз. Ақтөбе бастауыш мекте бінің 
оқушыларының үлгерімі 3-тоқсанда 98,8%, 
қатысуы 96,5% болды, отлич никтер саны 
28-ге жетті.
* «1-май» өткен жылы төрт түлік мал 
өсіру  планын 100% орындаған  еді.  Кəзір  
мал шығынсыз төлдеп жатыр. 177 қойдан 
225 қозы, 79 ешкіден 103 ылақ алды, 2 түйе, 
4 бие, 26 сиыр төлдеді.
* «Будённый»  колхозы  мемлекетке  ет 
тапсырудың жылдық планын 100% орын-
дады. 
* Аудандық Құрмет тақтасына «Ақсары» 
колхозынан  Құдиярова  Шайкүл,  Шеге-
баева  Тұрғанкүл,  Дүйсенбиев  Шайзада, 
Өтегенова Құндызай, Қуандықова Керім, 
«Ақтөбе» колхозынан (Бабай ауылсоветі) 
Күзембеков  Қазыбек,  Бегімбетова  Зыли-
ха, Оразбеков Сейсен, Қарынтаев Өтеген, 
«Игілік»  колхозынан  Құрмантаев  Ақтай, 
Айдаров  Нұрбай,  Шыңғысбаева  Ұлжан 
есімдері енгізілді. Олар дəнді егісте нор-
масын 110-125% орындаған.
* «Игілікте»  коммунист  Батырбекова 
Əптіш  былтыр 500 еңбеккүн  тапқан  еді, 
биыл 700-ге жеткізбек. Тоған жұмысында, 
көң  тасуда,  арық  тазалауда,  жер  айдауда 
өнеге көрсетті.
* «Будённый»  колхозының  мүшесі 
Бейсенбаев Сарман мақталық жер айдауда 
күндік нормасын 2,5 есе орындап жүр.
* «Құрмет  тақтасы».  Бригадирлер 
«Ынталы»  колхозынан  Шораев  Жаһуда 
(жоспар 134%), Əйтпембетов  Ағмаш 
(113%), «Майдамталдан»  Салыбеков 
Нұртаза (112%), Жұмантаев  Сағындық 
(звено  жетекшісі, 137%), «Көктөбеден» 
Сынбай (105%), Еспембетов  Тұрсынбай 
(101%), «Андреевтен»  Жүнісов  Əзім 
(101%), «Ақсары»  председателі  Байме-
нов  Əбдіжəлел, «Игілік»  колхозының 
председателі Қазанғапов Бердібай көктемгі 
егістегі көрсеткіштері үшін жазылды.
* «Абай» колхозында Мамырайымова 
нормадан артық 5 га жер айдады. Нартаева 
Күлайым 10,5 гектар орнына 15 га жыртты. 
Сыздықова Қалия да өнімді еңбек етті.
* МТС. Май мерекесіне токарь комсо-
молец  Ерманов  жоспарын 130%, слесарь 
Кенжебеков 150%, Жүсіпов 200%, мед-
ник  Асылбеков 159%, трактор  бригадирі 
Досымов 140%, сол  бригада  мүшелері 
Пердебаев 165%, Тұрабаева 142% орын-
дады.  Тракторшы  Мұса  Байменов 140  кг 
жанармай  үнемдеді.  Бекжанова,  Əбуова, 
Сейсенəлиева,  Ысмайылова  еңбегімен 
көзге түсті.
* «Куйбышев»  колхозында  Шағатаев, 
Өтегенов,  Нартаев,  Назаров,  Мəуленов 
бір  бескүндікте 20 еңбеккүннен  тапты. 
Еңбек минимумын көбейту туралы қаулы 
қамшы болды.
* Аудандық клубтың ойын-сауық кру-
жогы  «Ленин»  колхозына  келіп, «Ана» 
спектаклін көрсетті, концерт берді.
* «Будённый» колхозында Бесбаевтың 
трактор  бригадасында 5 қыз  істейді. 
Солар дың  бірі  Ысмайылова  Айхан 274 
гектар дəнді егіс жерін жəне пар айдады. 
Бабажанова, Құбатаева да курстағы оқуын 
отлично игерген еді, жұмысты да сапалы 
орындап жүр. Бесбаев жақсы үйретеді.
*  Аудан  орталығында  соғыс  өнерін 
үйрену курсында 30 қыз-келіншек оқиды. 
Күніне 3 сағаттан.  Взвод  командирі  Ра-
метов,  политрук  Парманқұлова  оларды 
жұмылдыра білді. Қарабаева, Нұрсейітова, 
Қабылова, Нарбекова, Щербакова сабаққа 
мұқият дайындалып келеді. 
* Əлеуметтік қамсыздандыру бөлімі 115 
Жеңістің 70 жылдығына

№2    2015    А И АТ
29
29
қызылəскер  семьясына  ай  сайын  жəрдем 
береді. Былтыр бас-аяғы 70 мың, биыл бес 
айдың ішінде 76 300 сом берілді.
***
Маусым  айының 13-күні  ауаткомның 
кезекті  мəжілісі  өткен.  Шаруашылық 
науқандары  уақыт  əмірімен  жүреді.  Мына 
тұс  сондай  науқан – дəнді  егісті  жинау 
мəселесі қаралатын дер шақ. Тек көктемнің 
былтырғыдан  кеш  келуіне  байланысты 
науқан кейінірек басталмақ. Бұл науқанға 10 
комбайн, 4 молотилка, трактормен сүйрелетін, 
10 атқа тіркелетін 13 лобогрейка, 1199 қол 
орақ, 4 суырғыш, 5 триер, 2 БИМ, 53 та-
разы, 60 қойма, екі көлік жегілетін 80, бір 
көлікті 52 арба  керек  екен. 1 комбайн, 1 
молотилка, 1 БИМ, 2 триер, 13 таразы, 10 
қойма, 35 арба жөнделмеген. Жөнделді деген 
комбайндардың өзі колхоздарға жеткізілмеген. 
МТС  шабан. «Құмайлықаста»  дайындық 
жоқтың қасы, егін жинауға 51 адам қатысуға 
тиісті, дайындалған орақ небəрі 40. Бауланған 
астықты қырманға таситын күш көлік күтімге 
алынбаған, екі қойма, екі таразы бір-бірден 
ғана жөнделген.
«Октябрь» колхозы екі таразының біреуін, 
4  қойманың  екеуін  ғана  жөндеген,  бірақ 
дезинфекцияламаған, 40 орнына 30 қол орақ 
бар, «Фрунзенің»  председателі  Бабажанов 
астық тасылатын қап дайындамаған.
Қаулы да сол кемшіліктерге орай, үйлес. 
Колхоз бастықтарына, жер бөлімінің бастығы 
Отаубаевқа дайындық нашар екені көрсетілген. 
Комбайндарды, молотилкаларды колхоздарға 
15-июньге  дейін  жеткізу  тапсырылған. 
Қоймаларды 2-3 күн ішінде жөндеп, міндетті 
түрде  дезинфекциялау  міндеттелген.  Күш 
көліктің  жетіспейтіндігі  ескертіліп, «Жам-
был», «М.Горький», «Шорнақтөбе» колхозда-
рынан 32 түйе мобилизациялап, колхоздарға 
бөлу тағы да Отаубаевқа тапсырылған.
Емтихандар аяқтала қоймаса да (ол кез-
де  емтихан  төртінші  класты  бітірерден 
басталып,  онжылдықты  бітіргенше  со-
зылады),  оқу  жылы  біткен.  Демек,  ілкі 
қортындыны шығаруға болады. Өткен оқу 
жылымен  салыстырғанда  көрсеткіштер 
недəуір  жақсарған.  Үлгерім 91 процент, 
үздік оқушылар 400-ден 523-ке жеткен, түрлі 
үйірмелер ұйымдастырылып, оларға 1192 бала 
тартылған, 7 рет спектакль қойылған, 1758 рет 
əңгімелер, кітап оқып беру ұйымдастырылған. 
Отан  қорғау  қорына  оқушылар 19350 сом 
өткізген, 21400 сомның заемына жазылған, 
32  тонна  металл  қалдықтарын  жинаған, 
1-июньнен бастап 1150 оқушы колхоз дала-
сында еңбекке кірісіп, алды 50-70 еңбек күн 
тапқан.
Жетістік  шуағынан  кемістік  дегеннің 
көлеңкесі  қалмайтынын  бұрын  да  айтқан 
сықылдымын. Амал қанша, Куйбышев, Фрун-
зе, Иіркөл, Ленин бастауыш, орталау, орта 
мектептерінде оқу программасының толық 
орындалмағанын былай қойғанда, оқу-тəрбие 
жұмысында  да  кемшіліктер  болған. 544 
оқушы түрлі себептермен мектепті тастап кет-
кен. Əсіресе, Фрунзе, Куйбышев мектептерін. 
Будённый, М.Горький мектептерінде тарих 
(5-7 кластарда) мүлдем сапасыз оқытылған. 
Иіркөл,  Ленин,  Көктөбе,  Игілік  бастауыш 
мектептерінде 70-80 бала ғана үлгерушілер 
қатарына қосыла алған.
Дегенмен, ауатком жұмысты қанағатта-
нарлық  деп  тауып,  жақсарта  берсін  деген 
тілекпен қортындылаған. Əйтсе де керекті 
кадрларды осы бастан іріктеу, алдағы оқу жы-
лында мектепке баратын балалардың толық 
тізімін алу, оқу құралдарымен қамтамасыз 
ету,  мектептерді  жөндеуге  ақшаны  тезірек 
беру, колхоз жұмысына қатысатын балалар 
үшін демалатын орын ұйымдастыру секілді 
шаруалар тиісті адамдарға тапсырылған.
Жылнамашыңызға ұнағаны қаулының екі 
тармағы – бірінде балалар қоятын концерт, 
ойындарды  ұйымдастыру  мектеп  дирек-
торларына, екіншісі – жасы жетпегендіктен 
ауылшаруашылық жұмыстарына қатыспай-
тын балаларға мектеп лагерьлерін ашу, сол 
заманда болған. Кəзір тым қиын шаруа шығар, 
көп мектептерде жоқ.
Ризашылық  тудыратын  бір  шешім – 
Бабайқорғанда  екі  айлық  пионер  легерін 
ұйымдастыру.  Онда  бірінші  кезекте 80, 
екіншісінде 70 бала  демалуға  тиісті. 25-
июньнен 25 авгусқа дейін. Оған колхоздар-
дан, кəсіпорындардан 37500 сом аударылуға, 
бір сом да артық жұмсалмауға тиіс. Азық-
түлікпен  қамтамасыз  ету  Шонтықовқа, 
лагерьге  бір  денсаулық  қызметкерін  бөлу 
Қалабаевқа тапсырылған.
Бұл шешім соғыстың ең қиын кезеңінде 
қабылданған.  Талай  ұрпақ  жаз  күндерінде 
сол лагерьлерде дем алған. Кəзір басқаша – 
мемлекеттік пионер лагерьлері жоқтың қасы, 
жеке меншік лагерьлерге балаларын жіберуге 
əке-шешелердің басым көпшілігінің қалтасы 
көтермейді.
(Жалғасы. Басы өткен санда)
Нұрмахан ОРАЗБЕК. Өткенге өкпе жүрмейді

№2    2015    А И АТ
30
30
ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ 
КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ  ТАРИХЫ
Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы
Дерек пен дəйек
Бірінші Конституция 1924 жылы Қазақстан «автономиялы республика» ата-
нып тұрған кезде қабылданса, екіншісі негізгі заң ретінде 1937 жылы «жеңімпаз 
социализм конституциясы» түрінде қабылданыпты. Үшіншісіне келсек, ол 1978 
жылы  «жетілген  социализм  конституциясы»  ретінде  өмірге  қайта  жаңарып, 
жасарған  кескін-келбетте  жетілдірілген  екен.  Яғни,  олардың  қай-қайсысы  да  өз 
кезең-кезінің айнасы іспеттегі мазмұн-мəнде өмірге келіпті. Сонымен, Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  тарихына  шолуымызды  жалғастыра  келе, 
енді 1995 жылғы Ата-заңымызға келсек, ол жалпы халықтық референдум арқылы 
қабылданды.  Бұл  тəуелсіздігіміздің  басты  да  негізгі  көрінісі  еді.  Міне  содан  бері 
жиырма  жыл  уақыт  өтіпті.  Бұл  қазақ  тарихының  белді  бір  кезеңдері  болып 
есептелінеді.
1995  жылы 30 тамызда  республика-
да  бүкілхалықтық  референдум  өтті,  нə-
тижесінде  Қазақстанның  жаңа  Консти-
туциясы  қабылданды  жəне 5 қыр күйек 
күні өз күшіне енді. Дауыс беру еліміздің 
қалалары  мен  ауылдарындағы 10253 
сайлау  учаскелерінде  жүрді.  Бұл  Конс-
титуцияның 1993 жылғы Конс ти ту циядан 
айырмашылығы оның мазмұнының сапа-
сында еді. Жаңа Конс титуцияға алғаш рет 
азаматтың  құқығына  қатысты  ғана  емес, 
адам дүниеге келген сəттен одан ажыра-
мас  құқықтарына  да  қатысты  нормалар 
енді. Сонымен бірге мемлекеттілік тетік, 
қоғамдық,  саяси  институттар  ретінде 
қызметтің  негізі  боларлық  принциптерін 
орнықтырды,  адам  мен  азаматтың 
конституциялық  мəртебесін  белгіледі, 
эконо мика лық  құрылыстың  негіздерін 
айқындады. Ол бойынша Қазақ стан Рес-
пуб ликасының  Пре зи денті  саяси  жүйе-
нің  басты  тұл ғасы  болып  табылады, 
билік  тар мақтарынан  жоғары  тұрады. 
Бұл  пре зи денттік  басқару  жүйесіндегі 
мемлекетке  сай  келеді.  Парламент  тура-
лы  конституциялық  бөлім  өзгерістерге 
ұшы рады.  Бұл  тəуелсіз  Қазақстанның 
қабылдаған  екінші  конституциясы.  Ал-
дың ғы  Конституция 1993 жылы 28 қаң-
тарда қабылданған болатын.
Қазақ АКСР-нің 1926 жылғы 
Конституциясы
Алғашқы  Қазақстан  Конституция-
сы 1926 жылы 18  ақ панда  КСРО  құ-
рыл ғаннан  кейін  жəне 1925 жылғы 
РСФСР  Консти туциясы  ескеріле  оты-
рып,  ҚазАКСР  Орталық  Атқару  Ко-
митетінің 
қаулы сымен 
түпкілікті 
редакцияда 
қабылданды, 
өйт кені 
бұл  кезде  Қазақстан  РСФСР-дың  бір 
бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару ны-
санын,  мемлекеттік  құрылысты,  сая-
си  режимді,  мем  лекеттік    биліктің  ор-
гандары  құры  лымын,  атқарушы-өкім 
беру ші  ор гандарын  бекітті.  Сайлау 
құ қығының,  бюджеттік  құқықтық 
негізгі  бастаулары  белгіленді.  Осы 
Конституцияға 
сəйкес 
Қазақстан 
РСФСР құрамындағы толық құқықты 
республика болып танылды.
1937 жылғы Қазақ КСР 
Конституциясы
Бүкілқазақ  Кеңестерінің  Х  съе зінде 
1937  жылғы 26 наурызда  қабылданған 

№2    2015    А И АТ
31
31
Қазақ  КСР  Конституциясы 11 тараудан 
жəне 125 баптан  тұрды.  Онда  «КСРО 
Конс титуциясының 14-бабының  шегі-
нен  тыс  Қазақ  КСР-і  өзінің  еге мен дік 
құ қықтарын  толық  сақтай  отырып,  мем-
лекеттік билікті дербес жүзеге асырады», 
– деп жа зылған. 1937 жылғы Конституци-
яда  сондай-ақ  экономикалық,  саяси  қор-
ғаныс,  басқа  тең  құқықты  республика-
лармен ерікті бірігу, ҚазКСР келісімінсіз 
аумағының  өзгер тілмейтіні,  республика-
ны  басқару  мəселелері  бе кі тілген,  сон-
дай-ақ  жоғарғы  респуб ликалық  жə не 
жер гілікті  өкімет  орган дарының,  заңна -
малардың  орын да луын  бақылау,  мем-
лекет  тік  жəне  қо ғамдық  тəртіпті  жəне 
аза маттардың  құ қық тарын  қорғау,  салық 
салу т.б. мəселелер қарастырылған.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет