Құлаққа арналған дәрілік препараттар Қабылдаған: Жандабаева Молдир Алибековна



бет6/11
Дата18.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#140408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Турбидиметрлік әдіс


Лайыкты қоректік ортаға, аныктау шарттарында микроағзалар өсуіне күшті тежеуді камтамасыз ететін, сыналатын антибиотикке сезімтал микроағза суспензиясын енгізеді. Ұзақтығы шамамен 4 сағ инкубациялык период өткеннен кейін оңай өлшенетін опалесценция алу үшін тандап алынатын суспензияның белгілі мөлшерін пайдаланады.
Ортаны оған микроағзаларды енгізгеннен кейін бірден пайдаланады.
2.7.2.-2 кестеде көрсетілген еріткіш және буферлік ерітіндіні пайдаланып, стандартты үлгідегі ерітінділер және шамамен белсенділігі тен белгілі концентрациядағы сыналатын антибиотик ерітінділерін дайындайды.
Сандык аныктау әдістеменің жарамдығын бағалау үшін стандартты үлгінің үштен кем емес доза- сын және шамамен белсенділіктері тең болатын сыналатын антибиотиктің үштен кем емес доза- сын пайдаланады. Дозалар геометриялық прогрессия кұрағаны дұрыс. Қажетті сызықтықты алу үшін стандартты үлгі және сыналатын антибиотик үшін сәйкес дозаларды пайдаланып, көп мөлшерден кезекпен келетін үш дозаны тандап алу талап етілуі мүмкін.

В гепатитіне (рДНҚ) қарсы вакцинаның белсенділігін сандық анықтау


В гепатитінін (рДНҚ) алдын алуға арналган вакцина антигендік белсенділігін сандық аныктау in vivo арқылы тышқандарда немесе теніз шошқаларында оның белгілі бір жағдайда В гепатиті (HBsAg) беттік антигеніне арнайы антиденелердің өндірілуін ынталандыру кабілетін Се стандартты препараттың осы кабілетімен салыс- тыру жолымен, немесе in vitro аркылы антиген мөлшерін иммунды химиялық анықтау жолымен жүргізеді.

pH (қышқылдық немесе сілтілік)


Осы сынақты жүргізу үшін екі тәсілді қолдануға болады: өлшеу немесе жартылай сандық индикаторлық титрлеу (қышқылдық немесе сілтілігі).Сынақ әдетте заттың сулы ерітіндісінде жүзеге асырылады,бірақ аралас еріткіштерді де қолдануға болады. Рұқсат етілген pH аралығы әдетте 2-ден аспауы керек.
pH су ерітінділеріндегі сутегі иондарының концентрациясын шартты түрде сипаттайтын сан.Іс жүзінде pH эксперименталды түрде анықталынады,сыналатын ерітіндінің стандартты ерітіндінің pH-мен байланысты.
pH-ты потенциометриялық анықтау сынақ ерітіндісінде батырылған екі сәйкес электрод арасындағы потенциалдар айырмасын өлшеу арқылы жүзеге асырылады:электродтардың бірі сутегі иондарын сезімтал (әдетте шыны электрод), екінші салыстыру электроды (мысалы,қаныққан каломель электрод)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет