ФЕРРОМАГНЕТИКТІҢ МАГНИТТЕЛУІНҢ НЕГІЗГІ
ҚИСЫҒЫН АЛУ.
МАҚСАТЫ: магниттелудің негізгі қисығын В(Н) және ферромагнетиктің магнит өрісі кернеулігінің тәуелділік графигін (Н) тұрғызу.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: реттеуші бар тұрақты кернеу көзі, тұрақты кернеуді тұрақтандырғаш көздер, мультиметрлер, «Ферромагнетик», «Ток интеграторы», «Кедергі» миниблоктары.
Кіріспе
Ферромагнетиктегі (темір, кобальт, никель, арнайы қоспалар) магрит өрісінің индукциясы сыртқы магнит өрісіне сызықты тәуелді болмайды (1 сур). Ферромагнетик заттағы В шамасы тек осы магнит өрісіне ғана ғана емес, оның алдындағы магниттік күйіне де байлансты.
1-сурет. магнит индукциясының кернеулікке тәуелділігі.
Егер үлгі магниттелмеген болса, онда оны магниттеу кезінде В-ң Н-қа тәуелділігі 0-1 қисығымен жүреді және ол магниттелудің негізгі қисығы деп аталады. Өрістің Н кернеулігін азайтсақ (1-2 қисығын қар), ферромагнетикте В магнит индукциясының өзгерісі Н-ң өзгерісінен қала бастайды (магниттік гистерезис).
Ферромагнетиктердің бұл ерекшелігі оларда домендер деп аталатын тосын (өз еркімен) магнттелу аймақтарының болуымен түсіндіріледі.
Ферромагнетик магниттелмеген кезде әр түрлі домендерінің магнит моменттері үлгінің магниттелуінің қорытқы векторы нөлге тең болатындай орналасады. Осындай күйдегі мүмкін болатын домендік құрылымдардың бірі 2-суретте келтірілген, тілшелер домендерінің магиттелуінің бағыттарын көрсетеді.
2-сурет. Домендер.
Ферромагнетикті сыртқы магнит өрісіне орналастырса, домендердің шекарасы ығысады, бұл кезде алдымен магниттік моменті Н векторымен сүйір бұрыш құрайтын домендер, яғни анағұрлым тиімді энергетикалық күйдегі домендер ұлғайады. Ары қарай Н артқан сайын барлық домендердің магнит моменттері өріс бағытына қарай бұрылады.
Бұл кезде үлгінің J магниттелінуі (бірлік көлемдегі магниттік момент) қанығу мәніне жетеді (3 сурет), ал өрісінің индукциясы В сыртқы магнит өрісінің кернеулігі Н арту есебінен шамалы артады:
В=µо(H+J)= µо(1+) H= µо µrH,
|
(1)
|
Мұндағы µо=Гн/м-магниттік тұрақты; Х-магниттік қабылдағыштық.
Салыстырмалы магнит өтімділігінің өте үлкен шекте өзгеруі(1-ден 106) және оның сыртқы өріс кернеулігіне тәуелділігінің күрделі болуы (4 сурет) ферромагнетиктердің домендік құрылымына байланысты.
Ферромагнетикті Кюри температурасынан жоғары температурада қыздырғанда жылулық қозғалыс оның домендік құрылымын бұзады және онымен бірге ферромагнетиктің барлық ерекшкеліктері жойылады: зат парамагнетик күйге өтеді.
3-сурет 4-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |