Лабораториялық-практикалық жұмыс №1


Топырақтағы құмның мөлшерін анықтау әдісінің жолын қарастырыңыз



бет4/13
Дата16.05.2023
өлшемі124,27 Kb.
#93398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КолданбалыТопЛаб

Топырақтағы құмның мөлшерін анықтау әдісінің жолын қарастырыңыз

  1. 100мл. цилиндрге сол топырақтың үлгісінен 10мл/см/ топырақ салынады;

  2. Сұйықты араластыра отырып судың деңгейін 100мл дейін жеткізеді;

  3. Сұйықты 1.5минут тұндыруға қояды;

  4. Лай суды төгіп, шөгіндіге қайтадан 100мл деңгейге жеткенге дейін су құйылады да қайтадан 1.5 минут тұндырылады. Осылайша шайынды су таза мөлдір болғанша қайталанады.

  5. Цилиндрде қалған топырақтың әрбір мл /мм/10/ құмға тең болады деп есептеледі.

  6. 3-ші кестеге сүйеніп топырақтың бөлшектік құрамын анықтаңдар.

3- кесте

Топырақтың бөлшектік құрамын анықтау


/құмның саздың әр бөлігіне қатынасы арқылы /

Құм бөлігі

Топырақ түрлерінің атауы


1-2

Саз


3

Ауыр саз балшық

4

Орташа саз балшық

5-6

Жеңіл саз балшық

7-10

Құмдақ топырақ

10 және одан жоғары

Құм

7. Жұмыстың қортындысын төмендегі үлгі бойынша жұмыс дәптеріне жазыңдар.



Сазды анықтауға алынған топырақтың көлемі



30 мин. кейінгі цилиндрдегі топырақтың көлемі



Топырақтың көлемінің өсуі



Саз



Құмды анықтауға алынған топы- рақтың көлемі

Шайған соңғы топырақтың көлемі

Құм

Саз бен құмның арақатынасы



Топырақтың бөлшектік құрамы




























ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3
ТАҚЫРЫБЫ:Топырақтың механикалық құрамын анықтау. Топырақ түйіршіктерінің су ұстағыштық қасиетін анықтау.


Тақырып: Топырақтың құрылымдық құрамын анықтау.
Мақсаты: Топырақ құнарлылығына сипаттама беру үшін топырақтың құрылымдық құрамын анықтау жолдарымен және топырақ құрылымының су, ауа, жылу режімдерін сақтаудағы ролімен танысу.
Қажетті құралдар мен заттар: Топырақтың үлгілері, техникалық кір, көзшелері 10;5;3;2,1;0,5 және 0,25 мм болатын елеуіштер, фарфор, алюминий табақшалар.
1-тапсырма.
Тапсырмаға түсінік: Қалыпты, табиғи жағдайда топырақтың құрамды бөліктері өзара бірігіп, белгілі бір көлемі мен пішіні бар кесектер түзеді. Кесек түзуде топырақтың органикалық және минералдық каллоидтарының т.т. маңызы зор. Әр пішіндегі және көлемдегі бөлшектердің проценттік арақатынасы топырақтың бөлшектік құрылымдық құрамы деп аталады. Мөлшері 10мм-ден жоғары құрылымдар кесектер, ал 0,25мм - 10мм-ге дейінгілер микроагрегаттар деп аталады. Топырақ құрылымы төмендегідей болады:
1.Құрылымы жоқ шаң -тозаңды, борпылдақ.
2.Құрылымы майда түйіртпекті, оқ дәрісіндей, мөлшері 0,5-1мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақты құрылым, бөлшектері 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, 10мм-ден ірі.

  1. Ірі кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.

Осы микроагрегаттар немесе әрқилы көлемдегі, пішіндегі, кеуекті, механикалық және суға беріктілігі бар құрылымдық бөлшектер топырақтардың құрылымдық құрамын құрайды.


Жұмыс реті:
1. Салмағы 0,5-2,5 кг топырақтың орталанған үлгісін өлшеп алу.
2. Оны тастардан, түбірлерден және басқа бөгде заттардан тазарту.
3. Топырақты ауа құрғақтығы дәрежесіне дейін кептіру.
4. Көзі 10; 5; 3; 2; 1; 0,5 және 0,25 мм елеуіштер жиынтығын жинау.
5. Өлшеген топырақты жекелеген 100 г бөліктерге бөліп елеу.
6. Әр елеуішті тоқтаған еленділердің салмағын анықтау.
7.Төмендегі кесте бойынша топырақтың әрбір құрылымдық бөлшектерінің проценттік мөлшерін анықтау:
Х=­­ × 100, мұнда х - әрбір құрылымдық бөлшектің %-тік мөлшері;
а- белгілі құрылымды бөлшектің салмағы (г);
в- барлық құрылымдық бөлшектердің жалпы салмағы (г); жазыңыздар.
8.Анықтаған нәтижелерді төмендегі үлгі бойынша жұмыс дәптеріне



Бөлшектердің көлемі, мм.

Массасы, г.

Бөлшек-
тер



Топы-
рақ



Табақша-
лар

Бөлшектер салынған табақшалар.

Бөлшек-тер








Топырақтың ылғалдылық қасиеттері

Топырақтың ылғалдылық қасиеттеріне: суды бойына сіңіру, суды бойынан өткізу, суды төмеңгі қабаттардан жоғарғы үстіңгі қабаттарға көтеру немесе капиллярлық және суды бойында ұстау, буландыру қасиеттері жатады. Ылғал топырақта сұйық, бу және қатты күйінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет