Қондырғы сипаттамасы
Қондырғының электр сызбасы 6 суретте, монтаж сызбасы 7 сурете көрсетілген.
6-сурет. Электр сызбасы:
1-«0...+15 В» ретеуші бар тұрақты кернеу көзі,
2-мультиметр (ррежім А200мА, кірістер СОМ, мА);
3- «Кедергі» миниблогы, R0 =100 Oм;
4 – бірінші реттік орамдағы токтың бағытын өзгертетін айырып-қосқыш;
5 – бірінші N1 және N2 реттік орамдары бар тороид;
6 – «Ферромагнетик» блогы;
7 – демпфирлеуші кілт;
8 – ток интеграторы;
9 - «Ток интеграторы» блогы;
10 – мультиметр (режим V 2 V, кірістер COM, V).
7-сурет. Монтаж сызбасы:
2,3,6,9,10-6 суретті қара.
Бірінші N1 және екінші N2 реттік орамдар ферромагнетик материалдан жасалған сақина пішінді өзекшеге оралған. Бірінші реттік орамды магнетикті магниттеу және оның параметрлері бойынша магниттеуші өрістің Н кернеулігін анықтау үшін қолданылады. 4 айырып қосқыш өзекшені қайта магниттеу үшін бірінші реттік орамдағы токтың бағытын өзгертеді. R0 резисторы орамдағы токты шектейді.
N2 екінші реттік орамы өзекшедегі магнит өрісінің В индукциясын анықтау үшін қажет. Екінші реттік орам тізбегіндегі 8 ток интеграторы өлшенетін В шамаға пропорционал 10мультиметрмен тіркелетін зарядты өлшеу үшін қолданылады.
Өзекше В қалдық индукциясы аз жұмсақ магнитті ферромагнетиктен жасалған. Сондықтан магниттелудің негізгі қисығын алу үшін өзекшені алдын-ала магнитсіздендіру аса қажет емес.
Жұмыстың орындалу тәртібі
Достарыңызбен бөлісу: |