Жұмыс реті: 1.Мөлшері 10-15 г. топырақ үлгісін алдын-ала өлшенген бюкске салу;
2.Оны 1050С температурада 6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстау;
3.Сонан соң эксикаторда салқындатып барып өлшегеннен кейін, екі сағаттай қайта кептіріп, қайта өлшеу;
4.Топырақтың ылғалдылығын төмендегі өрнек бойынша есептеу:
ЕЫ= × 100, мұнда ЕЫ - егістік ылғалдылығы;
а-бос бюкстің салмағы, г;
в-топырақ салынған бюкстің кептіргенге дейінгі салмағы, г;
с-топырақ салынған бюкстің кептіргеннен кейінгі салмағы, г;
5.Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыздар.
1. Мөлшері 10-15 г. Топырақ үлгісін алдын-ала өлшенген бюкске салу;.
2. Оны 1050С температурада 6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстау;
3. Сонан соң эксикаторда салқындатып барып өлшегеннен кейін, екі сағаттай қайта кептіріп, қайта өлшеу;
№ 4-6 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ - ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Топырақтың су өткізгіштігін анықтау. Мақсаты: Топырақтың су өткізгіштік қасиетін анықтау жолдарымен танысу, сүзілу коэффициенттерін есептеуді және график арқылы өрнектеуді үйрену.
Қажетті құралдар мен заттар: көздері 2 мм елеуіштен өткізілген топырақтардың 4-5 үлгісі, d=3-4, h=25-30 см 4-5 шыны түтік, 4-5 стақан, әмбебап штатив, дәке, картон, сағат.
1-тапсырма.
Тапсырмаға түсінік: Топырақтың өз бойына суды сіңіру және оны жоғары қабатынан төменгі қабатына өткізу қабілетін топырақтың су өткізгіштігі деп атайды. Су өткізгіштік топырақтың бөлшектеріне, құрылымына, ондағы қарашіріктің мөлшеріне және ылғалдылығына байланысты. Құм және құмайт топырақтардың су өткізгіштігі, саз және саздау топырақтарға қарағанда жоғары болады. Алайда топырақтың ылғал сіңіргіштігі артқан кезде оның су өткізгіштігі төмендейді.
Су өткізгіштік пен ылғалдылық арасындағы сәйкессіздікті жоюға болады. Тығыз әрі көптен жатқан топырақты өңдеу олардың су өткізгіштігін ұлғайтады. Топырақта суға берік түйіршіктердің пайда болуы су өткізгіштіктің артуына мүмкіндік береді және сонымен бірге ылғал сіңіргіштікті жақсартады. Топыраққа органикалық тыңайтқыштар және сортаңға гипс шашу топырақтың су алмасу қасиеттерін жақсартуға әсер етеді.