Иммунды химиялық әдістер
Антибиотиктерді микробиологиялық әдіспен сандық анықтау
В гепатитіне (рДНҚ) қарсы вакцинаның белсенділігін сандық анықтау
Иммунды химиялық әдістер
Иммунды химиялық әдістер антигендердің антиденелермен селективті, қайтымды және ковалентті емес байланысуына негізделген. Бұл әдістерді антигендерді де және антиденелерді де ашу немесе сандык анықтау үшін қолданады. Антиген-антидене кешенін идентификациялайды және әртүрлі сандық әдістермен анықтайды. Бұл жалпы әдістің ұстанымдары немесе таңбаланбаған реактивтерді пайдаланумен иммунды химиялык әдістерге жатады.
Иммунды химиялық әдістермен алынған нәтижелер эксперимент шарттарына пайдаланы- латын, реагенттердің табиғатына және сапасына байланысты. Иммунды химиялық әдістермен сандық анықтауда компоненттерді стандарттау манызды және мүмкіндігінше халықаралык стандарт үлгілерін пайдаланған жөн.
Иммунды преципитация әдістері
Иммунды преципитация әдістеріне флокуляция және преципитация реакциялары кіреді. Белгілі бір жағдайларда антиген ерітіндісін сәйкес антидененемен араластырғанда, флокуляциялаушы немесе преципитациялаушы агенттер түзіледі. Флокуляция дамуын анағұрлым жылдам арттыратын немесе анағұрлым анык преципитацияны қамтамасыз ететін әрекеттесетін антиген және антидене қатынасы оңтайлы болып табылады. Мұндай қатынас әдетте, антигендер және антиденелердің эквивалентті санының мөлшерімен қамтамасыз етіледі. Иммунды преципитацияны көзбен шолу немесе жарықты шашырату әдістемелерінің (нефелометрия немесе турбидиметрия әдістерімен сандык анықтау) көмегімен бағалайды. Сезімталдыктың артуы антигендер немесе антиденелермен жабылған реагент бөлшектерін (мысалы, латекс) пайдаланумен жеткізілуі мүмкін.
Иммунды электроферездік әдістер
Иммунды электрофорез (ИЭ) екі әдістен гель- электрофорез және иммунды диффузиядан тұрады.
Айқас иммунды электрофорез ИЭ әдісінің модификациясы болып табылады, сандык та және сапалық та талдау үшін жарамды. Процедураның бірінші бөлігi карапайым гель-электрофорез, содан кейін кұрамында бөлінген фракциялар бар гельдің бойлык жолақтарын бөліп алады және баска пластинкаға ауыстырады. Екінші бағыттағы электрофорезді кұрамында антигенге сәйкес антиденелердің салыстырмалы төменгі концентрациясы болатын алдыңғы гельдегі электрофорездік үрдіске перпендикуляр жүргізеді. Преципитация шыңдарында сәйкес келетін аудан мен сәйкес антиген мөлшері арасындағы тәуелділік, антиденелердің берілген концентрациясы мен гельдің қалыңдығы үшін сызықты болып келеді.
Көбінесе ракеталық иммунды электрофорез деп аталатын электрлі иммунды талдау, антиденелер зарядынан өзгеше зарядымен антигендерді немесе керісінше сандық анықтаудың тез әдісі болып табылады. Анықталатын антигеннің электрофорезі кұрамында сәйкес антиденелердің салыстырмалы түрде концентрациясы төмен гельде жүргізіледі. Калибрлеу үшін пайдаланылатын стандартты антигеннің сыналатын материалын және сұйылтуларын гельдегі әртүрлі ұяшықтарға - енгізеді. Электрофорез үрдісінде шындар түрінде - сәйкес антигеннің артық мөлшері сакталып