Тақырыбы: Топырақтың гранулометрикалық (механикалық) және агрегаттық құрамын анықтау. (аспапсыз)
Мақсаты: Топырақтың гранулометрикалық бөлшектік құрамын анықтау барысында оның топырақтың су, ауа, жылу режіміне және тағыда басқа маңызды қасиеттеріне тигізетін ықпалымен танысу.
1-тапсырма: Тапсырмаға түсінік: Топырақтың гранулометрикалық бөлшектік құрамы деп топырақ түзетін жыныстар мен топырақтың құрылымдағы бөлшектердің ара қатынасын айтады.
Жұмыс реті:
1. Топырақтың бөлшектік құрамын ”құрғақ” әдісі бойынша анықтау. Топырақтың кішкене кесегін (бұшақтау) алақанда үгіп және теріге үйкеу қажет. Саз топырақтар ауыр үйкеледі де, жұқа біркелкі үгіндіге айналады. Саздау топырақта аздаған құм бөлшектерінің көптігі айқын байқалады. Құм топырақ түгелдей дерлік құм кесектерінен тұратындықтан, басы бірікпейді.
Топырақты бөлшектік құрамына қарай жіктеу (Н.А. Качинский бойынша.)
Топырақтар
Физикалық саз бөлшектер 0,01 мм
Физикалық құм бөлшектер 0,01 мм
Күлгін түр- лі топырақ түзу жолдары
Дала топыра-
ғын түзу жолы
Күлгін түрлі топырақ түзу жолы
Дала топырағын түзу жолы
Бос құм топырағы
Байланған құм топыр-ы
Құмдақ топырақ
Жеңіл саздау топырақ
Орташа саздау топырақ
Ауыр сазды топырақ
Жеңіл саз топырақ
Орташа саз топырақ
Ауыр саз топырақ
2. Топырақтың бөлшектік құрамын “ылғалдау” әдісімен анықтау /топырақты ширату әдісі/.
Топырақты қамырша илеген соң, оның қалыңдығы 3 мм болатындай сақина жасалады. Осы ширатылған сақинаның түрі топырақтың бөлшектік құрамының көрсеткіші болады:
саз-ширатылған(есілген) топырақтан жарылмайтын бүтін сау сақина жасалады.
ауыр саздау топырақ – топырақ жақсы ширатылады (есіледі); бірақ сақинаға иген кезде жарылады;
орташа саздау топырақ – топырақ жеңіл ширатылады (есіледі); бірақ сақинаға иген кезде бөлшектеніп кетеді;
жеңіл саздау топырақ – топырақ ширатылған (есілген) топырақ сақиналап ие бастаған сәтте сынып кетеді.
құмдақ топырақ – ширату, есу үстінде бөлшектеніп кетеді.